Метрология бойынша сәйкестікті растауға өнімді сынау әдістемесін әзірлеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 18:48, курсовая работа

Краткое описание

Өнім деп анықталған қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған саналы түрдегі қызметтердің заттандырылған нәтижесі болып табылады. Өнімнің сапасы – тағайындалуына сәйкес анықталған қажеттіліктерді қанағаттандыруға жарамдылығын шарттайтын өнімнің қаситетерінің жиынтығы. Осы түсінік техника-экономикалық болып табылады, бірақ сонымен қатар сапа басқа аспектілерге – философиялық, эстетикалық және т.б. ие болады. Себебі өнімнің сапасы – күрделі және көпқырлы түсінік. Өнімнің қасиеті - өнімді жасау, қолдану немесе эксплуатациялауды мүмкіндентіретін объективті ерекшеліе.

Содержание

Кіріспе

1 Метрология бойынша сәйкестікті растауға өнімді сынау әдістемесін әзірлеу..........................................................................................................
Метрологиялық қамтамасыз ету..............................................
Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету міндеттері..............
Метрологиялық қызметтің негізгі функциялары..................
Өнімнің сәйкестігін растау................................................................
Сәйкестікті растау қызметі......................................................
Метрология және сәйкестікті растау жұмыстарын жүргізуде негізге алынатын техникалық заңнамалар ...............................................
Өнімді сертификаттау арқылы сәйкестікті растау..................
Сәйкестікті растау тәртібі.........................................................
3 Өнімді сынау бақылау және өнім қауіпсіздігі ...............................
3.1 Сынау мен бақылау міндеттері мен түрлері........................................
3.2 Сынау əдістемелерінің негізгі принциптері..................................
3.3 Өнімді сынау ...................................................................................
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Метрология бойынша сәйкестікті растауға өнімді сынау әдістемесін әзірлеу курсовой.doc

— 256.50 Кб (Скачать документ)

Сынау   əдістемесі  сынау   объектісінің  бір  немесе   бірнеше  өзара

байланысты  қасиеттерінің  сипаттамаларын анықтау талаптарын  реттейді.

Сынау  əдістемесі типті жəне  жұмыстық болып  бөлінеді.  Типтік   əдістеме   біртекті  өнімдер  тобына  өңделеді   жəне  онда   сынауды  жүргізуге  жалпы   талаптар   қойылады,  сонымен   бірге  онда   жұмыстық əдістеменің   мазмұнына   жалпы   талаптар   көрсетіледі.  Сынаудың  жұмыстық  əдістемесі  өнімнің  белгілі   бір  түріне   немесе   жеке  бұйымға   сынау   жүргізу  үшін дайындалады.

Сынау   жабдығын аттестаттау   сынау   жабдығының пайдалануға жарамдылығын  анықтау   жəне  НТҚ   талаптарына сəйкестігін,  жабдық  сипаттамаларының  нормалық  дəлдігін  анықтау   мақсатында  жүргізіледі. Жалпы ережелер ГОСТ 585-81 регламенттелген.  Сынау   жабдығының  нормаланған дəлдік   сипаттамасы   дегеніміз  – бұл   сынау   кезінде  анықталған   мерзім   ішінде   тұрақтылық  пен  дəлдікті   берілген   шекте  ұстап  тұру   шарттарын  жабдықтың   орындау   жəне  жаңғырту  мүмкіндіктерін  анықтайтын  НТҚ   көрсетілген сипаттамалары.

Қолдану  саласына   байланысты  барлық  жабдықтар   жалпыөндірістік, салалық,  арнайы  қолданыстық   болып  3  топқа  бөлінеді. Аттестаттаудың алғашқы, кезеңдік жəне кезектен тыс  деген үш түрі бар.  Алғашқы   аттестаттауда   сынау   жабдығының  сынау   кезіндегі   анықталған  мерзім   ішінде   тұрақтылық  пен  дəлдікті   берілген   шекте  ұстап  тұру   шарттарын жабдықтың   орындау   жəне  қайта  өңдеу  мүмкіндіктерін  анықтайтын  НТҚ көрсетілген   сипаттамаларын,  сынау   режимдерінің   параметрлерін  жəне  өлшеу  қателіктерін  тіркеу,  пайдалану  барысында   бақылау   қажет   дəлдік   сипаттамалар  тізімін   құрастырады,  келесі   аттестаттауда   жəне  оның  кезеңдігін,  онда  қолданылатын  əдістер  мен  құралдарды,  қоршаған  ортаны  қорғау   жəне қауіпсіздігі  талаптарының орындалуын анықтайды.

