Туберкулез

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 16:52, реферат

Краткое описание

Тарихи деректер. Бұл аурудың лептоспироздық этиологиясы алғашқы рет ірі қарада — В. И. Терских (1938—1939). қара түлкіде, поляр түлкісінде, ешкіде — С. Я. Любашенко (1938-1939), шошқа мен қойда - В. И. Терских (1940) жылқыда — С. Я. Лкюашенко және Л. С. Новикова (1946) дәлелденді. Осы аурудын коздырғышы — лептоспиралар, олар кейбір морфологиялық және физиологиялық белгілері бойынша спирохеталардын дербес Leptospira туысына, (lерtо - нәзік, sріга — ирелең) тұқымдасына жатқызылды.

Содержание

Ι. Кіріспе
ΙΙ. Негізгі бөлім:
2.1. Лептоспироздың індеттік ерекшеліктері;
2.2. Лептоспироз ауруның негізгі клиникалық белгілері;
2.3. Лептоспироз кезіндегі негізгі патология- анатомиялық өзгерістер;
2.4.Лабораториялық балауда қолданылатын классикалық және
заманауи зерттеу әдістері;
2.5.Дауалау және індет ошағынан арылу шаралары;
ΙΙΙ. Қорытынды
ΙV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
V. Қосымшалар

Прикрепленные файлы: 1 файл

лептоспироз реф.docx

— 165.32 Кб (Скачать документ)

                                Жоспары:

 

      Ι. Кіріспе      

     ΙΙ. Негізгі бөлім:

          2.1. Лептоспироздың  індеттік ерекшеліктері;

          2.2. Лептоспироз ауруның негізгі клиникалық белгілері;

          2.3. Лептоспироз кезіндегі негізгі патология- анатомиялық өзгерістер;

2.4.Лабораториялық балауда қолданылатын  классикалық және       

                  заманауи зерттеу әдістері;

          2.5.Дауалау және індет ошағынан арылу шаралары;

     ΙΙΙ.  Қорытынды

     ΙV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі     

     V.  Қосымшалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ι. Кіріспе      

Лептоспироз - табиғи ошақты, дененің қызуы көтерілуі несепте қан мен терінің сарғайып, өліеттенуі, ішек - қарынның қимылы нашарлап, буаз малдың іш тастауы, төлді шалажансар тууы арқылы ерекшеленетін жұқпалы ауру. Лептоспирозға жануарлардың барлық түрлері және адам шалдығады.

 

Тарихи  деректер.   Бұл аурудың лептоспироздық этиологиясы алғашқы рет ірі қарада — В. И. Терских (1938—1939). қара түлкіде, поляр түлкісінде, ешкіде — С. Я. Любашенко (1938-1939), шошқа мен қойда - В. И. Терских (1940) жылқыда — С. Я. Лкюашенко және Л. С. Новикова (1946) дәлелденді. Осы аурудын коздырғышы — лептоспиралар, олар кейбір морфологиялық және физиологиялық белгілері бойынша спирохеталардын дербес Leptospira туысына, (lерtо - нәзік, sріга — ирелең) тұқымдасына жатқызылды. Қазіргі кезгі сұрыптау бойынша лептоспиралардың  екі түрі — паразиттік (L.interrogans) және сапрофитті түрі (L. bіflеха) бар. Бұл түрлерге әрқилы серологиялық типтер кіреді, олардың антигендік қасиеттері әркелкі. Антигендік жағынан туыстас серотиптер серологиялық топтарға біріктіріледі. Ауру қоздыратын лептоспирадар тізбесінде 183-ге жуық серотип саналады, бұлар 25 серологиялық топқа бөлінген. Кеңес одағында малдың және ауланатын аңның  лептоспирозының негізгі қоздырғышы болатын серологиялық топтар мыналар: Pomana, Grippotyphosa, Tarassovi, Canicola бұлар 13 сероварды құрайды.

