Қора- жайдағы микроклимат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2014 в 20:13, курсовая работа

Краткое описание

Осындай маңызды міндеттерді орындау үшін студент топырақты, суды, ауаны зерттеу әдістерін, олардың мал өсіру үшін қауіпсіздігі мен жарамдылығын, онда мал шаруашылығы нысандарын салу мүмкіндігін санитариялық-гигиеналық тұрғыдан бағалауды, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясының ерекшеліктерін ескере отырып, әртүрлі типті мал қораларын жобалау үшін түсіндірме жазбаларын құрастыру, қажетті есеп қисап жұмыстарын жүргізе алуды меңгеруі қажет.

Содержание

I Кіріспе
II Мал қора туралы жалпы мәлімет
III Жерге қойылатын талап
IV Құрылыс материалдарына қойылатын талап
V Көңді тазалау, шығару, сақтау және залалсыздандыруға
қойылатын талаптар
VI Жануарларға арналған қорадағы микроклиматы бақылау
VII Қорытынды
VIII Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

гигиена.docx

— 2.11 Мб (Скачать документ)

      Жасанды жарықты анықтау үшін қорадағы шамдар санын есептеп, олардың ваттпен берілген жалпы қуатын анықтайды. Бұл көлемді қора ауданына (м2) бөледі де, 1 м2 –қа ватт бойынша үлес қуатын табады (Вт/м2). Содан кейін шамдардың үлес қуатын люкстер санын көрсететін, 1 Вт/м2 үлес қуаты сәйкес келетін коэффициентке (е) көбейтеді де, нәтижесінде люкспен берілген жарықтануды алады.

       6.6. Қорадағы көмірқышқыл газын анықтау

Жұмыстың мақсаты:

Қора ауасындағы көмірқышқыл газын анықтауға арналған қондырғылармен немесе құралдармен, қолда бар әдістермен танысу.

Қора ауасындағы көмірқышқыл газының мөлшері – ауа тазалығы көрсеткіштерінің бірі. Көмірқышқыл газы (СО2) – иісі мен түсі жоқ улылығы аздаған газ. Бір литр газ 0оС температура мен 760 мм сынап бағанасы қысымда 1,9769 мг салмақта болады, ал 1 мг газ 0,509 мл көлемді алып жатады. Оның ауадағы рұқсат етілетін концентрациясы 0,25% көп емес.  
         Ауадағы көмірқышқыл газын анықтау үшін бірнеше әдістерді қолданады. Газоанализаторлар көмегімен жүргізілетін көлемдік әдістер (Холден, Кудрявцев, Калмыков және басқалары) арқылы зерттелетін ауа сынамасын сілті ертінділерінен өткізгенде көмірқышқыл газын сіңіріп, көлемінің азаюы бойынша ауадағы көмірқышқыл газы мөлшерін анықтайды. Д.В. Прохоров әдісі ауадағы көмірқышқыл газын бағдарлап анықтау үшін қолданылуы мүмкін. Бұл әдістің принципі – қора ауасы мен сыртқы атмосфера ауасының құрамын салыстырмалы тексеру, мұнда СО2 мөлшері қала ауасында 0,04% деңгейінде, ауылды жерде 0,03% шамасында сақталады. 
Қора ауасындағы көмірқышқыл газын анықтау үшін көлемдік әдістермен қатар, жеткілікті дәл нәтижелер беретін Субботин-Нагорскийдің титрометрлік әдісін қолданады.Әдіс принципі күйдіргіш барийдің (Ва(ОН)2) титрленген ертіндісінің белгілі бір ауа көлемінен көмірқышқыл газын сіңіруіне негізделген. Барий ертінділерінің көмірқышқыл газын сіңіргенге дейінгі және одан кейінгі титрлерінің айырмасы бойынша оның зерттеуге алынған ауа көлеміндегі мөлшерін анықтайды.  
Ыдыс, құралдар мен реактивтер: 1. Дәл калибрленген, сыйымдылығы 2 л болатын шыны құмыра. Тығында шағын флакон өлшемі бойынша саңылау жасалған; 2. Сыйымдылығы 120 мл дейінгі калибрленген, тегіс (бұрандасыз) мойынды және тығынды шағын флакон; 3. Біреуіне бюретканы Ва(ОН)2 ертіндісімен толтыруға арналған резина грушаны жалғауға болатын, натронды әк салынған түтік кигізілген, сыйымдылығы 50 мл екі бюретка; 4.Термометр; 5.Барометр; 6. 1 мл ертінді 1 мг көмірқышқыл газын байланыстыратындай етіп дайындалған Ва(ОН)2 ертіндісі; 7. 1 мл ертіндісі 1 мг СО2 тура сәйкес келетін қымыздық қышқылының (С2Н2О4·2Н2О) ертіндісі; 8. Индикатор –сілтілі ортада қызыл түске боялатын, ал қышқыл ортада түссіз күйде қалатын фенолфталеиннің 1% спирттік ертіндісі.

