Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2014 в 14:07, реферат
Берілген курстық жұмыста күкірт қышқылының сапа деңгейін әр түрлі әдістермен бағалауды жүргізу арқылы анықтаймын. Күкірт қышқылы – екінегізді қатты қышқыл. қалыпты жағдайда шоғырланған күкірт қышқылы – иіссіз және түссіз ауыр майлы сұйық. Техникада күкірт қышқылын сумен қоспасы және күкірт ангидридімен қоспасы деп атайды. H2SO4 100% күкірт SO3 күкірт ангидридінің ерітіндісін олеум деп атайды, олар екі H2SO4* SO3 және H2SO4* 2SO3қосындысын құрайды. Олеум тұтқыр түссіз сұйық немесе жеңіл балқитын кристалдар, бірақ қоспалардың болуына байланысты ол әр түрлі болады.
2 Өнімнің жіктелуі
2.1 Өнеркәсіптік өнімнің жіктелуі
Сапа деңгейін бағалау үшін өнеркәсіптік өнімді, оны әрқайсысы сапа деңгейін анықтайтын көрсеткіштер түрлерінің шектелген жиынтығымен сипаттала алатын топтарға бөліп, зерттеу объектісі ретінде жіктейміз.
Өнімнің барлық үлгілері жөндеуге ұшырамайды. Сондықтан сапа деңгейіне өнімнің жөнделуге бейімделгендігін сипаттайтын көрсеткіштердің енгізілуі (жөндеуге жарамдылық), әрбір қарастырылатын үлгінің пайдалуныдың көрсетілген режимінде болу мүмкіндігімен анықталады.
Өнімнің соңғы жіктелу белгісінің қызметін патентке лайықтылық атқарады. Өнеркәсіптің өндіру салалары өнімнің үлгілері, негізінде, қалған өнімнен ерекшелігінде, патентке лайықтылыққа ие болмайды.
Жоғарыда айтылғанның негізінде 2.1-суретте берілген, жіктеу жүйесі ұсынылады.
Сурет 2.1 – Өнеркәсіп өнімінің жіктелуі
2.1-суретте
көрсетілген өнеркәсіптік
2.2 Күкірт қышқылының жіктелу сипаттамасы
Қышқыл келесі белгілері бойынша жіктеледі: а) молекуласында оттектің болуы мен болмауына байланысты; б) сутек атомының санына байланысты.
Бірінші белгі бойныша қышқыл оттегі бар және оттекісіз болып бөлінеді (2.2-кесте).
Кесте 2.2
Күкірттің құрамы бойынша жіктелуі
Құрамында оттегі бар қышқылдар |
Оттексіз қышқылдар |
H2SO4 күкірт қышқылы H2SO3 күкіртті қышқыл HNO3 азот қышқылы H3PO4 фосфорлы қышқыл H2CO3 көмір қышқылы H2SiO3 кремний қышқылы |
HF фторлысутекті қышқыл HCl хлорлысутекті қышқылы (тұзды қышқылы) HBr бромдысутекті қышқыл HI иодтысутекті қышқыл H2S күкіртсутекті қышқыл |
Сутек атомдарының саны бойынша барлық қышқылдар бірнегізді, екінегізді және үшнегізді, 2.3-кестеде көрсетілгендей.
Кесте 2.3
Сутек атомының саны бойынша қышқылдардың жіктелуі
Бірнегізді |
Екінегізді |
Үшнегізді |
HNO3 азотты HF фторлысутекті HCl хлорлысутекті HBr бромдысутекті HI иодтысутекті |
H2SO4 күкірт H2SO3 күкіртті H2S күкіртсутекті H2CO3 көмірлі H2SiO3 кремнийлы |
H3PO4 фосфорлы |
МЕСТ 2187-77 техникалық күкірт қышқылының келесі түрлері бар:
-контактілі
(жақсартылған және техникалық)
-олеум
(жақсартылған және техникалық)
-мұнаралы;
-регенерленген.
3 Өнімнің сапасын анықтау
3.1 Өнімнің сапасы туралы жалпы мағлұматтар
Техниканың сапасын көтерудегі өзекті мәселе болып, оның іс-тәжірибеде техникалық жетілгендігіне жету машиналардың және басқа бұымдардың техникалық бағалануымен, басқару шешімдерін және сәйкес іс-шаралар қабылдаумен шешіледі. Өнімнің сапасын экономикалық, әкімшілік, әлеуметтік-психологиялық және идеологиялық әдіспен басқару сапа деңгейіне жанама түрде әсер етеді. Бұйымның сапасына тікелей конструкторлық-технологиялық әсер ету, сапа деңгейін бағалаудың қортындысы мен оның әр түрлі көрсеткіштеріне байланысты қолданылады.
