Инвазиялық ауруларға қарсы ветеринариялық - санитариялық күрес шараларының жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2015 в 19:52, реферат

Краткое описание

1. Жануарларды дауалау карантині Карантин ауру ошағынан және шектеу шаралары қолайсыз
2. Жұқпалы ауруларды індеттанулық балау
4. Сіреспе, оның індеттік ерекшеліктері

Прикрепленные файлы: 1 файл

16-20эпиз.docx

— 35.90 Кб (Скачать документ)

№16

1. Жануарларды дауалау карантині  Карантин ауру ошағынан және шектеу шаралары қолайсыз пункттен ауырған соңғы малдың жазылғанынан, жануардың сойылғанынан немесе жойылғанынан 21 күн өткеннен кейін алынып тасталынады. Карантинді алудың алдында: 1) Ветеринария саласында қызмет көрсететін жеке және заңды тұлғалар ауру малдар орналасқан барлық қора жайларды, мүліктерді және көлікті тазартудан өткізіп, қорытынды залалсыздандырумен қамтамасыз етуге міндетті; 2) жануарларды бағатын, пайдаланатын және өсіретін өндірістік үй жайлардың ішінде қабырғаларды, бөлінген жерлерді жаңа сөндірілген известь ерітіндісімен әктейді; 3) қолайсыз пункттен қорытынды шараларды жүргізіп, карантин алынатын кезде жаңбыр, қар жауса және аяз болса, күн жылынғаннан кейін осы пунктте қайтадан кешендік ветеринарлық-санитарлық шараларды (қора жайларды санитарлық жөндеу, залалсыздандыру тағы басқалар), сыртқы ортадағы вирустың толық құртып жіберуін қамтамасыз ету үшін жүргізеді; 4) ауру ошағында болған жануарларды терісін және аяқтарын (қатып қалған тезектен немесе кірден) мұқият тазартады және жуады. Содан кейін 1% формальдегид ерітіндісімен, 1% күйдіргіш натр ерітіндісімен немесе 1% күкірт қышқылы ерітіндісіндегі 3% сутегі қышқылы ерітіндісімен домдайды. Ауру немесе ауруға күдікті жануарларды сойған кәсіпорындарда, немесе қолайсыз пункттерде өңдеу жүргізіп, сақталған жануарларды, жануарлардан алынған азық-түлікті және шикізаттарды, мал азығын, азықтық қосымшаларды, кәсіпорынның қора жайларына, оның аумақтарына, мүліктерге, өндірістік жабдықтарға ет және союдың басқа өнімдерін өңдеу аяқталғаннан кейін  вирустарды толық жою үшін залалсыздандырғаннан соң, сонымен бірге шикізаттарды, сүтті, сүт өнімдерін залалсыздандырғаннан кейін шектеу алынады. Тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің мемлекеттік Бас ветеринариялық инспекторы қатар жануарлардың иелерімен және кәсіпорын басшыларымен бірге, қорытынды ветеринарлық-санитарлық шаралардың орындалуының толықтығын тексеріп, содан кейін ауру ошағынан карантинді алу жөніндегі актіні және қолайсыз пункттен шектеу шараларын алу жөнінде актіні белгіленген формада жасайды.

