Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 07:21, курсовая работа
Мал төлден өседі. Сондықтан мал шарушылығының тажірбиелі бақташылары тумаған бұзаудың қамын оның ана құрсағында жатқан кезінен бастап ойлайды. Бұзау туғаннан кейін оларды көлемді, шырынды азықтарды көп, ал жемді азырақ беріп өсіреді. Етті ірі қара мал шарушылықтарында керісінше, жемді көбірек береді. Бірінші тәсілді қолданғанда өсіп келе жатқан малдардың организімде зат алмасу күшейіп, әрі ас қорту органдары жақсы жетіледі. Сөйтіп, мұның барлығы суттің көп болуына әсер тигізеді. Екіншісінде, етті шаруашылықта бұзауларға жемді көп беруден аз уақыттың ішінде көп салмақ қосады.
Мысалы, буаздықтың 7-айында 16 кг тартатын іштегі төл, бұзаулайтын кездегі 9-айдың аяғына қарай салмағын екі есе ұлғайтып, 30-35 кг тартады. Сондықтан да сиырды буаздығының соңындағы 1,5-2 ай қалған суалтылған кезеңде, салмағы күрт өсіп, ұлғая бастаған іштегі төлді қоректік заттармен толығырақ қамтамасыз ету үшін суалтып, саумайды.
Буаз сиырды суалтудың екі ұшты маңызы бар. Біріншіден, қорытылған азық қоректік заттарын сүт түзуіне жұмсамай, жоғарыда айтқанымыздай, буаздықтың соңғы мерзіміне үлкейіп, ұлғаятын іштегі төлді қоректік заттармен толығырақ қамтамасыз ету мақсатында болса, екіншіден, 10 ай бойы сауылған сиырдың қоңдылығын көтеріп, бұзаулағанынан кейін басталып кететін жаңа сауым алдында тынықтырып, денесіндегі кететін жаңа сауым алдында тынықтырып, денесндегі қоректік заттар қорын толықтыру мақсаты көзделеді.
Суалаиын сиырдың тәуліктік сауымы 3-4 кг-нан аспаса, оны саууды бірден тоқтатып, суалтып жіберуге болады. Ал сүттілігі одан жоғары деңгейде сақталған сиырды біртіндеп, 5-10 күнде сауымын азайтып барып суплтпаса, желіні сүтке толып, сыздап, ісіп ауырады. Сиырдың сүттідігін азайту үшін азықтандыру тәртібін бұзып, рационнан шырынды азықтар мен жем мөлшерін күрт кемітеді. Суаруын да сиретеді. Жаазда жайылу уақытын азайтып, қолдан ірі азықтар береді. Екінші жағынан, сиырды сыууды сиректетіп барып, тәулігіне 3 реттен 2-ге, одан 1-ретке түсіріп, соңында 2 күнде 1 рет қана сауып, суалтып жібереді.
Суалтылған сиырдың алғашқы күндері желінінің сүтке қатты толып, сыздамай, біртіндеп қайтуын мұқият қадағалап отырады. Желіні сүтке толмай толығымен суалған сиырды 3-5 күннен кейін толық мөлшерлі рационмен азықтандыра бастайды. Бұл кезеңдегі азықтандыру іштегі төлдің өсіп-жетілуімен қатар, келксі сауымындағы сиырдың сүттілігіне де қатты әсер ететінін ескере отырып, азықтандыру рационын буаз ағзаны жоғары сапалы қоректік, минералдық, витаминдік заттармен жеткілікті дәрежеде жан-жақты қамтамасыз ете алатын құнарлы азықтардан құрастырады. Тірідей салмағы 400-500 кг, жылына 3000 кг шамасында сүт сауылатын сиырға суалтылған кезеңде – 5-6 кг пішен, 1-3 кг жаздық сабан, 1-2 кг құнарлы жем, 60-70 г ас тұзы, 20 г азықтық бор береді.
Сауын сиырдікімен
салыстсрғанда суалған буаз
Суалтылған кезеңнің бірінші онкүндігінде сүтке толмауы үшін рациондағы шырынды және құнарлы азықтар көлемін кеміту арқылы азықтандыру нормасының деңгейін 100% -дан 80%-ға, яғни 20%-ға төмендетеді, буаз сиырға, екінші онкүндікте азықтандыру нормасының деңгейін қайта 100%- ға жеткізіп, үшінші және төртінші онкүндіктерінде – 120%-ға дейін көтеріп, яғни 20% - ға жоғарылатады да, бесінші онкүндікте қайта – 100%, ал соңғы алтыншы онкүндікте- азық мөлшерін 20-40%–ға азайтып, шырынды азықтарды мүлдем қысқартып, жем көлемін 1 кг-нан асырмайды. Сапалы бұршақ пен астық тұқымдастардың майда пішенін салып қойып, тәулігіне 3 рет жылы сумен суарып тұрады.