    Ауруды ең алғаш  адамда Германияда WеіІ (1886) сипаттады. Қоздырушысын Жапонияда Іnado мен Ldо (1914) ашты және осы елдің ғалымдары Маnі, Idо, Нокі (1916) адамға егетін вакцина жасады. Кейіннен бұл микробтың иттің жұқпалы сары ауруын, ірі қараның иктерогемоглобинуриясын (С.Н. Никольский, 1935), шошқа, қой мен ешкінің осы тақылеттес ауруларын қоздыратыны анықталды. Сонымен 20 ғ бірінші жартысында лептоспиралардың жануарлар мен адамның инфекциялық паталогиясында орны анықталса, 50-60 - жылдары бұл зерттеулер жан- жақты жүргізіліп, қазіргі кезде де сондай қарқынмен жалғастырылуда.

 

 

 

 

 

Қоздырушысы - Spirochetalis қатарының (порядок) Lepnospiracecae тұқымдастығы, Leptospira туыстастығына жатады

Барлық лептоспиралар морфологиялық жағынан бірдей: денесі жіп тәрізді, екі ұшы имектеніп бітеді, өте белсенді қозғалыста болады. Олар бір-бірінен антигендік құрамы бойынша ажыратылады. Бұл қасиетіне байланысты серологиялық варианттарға бөлінеді, өзара жақын сероварлар топтарға бірігеді. Қазіргі уақытта 23 топқа біріккен 202 сероварға, ал 38 топқа жататын 63 сероварға бөлінеді. Жүргізіліп жатқан зерттеулер бұл санды одан ары көбейте түсуі әйдік.

Қазіргі кезде лептоспиралардың негізгі токсономиялық бірлігі  серовар болып есептеледі, сондықтан  қоздырушы атауының соңында оның варианты көрсетілуі тиіс. Мысалы L.interrogans серовар hardjo. Лептоспироздың қоздырушысы лептоспиралардың бір ғана түрі L.interrogans болғандықтан, арнайы әдебиеттерде серовар атауы ғана көрсетіледі.

   Лептоспиралар сұйық, қоймалжың және тығыз қоректік орталарда өсіріледі. Олардың жақсы өсуі үшін қоректік ортаға үй қоянының немесе қойдың Қан сарысуы қосылады. Соңғы кезде сарысудың орнына альбумин немесе белоксыз синтетикалық қорек заттарды пайдаланылады. Қоздырушының өсуіне қолайлы температура 38-39°С, бірақ, лабораторияларда 28-30°С жағдайында өсіріледі, өйткені бұндай температурада микробтың өсуі баяуламайды және қоректік ортаның кебуі бәсеңдейді. Ауру қоздырушысы лептоспиралардың микробтың сапрофитті түрінен айырмашылығы, олар 13°С-дан жоғары температурада ғана өседі. Қоректік ортаның жайлы қышқылдылығы рН 7,0-7,4.

 

Төзімділігі. Лептоспиралардың химиялық және физикалық факторлардың әсеріне төзімділігі онша емес. Жануарлардың несебінде 4 сағаттан 6-7 күнге дейін, бүйрегінде 12 сағаттан 12 күнге дейін, шошқаның тастанды төлінде - бірнеше күн, ет ұлпасында 48 сағ., жаңа сауылған сүтте 8-24 сағ. сақталады. Лептоспиралар нағыз гидробионаттар, олар өзен және көл суларында 200 күн, сарқын суда 10 күнге дейін, садырада 24 сағат сақталады. Ылғал, бейтарап, сәл сілтілі топырақта 43-279 күнге дейін сақталса, құрғақ топырақта 30 мин - 12 сағ. аралығында өледі. 76-96°С-та қыздыру бірден, күн сәулесі мен кептіру 2 сағатта өлтіреді. Төменгі температурада ұзақ уақыт (мысалы, тоңазытылған шәуетте 1-3 жыл) сақталады. 0,25% белсенді хлор, 5% карбол қышқылы, 0,25% формальдегид, 0,1% түз қышқыл ерітінділері лептоспираларды 5 мин ішінде , ал 1% күйдіргіш натрий бірден өлтіреді.

 

 

 

 ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Індеттік ерекшеліктері.

