Түйе ет өнімдерін өндіретін кәсіпорында қолданылатын дезинфекциялық препараттар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2015 в 20:53, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының халқын ақуыздық өніммен қамтамасыз етуін жақсарту үшін ет өндіру саласындағы ғалымдар мен мамандар осы салада бар шикізат ресурстарын максималды қолдануына және өнім қасиетін өзгертетін, органалептикасын, сіңімділігін жақсартатын, биологиялық құндылығын жоғарылататын қосымша ақуыз шикізат көзін еңгізуіне байланысты мәселелерді шешіп жатыр. Қазіргі кезде біздің елімізде түйені бағып - өсіруге қолайлы жағдайлар туындап жатыр. Ет және сүт өндіруге арнайы өсірілетін түйе басының саны барған сайын өсіп келеді.

Содержание

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім:
Түйе шаруашылығы, түйе өсіру.
2.Түйе ет өнімдерін өндіретін кәсіпорында қолданылатын дезинфекциялық препараттар және оларды дұрыс қолдану.
3.Түйе етін өндіретін кәсіпорын құрылымы,ет өндіру технологиясы
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

түйе.docx

— 31.22 Кб (Скачать документ)

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Гигиена және  ветсансараптау кафедрасы

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:Түйе ет өнімдерін өндіретін кәсіпорында қолданылатын дезинфекциялық препараттар

 

 

 

 

                          Орындаған: Зақан. Р  В.С 513

                   Тексерген: магистр ассистент Төлепова Г

 

 

 

 

Алматы 2015

Жоспар:

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім:

Түйе шаруашылығы, түйе өсіру.

2.Түйе ет өнімдерін өндіретін кәсіпорында қолданылатын дезинфекциялық препараттар және оларды дұрыс қолдану.

3.Түйе етін өндіретін кәсіпорын құрылымы,ет өндіру технологиясы

III.Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Кіріспе

  Қазақстан Республикасының халқын ақуыздық өніммен қамтамасыз етуін жақсарту үшін ет өндіру саласындағы ғалымдар мен мамандар осы салада бар шикізат ресурстарын максималды қолдануына және өнім қасиетін өзгертетін, органалептикасын, сіңімділігін жақсартатын, биологиялық құндылығын жоғарылататын қосымша ақуыз шикізат көзін еңгізуіне байланысты мәселелерді шешіп жатыр. Қазіргі кезде біздің елімізде түйені бағып - өсіруге қолайлы жағдайлар туындап жатыр. Ет және сүт өндіруге арнайы өсірілетін түйе басының саны барған сайын өсіп келеді.Түйе еті қөп жылдан бері Қазақстан халқының, орта азиялық, араб республикаларының тамақтануында үлкен орын алады. Түйе еті таза түйе етінен алынған өнім жасау үшін, және ет өнімдерін өндіруде қосымша қоспа ретінде қолданылады.Түйе етінің тағамдық құндылығы туралы нақты деректер және оны рационалды қолдануына байланысты ұсыныстар болмағандықтан, еттің толық құнды ақуыздарын негізсіз жоғалтуына соқтырады. Осыған орай, осы ет шикізат түрін өндіру технологиясын жетілдіру, жаңа өнім түрін өңдеу мақсатында түйе етінің спецификалық ерекшеліктерін, химиялық құрамын, технологиялық қасиетін терең біліп - зерттеу мәселесі туындайды. Осы саладағы зерттеушілердің тұжырымдауынша түйе еті еттің басқа түрлерімен салыстырғанда ірі талшықты және тәттірек дәмімен ерекшелінеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Түйе шаруашылығы, түйе өсіру