2.  Жұқпалы ауруларды індеттанулық балау әдісі Біріншіден аурудың нозологиялық балауы тез арада қойылуы қажет.Екіншіден, балау әдістері жүйелі қолданылып, инфекциянның індеттік өзіне тән ерекшеліктеріне, клиникалық, патология-анатомиялық белгілеріне баса мән беріледі. Жүйеге індеттанулық талдау, клиникалық,патоморфологиялық, бактериологиялық, вирусолгиялық,серологиялық,баяу типті сезімталдыққа негізделген аллергиялық әдіс т.б жатады.Клиникалық балау. Малдың дене қызуын өлшеуден бастау ұсынылады. Қолданылатын термометрлер тексеруден өтулері қажет және олардың дезинфекциялық ерітінділерде сақталуы шарт.ауруга тән клиникалық белгілер малбос тұрғанда айқын байқалады.Сондықтан ауру малды байламай, олардың жағдайына бақылау жүргізу керек.Бұдан кейін қажет саналса, тиісті мүшелеріне арнайы зерттеулер жүргізіледі.Клин.балау қоюда қосалқы инфекциялардың болатынына назар алынуы қажет.Клин.зерттеуге гематологялық әдіс те жатады.Бактериологиялық балау.Топалаң,пастерллез т.б жіті өршитін инфекциялық аурудың нақтылы балауы бактер.зерттеулердің нәтижесінде қойылады.Жүргізілген зерттеу нәтижесінде бактериологиялық балау расталынып, күдіктенген аурудан ажыратылады.Қажет болған жағдайда ауру қоздырғышының типі идентификацияланады.Вирусологялық зерттеуде материал алу, жіберу әдістемесі, жолдама құжат толтыру керек.Тек вирустың термолобильдігі, яғни жоғары температураға төзімділігі ескеріліп,әсіресе жаз айларында патологиялық материал мұз салынған арнайы термосқа салынып жіберіледі.серологиялық балау әдістерімен иммундыглобулин кластарын зерттеу арқылы инфекциялық процестің динамикасын анықтауға болады.Қазіргі кезде серологиялық балау эпизоотологтарға тек қана инфекциялық аурулардың, оынң ішінде әсіресе виркстық инфекциялардың нозогеографиялық таралуын ғана емес, вакциналық иммундық фонды қадағалауға кең түрде қолданылады.Серологиялық реакциялар жай,күрделі,бір,екі,үш және т.с.с компонетті,антиген немесе антидене анықтауға қолданылатын немесе лизистенуі,нейтрализациялануы,тұнбаға түсуі бойынша топтарға бөлінеді.Аллергиялық реакциялардың арасында баяу типтік сезімталдық өзіндік қасиеті бойынша ең жоғарғысы.Сондықтан оны бруцеллез,туберкулез,маңқа т.б жұқпалы ауруларды балауға кең түрде пайдаланылады.

3. Пастереллезді  балау  әдістері. Пастереллез көп жағдайда басқа аурулармен қабаттасып жүреді.Сондықтан оны балауға індеттанулық, клиникалық,патанатомиялық,бактериологиялық әдістері жүйелі түрде қолдану қажет.Індеттанулық балау.Шаруашылыққа пастереллез ауруын микроб тасымалдаушы инфекция ретінде қарап,оның жануарлар арасында бой көрсетуіне организмннің әр түрлі факторлардың әсерінен әлсіреуі себеп болатыны ескеріледі.Сонымен қатар бұл аурадың жас төлдерге кәрі мал арқылы таралатыны назар аударылып,олардың жайылымдағы,суаттардағы,қора жайдағы қатынастары және де шаруашылыққа сырттан малдың қабылданғаны анықталады.Пастереллездің жіті түрінің клин.белгілері,оның әр қилы формасына(ісінген) сәйкес байқалады.Ауруға тән патанатомиляқ өзгерістер ішкі ағзаларда айқын көрінеді.Пастереллездің формаларына байланысты өкпеде,ішекте,бүйректе,жүрек эпикардында нүктелер түріндегі жаппай қанталаулар,тері асты клетчаткасының жылауықтануы анықталады.Бактериологялық зерттеу.патологялық материал ретінде зерттеуге төлдердің өлекселері бүтін күйінде,ал ірі жануарлар өлекселерінің жарақаттанған ішкі ағзаларының кесінділері,қуыс сүйек,жылауықтанған тері астыклетчаткасы алынады.пат матерал жануар өлгеннен кейін 5 сағатішінде алынып,зерттелуі шарт.