Кезеңдік   аттестаттауды   алғашқы   аттестаттауда   анықталған   мерзімде  жəне  көлемде   сынау   қызметінің   өзі  жүргізеді.  Кезеңдік   аттестаттау   кезінде  НТҚ  сəйкес   өнімнің  белгілі   бір түрін сынау   үшін  қажетті барлық  сипаттамалар   жəне мəндерді   қамтамасыз  ететін   операцияның   көлемі   мен дəлдік   сипаттамасының шекті номенклатурасын   тексеруге болады.  Кезеңдік   аттестаттаудың   бұл бағдарламасы  бас метрологиялық қызметпен  келісілген  болуы  керек.

Кезектен   тыс   аттестаттау   сынау   жабдығының  тасымалдануынан   кейін пайдалану  үшін,  ұзақ   мерзім   сақталап   немесе   жөндеу  жұмыстарынан  кейін жəне  т.б.  жағдайлардан   кейін  жүргізіледі.  Тасымалданудан,  сақтаудан  жəне жөндеуден  кейін  жабдықтың   сипаттамаларына   əсер   ететін   жағдайларды,сонымен   бірге  жаңа  ғимарат,  жинақтау  жəне  монтаждау   жұмыстарының   əсер  ететінін аттестаттау  кезінде  ескеру  керек.

Аттестаттаудың   мақсаты – шекті массивтің негізінде   сынау   жүргізіліп отырған   материалдың   стандартқа   немесе   техникалық  шартқа  сəйкестігін бірмағыналы   механикалық   қасиеттерін   бағалау жəне  белгілі   шарт  жағдайында пайдалану мүмкіндігін анықтау.   Жаңа  материалдарды  өңдеу  кезінде,  арнайы  технологиялық   процесті  өңдегенде,  əртүрлі  орталардың  жəне  температураның  əсеріне,  материалдардың сипаттамаларына   кешенді  зерттеу  жүргізіледі.  Сондай- ақ   қолданып  жүрген əдістерді   түрлендіріп  жаңа  сынау   əдістерін   өңдейді.  Сынаудың  тиімділігінің негізгі  параметрлерінің бірі  болып  материалды  пайдалану кезіндегі  жұмыс  істеу қабілетін   анықтайтын  сапа   туралы  мəліметтерінің  толық   ақпаратын   беретін,  өте аз   сипаттамалар   сипатын  білдіретін критерлерді таңдау  болып  табылады.   Стандартты  үлгілердің  материалдарын  шынайы  құрылымдарда  қолдану, механикалық   қасиеттерін   бағалау  əрбір  жағдай  үшін  үлгілердің  сынау  нəтижесін,  сыну  сипатын   талдау   жəне  т.с.с.  статистикалық  өңдеу  негізінде  шешілетін   өте қиын тапсырма болып  табылады.

Сынау   машиналарын  жəне  престерді  аттестаттау   тəжірибе   кезінде  жүктеме 106 Н  дейін – 0,5-1%, 106Н  артық – 2-5%  қателіктің  күшеюінің   үдеуін  анықтауға  əкеледі.  Ең  көп   тараған тексеру əдісі ,  ол  үлгілік   динамометр  немесе  гирді қолданып  тікелей өлшеу.  Созу,  сығу,  майыстыру ,  бұрау жəне  кесу  статикалық   жүктемеге сынауға   арналған   машиналар   мен престерді тексеру сырттай   қарап бақылау,  жүктеме  шкаласының  көрсеткішін  салыстыру,  созу  шкаласы  бойынша   көрсеткіштерін   салыстыру,  диаграммалық  жабдықтың  көрсеткіштерін  салыстыру  арқылы жүзеге   асады.

Бұрауға  сынау   машинасын   машинаға  тіркелген  тексеру  рычагі   көмегімен немесе   үлгілік   моментомер  арқылы  тексереді .  Əрбір  шкаланы  5 бөлшектен   кем  тексермейді. 