Буаз сиырды
кең, таза қорада ұстап, басқа
малмен сүзісіп, жанасып,
Сиырдың бұзаулауына 2-3 апта қалғанда ол желіндей бастайды да, қарны қатты ұлғаяды. Бұзаулауға 3-4 күн қалғанда сиырдың жыныс мүшесінің жиектері ісініп, қызарады да, жыныс жолдарынан шу аға бастайды. Буындарының босауынан құйрық түбінде шұңқырлыар пайда болады. Желіні уызға толады. Мұндайда сиырды өріске шығармай йод, креолин немесе лизон, марганец қышқылдары калий, вазелин, мақта, бинт,сабын, қайшы, таза шүберектер, жіп дайындап қояды. Сиыр бұзауларда жыныс мүшесін, бөксесін, құйрығын марнанец қышқылды калий не болмаса креолиннің 1%–дық, ал лизон болса соның 2-3%–дық ерітіндісімен жуып, тазартып сүртеді. Астына мол етіп таза сабан төсейді.
Әдетте сиыр 1 сағатта
бұзаулайды. Алдымен ұрпақ қағанағы
шығып, ол өздігінен
Мал қорадағы жылу балансы (тепе - теңдігі)
Қора – жайдағы жылу тепе – теңдігі. Мал қораларының сырқы конструкциялары микроклиматты сақтауда маңыздыроль атқарады. Әрине, оның өзінің малдың өнімділігіне, құрылыс конструкциясының ұзаққа шыдамдылығына айтарлықтай әсер етеді.
Қорадағы жылу баланысы – ол жылудың кірісі мен шығысының ара қатынасы. Жылу көздері жоқ қорадағы жылудың түсу мөлшері малдан шығатын жылу мөлшерімен анықталады. Жылу малдың денесіне бөлінуі арқылы жиналады. Ал шығыны – сырқы ортамен жылу аламсу кезінде және сыртқы қорғаушы элементтерді жылытуға кеткен (қабырғаға, төбе, еден, терезе, есік, қақпа) жылудың шамасы мен аңықталады.
Жылу баланысын мына төмендегідей жағыдайларда есептейді:
Қорадағы жылу баланысын есептеудегі басты мақсаты – мал қораларында қолайлы температура мен ылғалдылықты жасау.
Малқорада жылудың шығына үш бөліктен тұрады:
Жылубаланысын есептегенде жылудың барлық шығысын қосып кіріспен салыстырады.Жылу дефициті – ол жылудың жетіспеушілігі Жылу дефицитін толықтыру үшін қоралардағы саңылауларды қамтиды, ондағы мал басының мөлшері сақтайды, электр жүйелі қондырғыларды және т.б. қолданады.
2.6.Ірі қара шаруашылық нысандарын инфекциялық және инвазиялық аурулардан сақтаудағы санитарлық-гигиеналық шаралар
Дизинфекция
Мал шаруашылықтарының ветеринариялық жағнан қауіпсіздігі көбінесе, тұрған жеріне, дер кезінде жіне мұқият санитарлық – гигиеналық шараларды жүзеге асыруға байланысты. Осы ветеринаиялық – санитариялық шараларының ішінде малдың арасында індет ауруларын болдырмауда және оларға қарсы күрес жүргізуде дизинфекция аса маңызды орын алады.
Дизинфекция (франц. Dec – жоямын, лат. Infectio – жұқтыру) зардап және шартты зардапты микрооргонизмдерді жоюға, малдың арасында індет ауруларын болдымау шараларына бағытталған іс - әрекеттердің бірлестігі деп түсінуге болады. Осы дезинфекциялық шаралар зардапты және шартты зардапты микробтарды залалсыздандыруға және жоюға бағытталған.
Мал шаруашылығында пофилактикалық (сақтық) дезинфекциясының басты міндеті – ол малданалынатын өнімнің айналымын орындауда қамтамассыз ету.
Мал қорасын дезинфекциялау екі кезеңде жүргізіледі. Бірінші – қораны тазалау, екінші дезинфекциялық ертіндіні шашу. Объектілерді тазалау әртурлу механикалық құралдарды (күрек, тырма , сыпырғаш) қолдану және кешендегі гидротазалағыш технологиясы арқылы жүргізіледі. Осы механикалық атзалау ауру қоздырғыш микаробтардың денесіне химиялық заттардың тез енуіне жағдай жасайды.