 Түйе шаруашылығы, түйе өсіру – мал шаруашылығының дәстүрлі салаларының бірі. Республикадағы барлық жайылымдық жердің 64%-дан астамын (116 млн. га) Түйе шаруашылығы арқылы барынша тиімді пайдалануға болатын, шөл және шөлейт алқаптардың алып жатуы осы саланы өркендетуге кең жол ашады. Қазақ халқы еті мен сүті әрі тағам, әрі шипалы дәру, жүні – киім, өзі сенімді көлік болған қасиетті жануарды төрт түліктің төресі санаған. Елімізде Түйе шаруашылығы объективті және субъективті жағдайларға байланысты түрліше қарқында дамыды. Қазақстанда 1927 ж. 1,2 млн. бас түйе өсірілсе, күштеп жүргізілген ұжымдастыру саясатының салдарынан 1941 ж. түлік саны 104,6 мыңға дейін кеміді. Осыдан кейінгі 70 жылға жуық уақыт аралығында мал басы 105,0 – 154,0 мың аралығында болып, ең жоғ. көрсеткішке 1994 ж. қол жеткізілді (153,9 мың). 1980 – 95 ж. аралығында жыл сайын 5,0 – 9,0 мың т түйе еті, 4,5 – 5,0 мың т шұбат, 700 – 1000 т жүн өндіріліп келді.Түйе түлігі негізінен жайылымда бағылып, күтімді, құнарлы азық пен құрылысы күрделі, жылы қора-жайды аса қажет етпейтіндіктен, басқа ауыл шаруашылық малдарымен салыстырғанда тиімді сала болып табылады. Салаға орынды жұмсалған қаржы 5 – 6 есеге дейін табыс әкелетіндігі ғылыми-өндірістік тәжірибелерде дәлелденген.

  Түйе сүтінен дайындалатын  шұбаттың дәмдік, сусындық, шипалық  қасиеттері ертеден-ақ белгілі  болған. Оның адам ағзасына сіңімділігі 98%-ды құрайды. Құрамындағы құрғақ  заттың үлесі 14,5 – 15,5%-ға, май – 5,5 – 6,5%-ға, белок – 4,0 – 4,5%-ға, сүт қанты  – 5,0 – 5,5%-ға, минералды заттар 0,6 – 0,8%-ға сәйкес келеді. Қос өркешті  інгеннен тәулігіне майл. 5,5 – 7,0% болатын 4 – 6 л, маусымда 1200 л сүт  сауылса, дара өркешті таза тұқымды  аруана маясынан майл. 3,5 – 4,2% болатын 12 – 15 л, маусымда 3500 л сүт сауылады. Қос өркешті және дара өркешті  түйелердің будандарынан бір  маусымда майл. 4,0 – 4,5% болатын 3000 л  сүт өндіріледі. Түйе сүті сиыр  сүтіне қарағанда бактерицидтік  қасиеті жоғары болғандықтан  ұзақ мерзімге сақталады (30°С ыстықта 24 сағатқа дейін ашымайды). Дәрігерлердің бақылауы шұбатты тұрақты пайдаланатын адамдардың туберкулезбен мүлдем ауырмайтындығын көрсетті. Сонымен бірге асқазан ауруларын да шұбатпен емдеудің жақсы нәтиже беретіндігі белгілі.

