Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 11:24, автореферат
Осы мақсатқа жету үшін қойылған міндеттер төмендегідей:
1. Ірі қара малдарының аралас ассоциативті инвазиясының Қазақстанның шығыс аймағында таралуын зерттеу;
2. Инвазия қоздырғыштарының түрлерін және олардың морфологиялық ерекшеліктерін анықтау;
3. Аралас ассоциативті инвазияның ірі қара малдарының жас арасына және жыл маусымдылығына байланысты зақымдалуын анықтау;
4. Аурудың өту барысы кезінде ірі қара малдарының қанның морфологиялық, биохимиялық, көрсеткіштерін зерттеу;
5. Ірі қара малдарының аралас ассоциативті инвазиясын емдеу, алдын алу шараларын зерттеу.
ӘОЖ: 619:616.99:636.32/38
ЖАКИЯНОВА МЕЙРАМГҮЛ САЙЛАУБАЙҚЫЗЫ
Ірі қара малдарының ассоциативті инвазиялары,
емі және алдын алу шаралары
6М120100 – «Ветеринариялық медицина»
Автореферат
Малдәрігерлік ғылымдарының магистрі академиялық
дәрежесін алу үшін жазылған диссертация
Қазақстан Республикасы
Семей, 2013
Ғылыми жетекші: |
Ветеринария ғылымының
докторы, профессор Ысқаков М. |
Ресми оппонент |
Ветеринария ғылымының кандидаты Нуржуманова Ж.М. |
Диссертациялық жұмысты қорғау «___»__________ 20__ ж. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің №5 корпусында өтеді. «Ветеринариялық медицина» кафедрасы, тел 53-19-20 Факс +7(7222)359465
Е-mail: kancel@semgu.kz.
Диссертациялық жұмыспен Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің кітапханасынан танысуға болады.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі уақытта малдәрігерлік паразитологияның ең өзекті негізгі мақсаттарының бірі – ауылшаруашылық малдардың ассоциативтік инвазиялық ауруларын анықтау болып отыр. Бұл ауруларды тегі әртүрлі, бірнеше қоздырғыштар тудырады. Мал денесінде қарапайымдылар, бактериялар, вирустар бір сәтте, бірігіп тоғышарлық етуі мүмкін. Осы тоғышарлардың біріккен жиынтығы паразитоценоз деп атайды.
Гельминтоздарды және
гельминтоценоздарды
Гельминтоздардың таралуы
шаруашылықты ұйымдастырып жүргізу
әдістеріне және ауа райының өзгеруіне
тікелей байланысты болады. Гельминтоценоздардың
таралып-жайылып кетуіне, өзгеріске
ұшырауына әртүрлі аймақ
Мал организмінде паразитоценоз құрамындағы паразиттер бір-бірімен және иесімен белсенді қарым-қатынаста болып зардабын ауырлатады. Бұл паразитоценоз тудыратын аурулардың жеке бір ғана паразит түрі қоздыратын аурудан өзгешелігі барын, сондықтан олармен күрес шаралары да осы ерекшеліктерді ескере отырып әзірлеу қажет екендігін көрсетеді. Паразитоценоздың әрбір мүшелері бірігіп, мал организмінде өте ауыр өтетеін ассоциативті ауруларды туғызады. Бірақ мал дәрігерлері, мал мамандары кез кез келеген ауруларды анықтағанда, емдік және сақтық шараларын жүргізгенде паразитоценозға нақтылы көңіл бөлмейді. Алғаш рет паразитоценозға зерттеу жүргізген Скрябин К.И. [1937]; Павловский Е.Н. [1955]; болса, одан кейін жалғастырған ғалымдар Маркевич А.П. [1985]; Панасюк Д.И.[1986] екені мәлім. Қазақстанда әртүрлі малдардың ассоциативті инвазиялары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізілді (Бондарева В.И. 1945; Дзержинский В.А. 1987; Беркимбаев О. 1988; Зиборов Н.А. 1992; Ысқақов М.М. 1997; Серикова А.Т. [2003]. Ірі қара малдарының ассоциативті инвазиясы Қазақстанның Шығысында зерттелмеген. Ірі қара малдарының эймериозын, моноинвазия ретінде алғаш рет Қашағанов Х.Е. [1967] зерттеген. Кейіннен Құсайынова Н.Т. [2002] зерттеулер жүргізіп нақтылы жаңа ғылыми нәтижелер ұсынған. Алыс жақын шет елдері бойынша алғаш рет мониезиоз инвазиясына Krull W.N.[1939]; Потемкина В.А. [1946]; Шалдыбин Е.С. [1952]; Кузнецов М.И. [1955] зерттеулер жүргізген. Қазақстанның шығысында ірі қара малдарының аралас ассоциативті инвазиясына зерттеу жұмыстары толық жүргізілмеген. Сол себепті ірі қара малдарының аралс ассоциативті инвазиясының эпизоотологиялық жағдайын зерттеп, анықтау оларды емдеу, алдын алудың ең тиімді жаңа әдістерін тауып, өндіріске енгізу, ветеринариялық паразитоценологияның ең өзекті мәселелері болып отыр.