   Табиғи жағдайда  лептоспирозбен шошқа және сиыр  жиі ауыраады. Сонымен қатар, жылқы,  қой ешкі, түйе, марал, сайғақ, буйвол, ит, түлкі, қарсақ, әр түрлі кемірушілер  бейім. Итпен салыстырғанда мысық  анағұрлым төзімді, күзен де  сирек ауырады, үй және жабайы  құстар төзімді келеді. Лептоспирозбен  адам да ауырады. Адам бұл  ауруға бейім болғанымен, оның  қоздырушысын ары қарай тарату  жолында "биологиялық тұйықтық" болып есептеледі де, індеттенуде  онша маңызы болмайды.

   Лептоспирозбен кез  келген жастағы жануар ауыра  бергенімен, жас төл ересек жануарлардан  гөрі аса сезімтал. Сондықтан,  тәжірибе жүзінде жұқтырғанда  енесін еметін жаңа туған жануарларды  таңдайды. Жұқтыру үшін зертханалық  жануарлардан сары атжалман (золотистый  хомяк), теңіз тышқаны, көжек, күшік,  т.б. пайдаланылады.

   Жануарлардың әр  түлігі лептоспиралардың белгілі  бір сероварларына бейім келеді. Шошқа лептоспирозының негізгі  қоздырушылары Pomana, мен Tarassovi,сиырда - Pomana мен Sejroe қой мен ешкіде - Pomana мен Sejroe, Tarassovi.

  Зардапты лептоспиралардың  бастауы мен қоймасы - ауылшаруашылық  және жабайы (әсіресе кеміруші) жануарлар.  Олардың денесінен ауру қоздырушысы  сыртқы ортаға несеп, нәжіс,  сүтпен, танау мен жыныс мүшелерінен  аққан сора, шәует арқылы шығады. Әсіресе, жасырын білінбей ауыратын  лептоспиралар алып жүретін жануарлардың  індеттік маңызы аса зор. Аурудан  сау емес шаруашылықтарда лептоспироз  алып жүретін жануарлар сиыр  мен қойда 14-20%, ал шошқада 30-38%-ға  жетеді.     Лептоспира алып  жүру мерзімі сиырда 6 апта, қой  мен ешкіде 9 айға, шошқада 2 жылға,  итте 3 жылға созылады. Кемірушілер өмір бойы лептоспералар алып жүреді.

Ауру мен микроб алып жүруші жануарлардан бөлініп шыққан лептоспиралар  суды, жемшөпті, жайылымды, топырақты, төсеніш және басқа сыртқы ортадағы заттарды ластайды, олар аурудың жұқтыру  факторына айналады. Лептоспироздың ең негізгі берілу факторы су арқылы жұғу. Әсіресе, кеппейтін шалшық, тоқтау су, батпақ, ағысы баяу бұлақтар, ылғал  топырақ ауру тарату үшін өте қауіпті.

Жануарларға лептоспироз  аурудың табиғи ошағында су ішкенде, лептоспиралар алып жүретін кемірушілердің өлексесін немесе олардың несебінен  ластанған жемшөпті жегенде жұғады. Терісі бағалы аңдарға ауру торда  бағылған кезде лептоспирозбен ауырған  жануарлардан алынған өнімдермен азықтандырғанда, жас төлге ауру малдың сүтінен, шошқаға суға енгенде немесе балшыққа аунағанда жұғады. Сиыр мен қойда, әсіресе, шошқада лептоспироз жатыр ішінде де жүғады. Қоздырушының жыныс жолымен берілуі де мүмкін.

Лептоспиралар жануар мен  адам денесіне жарақаттанған тері (сызат, жарақат, жәндіктердің шағуы), әр түрлі  кілегейлі қабықтар (ауыз, кеңсірік, көз, жыныс жэне асқорыту жолдары) арқылы енеді.

Лептоспироз топырағы ылғалды, гумусы мол, реакциясы бейтарап немесе сілтілі жерлерде жиі кездеседі. Ауру жылдың кез келген маусымында, бірақ, жайылымдағы малда жаз-күз  мезгілінде жиірек байқалады. Лептоспироз  індет ретінде немесе спорадия түрінде  өтеді. Б. Ілиясовтың деректері бойынша  соңғы кездерде бұл ауру ауылшаруашылық малдарында көбінесе сыртқы айқын клиникалық белгілерінсіз лептоспира алып жүру немесе иммундеуші субинфекция ретінде  тіркеледі. Аурудың шығуына және таралуына жағдай туғызатын себептер: жайылымның нашарлығы, суаттардың ластығы, малды сапасыз азықтандыру, оларды антисанитариялық жағдайда ұстау, әр түрлі  жұқпайтын аурулардың орын алуы.