Өнімді құрастыру немесе дайындаумен байланысты кез-келген жұмысты орындау барысында сақталынатын негізгі шарт болып өнімнің техникалық параметрлерінің заманауи техникалық талаптарға сәйкестігін айтамыз. Бұл барлық кезеңдерде техникалық деңгейдің бағаланылуы әдістеме арқылы жүргізілуін қажет етеді, әдістеме қажетті мөлшерде жан-жақты және сапаны басқару мәселесі бойынша шешемдер қабылдауға қолайлы болуы керек. Техникалық деңгейдің бағаланылуы техникалық экономикалық көрсеткіштерді, конструкция мен жүйелердің нұсқаларын сараптауды, сапаны аттестациялауды жүргізуді жоспарлаған кезде қажетті.
3.2
Сапа көрсеткіштерінің
Өнім сапасының деңгейін бағалау үшін өнім сапасының көрсеткіштерін негізделген түрде таңдаудың жоғары дәрежелі мәні бар. Мұндай таңдауды жүзеге асыру үшін қажеттілік пен жеткіліктілік талаптарын қанағаттандыратын, сапа көсеткіштері тобының наменклатурасы болу керек. Басқаша айтқанда, бұл номенклатурада практикада қолданылатын (яғни, қажетті болатын) көрсеткіштер болу керек. Бұдан басқа оның құрамында барлық өнім үлгілерінің алуан түрлі ассортименті сапасының деңгейін анықтайтын, көрсеткіштердің барлық топтары болуы керек.
Бұл талаптарға сапаның келесі көрсеткіштері жауап береді: тағайындау, тоқтаусыздық, ұзақ мерзімділік, жөндеуге жарамдылық, сақтаушылық, эргономикалық, эстетикалық, технологиялық, тасмалдылық, стандарттау және бірыңғайлау, патенттік-құқықтық, біртектілік, сыртқы әсерлерге тұрақтылық, қоршаған ортаға әсер ету, қауіпсіздік.
3.2-кестеге оларды ұсынылған жүйе бойынша жіктелген, халық шаруашылығы өнімнің барлық түрлері сапасының деңгейін анықтау және бағалау үшін пайдалануға болатын, көрсеткіштердің барлық топтары толтырылған.
Кесте 3.2
Өнім сапасы көрсеткіштерінің номенклатурасы
Өнім сапасының көрсеткіші |
Өнімнің тобы | ||||
1-топ Шикізат және табиғи отын |
2-топ Материалдар мен азық-түлік |
3-топ Жұмсалатын бұйымдар |
4-топ Жөнделмейтін бұйымдар |
5-топ Жөнделетін бұйымдар | |
Тағайындау |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
Тоқсаусыздық |
- |
- |
- |
+ |
+ |
Ұзақ мерзімдік |
- |
- |
- |
+ |
+ |
Жөндеуге жарамдылық |
- |
- |
- |
- |
+ |
Сақталушылық |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
Эргономикалық |
- |
- |
+ |
+ |
+ |
Эстетикалық |
(+) |
(+) |
+ |
+ |
+ |
Технологиялылық |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
Тасымалдылық |
(+) |
(+) |
+ |
+ |
+ |
Стандарттау және бірыңғайлау |
- |
- |
(+) |
+ |
+ |
Патенттік-құқықтық |
- |
+ |
+ |
+ |
+ |
Қауіпсіздік |
(+) |
(+) |
(+) |
(+) |
(+) |
Біртектілік |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
Қоршаған ортаға әсер ету |
(+) |
(+) |
(+) |
(+) |
(+) |
Сыртқы әсерлерге тұрақтылық |
(+) |
(+) |
+ |
+ |
+ |
3.2.1 Тағайындау көрсеткіштері
Тағайындау көрсеткіштері оларды орындау үшін тағайындалған, негізгі функцияларды анықтайтын, өнімнің қасиеттерін сипаттайды, оларға оның негізгі тағайындалуы көзқарасынан алғанда өнім сапасының деңгейін сипаттайтын (өнімділік, қуат, жүк көтергіштік және т.б.), өнімнің негізгі сипаттамалары, сондай-ақ өнімді пайдаланудан немесе тұтынудан болатын пайдалы әсер кідері, қолдану облысын және оны пайдалану шарттарын қамтамасыз етеді.
Күкірт қышқылы табиғи фосфоттардан жасалатын фосфор қышқылы өндірісінде, аллюминий сульфатын алу мақсатында коксохимиялық өндірістегі газдан аммиакты бөліп алу үшін, аллюминий сульфатының өндірісі үшін, жарылғыш заттар алу өндірісінде синтетикалық және индустриалды органикалық синтезде катализатор ретінде, мұнайхимиялық өнеркәсіпте майларды тазарту үшін, қорғасын аккумуляторларында электролит ретінде, өнеркәсіптерде және зертханаларда газдар үшін кептіру агенті ретінде, металды өңдеуде металл беттерін оксидтерден тазарту үшін, сонымен қатар, электролиз процесінде қолданылады.