Зерттеу жұмыстарының мақсаты мен міндеттері
Шығыс Қазақстан өңірінде ірі қара малдарының аралас ассоциатвті инвазиясының эпизоотологиясын, ауруды емдеу және алдын алудың ең тиімді жаңа әдістерін анықтау.
Осы мақсатқа жету үшін қойылған міндеттер төмендегідей:
Зерттеудің ғылыми жаңалықтары. Шығыс Қазақстан аймағы бойынша ірі қара малдарының аралас ассоциативті инвазиясының эпизоотологиялық жағдайы анықталды. Осы ретте ірі қара малдардың жас шамасы, жыл маусымына байланысты ассоциативті инвазиясымен залалдануы зерттелінді.
Ірі қара малының эймериозды-
Диссертациялық жұмыс бойынша 3 мақала басылымнан өтті
Қорғауға ұсынылатын негізгі мәселелер:
Диссертацияның көлемі мен құрлымы
Диссертация компьютермен 85 бетке терілген. Ол мөлшерлік сілтемелер, анықтамалар, белгілеулер мен қысқартулар, кіріспе, өзіндік зерттеулер, зерттеу нәтижелері, зерттеу нәтижелерін талдау, қортындылар, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.
Жұмыс 14 кестеден, 9 суретпен безендірілген. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 200, оның ішінде 25% шет ел ғалымдары, 50 % отандық ғалымдардың еңбектері кіреді.
І ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
Шығыс Қазақстан облысы бойынша ірі қара малдарының ассоциативті инвазиясының сипаттамасы, қоздырушыларының дамуы, эпизоотологиясы, клиникалық белгілері, ауруды анықтау, емі және алдын алу шаралары, паразит бірлестіктерінің аралық иесімен дамуы қамтылған.
ІІ ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР
2.1. Материалдар және зерттеу әдістері
Зерттеу жұмыстары 2011-2013 жылдары Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің, ветеринариялық медицина кафедрасында және Шығыс Қазақстан облысының жеке меншік шаруашылықтары Үржар, Мақаншы, аудандарында және Семей қалалық ауылшаруашылық округтарында жүргізілді («Лада» шаруашылығы). Ірі қара малының аралас ассоциативті инвазиясын анықтауға арналған зерттеу жұмыстары 696 ірі қара малдарына соның ішінде 500 сиыр, 196-сы 6-8 айлық бұзауларға жүргізілді.
Ооцист түрлері, пішіні, мөлшері, түсі, қабықтарының құрлымы, макропилесі, полярлы бөртпелері және ооцисталарының спорлануы уақыты, қалдық денелердің түрлері анықталды.
Окулярмикрометр көмегімен ооцисталарының көлемі анықталды.
Гельминтологиялық жарып тексерудің әдістемесін академик К.И.Скрябин жасаған, гельминтологиялық толық және жартылай жарып көру әдісімен атқарылды.
Ооцисталар эймерийлермен залалданған малдардан нәжіс Дарлинг әдісі Якимов В.Л. жетілдіру әдісімен анықталды. Спорлану 2 % калий бихроматында термостатта (+26-280С) температурада 4-5 күн өсірілді. Дарлинг әдісімен нәжістен ооциста, жұмыртқалар бөліп алынды. Зертханалық әдістерге малдарың нәжістерін, көбінесе Дарлинг, Фюллиборн әдістері арқылы зерттеулер жүргізілді. Нәжістер әрбір малдан жеке-жеке 5-10 граммнан тік ішіектен алынды. Нәжістерді бактериологиялық пробиркаларға, немес целофан қағаздардан жасалған кішкене қапшықтарға салынады.