Анықтау барысы

1) барит ертіндісінің  алғашқы титрін анықтау. Бұл үшін резина грушаның көмегімен бюретканы жұмысқа даярланған түссіз Ва(ОН)2 ертіндісімен толтырады, колбаға 20 мл қымыздық қышқылы ертіндісін өлшеп алады, оған 2 тамшы фенолфталеин индикаторын қосып, әлсіз қызғылт түс пайда болғанша Ва(ОН)2 ертіндісімен титрлейді.

2) ауа сынамасын алып, одан көмірқышқыл газын баритті  ертіндімен сіңіру. Зерттелетін ауаны құмыра арқылы насос және аспиратордың көмегімен үрлейді де, құмыраға (тығын саңылауына) шағын флаконды кигізе отырып, ішіндегі 120 мл күйдіргіш барийдің әкті титрлі ертіндісін құяды. Құмыраны 20 мин шайқайды, ертінді СО2 сіңіріп, күңгірт–ақшыл түске боялады. Күйдіргіш барий ертіндісін құмырадан шағын флаконға қайта құяды да, ажыратып, тығынмен жауып, ертінді түссізденуі үшін 1-2 сағат тыныштықта қалдырады.  
3) термометр мен барометр көрсеткішін жазу. Құмырадағы зерттелетін ауа көлемін Бойль-Мариотт және Гей-Люссак формуласын қолдана отырып, қалыпты шарттарға (0оС пен 760 мм сын. бағ.) келтіреді: 
               Vo760 = Vt·B / (1+αt)·760

мұнда: Vo760 –0о пен 760 мм сын.бағ. келтірілген ауа көлемі; Vt – құмыра көлемі; В – зерттеу кезіндегі барометр көрсеткіші; α – 0,003667 тең болатын температура 1оС жоғарылағандағы ауаның кеңею коэффициенті; t – зерттеу кезіндегі ауа температурасы.

4) барит ертіндісінің  екінші титрін анықтау үшін (ауадан  СО2 құмыраға сіңірілгеннен кейін). Резина грушаның көмегімен бюретканы шағын флакондағы тұнған күйдіргіш барийдің түссіз ертіндісімен толтырады. Колбаға 20 мл қымыздық қышқылы ертіндісін құйып, оған 2 тамшы фенолфталеин қосады да әлсіз қызғылт түс пайда болғанша күйдіргіш барий ертіндісімен титрлейді.

5) зерттелетін қалыпты  көлемге келтірілген ауадағы  көмірқышқыл газының мөлшерін есептеу:

а) күйдіргіш барийдің алғашқы және екінші титрі арасындағы айырманы табады;

 
        б) алынған ауа көлеміндегі көмірқышқыл газының мөлшерін (мг) 1 мг СО2 0о температура мен 760 мм сын. бағ. қысымда 0,509 мл көлемге ие болатынын ескере отырып, анықтайды;

в) қалыпты шарттарға келтірілген ауа көлеміндегі көмірқышқыл газының мөлшерін (%) анықтайды:

        760 – 100

         СО2 – х

мұнда: 760 – қалыпты шарттарға келтірілген ауа көлемі, мл. 
СО2 - алынған ауа көлеміндегі көмірқышқыл газының көлемі, мл.

6.7. Мал қора ауасындағы аммиак мөлшерін анықтау

Жұмыстың мақсаты: мал қорасы ауасындағы аммиак мөлшерін анықтауға арналған әдістермен, құралдар және қондырғылармен танысу  
      Аммиак (NH3) – улы, өзіне тән күшті тітіркендіргіш иісі бар түссіз газ, 1 мг газ 1,314 мл көлемді алады. Қорада аммиак азотты заттардың (несеп, нәжіс, ластанған төсеніш, азық) ыдырауы нәтижесінде жинақталады. Оның ауадағы рұқсат етілетін концентрациясы 20 мг/м3 көп емес. Ауадағы аммиак мөлшерін сандық және сапалық әдістермен анықтайды.  
       Аммиакты сапалық анықтау:

1) ауада аммиак болса  тұз қышқылымен ылғалданған ыдыстың  тығынының үстінде ақ тұманды  бұлт тәрізді бөлінетін хлорлы аммоний түзіледі. 
2) дистильденген суға матырылған қызғылт лакмус қағазы аммиак қатысуымен көгереді; куркумді ылғалды қағаз – қызғылттанады (қоңыраяды); бромтимолблаумен боялған қағаз – жасылданады немесе көгереді. Бояудың байқалу дәрежесі қора ауасының аммиакпен қанығу деңгейіне байланысты.

