Балық - омыртқалы жануар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 20:02, курсовая работа

Краткое описание

Балықтардың орталық жүйке жүйесі мидан және жұлыннан құралады. Ми-бас сүйектегі ми сауытында орналасады. Сондықтан балықтар жануарлардың бассүйектілер тип тармағына жатады.Балықтар өмір бойы желбезек арқылы тыныс алады. Балықтар негізінде үлкен топқа бөлінеді. Оған шеміршекті балықтар класы, шеміршек - сүйектілер, сүйекті балықтар класы, саусақ қанатты балықтар класына бөлінеді. Балықтар тек суда ғана тіршілік етеді, сондықтан олардың дене пішіні мекен ететін орны мен тіршілік жағдайларына байланысты алуан түрлі болып келеді. Шапшаң жүзетін аккула, албырт, көксерке тәрізді балықтардың денесі ұршық-сопты жұмыр болса, баяу қозғалатын сазан, тобан, тұқы, мөңке тәрізділердің екі бүйірі қызыңқы, жоны көтеріңкі болады.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
Эргазилез
Лернеоз
Синергазилез
Аргулез
Клиникалық белгілері
Ауру балықтардың санитариялық бағасы
Су қоймаларын санитариялық бағалау
Алдын алу шаралары


Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет

Прикрепленные файлы: 1 файл

Баян курстық жұмыс.docx

— 124.05 Кб (Скачать документ)

Аргулез

Аргулез-Argulus туысына жататын  желбезекқұйрықты тоғышар шаянтәрізділер таратады.Бұл ауру балық шабақтарына  сеголеткаларға екі жастағы тұқы балықтарға,бахтахтарға,ақ және қра  амурға тән және т.б.Ең бейім сеголеткалар.Ересек балықтар ауруды тасымалдайды.

Қоздырушысы-Тоған балықтарда тоғышардың екі түрі кездеседі.Argujus japonicas және  Argulus foliaceus.Бұл шаянтәрізділер ірі болады,ұзындыңы 5-7 мм.Денелері сопқша,жалпақ,сұр-жасыл түсті.Бас кеуде бөлімі шығыңқы қаңқамен жабылған оның төмен жағы жүрек тәрізді кесілген.Бекінетін мүшелердің ұшында қайырылған ілмешектері бар.Тоғышардың құрсақ қуысында сорғыш тұмсығы  және жабысқақ мүшелері,екі фасеткалық көзі орналасқан.Argulus foliaceus қоздырушысы  Argulus japonicus қоздырушысынан айырмашылығы оның бас кеуде қаңқасының артқы бөлімі құйрық жүзбе қанатының бас жағына дейін жетпейді.Шаянтәрізділер жылу сүйгіш оптималды дамуы 25-28 градус.Жаз бойы үш ұрпаққа дейін береді;2 миллионға дейін шаянтәрізілер жұмыртқасын салады.Ұрғашылар жұмыртқаларын субстратқа  салып бекіндіреді.Жұмыртқадан личинка дамиды.Олар суда емін еркін жүзеді де балықтарға шабуыл жасайды.2г дейін салмақтағы балық шабақтары 1-2 шаянтәрізділер тоғышарлық етсе,сеголеткаларда 20 және одан артық,ал екі жастағы балықтарда 100-120 тоғышар бір балыққа жабылса өлімге шалдығады.

Эпизитоологиялық мәліметтер.Тұқылар  жоғары деңгейде жазда ен жоғары температурада  зақымдалады.Шаянтәрізділер тек солтүстік  аймақтардан басқа,барлық аймақтарда кенінен тараған.Аргулез жиі эпизоотия  ретінде оңтүстік аймақтарда,балықтардың  өлімімен сипатталады.

Клиникалық белгілері.шаянтәрізділер балықтың терісіне бекініп тұмсықтарымен  терісін тесіп,қанын сорады.Зақымданған  орнында қабыну процесі байқалып,сол ошақтар некрозға шалдығады.Улы бездердің секреті балықтарға уытты әсерін тигізіп оларды уландырады.Шаянтәріздіден қалған жарақат орындары инфекцияның енуіне жол ашады.

Диагноз.Ауруды клиникалық белгілерге және эпизоотогиялық мәліметтерге қарап қояды.

Ауру балықтарды емдеу  үшін ваннаға калий ерітіндісін  қосады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Эргазилез

Шаянтәрізділер  сыртқы жағында желбезек жапырақшалар арасында бекінеді.