  Түйе шаруашылығының  тиімділігі ет өндіру жұмыстарын  ұтымды ұйымдастыруға тікелей  байланысты. Қоңды түйелер етінің  құрамында 17 – 22% белок, 12% май ұлпалары  болады. Тағамдық қасиеті және  құнарлылығы бойынша түйе еті сиыр етімен деңгейлес. Өзіндік құны арзан әрі сапалы түйе етін өндірудің басты жолы түйені жайып-семірту екендігі ғыл.-өндірістік тәжірибелердің нәтижесінде дәлелденді. Түйелер көктемгі және күзгі жайылымдарда тез қоңданады. Етті бағыттағы Т. ш-н ең алдымен шұбат өндіру ісімен ұштастырған жөн. Ет өндіретін Т. ш-тарында қазақтың қос өркешті түйесімен қатар, олардың інгендерін қалмақ және түрікмен түйе бурасымен шағылыстыру арқылы алынған будандарды барынша көптеп өсіру тиімді болып табылады. Будан буыршындар салмағы жергілікті түйе төлдерінен 80 – 120 кг-ға артық болады. Жайылымда семіртілген құнанша, дөненше буыршындардың сойыс шығымдылығы 51,7 – 52,5%-ға, ірі сақа түйелерде бұл көрсеткіш 55 – 58%-ға жетеді. Түйелердің салмағы жыл маусымына байланысты өзгеріп отыратындықтан, көктемде жайып семіртілген сақа буралар мен інгендерді маусым – шілде, ал жас буыршындарды қараша – желтоқсан айларында етке өткізген орынды. Асылдандыру жұмыстарында тұқым жақсартушы ретінде пайдалану мақсатында ірілігі мен ет өнімділігі бойынша қос өркешті Т-лер арасында, ТМД елдерінде ғана емес әлемде ерекше орын алатын қалмақ бактрианы қолданылуда. Тұқым мен типаралық жұптастырудан алынған 1 жасар тайлақтар, таза тұқымды тұстастарымен салыстырғанда, тірідей салмағы бойынша 15 – 20%-ға басым болады. Қазір елімізде қос өркешті қазақ түйелері 20 асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықта, оның ішінде Атырау обл-ның “Бірінші май” және “Жаңа таң” ААҚ-лары мен “Жарсуат” ӨК-нде, Батыс Қазақстан обл-ның “Хан ордасы” ЖШС-да, Қызылорда обл-ның “Құланды” ААҚ-да, Маңғыстау обл-ның “Таушық” ЖАҚ-да және Оңт. Қазақстан обл-ның “Қара құр” ӨК-нде, т.б. өсіріледі. Түйеден алынатын бағалы өнімнің бірі – жүн. Ол технол. қасиеті бойынша тоқыма өнеркәсібі үшін құнды шикізат болып табылады. Түрікмен Республикасында және еліміздің оңт. облыстарында түйе жүні кілем тоқуға пайдаланылады. Түйе жүнінен дайындалған бұйымдар жеңіл, жылы, сонымен қатар берік, созылғыш келеді. Ел арасында белі ауырған адамдарға шудадан жалпақ белбеу тағу, сарысу жиналған дене мүшесіне ыстық суға батырылған шуда басу секілді халық медицинасы әдістері кең тараған. Ұзын талшықты түйе жүнінен тоқылған маталар көбіне көрпе жасауға пайдаланылады. Шудадан машина жасау өндірісінде бұрғылау қондырғыларының белдіктері (ременьдері) дайындалады. Ғарышкерлердің ішкі жеңіл киімдерінің бір тіні түйе жүнінен тоқылатыны да бұл шикізаттың жоғары қасиетін көрсетеді. Т. ш-н келешекте ойдағыдай дамыту – түйе сауу, жүндеу, тоғыту секілді қол күшін көп қажет ететін жұмыстарды механикаландыруды талап етеді. Алматы обл-ның Мыңбаев атынд. тәжірибе ш-нда түйені жықпай, арнайы қондырғыда жүндеу әдісі игеріліп, оннан аса шарушылықтарға енгізілді. Бұл жүндеу уақытын қысқартуға, еңбек өнімділігін арттыруға және ең бастысы жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге қондырғыны түйе саууға, бонитировкалауға (малды асылдандыру мақсатында жан-жақты бағалау) пайдалануға болады. Т. ш-н ойдағыдай дамытып, өнім өндіруді арттыру үшін малдың тұқымдық-өнімділік қасиеттерін үзбей жетілдіру, тауарлы шаруашылықтарда асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтардан алынған тұқым-жақсартушы бураларды кеңінен қолдану басты назарда болуы тиіс. Бұл сала бойынша еліміздің 26 тұқымдық мал ш-нда 9,0 мың басқа жуық түйе өсіріледі. Асыл тұқымды малдардың үлес салмағы бойынша (7%) түйе түлігі басқа а. ш. малдарынан (1,2 – 5,3%) 2 есеге жуық басым. Елімізде Т. ш. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Оңт. Қазақстан, Жамбыл облыстарында жақсы дамыған.

 

    2.Түйе ет өнімдерін өндіретін кәсіпорында қолданылатын дезинфекциялық препараттар және оларды дұрыс қолдану.

   Тітіркендіргіш әсері және аллергиялық реакциялар тудыратын препараттармен үй-жайларды себелеу, тозаңдату, сүрту әдістерімен дезинфекциялау адамдар болмаған кезде жүргізіледі. Жекелеген объектілерді зазарсыздандыру кезінде дезқұралдардың шығыны осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес есептеледі.Инфекциялық аурудың ошағында ағымдағы дезинфекция науқасты анықтаған кезден бастап емдеуге жатқызғанға дейінгі кезеңде жүргізіледі, үйде емделген кезде – аурудан жазылғанға дейін, реконвалесценттер мен бактерия тасымалдаушыларда – толық сауыққанға дейін жүргізіледі. Ағымдағы дезинфекцияны денсаулық сактау ұйымының медицина қызметкері ұйымдастырады, оны науқасқа күтім жасайтын адам, реконвалесценттің немесе бактерия тасымалдаушының өзі жүргізеді.