3) ауадағы аммиактың жоғары  концентрациясы (1,5-2 мг/м3 және жоғары) иіскеу арқылы анықталады.

        Аммиакты сандық анықтау:

Мал қора ауасындағы аммиак мөлшерін сандық тұрғыда анықтау үшін колориметрлік немесе титрометрлік әдісті және әмбебап газ анализаторын (УГ-2) қолданады.

Титрометрлік әдіс – күкірт қышқылының ауадағы аммиакпен байланыса алу қабілетіне негізделген. Байланыспаған күкірт қышқылы мөлшерін сілтімен титрлеп анықтайды.

Ыдыс, құралдар мен реактивтер:

1) аспиратор немесе сыйымдылығы 2 л болатын екі құмыра;  
2) сіңіргіш – 1 шт;

3) барометр, термометр; 1 мл  ертіндісі 0,17 мг аммиакқа (1 мг аммиак  константалы жағдайда 1,314 мл көлемді  алады) сәйкес келетін 0,01 н. күкірт  қышқылы ертіндісі;

4) 1 мл ертіндісі 1 мл 0,01 н. күкірт қышқылы ертіндісіне сәйкес  келетін;

5) 0,01 н. күйдіргіш натр  ертіндісі; 6) индикатор – 0,1 % қышқыл  ортада қызғылт түс, сілтілі ортада  – сары, бейтарап ортада –  қызылсары түс беретін метилоранж  ертіндісі.

 

 

 

Сурет 11 – Құмыралардан жасалған аспиратор  
 

 

 

 

        Анықтау барысы

1) зерттелетін қора ауасын  аспиратор құмырасына толтырады, одан жалғанған ыдыстар принципі бойынша су ағып кетеді.  
2) сіңіргішке 20 мл күкірт қышқылы ертіндісін құйып, оны аспираторға жалғайды. Зерттелетін ауаны (2 л) сіңіргіш арқылы сорады, мұнда күкірт қышқылы аммиакты байланыстырып, күкірт қышқылды аммоний түзіледі. Ауаны сорғаннан кейін, сіңіргіш құрамына 1-2 тамшы индикатор қосады да күйдіргіш натрий ертіндісімен титрлейді.

        6.8 Мал қора ауасындағы күкіртсутегі мөлшерін анықтау

Жұмыстың мақсаты: мал қорасы ауасындағы күкіртсутегі мөлшерін анықтауға арналған әдістермен, құралдар және қондырғылармен танысу. 
          Күкіртсутегі (H2S) – өткір білінетін иісі (борсыған жұмыртқа) бар түссіз ұшқыш газ. Мал қорасы ауасында күкіртсутегінің жинақталу көзі күкірті бар белокты заттардың ыдырауы мен жануарлардың белокқа бай азықпен азықтандырғандағы және асқорытуының бұзылуындағы ішек бөліністері болып табылады. Күкіртсутегінің молекулалық салмағы 17 мг. Ауада рұқсат етілетін концентрациясы 10 мг/м3 көп емес. 
Мал қорасы ауасындағы күкіртсутегі мөлшерін сандық және сапалық әдістермен анықтайды.

Күкіртсутегіні сапалық тұрғыдан анықтау:

1) сіркеқышқылды қорғасынның  сілтілі ертіндісіне матырылған  сүзгі қағазы, күкіртсутегі қатысында - қараяды.

2) натрий нитропруссиді  сіңген сүзгі қағазы күкіртсутегі  қатысында қызыл-күлгін түске боялады.

3) күкіртсутегінің біршама  концентрациясы (0,0034 мг/л немесе 3,4 мг/м3 және одан жоғары) қора ауасында иіскеп анықталады.

  Күкіртсутегін сандық тұрғыдан анықтау:

  Күкіртсутегін қора ауасында сандық тұрғыдан анықтау үшін көлемді (титрометрлік) әдісті және әмбебап газ анализаторын (УГ-2) қолданады. 
Титрометрлік әдіс күкіртсутегі қоспасы бар ауаны йодтың сулы ертіндісі арқылы сорғанда, йодты сутегі қышқылын түзіп күкіртсутегінің байланысқа түсуіне негізделген. Ауа өткізгеннен кейінгі йод ертіндісінің титрі төмендеуі бойынша күкіртсутегінің мөлшері туралы тұжырымдайды.

Ыдыс, құралдар мен реактивтер: 1) Аспиратор немесе 2 л екі құмыра; 2) Сіңіргіш; 3) Бюретка; 4) 200 мл колба; 5) Барометр;  
6) Термометр; 7) 0,01 н. йод ертіндісі; 8) 0,01 н. натрий гипосульфиты ертіндісі; 9) 0,5 %-ды крахмалдың сулы ертіндісі.

