Инвазиялық ауруларға қарсы ветеринариялық - санитариялық күрес шараларының жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2015 в 19:52, реферат

Краткое описание

1. Жануарларды дауалау карантині Карантин ауру ошағынан және шектеу шаралары қолайсыз
2. Жұқпалы ауруларды індеттанулық балау
4. Сіреспе, оның індеттік ерекшеліктері

Прикрепленные файлы: 1 файл

16-20эпиз.docx

— 35.90 Кб (Скачать документ)

4. Трихофитоздағы күресу шаралары Трихофитияның жалпы дауасы мал фермасында ветеринарлық – санитарлық ережелерді сақтау, малды дұрыс күтіп, азықтандару, қора жайда ретті түрде дезинфекция жұмыстарын жүргізуге саяды. Шаруашылыққа сырттан әкелінген мал 30 күн дауалық карантинде ұсталуы қажет. Оқшауханадан шығарар алдында ондай жануарлардың үстін 2% тотияйын, күйдіргіш натрий немесе басқа дезинфектанттармен шылау керек. Аурудың алдын алу мақсатымен жемге қосып гризеофульвин, метионинді күкірт береді.Сау емес шаруашылықтарда трихофитияны болдырмау үшін бейім жануарларды арнайы вакциналармен егеді.Ауру шыға қалған жағдайда шаруашылықты сау емес деп жариялап, жануарларды бір табыннан екінші табынға ауыстыруға тиым салады. Ауырған малды оқшаулап, емдейді. Қалғандарына вакцина егіп, ауруға шалдыққандарын уақтылыбөліп алу мақсатымен әр бір 5 күн өткен сайын дәрәгерлік бақылаудан өткізеді. Жаңадан ауырған малды бөліп алған кезде, бірден қора – жайға дезинфекция жасалады. Ағымдағы дезинфекция 10 күн сайын 1%сілті және 5% формальдегидтің қоспасымен 10% карболды күкірт қышқылымен, формалин – керосин эмульсиясымен жасайды. Сонымен қатар құрал – сайман, жұмыс киімі зарарсыздандырылады. Шаруашылық соңғы ауырған мал жазылған соң 15 күн өткенде, қорытынды дезинфекция жасап барып , сау деп есептеледі.

5. Микроб алып жүруші  жануар індет процесінің қайсы  буынына жатады?

  1. Инфекция қоздырушысының бастауы
  2. Инфекция қоздырушысының берілу тетігі
  3. Ауруға бейім жануарлар
  4. Табиғи-климаттық жағдайлар
  5. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар

 

 

№19

1. Ветеринариялық санитария пәні және оның міндеттері

2.  Инфекция қоздырушысының бастауы және оның індет процесіндегі маңызы. Індет қоздырушысының бастауы ретінде:ауру мал, жасырын микроб алып жүруші жануар,олардың өнімдері,көң,топырақ,ағыны жоқ тоқтау су, бөгет, жем шөп саналады.Соңғыларына ауру қоздырғышы ретінде саналуы үшін оларда микроб өсіп өнуі немесе сақталуы қажет.Көптеген созылмалы түрде өтетін жұқпалы аурулардың тұрақты індет ошағы табиғатта жасырын ауру мал арқылы сақталып отыр.Практикада қолданылатын балау әдістер жүйесі (АР,КБР,РБС,) мұндай малды дер уақытында анықтай алмайды. Инфекциялар процесс нақтылы бір жануар органищміне байқалатын құбылыс болса, індет процесінің ауқымды одан анағұрлым кең. Бұл жұқпалы аурудың жеке организмі зақымдауы емес, оның ауру малдан сау малға жұғып,тұтас бір аумақта жайлауы.Яғни індет процесі белгілі бір территория шеңберінде өтеді.Індеп процесі деп, бұғауланған үш құрама бөлігінің (инфекция қоздырушысының бастауы,берілуу тетіктері,бейім жануарлар) бір бірімен әрекеттесуі нәтижесінде жануарлар арасында инфекцияның айқын немесе жасырынтүрде пайда болуын,таралуын,жойылуын айтады.Індет процесінің қарқынына табиғи географиялық, әлеуметтік экономикалық факторлар әсерін тигізеді.Оларды індетпроцесінің қосымша қозғаушы күштері деп атайды. Қосымша факторлар індет процеснінің негізгі қозғаушы күштерінің белсенділігіне (активтелуіне) немесе енжарлануына (пассивтелуіне) әсерін тигізеді.Бірақ олар өздігінен індет процесін тудырмайды,сондықтан індет процесінің  қосымша қозғаушы күштері деп аталады.