 

 

 

 

 

Лернеоз

 

 

Лернеялармен  зақымдаған балық

 

 

 

Аргулез

 

 

Шаянтәрізділер  балықтың терісіне бекініп,тұмсықтармен терісін тесіп,қанын сорады.

 

 

ШАЯНТӘРIЗДIЛЕР  КЛАСЫНЫҢ АЛУАН ТҮРЛIЛIГI

 

         Көбеюi:

-     Даражыныстылар, айқындалған жыныс диморфизм  тән. Аналықтардың құрсағы бас  кеудесiне қарағанда жалпақ, аталықтарының  – жiңiшке.

-       Көктемде  аналық уылдырығын шашып, құрсақ  аяқтарына бекiтедi.

-       Дамуы  тура  (метаморфозсыз).

-       Он аяқты шаяндарға кәсiпшiлiк шаянтәрiздiлердi жатқызады:

-     Тағам ретiнде қолданатын түрлерi теңiз шаяны, асшаяны, омар.

-       Шаянтәрiздiлердiң  ұсақ өкiлдерi суда зоопланктонды  түзейдi.

 Дафния – тұщы су  формасы (тармақталған мұртты  шаян тәрiздiлер отряды)

-     Денесi қосжақтаулы  бақалшақта орналасқан.

-     Бiр күрделi және бiр қарапайым көздерi және  екi жұп мұртшалары бар.

-    Екiншi жұп мұртшалары  екiге тармақталған қозғалу қызметiн  атқарады. Қозғалысы дүмпу тәрiздi, сондықтан оларды “су бүргелерi”  деп атайды.

-     Балық зауыттарында  дафнийлердi құнды балықтарды қоректендiру  үшiн өсiредi.

-    Циклоптар (ескекаяқты  шаянтәрiздiлер отряды) бiрiншi жұп  мұртшалары мен кеуде тарның  аяқшалар көмегiмен қозғалады.  Бiр қарапайым көзi болады. Таспа  құрттардың аралық иелерi болып табылады.

-     Дафниялар,  циклоптар, бүйiрмен жорғалаушылар  – балықтар мен олардың шабақтарының  қорегi.

 Есекқұрттар (теңаяқты  шаянтәрiздiлер отряды) ылғалды топырақта  мекендейдi. Жалпайған денесi болады. Кеуде мен құрсақ буындарында  бiр жұп аяқтардан болады. Құрсақ  аяқтарында тыныс алу мүшелері бар.

 Саккулина – мұртаяқты  шаян.

Шаянтәрізділер (Crustacea) —  буынаяқтылардың бір класы. Зерттеушілердің  бір тобы шаянтәрізділер трилобиттерден, екіншілері буылтық құрттардан шыққан деген болжам жасайды. Бұлардың қазба  қалдықтары кембрийден белгілі. Жер шарында кең тараған, негізінен тұщы су қоймаларында, теңіздерде кездеседі. 6 класс тармағы (желбезекаяқтылар, цефалокаридалар, бақалшақты шаянтәрізділер, жоғары сатыдағы шаянтәрізділер, максиллоподалар және ремпедиялар), 30 мыңнан астам түрі белгілі. Олардың арасында бентосты, планктонды, паразитті және құрлықта тіршілік ететін түрлері бар. Құрлықта тіршілік ететін шаянтәрізділер ылғалды жерлерде, дымқыл ортада мекендейді және желбезекпен тыныс алады, осы белгілері олардың суда тіршілік ететін түрлерден шыққанын дәлелдейді.

Құрылыс және классификация.