 

2.2. Негізгі клиникалық  белгілері.

Лептоспиралар организмге енгеннен соң өте жылдам қозғалуының нәтижесінде  тез арада қанға және ішкі ағзаларға  өтеді. Табиғи жолмен енгенде, алғашқы  денеге өткен жерінде, маңайындағы  сөл түйіндерінде көзге ілігерліктей өзгерістер байқалмайды. Аурудың бастапқы кезінде аз уақытта дененің ыстығы көтеріледі. Ауру қоздырушысының уыттылық факторларына эндотоксин, гемолизин, фибринолизин, плазмакоагулаза, т.б жатады. Олардың  әсерінен эритроңиттер еріп, кейбір ұлпаларда  және теріде өліеттену пайда болады. Лептоспралар бүйректің зақымдануы нәтижесінде несеппен ұзақ уақыт  бойы көп мөшерде сыртқы ортаға бөлініп  шығады. Эритроциттердің еріп, гемоглобиннің  мол бөлінуі, оның салдарынан несепте  гемоглобин пайда болуы жэне билирубиннің көбеюі нәтижесінде кілегейлі қабықтардың  сарғаюы байқалады. Бүйрек зақымданғанда  несепке гемоглобин ғана емес қан  да араласады.

Буаз жануарлар ауру жұққаннан  кейін 2-5 апта өткенде іш тастауы  мүмкін немесе жетілмеген шалажансар төл туады.

Ауру жұққан организмнің  иммундік икемдігі өз дәрежесінде болса  қоздырушызға қарсы антидене түзіп, белсенді фагоцитоз байқалады. Бұның  нәтижесінде аурудың беті қайтып, ішкі ағзалардағы лептоспиралар  жойыла бастайды. Тек қана  антиденелер  өте алмайтын бүйректің түтікшелерінде қоздырушылар сақталып қалады да, ұзақ уақытқа созылатын микроб алып жүруге жағдай туады.

Өтуі мен симптомдары. Аурудың инкубациялық кезеңі 3-5 күннен 2-3 аптаға дейін. Лептоспироз кәдімгідей өзіне тән симптомдарымен және симптомсыз кәдімгідей емес түрдсе өтеді. Симптомды түрі жіті, жітіден төмен, созылмалы болып кездеседі. Жіті түрі дененің ыстығы көтерілуі, кілегейлі қабықтардың сарғайып, неспте гемоглобин мен қан болуы арқылы білінеді. Мұндай симптом кешенін бір сөзбен "иктерогемоглобинурия" деп атайды және бұл атау кейде аурудың қосалқы синонимі ретінде қолданылады. Ауру жіті өткенде бұл өзгерістер айқын банқалса жітіден төмен өткенде бәсең байқалады. Ал созылмалы, әсіресе,симптомсыз кәдімгідей емес түрде аталған белгілері байқалмайды.

Лептоспироздың өтуі мен  симптомдарының малдың әр түлігінде  өз ерекшеліктері болады.

Сиыр малында лептоспироздың симптомдары жас бұзауда жіті өтіп, айқын білінеді. Ең аддымсн  ыстығы 2-2,5°С көтеріліп, жануар өте  күйзеліп, жемшөпке қарамайды, көзі жасаурап, іші өтеді. Ауру қатты басталғанда  гемолитикалық анемияның белгілсрі  басым болады, гемоглобинурия байқалып, Несептің түсі қызғылттан қызыл қоңырға  дейін өзгереді. Кілегейлі қабыктар мен сарғыш тартады.

Қаңды зерттегенде эритроциттердің  саны күрт кеміп 1-3 млн, гемоглобин 10-30% - ға төмендеп, үнемі дерлік лейкоцитоз (13-15 мың) байқалады, қант қалыптан 3-4, тіпті 8 -10 есе төмендейді де билирубин күрт көбейеді.

