Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2014 в 13:25, реферат
Жалпы қатты дәрілік зат формаларына: ұнтақтар, пилюлдер,болюстер,таблеткалар және т.б жатады.
Соның ішінде ұнтақтар дегеніміз – құрғақ сусымалыдәрілік зат формасы.ішке ішуге немесе сыртқы мүшелерге қолданылады. Ұнтақтардың бір ңана дәрілік заттан тұратын қарапайым және екі не одан да көп заттардан құралған күрделі түрлері бар. Ұнтақтардың ішке берілетін дозаланған және көбінесе сыртқа қолданылатын дозаланбаған жалпылама салмақ өлшемімен берілетін түрлері болады.
кіріспе
негізгі бөлім
ұнтақтар және ұнтақтарға қойылатын талаптар
Ұнтақтарды рәсімдеу және безендіру.
Құрамында экстракті бар ұнтақтар.
Пилюлдер
қорытынды
пайдаланған әдебиеттер
МФ ХІ бойынша массадағы аутқу аппаратураға тәуелсіз келесі түрде болу керек.
Ұнтақ массасы: г
0,1- ден жоғары
0,11-0,30
0,31-1,0
1,0 жоғары
Ұнтақтарды рәсімдеу және безендіру. Егер рецептте упаковка түрі көрсетілмесе онда ұнтақтарды қағаз капсулаларда жіберу керек.
Жапыстырылған қағаз – Квасцпен фиксацияланған жануар клейімен жапыстырылған целлюлозалы масса болып табылады.мұндай қағаздан жасалған капсулалар гигроскопиялық емес және ұшқыш емес заттарды рәсімдеугеарналған.
Балауызды және парафинді қағаз-жапыстырылған қағаз балауызбен және парафинмен сіңірілген. Ол ылғал және газ жібермейді. Гигроскопиялық заттарды мысалы эуфиллин сиақты оттегі, ауа, көмірқышқылынан өзгеретін заттарды рәсімдеуге ыңғайлы. Мұндай капсулаларға ментол, камфора, және т.б. заттарды рәсімдеуге болмайды.
Пергаментті қағазды күкірт қышқылымен жуылған жандырылмаған қағаздан алады. Содан соң қышқылды жуып пергаментті кептіреді. Пергаментті қағазда ментол, камфора және т.б. ұшқыш балауызбен парафинде еритін заттарды рәсімдейді.
Целлофан- ацетилцеллюлозды және т.б. табиғаттағы пленка , ылғалды аз өткізу үшін целлюлозды лакпен лактайды.
Ұшқыш заттармен бөлінбеген ұнтақтарды флакондармен тығындармен жабдықтаған ыдыстарда жібереді. Соңғы жылдары арнайы полиэтиленді пленкадан жасалған пакет қолданып жүр. Кейбір жағдайда рецептте – арнайы арнайы капсулаларда жіберу керек деп жазады. МФХІ –да арнайы статья бар «Сарsulae» деген.
Құрамында экстракті бар ұнтақтар. Экстракттар-дәрілік өсімдік шикізатынан алынған концентрлі сығынды болып табылады. Консистенциясы бойынша: сұйық экстаркттар (ехtгасtа fiuidi), қою экстракттар (ехtгасtа spissa), құрғақ экстракттар (ехtгасtа sicca) болып бөлінеді. Ұнтақтар технологиясында көпшілігінде белладонна экстрактты қолданылады. Өндірісте құрғақ белладонна экстракттының 1: 2 және қою белладонна экстрактты 1:1 қатынасында өндіріледі. Дәріханада дайындау ыңғайлы болу үшін, МФ ХІ басылымының бабына сәйкес оның қою түрінен ерітінді дайындайды - Ехtгасtum ВеІІаdonnае soiutum 1:2. Ол үшін қою экстракттың 100 бөлігін: 60 бөлік су, 10 бөлік этанол, 30 бөлік глицерин қоспасында ерітеді. Су негізгі еріткіш, глицерин пептизатор рөлін атқарады, яғни ол ерітіндіні коагуляциядан және бөлшектердің іріленуінен сақтайды. Этанол экстрактың ерігіштігін жоғарлатады және де антисептик рөлін атқарыды. МФ ХІ бойынша қою экстрактты сақтау мерзімі 15 күн.
Дәл және ыңғайлы өлшеу үшін эмпирикалық немесе "көз" пипеткасымен өлшейді және флаконды арнайы этикеткамен безендіреді.
Мысалы, қою белладонна экстракт ерітіндісінің 20 тамшысы 0,5 г тең. Яғни 0,1 г қою белладонна экстракт ерітіндісі 4 тамшыға тең, ал 0,1 г қою экстракт 8 тамшыға тең.
Extractum Belladonnae solutum 1:2
0,1 қою экстракт=8 тамшы ер-ді
Осы этикетканы қолдана отырып, рецептте жазылған белладонна экстракт ерітіндісінің мөлшерін есептейміз. Мысалы, рецептте белладонна экстрактісі 0,15 г берілген. Жоғарыда көрсетілген жазба бойынша қою белладонна экстракт ерітіндісі 12 тамшыға тең.
