Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2014 в 20:13, курсовая работа
Осындай маңызды міндеттерді орындау үшін студент топырақты, суды, ауаны зерттеу әдістерін, олардың мал өсіру үшін қауіпсіздігі мен жарамдылығын, онда мал шаруашылығы нысандарын салу мүмкіндігін санитариялық-гигиеналық тұрғыдан бағалауды, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясының ерекшеліктерін ескере отырып, әртүрлі типті мал қораларын жобалау үшін түсіндірме жазбаларын құрастыру, қажетті есеп қисап жұмыстарын жүргізе алуды меңгеруі қажет.
I Кіріспе
II Мал қора туралы жалпы мәлімет
III Жерге қойылатын талап
IV Құрылыс материалдарына қойылатын талап
V Көңді тазалау, шығару, сақтау және залалсыздандыруға
қойылатын талаптар
VI Жануарларға арналған қорадағы микроклиматы бақылау
VII Қорытынды
VIII Қолданылған әдебиеттер тізімі
Жоспар:
I Кіріспе
II Мал қора туралы жалпы мәлімет
III Жерге қойылатын талап
IV Құрылыс материалдарына қойылатын талап
V Көңді тазалау, шығару, сақтау және залалсыздандыруға
қойылатын талаптар
VI Жануарларға арналған қорадағы микроклиматы бақылау
VII Қорытынды
VIII Қолданылған әдебиеттер тізімі
I Кіріспе
Қазақстанның мемлекеттік
саясатының басым мақсаттарының бірі
ретінде ұсынылып отырған маңызды мәселе
өзіндік азық түлікпен қамтамасыз ету,
дамыған елдерден азық түліктік тәуелділікті
азайту болып табылады. «Азық түліктік
қауіпсіздік» термині агроөнеркәсіптік
кешеннің сыртқы және ішкі факторлардан
тәуелсіз қорлармен, әлеуетпен және кепілдермен
қамтамасыз болатын жағдайын сипаттайды.
Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуының
көрсеткіштерінің бірі ретінде әртүрлі
ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді
арттыру болуы мүмкін.
Жақын болашақта Республика бойынша орта
шамамен бір сиырдың тәуліктік сүт өнімін
3000 кг дейін, бордақыланатын малдың тәуліктік
салмақ қосуын 450-500г, биязы жүнді қойдың
жүн өнімділігін 3,5 кг арттыруға мүмкіндік
беретін өнім өндірудің аса бір тиімді
қор сақтаушы технологияларына көшу жоспарланып
отыр.
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттырудың және сапасын жақсартудың маңызды қоры мал ауруларының жүйелі алдын алу болып табылады. Мал ауруларының алдын алу шараларының негізін организмнің табиғи жоғары төзімділігін сақтау арқылы барынша көп өнім алуға мүмкіндік беретін ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау, азықтандыру және пайдаланудың қолайлы шарттарын жасау қажет.
Осындай маңызды міндеттерді орындау үшін студент топырақты, суды, ауаны зерттеу әдістерін, олардың мал өсіру үшін қауіпсіздігі мен жарамдылығын, онда мал шаруашылығы нысандарын салу мүмкіндігін санитариялық-гигиеналық тұрғыдан бағалауды, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясының ерекшеліктерін ескере отырып, әртүрлі типті мал қораларын жобалау үшін түсіндірме жазбаларын құрастыру, қажетті есеп қисап жұмыстарын жүргізе алуды меңгеруі қажет.
Алға қойылған әртүрлі мал қораларын талапқа сай жобалау үшін студенттер, теориялық және практикалық дайындықтан өтіп, қажетті әдістемелік нұсқауларды толық игеруі қажет. Бұл мәселелердің табысты шешілуі даярлықтан өткен маманның сапасының көрсеткіші бола алады.