4. Сіреспе,  оның індеттік ерекшеліктері Жіті өтетін рефлекстік қозуы артып, бұлшық еттерінң сіресіп,тартылуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру. Қоздырушысы жіңішке,ұзынша таяқша,жылжымалы, қауашақ түзбейді,түбегейлі ауасыбағасыз микроб.Сіреспеге барлық сүт қоретілер бейім,онымен адам да ауырады.Жұқтыруға ең сезімтал жануар жылқы,одан соң қой,ешкі,сиыр,шошқа,ит мысық.Құс біршама төзімді.Ал салқын қандылар ауырмайды.Зертханалық жануарлар жұқтырғанда тез ауырады.Табиғи жағдайда кез келген жастағы малдар ауырады,бірақ жас төлдер ересектерінен сезімтал келеді.Сіреспенің микробы табиғатта кең тараған.Ол егіс даласындағы,бау бақшадағы,жайылымдағы топырақта,шаң мен қоқыста,жемшөпте кездеседі.Инфекция қоздырушысының бастауы ішегінде сіреспе таяқщасы өніп өсетін дені сау жануарлар.Микроб нәжіспен сыртқы ортаға шығады да,топырақта ұзақ уақытуыттылығын жоймай сақталады.Ауру жұғымтал емес.Табиғи жағдайда оның қоздырушысы жануар денесі жарақаттанғанда енеді.Топырақпен шаң тозаңмен немесе көңмен жарақаттанғанда,хирургиялық,технологиялық операциялар кезінде,жас төлдің кіндігі арқылы,аналық мал төлдерде акушерлік көмек көрсету асептикалық ережелерге сай жүргізілмесе,басқа да денеі жарақаттаумен қатар жараға микроб түсуіне мүмкіндік тудыратын жағдайларда сіреспе клостридиясының спорасы жануар денесіне енеді.Ұлпаға түскен споралар тек ауа жоқ жағдайда ғана өсіп өнеді.Ондай жағдайда терең жарақатта,гематома мен өліеттенген  ұлпаларда және жараға оттегін сіңірген іріңдеткіш микробтар түскенде болады.Ондай өсіп өнуіне қолайлы жағдай болмаса, ұзақ уақыт бойы бейтарап қалпында сақталып, кейіннен жарақат немесе басқа да микробтың өсуіне қолайлы жағдай туса аурудың өршуі мүмкін.

5. Инфекция қоздырушысы  бастауы жабайы аңдар  болғанда  ауру қай топқа жатады?

  1. Антропоноздар
  2. Зооноздар
  3. Ктеноздар
  4. Терионоздар
  5. Сапроноздар

 

№17

1. Дезинфекцияда қолданылатын техника Залалсыздандыру, дезинфекция – адам мен жануарларда, өсімдіктерде ауру қоздыратын микроорганизмдерді жоюға бағытталған шаралар жүйесі. Залалсыздандыру – жұқпалы аурулардың кең таралып кетуін болдырмау шараларының бірі.  мал шарушылығында – қораларды, көң-қоқысты тазалап отыру, дәнді дақылдарды күнге кептіріп алу, т.б. Мал шаруашылығында қораларды, топырақты, суды, жиналған садыраны, көңді; өсімдік шаруашылығында тұқымды, екпе көшеттерді, топырақты, қоймаларды, т.б. залалсыздандырады. Мал қораларын залалсыздандыру: 1) шаруашылық жұқпалы аурудан аман болған жағдайда – малды жайылымға шығарған соң, көктемде; 2) мал қолға қарайтын кезде – күзде жүргізіледі. Залалсыздандыру шараларының көлемі, қолдану тәсілдері және тиісті дезинфекциялық ерітінділерді таңдап алу жұқпалы аурудың берілу механизміне, қоздырғыштың төзімділігіне, өңдеуге алынған заттардың қасиетіне және санына, тұрғын үй мен мал қораның көлеміне қарай таңдап алынады. Залалсыздандыру жұмыстарын келісімшарт бойынша санитарлық-эпидемиологиялық немесе дезинфекциялық станциялардың қызметкерлері атқарады. Ошақтық залалсыздандыру – ауырған адам мен малдың қасында болып, олар сауығып кеткенге дейін күнделікті бақылау жүргізіп отыру, ауруды емдеуге алып кете салысымен және аурудан жазылып кеткеннен кейін немесе ауру (адам не мал) өліп қалғаннан кейін бірден (көп кешікпей) ауру орнын толық өңдеуден өткізу.