3.2.2 Тоқтаусыздық көрсеткіштері
Тоқтаусыздық – бұйымның кейбір уақыт немесе кейбір жұмыс істеу бойында жұмысқа қабілеттілікті үздіксіз сақтау қасиеті.
Тоқсаусыздық көрсеткіштері: тоқтаусыз жұмыстың ықтималдылығы, тоқтағанша орташа жұмыс істеу, тоқтауға жұмыс істеу, тоқтау қарқындылығы, тоқтау ағынының параметрі және т.б. Тоқтаусыздық көрсеткіштері тағайындалуы бойынша бұымдарды пайдалану кезеңдерін де, сақтау мен тасмалау кезендерін де сипаттайды.
3.2.3 Ұзақ мерзімділік көрсеткіштері
Ұзақ мерзімділік – бұйымның техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің анықталған жүйесінде шекті жағдай орнағанға дейін жұмысқа қабілеттілікті сақтау қасиеті.
Ұзақ мерзімділік көрсеткіштері ресурсты (орташа ресурс, гамма-процентік ресурс, орташа (күрделі) жөндеуге дейінгі ресурс және т.б.) немесе қызмет ету мерзімін (орташа қызмет ету мерзімі, гамма-проценттік қызмет ету мерімі, орташа (күрделі) жөндеуге дейінгі қызмет ету мерзімі және т.б.) анықтайтын, барлық көрсеткіштер болып табылады.
Күкірт қышқылының гарантиялық сақтау мерзімі 1 ай, оны дайындаған күннен бастап.
3.2.4.
Жөндеуге жарамдылық
Жөндеуге жарамдылық – бұйымның тоқтау және бұзылу себептерін ескертуге, байқауға және жөндеу жүргізу мен техникалық қызмет көрсету жолымен олардың салдарын жоюға бейімділіктен тұратын қасиеті.
Жөндеуге жарамдылық көрсеткіштері берілген уақытта қалыпқа келтіру ықтималдылығы, қалпына келтірудің орташа уақыты және т.б. болып табылады.
Жөндеуге жарамдылыққа машиналардың, механизмдар мен тораптардың конструкциялық ерекшкліктері; бақылау тораптарына және реттеу орындарына қатынас; пайдалану нәтижесінде бөлшектеу және жинау бойынша талаптарды орындау; оған техникалық қызмет көрсету ережелері кіретін, ілеспе құжатнаманың толықтығы; жоспарлық-сақтық жөндеу жұмыстарының графигі, персоналды оқыту бойынша дайындаушы-кәсіпорының көмегі әсер етеді.
Жөндеуге жарамдылық конструкциялықпен және технологиялықпен тығыз байланысқан.
3.2.5 Сақталушылық көрсеткіштері
Сақталушылық – өнімнің берілген уақыт кезеңі бойында берілген жағайлар кезінде белгіленген шамаларда сапаның берілген көрсеткіштерін пайдаланғанша (сақтағанша және тасмалдағанша) үздіксіз сақтау қасиеті.
Күкірт қышқылын арнайы болаттан жасалған цистерналарда сақтайды. Әрбір сақтау қоймасының көлемі 14000 м3.
3.2.6 Эргономикалық көрсеткіштер
Өнім сапасының эргономикалық көрсеткіштері «адам-бұйым-пайдалану ортасы» жүйесін сипаттайды және адамның қасиеттерімен және пайдалану ортасының сипаттамаларымен анықталатын және адамның берілген бұйыммен өзара әрекеттесуінің тиімділігін арттыру үшін қойылатын талаптарды есепке алады.
Бұйымдарды бағалау кезінде оларға келесі эргономикалық талаптар қойылуы мүмкін, олар:
-
адамның антропометриялық
-
адамның күш, жылдамдық, үнемділік
және атқарушы қозғалыстардың
көлемі сияяқты қозғалу
-
адамның сезім органдарының
- адамның қабылдау, есте сақтау, ойлау ерекшеліктерімен;
-
ортаның адам қызметінің
3.2.7 Эстетикалық көрсеткіштер
Эстетикалық көрсеткіштер ақпараттық айқындылықты, пішінің орындылығын, компазицияның тұтастығын және өнімнің өндірістік орындалуының жетілгендігін сипаттайды.
Өнім сапасының эстетикалық көрсеткіштерін бағалауды сараптық комиссия жүргізеді. Оған (яғни бағалауға) базалық үлгілерді таңдауда және этолондық қатарды құру, анықталатын бұйым сапасының эстетикалық көрсеткіштерін салыстырмалы көркем-конструкторлық талдау және сараптау әдістерін пайдалану арқылы сандық мәндерден баллмен анықтау кіреді.