Көп жағдайда, әсірессе Қазақстанның солтүстік және батыс аймақтарында күннің суық кезеңінде мал басын сақтап көбейтуге, қоралардың жылылығына, оның микроклиматының қолайлығына көп байланысты. Ал, қолайлы микроклимат қора құрылысын салғанда технологиялық жобалаудың нормаларын сақтау ветеринариялық – санитариялық тұрғыдан жер таңдап, қора жайларды дұрыс орналастыру, құрылыс материалдарын таңдау, қора бөліктерінің талапқа сай болуы, желдет және қи шығару жүйелерінің жұмыс істеу реті және тағы да басқа факторларға тығыз байланысты.
Мал шаруашылығы құрылыстарын белгіленген зоогигиеналық норма және ветеринариялық- санитариялық талаптарға сай жобалауға, салуға және пайдалануға бақылау жасап отыру қажет.
Ауыл шаруашылық кәсіпорынның негізін белгілі бір өнім өндірудің технологиясы құрайды.Оның маңызды элементтері: малды ұстау жағдайы, толық сапалы азықтандыру және суару режимі, малдың тұқымын жақсарту үшін белгілі бағыттағы селекциялық жұмыстар жүргізу, микроклиматмен қамтамасыз ету, зоотехникалық талаптарды орындау, ветеринариялық жұмыс жүргізу жүйесі және тағы да басқалар жатады.
II Мал қора туралы жалпы мәлімет
Сиыр қора - мүйізді ірі қара мал ұсталып, күтілетін орын. Қазақстанның әр түрлі аймақтарына бейімделген сиыр қораларының үлгілері бар. Қай үлгімен салынған сиыр қора болсын оларға ортақ талап ретіңде садыра қоймадан жоғары, су баспайтын дөңестеу, желден ық жерге салынып, ішіндегі жарық, жылулық, ауа кендігі мен тазалығы секілді микроклимат көрсеткіштері зоогигиеналық талаптарды қамтамасыз етулері керек. Сиыр қорада малды ыңғайына қарай бос және байлап ұстайды. Осыған орай сиыр қора ішін бөлу, отгық пен суаттың түрі, азықтаңдыру мен суару, сиырды сауу қондырғылары мен олардың орналастырылуы, еденнің құрылысы жоспарланады. Қораның көлемі онда ұсталатын малдың саны мен жасына, жыныстық тобына байланысты. Қора еденінен сақа мал басына - 6-7, жас мал басына — 4-5 текше метр келетіндей есеппен салады. Сиыр байланатын орынның ұзындығы - 2 м, ені - 1,5 м, едені артына карай еністеу болады. Сиыр қора қолда бар, арзан құрылыс материалдарынан салады.
Қой қора - қой күтілетін жай (орын). Қой қора шаруашылық орналасқан аймақтың ауа-райы ерекшеліктеріне сәйкестендіріп салады. Қой қора жергілікті арзан қүрылыс маериалдарынан салап, әдетте, төбесін жабады. Қой қора көлемі мен сыйымдылығы, ішінің бөлінуі қой басы мен ондағы жыныстық топтарына байланысты езгертіледі. Жылы аймақтарда тек қоршалған, төбесі ашық қоршау салуға болады. Қой қора биіктеу, су баспайтын кұрғақ, жердің күнгейіне ыңғайлап салады. Қой қора маңының оты мол, суаты жақын болуға тиіс.
Ат қора - жылқы күтетін орын. Ат қораның еліміздің әр аймағының ерекшелігін ескерген, бірнеше қалыпты жобасы бар. Әр шаруашылық қора саларда жергілікті ауа-райын, өсіретін жылқы тұқымының ерекшеліктерін ескеріп, осы жобалардың лайықтысын пайдаланады. Ат қора су жинамайтын биіктеу, құрғақ жерге салынады. Қораның биіктігі, әр жылқыға қажетті орын аумағы, қора ішін бөлу тәртібі өсіріп отырған жылқының тұқымына, өнім бағытына, жасына қарай әр түрлі болады. Ат қораның жанында, не ішінде жем, ер-тұрман, жегу әбзелін сақтайтын қоймалар болады. Асыл тұқымды жылқылар қорадағы жеке-жеке үйшіктерде ұсталады, ал саяқтарды топ-тобымен бос қамайды.