 

2.  Лабораториялық зерттеулерге патматериалды алу, консервілеу және жөнелту ережелері. патологиялық материалды алу және консервациялау тәртіптері: материал стерильді құралдармен залалсыздандырылған ыдыста алынады;пат матерал лабораторияға алынған күйінде немесе консервациялап жібереді.Бактериологиялық зерттеулер үшін материалды глецериннің судағы 30% ды ерітіндісімен консервациялайды,ал вирусологиялық зерттеулер үшін материалды глецериннің 0,85% ды хлорлы натрийдегі 50% ерітіндісімен консервациялайды.Материал мен консерванттың қатынастары 1:4 шамасындай болу керек;жіліктерді жіберу үшін сіңір мен еттен жақсылап тазартып,сыртынан 5% ды карбол қышқылының ерітіндісіне малынған дәкемен орайды.Ішектерді нәжісінен тазалап,шеттерін бекітіп байлап глицериннің судағы 30%ды ерітіндісі бар ыдысқа салады;мал өлексесінің нәжісін ішекпен бірге екі шетін байлап жібереді;терінің көкірек зақымданған жерінң көлемі 10х10 см болатындай кесінділер түрінде алып,таза ыдысқа салып аузын дәнекерлеп жібереді;Қан,ірң,сілекей,кілегейлі зат,экссудат,зәр,ет және басқа патологиялық материалдарды ұшы балқытлып бекітілген Пастер түтікшелеріне,стерилді шыны құтыларға,пробиркаларға салып,аузын стерильді тығындармен бекітіп жабады;Өлексені сыртқы тамырларынан алынған қаннан арнайы әйнекке жағынды дайындап,ауада кептіреді.Лаб-қ зерттеуге жіберілген материалға  жолдама құжат толтырылады, онда зерттеуге жіберілген мекеменің аты жөні, бөлімі, менкен жайы, шаруашылықтағы немесе басқа патматериал алынған обьектінің аты, ондағы індеттік жағдай,мал басы,негізгі клиникалық белгілері,өлегн,аурып тұрған мал саны, негізгі патологиялық анатомиялық өзгерістер,алдын ала қойылған диагнозы,патологиялық материал алынған уақыты,қандай аурулардан ажыратылуы қажеттігі,материал жіберілген шаруашылықтың немесе клиниканың аты жөні көрсетіледі.

3. Трихофитозды балау әдістері. Трихофития терінің суланып қабынуы нәтижесінде орны шектеулі, беті қабыршақтанып зақымданған ошақтардың пайда болуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру.Балау қою үшін клиникалық белгілері негізге алынады. Сонымен қатар індеттанулық деректер де ескеріледі. Дүдәмал жағдайда микроскопия жасалынады. Қажет болғанда арнайы ортаға сеуіп, өсін алып, микологиялық зерттеу жүргізеді. Зертханада зерттеу үшін материалды зақымданған теріден, ем қолданылмаған қабыршақтанған телімінен алады.Микроскопияны шаруашылықтың өзінде-ақ жүргізуге болады. Ол үшін зерттелетін қылшықты немесе қабыршақты Петри табақшасына салып, күйдіргіш натрийдің 10-20% ерітіндісіне шылап, 20-30 минут бойы термостатта ұстайды немесе сәл жалынға қыздырады. Төсеніш шыныға орналастырылған материалға глицериннің 50% судағы ерітіндісін тамызып, жабын шынымен жауып, микроскоппен кіші, содан кейін орта үлкейткіш объектив арқылы қарайды.Ажырытып балау. Трихофитияны микроспориядан, қышыма қотырдан, экземадан, жұқпайтын дерматиттен ажырату керек. Ол үшін клиникалық, індеттанулық деректер пайдаланылады, микроскопиялық зерттеудің нәтижесі негізге алынады. Трихофитонның споралары микроспорумға қарағанда ірірек болады және тізбектеліп орналасады. Люминисценттік микроскоппен қарағанда микроспорум саңырауқұлақпен зақымданған жүн талшығы ашық жасыл түсті сәуле шығарады, ал трихофития кезінде мұндай құбылыс байқалмайды.Қышыма қотыр кезінде терінің зақымдануы басқаша болады, микроскопия кезінде қышыма кенесі көрінеді. Экзема мен дерматит кезінде трихофитиядағыдай орны шектелген дақ байқалмайды және жүннің талшықтары қырқылмайды.