Body structure of a typical crustacean - krill

Денесінің ұзындығы 1 — 2 мм-ден (ең майдасы су бүргесі Alonella, ұзындығы 0,25 мм) 80 см-ге жетеді. Ең ірісі — жапон крабы (Macrocheіra kaempferі), оның құлашы 4 м болады. Ең ауыр шаян — Солтүстік Атлант омары (Homarus amerіcanus), оның салмағы 20 кг. Шаянтәрізділер денесін жауып тұратын кутикулада сыртқы қаңқаның қызметін атқаратын хитин көп. Ол қорғаныш қызметін атқарады, бірақ екінші жағынан — үздіксіз өсуіне кедергі жасайды. Сондықтан шаянтәріздер түлеу арқылы өседі. Бұлардың денесі жеке бунақтардан құралған, әр бунағында жұп бунақ аяқтары болады (бірақ эвол. даму барысында кейбір аяқтарының жойылып кетуі мүмкін). Денесі 3 бөлімнен тұрады: бас, кеуде және құрсақ. Бас бөліміндегі бунақтардың саны тұрақты — акроннан және 4 бунақтан құралған, олардың 5 жұп өсінділері бар. Бірінші жұбы — антеннула, екіншісі — антенна, қалған үш жұбы қорегін ұстайтын және ұсақтайтын, түрі өзгерген аяқтары. шаянтәрізділердің басында бір жұп күрделі немесе фасеттік көздері бар. Кеуде және құрсақ бунақтарының саны бірдей емес. Олардың көп жағдайда кеуде аяқтары жылжу, жүзу, құрғақ жерде жүру қызметін атқарады. Жоғары сатыдағы шаянтәрізділердің құрсақ аяқтары дамыған әрі қос бұтақты. Құрсағы көпқылтанды құрттардың пигидиіне (құрсақтың соңғы бөлімі) ұқсас тельсонмен (құрсағының соңғы бунағы) аяқталады. Жүйке жүйесі мидан және құрсақ жүйке тізбегінен тұрады. Ас қорыту жүйесі жақсы жетілген. Ішегі ас үгітетін қарыннан және “бауырдан” құралып, ортаңғы ішекке ашылады. Бір клеткалы организмдермен, өлексемен, органикалық заттармен, көп клеткалы өсімдік және жануарлармен қоректенеді. Желбезектерімен, егер олар болмаса, бүкіл денесімен тыныс алады. Қан айналу жүйесі тұйық емес, жүрегі арқа жағында орналасқан. Сезім мүшелері жақсы жетілген, олар сезімтал талшықтар (рецепторлар) түрінде болады. Зәр шығару жүйесі екі жұп безді: антенналды және максиллярлы. Тепе-теңдік сақтау мүшесі — статоцист жақсы дамыған. шаянтәрізділер көбінесе дара жыныстылар, тек мұртаяқтылар мен онаяқтыларда гермафродиттік кездеседі. Жынысты деформизм айқын байқалады. Көпшілік тобына партеногенез тән, жұмыртқаларын суға тастайды. Шаянтәрізділер метаморфтық жолмен дамиды. Жұмыртқадан планктонды дернәсіл — науплиус шығып, ол метанауплиусқа (екінші дернәсілдік даму сатысы, бұл кезде кеуде және құрсақ бунақтары оқшауланып бөлінеді) айналады. Кейде бірінші дернәсілдік даму сатысы жұмыртқа қабығының астында өтеді, онда дернәсілдердің суға шығуы дамудың соңғы сатысында жүреді (мыс., крабтардың зоеа сатысы). Жұмыртқадан аналық организмге ұқсас кішкене дарабас шығып, түлек арқылы біртіндеп өседі. Шаянтәрізділердің ұсақ түрлері негізгі зоопланктон массасын құрайтын болғандықтан, олар судағы организмдердің қоректік тізбегінде буын болып табылады. Шаянтәрізділер майшабақтардың қорегі, суды өлекселерден тазартады. Көпшілік түрлері (омар, лангуста, креветкалар, т.б.) Дүние жүзінің көптеген елдерінде жоғарғы сапалы тағам ретінде пайдаланылады

Суқоймалардың жағдайын бағалау

 Бақылаушы органдар  жүзеге асыратын балық шаруашылық  суқоймалардың жағдайын балық  өнімінің паразитарлық тазалығы  тұрғысынан бағалауға төмендегілер  кіреді:

1) балық, шаянтәрізділерді, ұлуларды ұстаудың (аулаудың) аумақтарын, мерзімдерін, түрлік құрамын және  көлемін анықтау; негіз ретінде  белгілі жерді ландшафтық-эпидемиологиялық  ауданға бөлу мәліметтері алынады.  Балық шаруашылық суқоймаларға  қатысты описторхоздың таралу  ауқымының құрылымы бойынша қолда  бар мәліметтерді пайдалану міндетті. Гидробионттар мониторингі аумағына  кәсіп аудандары (өндірістік және  әуесқойлық) ғана емес, гидробионттардың  аууы мүмкін аумақтарды есепке  ала отырып, болашақтағы балық  аулау аумақтары да кіреді;

2) балықтың бұлшық етінің 1-3 жерінен материал алу арқылы  кіші және орташа өзендердегі  (суқоймалардағы, көлдердегі) балықты,  тұщы суларда тіршілік ететін  шаянтәрізділерді, қосмекенділер мен  бауырымен жорғалаушыларды описторхис  метацеркарийлеріне зерттеу. Үлкен  өзендердегі, суқоймалардағы, көлдердегі  зерттеуге арналған балық аулау  учаскелерінің арақашықтығы 100 км-ден  кем болмауы тиіс.