Құрылыс   материалдарын  жəне  құрылымдарын   сығу  мен  майысуға, сынауға   арналған   престерді  тексеру  сығуға   арналған   үлгілік   динамометрге статикалық   жүктеме  беру   арқылы  іске   асырылады .  Əрбір  шкаланы  9 нүктеде тексереді.

Манометрлік  күшөлшегіш  аспап  арқылы  жүйедегі   сұйықтықтың  

қысымымен  гидравликалық   престерді  тексереді.  Қысым  күшін   анықтау   үшін жүйедегі  үлестік қысымды поршеньнің ауданына көбейтеді.

Сынау   машиналарын  жəне  престерді  аттестатттау  үшін  үлгілік  тасымалданатын 3-разрядты   динамометрлер,  үлгілік   гирлер,  рычагті  аспаптар, бақылау  үлгілері жəне  т.б. қолданылады.  Тасымалданатын үлгілік   құралдарды:

1.Тексеріліп  отырған   өлшеу   құралының   тікелей  жүктемесін   қамтамасыз ететін;

2. Берілісті  механизм тартылыс  күшіне; 

3. Серпімділік деформацияны өлшеуге   негізделген  деп бөлуге  болады.

Бірінші  топқа  өлшеу   шегі  10-20 кН  болатын  3-4  разрядты   үлгілік   гирлер , екінші   топқа   өлшеу   шегі   300-500 кН  болатын   үлгілік   гирі   бар  рычагті  аспаптар , үшінші  топқа  өлшеу   шегі  40-60 мН,  қателік  шегі  0,02- 005%  болатын   үлгілер жатады.

Механикалық   жəне  электромеханикалық   динамометрлер   кеңінен қолданылады.  Механикалық   динамометрлердің   негізгі   артықшылықтары  қарапайымдылығы,  өлшемдері ,  салмағы   аз   жəне  бағасы   қымбат  емес,  өлшеудің  жоғары  дəлдігі ,  сипаттамаларының  тұрақтылығы,  қорек  көзінің  болмауы, қызмет ету уақытының  ұзақтығы жəне  сенімділігі  болып  табылады.

Климаттық   сынау   камералары -  бұл   өнімге   климаттық   сыртқы  əсер   етуге сынауды   жүргізуге  арналған   күрделі  техникалық  құрылғы  (температура, ылғалдылық,  ауаның қысымы,  тұман,  жаңбыр жəне т.б.). Камераны  аттестаттаудан  өткізген  кезде  камераның   температураны  жаңғырту  шегін,  яғни   өте  жоғары  жəне  өте  төменгі  температураны, камерадағы  температураның  орташа  мəнін,  температураны   өлшеу   қателігін,  өте жоғары жəне  өте төмен   температураға жету  уақытын,  камераның əр жеріндегі  орта  температураның  əртүрлілігін,   температураның  таралуының  əртүрлілігін, берілген   мəннен  камера   көлеміндегі   температураның  ауытқуын,  камерадағы  ауаның  айналу   жылдамдығын  жəне  т.с.с жағдайларды  анықтайды.  Камерада температураны   алу   шегі  100-300°С дейін,  ылғалдылық 20- дан 100%  дейін  болады.

Дірілге  жəне  соққыға   сынау   жабдықтары  бір  реттік   жəне  көп   реттік   соққы  жүктемесін,  соққылық  жүктеменің   күрделі түрін,  соққылаудың   өзгеше  талаптарын  қайта өңдейді.

Соққылау  процесінде   қозғалыссыз  жəне  қозғалмалы    бөліктері   бар тежеуішті  құрылғы   арқылы  жүктеме  беріледі.  Осы   уақытта  қозғалмалы   бөлікті   қажетті  жылдамдықта   итереді.  Сынау   объектісін  құрылғының   қозғалмалы   жəне қозғалымсыз   бөліктеріне   бекітеді.  Соңғы   жылдары   соққы   стендері   ретінде гидравликалық  катапульталар қолданып жүр.  Олар 300-400 м/ с2  үдеуге  ие.

Дірілдік  құрылғы  – дірілді   туғызатын ,  тапсырманы  беретін,  басқаратын , күшейтетін ,  өлшейтін,  бақылайтын  жəне  қосымша   құралды ,  нормаланған дəлдік   сипаты  бар  дірілді    жаңғыртатын   қызметтерді  біріктірген   құралдар  жиынтығы.