Аусыл
Аусыл - әдетте ірі қарада, қойда жиі кездесетін арнаулы вирус тудырып, жіті және өте жіті түрде өтетін жұқпалы індет.
Қоздырғышы – Рибонуклеин қышқылынан тұратын, сыртқы қабаты белок қабықшамкен қапталған сүзілгіш вирус. Қоздырғыш антигендік қасиетіне байланысты 7 типке бөлінеді. Олар мыналар: А, О, САТ-1, САТ-2, САТ-3 және Азия-1. Вирустың әрбір типі бірнеше варианттарға бөлінеді. Қазақстанда вирустың, А, О типтері жиі, ал С типі сирек кездеседі. Вирус клетка себіндісінде, ақ тышқан, қоян көжегінің және су тышқанының денесінде өте жақсы өседі. Бұл жағдай аусыл ауруын анықтауға көп көмегін тигізеді.
Аусыл қоздырғышы сыртқы
Вирус көптеген химиялық-
Эпизоотологиясы.
Әдетте аусылмен барлық жұп тұяқты жануарлар аурады. Солардың ішінде ірі қара, әсіресе 2 – 3 айлық бұзаау шалдыққыш келеді.
Аусыл негізінен ауру малдан жұғады. Аурудың жасырын өту кезеңінде сыртқы сілекей, нәжісі немесе несебі арқылы шығып, вирусиың өрбуіне себеп болады. Мал аурудан айыққан соң да вирусты вирусты бойында ұзақ уақыт сақтайды.
Аусылдың жұғу жолдары көп.
Ол малдың несебі, нәжісі немесе
аусылға шалдыққан малдың
Аурудың өршуі және оның белгілері.
Аусылдың қоздырғыш вирусы мал организмдеріне ауыздың, танаудың кілегей қабығы арқылы, кейде тұяқ ашасының терісі жарақаттанғанда еніп, ауру тудырады. Алғашында мал аузына ірілі-ұсақты кү.лдіреуік шоғады. Одан әрі вирус сол арқылы қанға енеді. Сөйтіп бүкіл организмге тарайды. Аурудың жасырын кезеңі 1 тәуліктен 7 күнге дейін созылады. Жас бұзаулар мен тайншалар арасында ауру жіті немесе зілді түрде өтеді.Олардың дене қызуы 40,5 – 41,5 градусқа дейін көтеріледі, жалпы күй төмендейді, шөп, суға қарамайды. Ауру басталғаннан кейін күлдіреуіктер мөлдір суға толы көпіршікке айналады. Мөлдір су деп отырғанымыз - улы сұйық зат. Ауру зілді өткенде малдың тілі аузына симай, салақтап шығып кетеді. Аузынан көпіршіген шұбырынды сілекейй ағады.
Кейбір малда күлдіреуіктер
Ауруды анықтау.
Аусылды эпизотологиялық деректерге, клиникалық белгілеріне және өлекседегі өзгерістерге қарап анықтайды. Сонымен қатар лабароторияға потологиялық материялдар жіберіліп, міндетті түрде аусыл вирусының типі, варианты анықталады. Лабороторияға салмағы 5 грамнан кең болмайтын толық піскен, бірақ жарылмаған күлдіреуіктерді пышақпен қырып алып шыны ыдысқа салып жөнелтеді. Оларды глицерин мен суперфосфат ертіндісін тепе-тең қоспасына салып сақтайды да, жолдама қағаз жазып лабороторияға жазып жібереді.
Аусылды оған ұқсас
Емі.
Ауру малды табаннан әдейі оңашалған қораға бөліп алып, арнайы аусылға қарсы иммунолоктан дәрмегімен немесе аусылмен ауырған малдың қанынан дайындалған сарысумен емдейді. Ауру малға жұмсақ, құнарлы жеп шөп және таза су беріледі.
Ауру малдың аузын және
Аурудан сақтану шаралары.
Егер шаруашлық немесе дербес шаруашылық малы арасында аусыл шығатын болса, ол туралы дереу шаруашылықтың және ауданның бас мал дәрігеріне, жергілікті басшыларына хабарлайды. Ауру шыққан шаруашылыққа карантин қойылады, бұл уақытта шаруашылықтан мал шығарылмайды және басқа жақтан мал әкелінбейді. Сонымен қатар шаруашылықтан мал өнімдері, басқа азық түлік, жем шөп т.б сыртқа шығарылмайды.