   Қорытынды дезинфекциялауды дезинфекциялық станциялар немесе санитариялық – санитариялық - эпидемиологиялық   салауаттылығы саласындағы  мемлекеттік органдарының (ұйымдарының) аумақтық бөлімшелерінің дезинфекциялық бөлімдері (бөлімшелері), ауылдық жерлерде – медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары жүргізеді.Қорытынды дезинфекция инфекциялық аурулар ошақтарында науқасты емдеуге жатқызу, оқшаулау, науқастың сауығуы немесе қайтыс болуы кезінен бастап бір тәулік ішінде жүзеге асырылады.Инфекциялық аурулар ошақтарында қорытынды дезинфекциялауды жүргізуге өтінімді науқасты оқшаулағаннан, емдеуге жатқызғаннан кейін, диагноз өзгертілген соң, науқас қайтыс болғаннан кейін санитариялық – эпидемиологиялық   салауаттылығы саласындағы  мемлекеттік органдың аумақтық бөлімшесінің маманы санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының бөлімдеріне (бөлімшелеріне), дезинфекциялық станцияларға, обаға қарсы күрес мекемелеріне береді. Қышыма және дерматомикоз ошақтарында қорытынды дезинфекциялау жүргізуге өтінімді емдеуші дәрігер береді.

   Денсаулық сақтау ұйымдарында ағымдағы дезинфекциялауды жүргізу үшін дезқұралдардың, дезинфекциялық-стерильдеу жабдығының қажеттілігін есептеу осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.Дезинфекциялау және стерильдеу режимдерін сақтауды қанағаттанарлық түрде бағалау мынадай көрсеткіштер бойынша айқындалады:

1) ағымдағы дезинфекциялаудан кейін 50 минуттан кешіктірмей алынған бактериологиялық шайындылардың 5 пайызынан (бұдан әрі – %) аспайтын бақылау объектілерінен патогенді емес микрофлораны себу;

2) дезинфекциялау ерітінділерінің шоғырлануын азайтуға немесе арттыруға ерітінділердің берілген шоғырлануынан плюс-минус 0,1-0,2 шегінде жол беріледі;

3) әр түрінің қойылған сынамаларының кемінде 5 %-ын дезинфекциялау заттарының қалдық санына сәйкес келмейтін қанағаттанғысыз экспресс-сынамаларды анықтау;

4) тестілік бактериологиялық бақылаудың камералық дезинфекциялау режиміне сәйкес келуі;

5) қанның қалдық санына оң нәтижелі сынамалардың болмауы;

6) синтетикалық жуу заттарының сілтілік компоненттерінің және майлы дәрі-дәрмектер қалдықтарының қалдық санына оң нәтижелі сынамалардың болмауы;

7) стерильденбеген материалдың болмауы, стерильдеу режимінің сәйкес келуі.

      Ошақтардағы ағымдағы дезинфекциялаудың сапасын бақылауды мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының мамандары зертханалық әдістерді ошақтардың кемінде 5 %-ында қолдана отырып, бір ошақтан кемінде 10 бактериологиялық шайынды алу, дезинфекциялау құралының (құрғақ препарат) 1 сынамасын, жұмыс ерітіндісінің 1 сынамасын алу арқылы жүзеге асырады.Егер патогенді емес микрофлораның болуына оң нәтижелі шайындылардың саны алынған шайындылар санының 3 %-нан аспайтынды, дезинфекциялау препаратының қалдық санының болуына теріс экспресс-сынамалар саны 5 %-дан аспайтынды және дезинфекциялау ерітінділерінің қанағаттанғысыз талдауының саны  5 %-дан аспайтынды құрайтын болса, дезинфекциялау сапасы қанағаттанарлық болып есептеледі.

    Қорытынды дезинфекциялау жүргізгеннен кейін патогенді микрофлораны сепкен кезде, соңғысы қанағаттанғысыз болып есептеледі және дезинфекция сапасын кейіннен бақылау арқылы қайта жүргізіледі.Қорытынды дезинфекциялау бойынша жұмысты ұйымдастыру сапасын бағалау мынадай көрсеткіштер бойынша айқындалады:

1) қорытынды дезинфекциялауға жататын ошақтар санының ішінде инфекциялық  ошақтарды өңдеумен қамту – кемінде 95 %;

2) науқасты емдеуге жатқызу немесе ұйымдастырылған ұжымнан оқшаулау сәтінен бастап бір тәулік ішінде инфекциялық ошақтарда қорытынды дезинфекциялауды орындау, қорытынды дезинфекциялауды уақтылы жүргізу – кемінде 90 %;

3) камералық дезинфекциялау жүргізуге жататын ошақтар санының ішінде камералық дезинфекциялау – кемінде 95 %;

4) ошақтарды қорытынды дезинфекциялау сапасын бақылаумен қамту:

көзбен тексерген кезде – жүргізілген дезинфекцияның жалпы санының кемінде 10 %-ын (ауылдық жерде – кемінде 5 %);зертханалық әдістерді қолдана отырып – дезинфекция  аяқталғаннан кейін 1 сағаттан 3 сағатқа дейінгі кезеңде пәтер ошақтарының кемінде 10 %-ын.