Эймерийлердің түрлерін анықтағанда
Е.М.Хейсиннің анықтағыш
Қазақстанның Шығысында ірі қара малының сегіз түрі анықталған. Оның ішінде біздің зерттеуімізде бес түрі табылды. Олар:
2.2. Ірі қара малдарының мониезий түрлері
Мониезиоз ауруын тоғышардың бірнеше түрі тудырады. Олар: Moniesia benedeni, Moniesia expansa, Moniesia autumnalia.
Залалданған малдар нәжістерімен сыртқы ортаға мониезия жұмыртқаларын бөліп шығарады. Жұмыртқалардың ішінде (ұрық) онкосферасы алмұрт тәрізді қабықшамен қапталған. Мониезия жұмыртқалары көп қырлы үш, төрт, бес бұрышты, сұрғылт түсті болып келеді.
2.3. Ірі қара малдарының стронгиляттар түрлері
Ірі қара малының асқазан-ішегінде нематода тобына, Strongylata тек тармағына жататын құрттардың көптеген түрлері паразиттік жолмен тіршілік етеді. Олар төрт тұқымдастардан тұрады: Trichostrongylidae, Ancylostomatidae, Strongylidae және Trichonematidae. Бұлардың барлығы асқорту жүйесін мекендейтіндіктен, көпшілігінің өсіп-өнуінің ұқсастығына байланысты, олар тудыратын аурулардың эпизоотологиясы, өрбуі (патогенезі) клиникалық көрністері, сонымен қатар оларға қарсы қолданылатын дауа негізінен бірдей.
Ас қорту ағзаларында өмір сүретін стронгиляталар, геогельминттер қатарына жатады, яғни олар тікелей аралық иесіз дамиды. Нематоданың ұрықтанған ұрғашылары көптеген жұмыртқалар салады, олар нәжіспен бірге сыртқы ортаға тарайды. Қоршаған ортаның қолайлы жағдайында бірнеше сағат (12-17) аралығында жұмыртқа ішінде балаңқұрт дамиды. Олар жұмыртқа қабыршығынан шығып, екі дүркін түлейді, денесі сыртынан қосымша екі құндаққа оралып, 4-8 тәулік аралығында инвазиялық немесе залалдағыш жұқпалы сатысына дейін өсіп жетіледі. Ауа-райы салықан болса, даму жылдамдығы бірнеше күнге немес бірнеше аптаға тежеледі. Балаңқұрттар белсенді түрде қи-тезектен босап, жан-жаққа тарай бастайды. Олар дымқыл топырақта, шөпте ширақ қозғалып, өсімдік сабағына, жапырағына өрмелейді. Балаңқұрттардың кезбелігі (миграция) сыртқа ортаның ылғалдылығы көтерілген сайын күшейе түседі. Яғни таңертен, іңірде, түнде, жауын-шашыннан кейін олар белсенділік танытады. Нематодалар суық ызғарда да төтеп бере алады, өздерінің тіршілік ету қабілетін 3-4 ай немесе одан көп уақыт сақтайтындығы анықталған. Кейбір нематодалардың өсіп-өнуі сәл басқаша өтеді. Олардың балаңқұрттары бастапқыда жұмыртқадан шықпайды, онда олар екі рет түлеп жұқпалы сатысына жетіп сонан соң ғана жұмыртқа қабықшасын жарып сыртқа шығады. Даму мерзімі аталған гельминттерден сәл созылыңқы (10-15 тәулік).
Малдар стронгиляттарды көбінесе өрісте жұқтырады. Яғни балаңқұрттар мал денесіне шөппен, сумен (шалшық сулар) жұғады.
Стронгилята балңқұрттары ұлтабар,
ащы және тоқ ішекке орналасқан соң,
екі дүркін түлейді, 20-30 күннен кейін
жынысы жетілген құртқа айналады. Олар
мал денесінде бір жылдан немес
оданда артық мезгіл күнелтеді. Хабертия
мен эзофагостом құрттарының
тоқ ішекте өсіп жетілуі, ересек сатысына
ауысу мерзімі 50-60 күн, ал организмде
олардың сақталуы 1 жылдан аспайды.
Ал, буностом балаңқұрттары мадың
денесіне тері арқылы тесіп өтіп, қантамырлар
арқылы қан ағымымен өкпеге жетеді.
Онда бірнеше күндей мекендеп, өсіп
түлеп, жылжуын әрі қарай
Информация о работе Ірі қара малдарының ассоциативті инвазиялары, емі және алдын алу шаралары