Бояғыш заттары бар ұнтақтар. Бояғыш заттарды (метилен көгі, ри-бофлавин және т.б.) аз мөлшерде жазады. Себебі бұл заттар келі, келсапты ластайды, сондықтан бояғыш заттарды екі бояғыш емес заттардың қабатында араластыру керек. Осылай жұмыс істеу барысында бояғыш заттардың жоғалуы азаяды, келі мен келсап және басқа да көмекші заттар ластанбайды.
Капсулаланған ұнтақтар ауыз қуысының шырышты қабығын бояғыш заттармен ластанудан сақтайды.
Қиын ұнтақталатын ингредиенттері бар ұнтақтар. Ұнтақ дайындауда көбірек қолданылатын қиын ұнтақталатын заттарға: ментол ти-мол камфора, йод жатады. Олар ұшқыш еріткіштерде, көбінесе этанолда жақсы ериді. Сондықтан бұл заттарды ұнтақ құрамына ерітінді түрінде енгізу керек. Еріткіш буланғаннан кейін қиын ұнтақталатын зат, рекристаллизация құбылысы есебінен ұнтақ массасында біркелкі таралады.
Ментол, тимол камфораны еріту үшін 90% этанолды 1:1 қатынасында, ал йод үшін 95% этанол 1:10 қатынасында алынады.
Пилюлдер (ұсақ домалақ дәрілер) –Pilula – пилюля
Атaу септігінде – Pilula, ідік септігінде – Pilulaе
Пилюлалар – ұсақ жануарларға ішке беруге арналған ,дозаланған дәрілік форма. Олардың консистенциясы қою қамыр тәріздес, пішіні дөңгелек,салмағы 0,1-1,0 грамм аралығында болады. Пилюлдер түрінде сыртқы пішіні ,физикалық (сұйық, қоймалжың, қатты) және химиялық қасиеттері әр түрлі заттар тағайындалады.
Пилюлдер жасау үшін форма түзгіш затты таңдап алудың маңызы зор. Ол дәрілік заттың қасиетімен сәйкес жаңа пилюлдік дәрілік затқа тән консистенция беру шарт. Форма түзгіш зат есебінде әдетте қара бидай ұны,дәрілік жалбыз тікен тамырының ұнтағы және су , ал кейбір кездері шырындар, жасыл сабын, ақ саз қолданылады.
Пилюлдер дайындау үшін дәрілік затты жасалынатын барлық пилюлдер санына жетерліктей мөлшерде өлшеп алады. Фарфор табақшаға салып,форма түзгіш затпен бірге абден араластырады.содан соң, араластыра отырып, үстіне аз-аздан су құйып,керекті консистенцияға жеткізіледі. Ескеретін жағдай су және форма түзгіш зат мөлшері барлық алынатын пилюлдердің салмағынығ жартысындай болу шарт.
Дайындалған пилюлдік
масса бір тектес, қою консистенциялы
болып, фарфор табақшаның қабырғалары
мен бұлғауықша жабыспауы
Арнаулы пилюлдік машина болмаған жағдайда пилюлдік массаны пергамент қағаз бетінде таяқша тәріздес етіп қолмен илейді де, дайындалған қамыр пышақ немесе штапельдің көмегімен бөліктерге бөлінеді,сонан соің лайықты формаларға келтіреді.
Дайын пилюлдер әдетте индиффиренттік ұнтақтармен себеленеді де, қағаз қапшықтармен немесе қорапшалармен берілежі. Пилюлдерге рецептер диспензиялық және дивизиондық әдістермен жазылады. Форма түзгіш зат салмағы көрсетілмейді, керегінше алынады. Пилюлдарды иттерге,мысықтарға,құстарға және қозыларға беру үшін пайдаланылады.
Рецептік мысалдар:
Диспензиялық
әдіс.
Тауықтарға:
Rp.: Creolini 0,1
Pulveris radicis Althaeae gs Pulveris radicis Althaeae gs
Ut.f. Pilula D.t.d № 10
S. пилюлден күніне 2 рет беру үшін D. S. пилюлден күніне 2 рет беру үшін
Сонымен қатты дәрілік заттар тобына бірнеше дәрілік зат формалары жатады. Сонын ішінде менң қарастырғаным ұнтақтар мен пилюлдер. Жалпы ұнтақтар ұсақ, ірі ұнтақтар және ірілеу болып ажыратылады. Күрделі ұнтақтар мөлшерлеп берілген кезде құрамындағы дәрілік заттың арақатынасы бірдей болу үшін біркелкі араласуы қажет. Күшті әсер ететін және улы дәрілік заттар өте аз мөлшерде берілгендіктен оларды қол таразысында өлшеу мүмкін емес.
Ал пилюлдер Пилюлдер жасау үшін форма түзгіш затты таңдап алудың маңызы зор. Ол дәрілік заттың қасиетімен сәйкес жаңа пилюлдік дәрілік затқа тән консистенция беру шарт. Форма түзгіш зат есебінде әдетте қара бидай ұны,дәрілік жалбыз тікен тамырының ұнтағы және су , ал кейбір кездері шырындар, жасыл сабын, ақ саз қолданылады.
Пайдаланған әдебиеттер