3) Тұщы сулы суқойманың  белгілі учаскесінде (аумағында)  описторхоз қоздырғышының аралық  және кәсіптік өлшемдегі қосымша  иелерінің әр түрінен 10-15 дарақты зерттеу. Теріс нәтиже көрсетілсе, қосымша зерттеу жүргізіледі және зерттелетін балық, ұлу, шаянтәрізділер, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылардың саны 50-ге жеткізіледі. Егер теріс нәтижеге көз жеткізілсе, суқойма таза деп есептеледі;

4) осындай суқоймадағы  қайта зерттеулердің мерзімі  мен келесі зерттеулердің мақсатқа  сәйкестілігі экологиялық-биологиялық,  гидрологиялық және басқа да  сипаттамаларына, сондай-ақ эпидемиялық  және эпизоотикалық мәртебесіне  байланысты анықталады;

5) таза суқоймада описторхоз  қоздырғышының аралық және қосымша  иелері және гельминт жұмыртқалары  кездескенде, қайта зерттеулер  әр 3 жыл сайын жүргізіледі; 

6) суқоймада қоздырғыштар  дамуының циклына балық, ұлу  немесе шаянтәрізділер қатысатын  крустацеоз ошақтарының пайда болуының биологиялық алғышарттары (аралық және қосымша иелері немесе олардың біреуі) болмаған кезде, бұл суқоймадағы келесі зерттеулер мақсатқа сәйкес келмейді.

7)Гидрологиялық режим мен экологиялық-биологиялық сипаттамалардың өзгеру қауіптілігі кезінде және ақырғы нәтижесінде описторхоз ошақтарының пайда болу және даму алғышарттарын тудыратын гидротехникалық қондырғылардың аумағына кіретін аумақтарда гидробионтарды зерттеу жыл сайын немесе 3 жылда бір рет жүргізіледі (суқоймалар аумағындағы эпидемиялық және эпизоотикалық жағдайға байланысты).

 Паразитарлық тазалық  көрсеткіштері бойынша балық  өнімін «соқыр» сертификаттауды  болдырмау мақсатында балық шаруашылық  суқоймалардың (кәсіп аудандарының) жағдайын бағалау үшін суқоймалардың  санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық, эпидемиологиялық, эпизоотикалық және  экологиялық-биологиялық сипаттамалары  болуы тиіс.

8) Балық шаруашылық суқоймаларды және теңіз кәсібінің аудандарын бақылау негізі санитарлық-эпидемиологиялық және мал дәрігерлік қызметтермен, сондай-ақ салалық ғылыми-зерттеу институттарымен бірге жүргізілетін кешенді зерттеулер болып табылады.

9) Суқойманың (кәсіп ауданының) ветеринарлық-санитарлық және эпизоотикалық жағдайы бойынша жұмыстарды басқару мен зерттеулер жүргізу басқа да мүдделі ведомстволар мен мекемелердің қатысуы арқылы мал дәрігерлік қызметтермен іске асырылады.

10) Балық шаруашылық суқоймада (кәсіп ауданында) крустацеоз қоздырғыштарын жұқтырған балық, шаянтәрізділер, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар кездескенде, сол кәсіп ауданыныдағы описторхоз иелері бола алатын суқойманың басқа тіршілік иелері және суқойма 3 жыл ішінде "шартты түрде жарамды" болып есептелетін ескеру қажет.

11) "Шартты түрде жарамды" суқоймадан (кәсіп ауданы) ауланған барлық балық өнімі залалсыздандырудан кейін ғана сертификаттау мен өткізілуге жіберіледі.

12) "Шартты түрде жарамды" балық шаруашылық суқойманың (кәсіп ауданы) санитарлық-эпидемиологиялық және мал дәрігерлік-санитарлық соның ішінде паразитарлық тазалық көрсеткіштері белгіленген сертификатында немесе басқа құжатта, сондай-ақ осы суқоймада ауланған балық, шаянтәрізділер, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушыларға арналған ветеринарлық күәлікте балық өнімін өткізу шарттары міндеттті түрде көрсетіледі.

13) Балық өнімінің паразитарлық тазалығына байланысты балық шаруашылық суқоймалардың (кәсіп аудандары) жағдайын бағалау (мониторинг) кезінде сол суқоймаға (кәсіп ауданы) тиісті барлық меншік түрлеріндегі кәсіпорындар немесе балық аулаушылар мен аңшылардың аумақтық одақтары арқылы жүзеге асады.