3. Бруцеллез, оның індеттік ерекшеліктері аналықтардың іш тастауымен, шу түспеуімен, эндометриттермен, еркектерінің жиірек симптомсыз өтетін орхиттарымен сипатталатын малдардың созылмалы ауруы. Қоздырғышы. Brucello тусының 6 турі бар: 9 биоварианты бар Br.abortus, Br.melitensiz-3, Br.suis-4, Br. Neotomac, Br. Ovis және Br. Canis. Барлық бруцеллалар полиморфты, /0,6-1,5*0,5-0,7 мкм/. Микробтар қозғалмайды, анименді бояулармен жақсы боялады, грам-теріс. Кейбір штамдар капсула түзеді. Инфекция қыздырушысының бастауына бруцеллезбен ауырған малдар жатады, әсіресе олар клиникалық белгілері айқын білінген кезде өте қаупті. Ондай жануарлар марана мен, шумен, тастанды жолмен және жыныс жолдарынан аққан сорамен ауру қыздырушысын аса мол мөлшерде бөліп шығарады.Қыздурышы микроб сонымен қатар сутпен, шәуетпен, нәжіспен және жесеппен бірге бөлінеді. Сиырдың жемінде бруцеллалар 7-9 жыл, ал қойда  2-3 жыл сакаталып, оқтын-оқтын сутпен бөлініп тұрады.Шаруашылықта ауру жаңадан басқа жақтан мал әкелгенде каратиндеу ережелерін сақтамағанда, ауру және сау малдарды бірге жайганда, бір суаттан суарганда, бір жолмен айдағанда таралады. Ауру қоздырушысын мал қараға ит пен кемірушілер де әкеледі. Әсіресе олар бруцеллезге шолдыққан малдардың шуымен  не тастанды төлемін жанаскан жағдайда микроб тасымалдаушыға айналады.Індеттің жаңа ошақтарында бейім жануарлардың 60%-ке дейін инфекцияға шалдығу мумкін. Бас кезінде буаз мал ішінара, ал кейін жаппай іш тастауы мумкін. 2-3 жыл өткен  соң аборт байкалмайды, ал шеттен мал косканда індеттену өршіп, жаңа әкелінген және бұрын аурған малдарды қоса қамтып, тастау қайтадан қаулауы мумкін. Малды аралстыру індетті өршетіп, оның жаңа ошақтарын қалыптастырады.Малды өсіргенде, бағып куткенде ветеринарлық- санитарлық талаптарды дұрыс орындамау, сотының нәтижесінде жануарлардың ауруға төзімділігінің нашарлауы, уақытылы шумен тастанды төлді жинамау, көңді тазаламау, дезинфекцияны ретті турде жасамау бруцеллездің шығуына жағдай тудырады.

 

4. Құтырыққа қарсы  күресу шаралары Құрықрық (Rabies , бешенство) – орталық жүйке жүйесін жақымдап, шашыранды полиэнцефаломелит арқылы ерекшеленетін, жіті өтетін жұқпалы ауру.Құтырықтың алдын алу үшін бірнеше мамандық иелерінің,тұрғындар мен әкімшілктің үйлестірілген іс әрекеттері қажет.Үй жануарларын құтырықтан сақтандыру шаралары олардың жабайы жыртқыштардың шабуына жол бермеу, күзет үшін егілген иттерді ғана пайдалану болыпа табылады.Құтырықтың табиғи ошақтары бар жерде жайылымда бағылатын ірі қараны бұл ауруға қарсы егу қажет. Құтырық шыға қалған дағдайда сол жердегі елді мекен,жайылым,орман оғай немесе басқа табиғи қорық осы аурудан сау емес деп жарияланады.Итті далаға шығаруға, көрмесін ұйымдастыруға, ит пен мысықты басқа жаққа әкетуге, жабайы ет қоректілерді ұстап алуға және басқа жаққа әкетуге тиым салынады.Елді  мекендегі үйлер мен қора жайды түгелдей аралап, егілуге мұқтаж адамдарды анықтап, барлық жануарлардың есебін қайта алып, оларды бағып күтудің ережелерін түсіндіру керек.табиғи құтырық байқалғанла жылдың қай мезгілі болмасын жабайы ыртқыштарды атып,санын шектеу үшін шаралар қолданады.Құтырған жануарларды жедел өлтіріп,өлекселерін өртейді немесе тиісті ережелерге сәйкес жояды.Ауырған жануар тұрған қора жай 10% күйдіргіш натриймен,немесе 4% формальдегидпен дезинфекцияланады.Арзанқол күту жабдықтары, жемшөо калдықтары,көң өртелінеді.Жануарлардың бөлінділерімен ластанған топырақ құрғақ хлорлы әкпен араластырып,қопсытылады да,дезинфекциялаушы ерітінді құйылады.аурудан сау емес мал отарлары мен табындары тұрақты бақылауда болып күніне үш рет ветеринариялық тексеруден өтеді.Ауру жұқтыру қаупі бар бағалы жануарларды егуге рұқсат етіледі.Мұндай жануар 60 күн бойы оқшауланып,бақылауда болады.Ауру белгісі жоқ малды союға рұқсат етіледі.

5. Микроб  тасымалдаушы  қан сорушы жәндіктер (маса, сона, кене) індет процесінің  қайсы буынына жатады?

  1. Инфекция қоздырушысының бастауы
  2. Инфекция қоздырушысының берілу тетігі
  3. Ауруға бейім жануарлар
  4. Табиғи-климаттық жағдайлар
  5. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар

 

 

№20

  1. Инфекциялық аурулардағы жасанды иммунитеттің түрлері
  2. Дезинфекциялық кедергі және ветсанжібергіштің құрылыс
  3. Микроспорияны балау әдістері
  4. Листериоздағы күресу шаралары
  5. Ауырған малдың тастанды төлді індет процесінің қайсы буынына жатады?
    1. Инфекция қоздырушысының бастауы
    1. Инфекция қоздырушысының берілу тетігі
    2. Ауруға бейім жануарлар
    3. Табиғи-климаттық жағдайлар
    4. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар

 

 


Информация о работе Инвазиялық ауруларға қарсы ветеринариялық - санитариялық күрес шараларының жүйесі