     Денсаулық сақтау ұйымдарында дезинфекциялау сапасын бағалау үшін мыналар жүргізіледі:

1) стационарларда бір төсекке 0,3 шайынды есебімен, бірақ 30 шайындыдың аз емес, амбулаториялық-емханалық ұйымдарда бір келуге 0,2 шайынды есебімен заттардан және жабдықтан шайынды алу арқылы дезинфекциялаудың сапасын бактериологиялық бақылау;

2) бастапқы дезинфектанттардың, дезпрепараттардың жұмыс ерітінділерінің  әр түрінің сынамаларының кемінде 2 сынамасын зерттеу. Сынамаларды алу кезінде сынаманың  алынған күні, дезинфекциялау ерітіндісінің дайындалған күні, оның шоғырлануы, қолданылу мақсаты белгіленеді;

3) камераның типі мен көлеміне байланысты  дезинфекциялау камераларының жұмысының тиімділігін бақылау камераның үш жазықтығында 5-10 бактериялық (химиялық) тест салу арқылы жүргізіледі. Стерильдеу сапасын бағалау үшін стерильдеу жағдайларына, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен ауа ортасының стерильдігіне бақылау жүргізіледі.

   3.Түйе етін өндіретін кәсіпорын құрылымы,ет өндіру технологиясы

   Түйе республиканың құрғақ далалы, шөл және шөлейтті аймағында тараған. Бұл бір өркешті - нар (дромедары) және қос өркешті айыр түйе (бактрианы). Өсу қаркыны өте жоғары, бір жастағы боталары салмағын жылына 250 кг көтереді, жақсылап азықтандырғанда, тәуліктік салмақ қосуы 2 кг дейін жетеді, 3 жастағы түйенің салмағы 500кг болады. Қоректілігі жағынан түйе еті, сиыр етіне ұқсас және жергілікті халық кең пайдаланады. Түйе, өркешінде 150 кг дейін май жинайды, оның тағамдық қасиеті өте жоғары. Боталаған түйе аналығы сауу кезінде, майлылығы 4,5 - 5,5% 4000 кг дейін сүт береді. Сүттің де қоректілік қүндылығы өте жоғары, мысалы ашытқан екі литрдей сүт ішкен адам, ыстық шөлде тағам мен су аңсауын үмытады. Түйеңі шаруашылықта пайдалану ұзақтылығы 25-30 жыл.

  Малды өңдейтін мекемелер  қатарына-ет комбинаты, суытатын  қасапхана (хладобойни), қасапхана, мал  соятын орын (убойные пункты), далада  мал соятын орын (полевые убойные  пункты), бұғы қасапханасы (оленобойня), үй қояны қасапханасы және  құсты өндейтін мекеме жатады.

 Ет комбшаты - малды сою және сойыстан алынған ет азықтарын әртүрлі тамаққа, техникалық, фармацевтік, азықтық өңдеуден өткізумен айналысады. Өнімділік қуатына қарай 5 категориялы ет комбинаты болады: 1-ші категориялы - бір сменада 50 т ет өндіреді; 2-ші категориялы -30 т; 3-ші категориялы-20 т; 4-ші категориялы 10т; 5-ші категориялы-5 т дейін.

1 және 2 категориялы ет  комбинаты-2 және 3 қабатты, қалғандары  бір қабатты болады, 5-6 қабатты  үлкен ет комбинаттары да бар. Мәселен Семей ет комбинаты-күніне 2000 бас ірі қара және 12 мың басқа  дейін қой өткізеді. Мұндай ет  комбинаттарында мал қора, негізгі  өндірістік орталық және басқа  қосымша мал қоятын орындары  болады.Жақсы сапалы ет алу  үшін, малды сояр алдында, 1-2 күнге  дем алдыруға қою керек, бұл  үшін мал қорасы пайдаланылады. Мал қорасы маңайында карантиндік бөлімше, оқшаулауыш (изоятор) және санитарлық қасапхана (санитарная бойня) болады.

Информация о работе Түйе ет өнімдерін өндіретін кәсіпорында қолданылатын дезинфекциялық препараттар