           Анықтау барысы:

Зерттелетін қораның ауасын аспиратор құмырасына сорады, одан жалғанған ыдыстар принципі бойынша су ағып кетеді. Сіңіргішке 20 мл йод ертіндісін құйып, оны аспираторға жалғайды да, зерттелетін ауаны (2 л) сорады. Алдымен гипосульфит ертіндісінің титрін тексереді. Ол үшін 20 мл 0,01 н. йод ертіндісі құйылған колбаны алып, 0,01 н. гипосульфит ертіндісімен ақшыл – сары түске дейін титрлейді, содан кейін  
3 тамшы крахмал ертіндісін қосып, толық түссізденгенше титрлеуді жалғастырады.  
Қолданылған йод ертіндісіндегі (зерттелетін ауа өткізілген) йод қалдығын анықтау үшін сіңіргіштегі ертіндіні 0,01 н. натрий гипосульфиты ертіндісімен, 1 мл крахмал ертіндісінің қатысуымен көк түсі жойылғанша титрлейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 VI Қорытынды

Мал шаруашылығында микроклимат деп мал қораның климатын айтады. Мал қораның микроклиматы ауаның физикалық жағдайына оның газбен, микробпен, тозаңмен ластануына тікелей байланысты болады. Микроклиматтың пайда болуына және оның көрсеткіштеріне сыртқы ортаның барлық факторлары әсер етеді: ауаның физикалық жағдайы, газдық құрамы, күн сәулесі, өсімдіктер мен су көздерінің болуы, жер рельефі және тағы да басқа.

Малдың денсаулығы мен оның өнімділігін жоғары деңгейде сақтау үшін ауа көрсеткіштері қалыпты әрі ыңғайлы болуы міндетті.Ауаның қолайсыз әсеріне, әсірессе жаңа туған төлдер сезімтал. Сондықтан қора ауасының көрсеткіштері немесе микроклимат мал организміне қолайлы болған жағдайда онда ол малдың денсаулығы мен өнімділігінің жоғары болуынынң кепілі.

Мал шаруашылығы мекемелерінің қоршаған ортаға зиянды әсерінің алдын алу үшін жасыл ағаш отырғызудың маңызы зор.

Ауаны тазалауда көгаландыру әдістерінің әртүрлі шаң- тозаң, микроорганизм және зиянды газдарды жоюы бірнеше себептерге байланысты; тұқымдас құрамы, жолақтың ені, түрі, ағаш және бұтаның биіктігіне байланысты. Ауаның әр түрлі газдардан тазалаудың ең тиімді әдіс- жапырақты көгаладандыру, ол микроорганизм үшін шырша тұқымдастары.

Қора- жайларда қолайлы ауа температурасын ұстаса, оған қосымша азықтандыра білсе, бүгінгі талапқа сай, дені сау, мол өнімді мал өсіруге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1 Гершун В.И. Ветеринарная  гигиена. Тулякова Р.К-Костанай.: Колос,

2 Кузнецов А. Гигиена животных. Найденский М.С.-Москва.: Колос, 2001.-Б.125-128

3 Кәдіров Н.Т. Жас мал дәрігеріне кеңес. Гниломедов Д.С.

4 Бәшірова Ж, Мал шаруашылығы  негіздері курсын оқыту негіздері.

5 Ставровский А.Е. Мал шаруашылығы практикумы. Чичков В.А.

6 Наурызбаев И. Фермадағы мал дәрігерлік дезинфекция. Алматы.: Қайнар,

7 Мырзабеков Ж. Ветеринарлық гигиена. Ибрагимов П. Алматы.:

8 Испенков А.Е Зоогигиенический и санитарный режим на фермах

9 Волков Г.К. Гигиена крупного  рогатого скота на промышленных

10 Кузнецов А.Ф. Гигиена  кормления сельскохозяйственных  животных. Л.: Агропромиздат,1989.

11 Герщун В.Н., Муслимов Б.Н. «Ветеринарная гигиена», А-та «Кайнар», 1994 г.

12 Онегов А.П. «Гигиена с/х животных» Москва, 1987 г.

13 Кузнецов К.Ф., Баланин И.В. «Справочник по ветеринарной гигиене», 1984 г.

14 Данилова А.К. и другие «Гигиена с/х животных» Москва, 1980 г.

  15 Топчий Д.И. «Сельско-хозяйственные здания и сооружения» Москва, 1962 г.

16 Карелин А.И. «Гигиенические основы проектирования, строительства и эксплуатации животноводческих  объектов» Москва 1987 г..

17 Антонов П.П. «Микроклимат на фермах и комплексах» Москва, 1975

г.

18 Арғынбаев Х. Қазақтың мал шаруашылығы жайында этнографиялық очерк. Алма-Ата, 1969,

 


Информация о работе Қора- жайдағы микроклимат