Бопыр қора — қыз мезгілінде малды кү
Шошқа қора - шошқа қораларын жерге салып жайғастыру, негізгі өндірістік жұмыстарды (азықтандыру, қиын шығару және т.б) жүргізуге қолайлы жағдай жасаулы тиіс. Басқа үйлерге қарағанда, мегежін торайлайтын және торайын емізетін мегежіндерге арналған шошқа қорасы ерекше жақсы жағдайды талап етеді. Шошқа қорасының кіре берісінде санпропускник және дезбарьер міндетті түрде болады. Шошқа қорасының сырты шарбақталынады.
Қоян қора - үй қояны ұсталатын тор, орлы батарея, жаппа. Қоян қорада қояндарды жынысына, жасына қарай бөліп ұстайды. Осыған орай қоян қорасының көлемі әр түрлі болады. Ересек қоян ұсталатын жеке тордың көлемінің ұзындығы - 100-130 см, ені - 60-70 см, алдыңғы жағының биіктігі - 50-65 см, артқы жағынікі - 35-45 см болып, едені темір тордан жасалады. Тордың ішіне жемшөп салатын оттық, су құятын астау орналастырылады. Жас қояңдар тобымен ұзындығы - 50-80 м жабық жаппада ұсталады.
Тауық қора - тауық ұстап, күтілетін орын.Тауық қораны. дөңес, құрғақ, қатты жел өтінен ықтасын жерге салады. Тауық қора көлемі оңда ұсталатын тауық санына қарай ұлғайтылады. Ішіне екі жағынан жарық орнатылады, су, жем салатын астау қойылады. Қораның іші үнемі құрғақ болуға тиіс, едені жерден 20 см биік етіп төселеді. Қыста тауық қораның жылылығы 8-10°С кем болмауы керек.
Қаз қора - қаз бағып-күтілетін қора. Қаз қора суы жақын, дөңес, құрғақ, қатты жел өтінен ықбасты жерге салынады. Қаз қора көлемі өсірілетін қаз санына байланысты болады, ішіне екі жағынан жарық орнатылады, су, жем салатын астау қойылады, көлденең биіктігі 1,2 м қоршаумен бөлінеді. Қаз қора іші үнемі құрғақ болуға тиіс, едені жерден 20 см биік етіп төселеді, қыста жылылығы 5 градустан кем болмауы керек.
III.Жерге қойылатын талап.
Таңдап алған жер құрғақ, сәл биіктікте, тасқын не нөсерлі жаңбырдан соң, су баспайтын болуға тиіс. Ол жер аумағына күн сәулесі мол түсіп тұруға және желдетіліп тұратын, сондай- ақ, осындай орында қатты желден, құм дауылынан және қарлы бораннан қорғанған болу керек. Ол үшін орман- тоғай маңына салынғаны немесе ағаш отырғызылуы керек. Топырағы құрылыс салуға қолайлы болған жөн. Жер қыртысының құрамы су және ауа өткізгіш, түйіршік топырақты, сүзгіштік қабілеті төменде, көк- желек отырғызуға жарамды болса тіпті жақсы.
Мал шаруашылығы кәсіпорындары тұрғын үйлерден төмеңгі жақта және олардың иық жағында орналасады.
Ветеринариялық- санитариялық көзқарас тұрғысынан алғанда құрылыс салу үшін жерге қойылатын басты талап- ол жерде бұрын жұқпалы аурулардың болмағандығы.