4. Шешек індетіндегі күресу шаралары (Vаrіоlа, оспа) - интоксикация, безгектену, кілегей қабықтары мен теріде бөртпелердің пайда болу белгілерімен  ерекшеленетін аса жұғымтал, жануарлар мен құсқа ортақ вирустық ауру. Шешекпен адам да ауырады.Ауру қоздырушысы Ргохvігіdіае тұқымдастығынан 3 түрі бар: Сагрірохvіrus (ешкі мен қойдың табиғи шешегі), Suірохvirus (доңыз шешегі), Аvірохvirus (тауық, көгершін шешегі).Шешекті балау. Індет алғаш рет орын алған шаруашылықта аурудың түбегейлі балауы індеттанулық, клиникалық, лабораториялық әдістерді жүйелі түрде қолдану арқылы қойылады.Індеттанулық талдау жүргізгенде шешектің жануарлар мен құстардағы таралу ерекшеліктеріне мән беріледі. Мысалы, індет сиыр малының арасында байқалса, адамдардың вакцинамен егілгендігі анықталады. Доңыз бен құстың шешегі жәндіктер арқылы тарапатындығы ескеріледі.Клиникалық белгілері арқылы шешектің классикалық түрін балау көп қиындық тудырмайды. Вирус эпителитропты, ауруға тән белгілер бірнеше сатыда байқалады. Кілегей қабықтары мен теріде алдымен 1-2 күн ішінде 1) розеолдар (қызарған дақтар); 1-3 күн аралығында 2) папулалар (қызыл дақтардың түйіндерге айналуы); 5-6 күнде сарысуға толған 3) күлдіреуіктер пайда болады (бұл сатыда дененің безгектенуі бәсеңсиді); келесі 3 күн ішінде күлдіреуіктегі сарысу іріңге айналады (визикула-пустула сатысы); 4) круст - кепкен пустуланың орнына қабыршықтар түзіліп, эпителий қалпына келеді. Ал өте терең жарақаттанғанда тыртық пайда болып, қабыршықтар түседі. Шешектің мұндай сатылары адамда, сиырда, жылқыда айқын байқалады. Ал қой мен доңызда көпшілік жағдайда визикула-папула сатылары байқалмай, бірден қабыршықтанады. Бұл ерекшеліктер қой-ешкі, доңыз шешегін балауды қиындатады.Індеттен ада шаруашылықтарда шешекке тән болжамдар байқалған жағдайда, аурудың түбегейлі балауы лабораториялық әдістерді қолдану арқылы расталынады.Лабораториялық зерттеу: вирусскопиядан, биологиялық сынама қоюдан және патологиялық материалды арнайы торшалар өсініне немесе тауықтың эмбрионына жұқтырудан (вирустың түріне байланысты) тұрады.Патологиялық материалды алу және оны зерттеу әдістемелері. Материал алмас бұрын шешектің әртірлі кезеңіндегі жарақаттардың (везикула папула, пустула) беті спирттелген немесе эфирленген дәкемен сүртіледі. Везикуланың сұйығы, папула мен пустуланың қырындылары Пастер түтігіне алынып, түтіктің аузы қыздырылып дәнекерленеді. Жарақаттардан төсеніш әйнектерге де жағынды дайындалады. Алынған патологиялық материалдар жаз айларында міндетті түрде мұзы бар термоспен жіберілуі қажет.Гистологиялық зерттеуге алынған материал ішінде 50%-ды глицерин, 10%-ды формалин ерітінділері бар пиала сауытқа салынып жіберіледі.Патологиялық материалды зерттеуге дайындау тәртібі. Материал шыны келіде келсаппен ұнтақталынады. ұнтақтан физ. ерітіндіде 10%-ды езінді дайындалып, центрифуганың 2500 айн/мин 10-15 минут айналдырады. Тұнбаның бетіне түзілген мелдір сұйық бөлініп алынып, үстіне пеницилин, стрептомицин, нистатин қосылып шайқалып, 4°С 8-12 сағат ұсталынады.Биологиялық сынама вакцина егілмеген жануарлар мен құстарға ғана қойылады. Оларға жоғарыда көрсетілген тәртіппен дайындалған материял физиологиялық ерітіндіде сұйытылып (1:1) әртүрлі жолмен жұқтырылады. Қой мен ешкінің құйрығының астының тері ішіне, доңыздың бүйіріне енгізеді. Тауық балапандарының бірнеше мамығы жұлынып, орындары щетканың көмегімен дайындалған материалмен ысқыланады.Сынама 10 күн бақыланады. Материал жұқтырылған тері аймақтарында ауруға тән жарақаттар байқалып, вирусологиялық әдістер оң нәтиже көрсетсе лабораториялық зерттеу доғарылып шешектің нақтылы балауы қойылады.