14) Мониторингтің нәтижелері балық, шаянтәрізділер, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушыларды аулаға лицензия беру кезінде есепке алынады. Балық, шаянтәрізділер, кәсіптік ұлулар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар аулауға (ұстауға) лицензия беру мемлекеттік мал дәрігерлік, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен аулау (ұстау) аумақтарын және балық өнімін өткізу шарттарын келісіп, Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық министрлігінің, балық шаруашылық комитетінің аумақтық органдары арқылы жүргізіледі.

15) Өндірілген және өткізілген балық өнімінің сапасы мен адам және жануарлардың денсаулығына қауіпсіздігіне жауапкершілік балық, шаянтәрізділер, ұлулар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушыларды аулайтын және оларды өңдейтін заңды және жеке тұлғаларға жүктеледі.

16)Крустацеоз қоздырғыштарының дернәсілдерінің потенциалды тасымалдаушыларына тұқы балық тұқымдас келесі балық түрлері кіреді: аққайран, тарақ балық, торта балық, красноперка, табан балық, голавль, көктыран, белоглазка, чехонь, ақмарқа, оңғақ, теңгебалық, уклея, көкталма, верховка, шырмабалық.

17) Балықты O.felineus метацеркарийлерін жұқтыруға арналған санитарлық-гельминтологиялық зерттеулер жүргізуге және крустацеоз дифференциалды диагностикалауға компрессионды және жасанды асқазан сөлінде қорыту әдістері қолданылады. Осымен қатар, балықтың әр түрінің сыртқы жағын тексерген кезде қабыршақты жамылғысының және жүзбеқанаттарының жағдайына көңіл бөлу, қажет, желбезектерін зерттеп, кейін қарнын тіліп, жүрегін, бауырын, өт қабын, көк бауырын, жүзу қабын, бүйрегін, жыныстық мүшелерін, асқазан-ішекті трактын зерттеу қажет. O.felineus метацеркарийлерінің шоғырлану мүмкіндігі жоғары жерлерге-теріасты дәнекерлік ұлпасына және бұлшық ет ұлпасының үстіңгі қабаттарына (осы әдістемелік нұсқауларға 2 қосымша) ерекше көңіл бөлу қажет.

18) Зертханалық зерттеулер кезінде адам мен жануарлар денсаулығына қауіпті тірі крустацеоз метацеркарийлері табылған балық пен балық өнімдері өткізуге жіберілмейді, бұл өнім «шартты түрде жарамды» немесе «жарамсыз» дәрежесіне өтеді.

19) «Шартты түрде жарамды» балық өнімі қайта өңдеу мен өткізуге зарарсыздандырылғаннан кейін ғана жіберіледі

20) «Жарамсыз» дәрежесіне өткен балық пен балық өнімдері кәдеге жаратылады.

21)«Шартты түрде жарамды» балықты тағамға пайдалануға тұздаудан, мұздатудан, қақтаудан, кептіруден, арнайы аспаздық өңдеуден немесе консервілеуден кейін ғана жіберіледі.

22) Балық пен балық өнімдерін тасымалдауға және өткізуге мал дәрігерлік-санитарлық сараптамасы жүргізілгеннен және бірге жүретін құжаттар: мал дәрігерлік күәлік пен мал дәрігерлік зертхананың сараптама актісі болғанда ғана жіберіледі.

 

 

Суқоймаларын  паспорттау ережелері.

1. Суқоймаларын паспорттау  жүргізу кезінде ластану мүмкіндігі  бар тоғандар, көлдер, су көзі  және суқойма нысандары орналасқан  жерлері көрсетілген схемалық  жоспары жасалады.

2. Суқоймаларының эпизоотикалық  жағдайы зертханалық зерттеулер  арқылы зерттеледі. Зерттеу нәтижелері  суқойманың ветеринарлық-санитарлық  паспортына енгізіледі.

3. Алынған бағалау мәліметтері  негізінде тұрғындардың жұқтыру  қаупі деңгейі бойынша әр аймақтың  белгіленуімен сәйкес аумақтың  аудандастыру карта-сызбасы құрастырылады.  Описторхоз жұқтыру қаупі бар  аймақтың сәйкестігі немесе айырмашылығын  анықтау мақсатында описторхоз  бойынша аудандастыру карта-сызбасы  түсіріледі.

Информация о работе Балық - омыртқалы жануар