Бұрын мал шаруашылығы не құс шаруашылығы болған, мал өліктері көмілген, қи сақталған, тері өндеу кәсіпорындары орналасқан жерлерге құрылыс салуға жол берілмейді. Сол сияқты жарға, сайға, тұйық аңғарлар, бос қоймалар, тау етектері, сондай- ақ санитариялық –індеттік және ветеринариялық қызмет органдары белгіленген мерзімі өтпеген органикалық және радиоактивті қалдықтармен ластанған жерлер де жарамсыз.
Мал шаруашылығы обьектілері елді мекен жерлерден белгілі бір қашықтықта орналасуы қажет. Бұл арақашықтық санитариялық- қорғау аймағы деп аталады.
Санитариялық- қорғау аймағы мал қораларының қабырғасымен немесе олардың шарбағымен елді мекеннің арасындағы територияны қамтиды. Бұл аймақтың негізгі қызметі – ферманы елді мекенде болатын жұқпалы аурулардан сақтау әрі мал фермасындағы кейбір зиянды факторлардан елді мекенді сақтау болып табылады. Мал шаруашылығы кәсіпорындары негізінде елді мекендерден кемінде 3 км, қалалардан – 5км, ал өзендер мен су қоймаларынан кемінде 2 км қашықтықта орналасы қажет.
Тандалған жер сонымен қатар, басқа фермалар мен кешендерден бөлек белгілі бір зооветеринариялық ара қашықтықта болу керек.
Зооветеринариялық ара қашықтық- ол әр түрлі мал шаруашылығы кәсіпорындарының өзара ең аз ара қашықтығы.Оның негізгі мақсаты – әр кәсіпорындарда байқалатын жарамсыз зиянды әсерлерін бір- біріне таратпау.
Мал шаруашылығы кәсіпорындарының және басқа обьектілердің өзара зооветеринариялық ара қашықтығы шамамен 50-3000 м арасында ауытқиды.
Жеке және фермер шаруашылықтарында бір жерге 200 басқа дейін сиыр, 1000 басқа дейін шошқа, 600 қой, 20 жылқы, 10 мың құсты ұстауға болады.
Мал шаруашылығы кәсіпорындарының ара қашықтығы
Кәсіпорындар
|
Фермалар арасының ең аз деген өзара қашықтығы | |||
|
Ірі мал,шошқа, Қой,жылқы шаруашылықтары |
Аң және үй қояндары |
Құс фермасы |
Құс фабрикасы |
Сиыр шаруашылығы Шошқа шаруашылығы Қой Шаруашылығы Жылқы шаруашылығы Аң және үй қоян шаруашылығы Құс фермалары Құс фабрикалары
|
150
150
150
150
300
200 1000 |
3000
1500
300
300
300
300 1500 |
200
200
200
200
300
200 1000 |
1000
1000
1000
1000
1500
1000 1000 |
IV Құрылыс материалдарына қойылатын талап.
Мал шаруашылығы обьектілерін тұрғызу үшін сан түрлі құрылыс материалдары пайдалынады. Алайда, жекеленген құрылыс материалдарын олардың қасиеттеріне қарай дұрыс пайдалына білу сол материалдардың өзінің тиімділігін айтарлықтай деңгейде арттырады және солардан салынған ғимараттар мен басқа құрылыстарын пайдалануын едәуір ұзартады.
Табиғи тастар. Олар тау кені құрамынан алынады және ауа өзгерістеріне аса төзімді, берік және әсем. Оған тас қалаулар, жұмыр тастар, қиыршық тас, шағыл тас, құм және басқалары жатады.
Ағаш материалдары. Құрылыс жұмыстарында қылқанды және жапырақты тұқымды ағаштар пайдалынады. Олар – берік, онша тығыз емес, жылуды аз өткізеді, өндеуге жеңіл, бекітуге оңай, суыққа төзімді болып келеді.
Битум және май материалдары. Битумның екі түрі болады: табиғи және мұнайдан алынатын. Табиғатта битум әк тас және құм тас түрлерінде кездеседі. Олардан таза битум алып немесе оны ұнтақталған күйінде асфальт төсеуге пайдалынады.