5. Инфекция қоздырушысы  сыртқы ортада өсіп өнсе ауру  қай топқа жатады?

  1. Антропоноздар
  2. Зооноздар
  3. Ктеноздар
  4. Терионоздар
  5. Сапроноздар

 

№18

1. Иммундеу әдістері

2.Жұқпалы ауруларды балаудың вирусологиялық әдісі Біріншіден аурудың нозологиялық балауы тез арада қойылуы қажет.Екіншіден, балау әдістері жүйелі қолданылып, инфекциянның індеттік өзіне тән ерекшеліктеріне, клиникалық, патология-анатомиялық белгілеріне баса мән беріледі. Жүйеге індеттанулық талдау, клиникалық,патоморфологиялық, бактериологиялық, вирусолгиялық,серологиялық,баяу типті сезімталдыққа негізделген аллергиялық әдіс т.б жатады. Вирусологялық зерттеуде материал алу, жіберу әдістемесі, жолдама құжат толтыру керек.Тек вирустың термолобильдігі, яғни жоғары температураға төзімділігі ескеріліп,әсіресе жаз айларында патологиялық материал мұз салынған арнайы термосқа салынып жіберіледі.

3. Туберкулез, оның індеттік ерекшеліктері. созылмалы түрде өтетін,әр түрлі мүшелер мен ұлпаларда өзнеше іруге бейім бұдырмақтар пайда болуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру.Туберкулезге 50ден астам үй және жабайы хайуандар,20дан астам құстар шалдығады, олардың ішіндегі ең сезімталдары:теңіз тышқаны,маймыл,ірі қара және тауық.Инфекция қоздырушысының бастауы туберкулезбен ауырған жануарлар.Олар микобактериялары нәжіспен,қақырықпен, сүтпен, сирегірек жағдайда шәуеттен бөліпшығарады.Ауру малдың бөлінділері сыртқы ортаны,қораны,ауланы,жайылымды,суатты ластайды.Сондықтан қоздырушының берілу факторларына жем,су,төсеніш,көң т.б жатады.аурудың жұғуына малдың тығыз орналасуы қолайлы жағдай туғызады,сондықтан инфеция жануарларға қорада ұстаған кезде жұғады.Жайылымда аурудың таралуы сирек байқалады,сөйтсе де егер жаз салқын және жауынды болса, туберкулез жайлымдағы малға да жаппай жұғады.Микобактериялар сау малдың денесіне ас қорыту жолы және тыныс жүйесі арқылы енеді.Бұзауға негізі сүтпенен алиментарлық жолмен жұғады,ал ересек малға сонымен қатар аэрогендік жолмен жұғады Шошқа мен құсқа негізінен алиментарлық жолмен жұғады.Тауықтың жұмыртқасы арқылы одан шыққан балапан трансоворияльдық жолмен де беріледі.Аурудың тарауына ықпал жасайтын факторларға бағып күту жағдайлары жатады.Етті сиырлар жайлымда ұстағанда өте аз ауырады.Егер оларды қорада байлап ұстаса ауруға төзімділігі күрт төмендеп,туберкулезге бейімділігі артады.Қорада ұстау өзіне өзі туберкулездің себебі болып табылмайды,егер қолдағы малды ретті түрде серуенге шығарып, жайып тұрса,онда мал жайылымдағыдай ауруға төзімді келеді.Туберкулезге бейімділіктің  тұқым қуалайтындығы жоққа шығарылып келеді,дегенімен Бестужев тұқымы төзімді, керісінше қара ала сиырлар бейімірек.Әдетте туберкулез табындағы малға баяу тарайды да,жаппай жұғу үшін бірнеше ай уақыт өтеді.Оның себебі жасырын кезеңнің ұзақтығы және аурыған малдың барлығы бірдей микроб бөлмейді.

Информация о работе Инвазиялық ауруларға қарсы ветеринариялық - санитариялық күрес шараларының жүйесі