Аурудын жіті өтуі 3-10 күнге  созылып, өлім көрсеткіші 50%-ға дейін  жетеді. Ересек ірі карада ауру негізінен  жеңіл өтіп, белгілері көзге оншама түспейді. Бастапкы кезде ыстығы аздап  қана көтеріліп, жануар сәл күйзеліп, денесі шамалы сарғайып, несебінің  түсі сәл қызғылттанады.

Лептоспироздың сиырдағы ең басты белгісі - буаз кезінде іш тастауы, бұзаудың өлі немесе шалажансар тууы, сонымен қатар, аурудың салдарынан малдың бедеу болып қалуы мүмкін.

Сауын сиырдың ауруға шалдыққанда  сүті қайтып, жазылған соң 2-3 аптадан  соң қалпына келеді. Әсіресе Hardjo лептоспирозы кезінде агалактия  жиі байқалады. Сонымсн катар, мастит те үшырасады.

 Лептоспироздың жіті  түрінде де, созылмалы түрінде  де, нефрит байқалады. Бұл  жағдайда несептің меншікті салмағы төмендеп, кей жағдайда онын түрі таза  сумен бірдей болады. Несепте үнемі лейкоциттер кездеседі. Ауырған сиырдың жүні үрпиіп, сабалақтанып, көктемде түлемейді. Терінің әр жері, әсіресе, кыл аркасы, сербектің ұшы қажалып, өліеттене бастайды.

Аурудың кәдімгідей емес үзілмелі түрі кезінде ірі қараның жалпы  күйі онша күдік туғызбайды.  Бастапқыда жануар аздап күйзеліске ұшырап, кілегей  қабықтары бозарып немесе аздап  сарғаяды, біраз уақыт несебінде  гемоглобин пайда болады да, , бірнеше  тәуліктен кейін аурудың  белгілері  басылып, жазылып кетедң.

Шошқада лептоспироз негізінен  ешбір симптомсыз жасырын өтеді. Көпшілік жағдайда жануарлардың ауруға шалдыққандығының бірден-бір белгісі  серологиялық реакция болып табылады. Клиникалық белгілері кейбір жағдайда білінеді. Олардың ішіндегі ең бастысы - іш тастау. Лептоспироз кезінде тастау жаппай байқалуы мүмкін.

Лептоспирозбен ауырған шошқаның ыстығы аз уақытқа көтеріледі. Ол тіпті бактериемиямен сәйкес келмейді де, бірнеше сағаттан 1-2 күнге дейін созылады. Температурасы 40,5-41,5 °С дейін көтеріліп, қайтып кетеді, күніне бірақ рет өлшегенде байқалмауы да мүмкін. Өте жиі болмаса да гемоглобинурия, кілегейлі қабықтардың сарғаюы, терінің кейбір телімдерінің өліеттенуі байқалады.

Жылқыда лептоспироздың белгілері негізінен сиырдағыдай. Сонымен қатар, жануар тез шаршап, тершең келеді, аяқ еттері дірілдеп, жүрісі бұзылады, аяғы ақсап, бұлшық еттері ауырсынады.

Ит пен терісі бағалы аңдар лептоспироз кезінде ыстығы көтеріліп (41 °С дейін),күйзеліп, тамаққа қарамайды, құсып, қатты шөлдейді, артқы аяғынан ақсайды. Қан аралас іші өтіп, кейде іші қатады. Кілегейлі қабықтарының сарғаюы итте сирек, ал түлкі мен қарсақта жиі кездеседі. Несеп жиі және аз мөлшерде бөлініп, оның құрамында белок ұшырасады, түсі сарғыш немесе қоңыр болады. Ауызының іші қолдырап, қабыршақтанып тұрады, жағымсыз иіс шығады. Мойынындағы, шабындағы сөл түйіндері ұлғаяды. Кейде көзінен ірің ағады. Ауру 2-12 күнге созылып, көбінде өліммен аяқталады. Өлім көрсеткіші 50-90%. Өлер алдында жүйкенің зақымданған белгілері байқалады.

Информация о работе Туберкулез