Дірілдік  стенд – бұл   энергияның  қандай   да   бір  түрін  діріл  энергиясына  түрлендіретін   құрылғы.  Жұмыс  істеу  принципіне   байланысты электродинамикалық, электрогидравликалық, электромеханикалық   жəне  т . с.с .  болып  бөлінеді .

Электродинамикалық  құрылғы   сынаудың  талаптарын   толық  қанағаттандырады .  Олар  діріл  жиілігін  бірнеше  герцтен  бастап ,  ондаған  килогрецке   дейін,  амплитуданы   бірнеше  микрометрден  ондаған  миллиметрге дейін,  үдеуді  оннан  бір бөліктен  бірнеше  мың  м/ с2  дейін түрлендіреді .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.3     Өнімді сынау

 

 

Сынау  ( ГОСТ 16504-81) – сынау   объектісінің  сандық  жəне  сапалық   сипаттама  қасиеттерін   тəжірибе   жүргізу  арқылы  анықтау .  Бұл  тəжірибелік   мағлұмат   сынау      объектісін   пайдалануда,  моделдеуде   оған   іштей   жəне сырттай  əсер   ететін  жағдайларды зерделеу ,  зерттеу арқылы жасалады.   Сынауды  – өлшеу   талдау ,  диагностикадан   өткізу ,  органометрлік  əдістер қою ,  көптеген   құбылыстарды ( сынып   қалу ,  кенет істен шығу)  тіркеу   арқылы өткізеді. 

Сынау   мақсаты  сандық  жəне  сапалық   бағалау  болса  объект   қасиеттерінің  сипаттамалары   бағаланады .  Сынау   мақсаты  объект   сипаттамаларын  бекітілген талаптарға   сəйкестігін   белгілеу   болса  бақылау   жүргізіледі .   Мысалы,  қабылдау- өткізу ,  кезеңдік  жəне сертификаттау  сынақтары .

Сынақ   нəтижесі   бойынша   нақты   шешімдер  қабылданады.   Сынау   жəне  зерттеу кезінде эксперимент   мазмұны   сəйкес  келуі мүмкін,  бірақ  сынау  мақсаты қандайда   болмасын  шешім   қабылдау  болса,  онда   эксперимент   сынау   болып   табылады.   Сынау   жағдайы   деп объектіге табиғи   жəне  жасанды   əсер   ету мен оның  функционалды  режимдерінің   қосындысы   ретінде түсіндіріледі ( климаттық ,  механикалық ,  электрлік,  жылулық,  радиациялық ,  химиялық  жəне т .б .).  сынақтан   өткізудің   бірқатары  объектінің   беріктілігінде   орнықтығын  анықтау   үшін  қарастырылады .  Ішкі   факторлар  да   əсер   етуі   мүмкін,  олар  объектінің   функционалдығымен  байланысты –  мойынтіректің  қызып   кетуі немесе  объектіні    қосқанда  ток өту.   Объектінің    функционалды  режиміне  оны   орнату ,  монтаждау ,  орнықтыру , орын ауыстыру жылдамдығы ,  жүктелу   тəсілдері   де  кіреді .

Сынау   нəтижелерін  орындау   шарттары  мен  дəлдік   нормаларын  бекітетін  негізгі  құжат  –  оны  өткізу  əдістемесі болып  табылады.

Сынау  объектісі –   сынақтан    өтетін   өнім .  Сынау   үлгісі – өнім   бірлігі  немесе   сынау  кезінде эксперимент  объектісі  болып  табылатын  бөлігі,  үлгісі.  Сынау   объектісінің  негізгі   белгісі  –  осы   объект   бойынша   сынау  нəтижелері   бойынша   шешім   қабылданады  (оның  жарамдылығы  немесе   жарамсыздығы,  келесі   сынауларға   ұсыну   мүмкіндігі, сериялық  шығарылуы жəне т .б .).

Өнімнің  түрі   мен  сынау   объектісі   сынау   бағдарламы  бірліктік   өнім   немесе  үлгі   алынатын  партиядан  немесе   өнім   үлгісі,  тікелей  немесе   таңдау  бақылауының  өнім  партиясы.  Сынау   объектісі   макет  немесе   өнім   моделі   ретінде  болуы   мүмкін,  сынау  нəтижелерінің шешімі тікелей макетке немесе  үлгіге  қатысты  болуы  мүмкін.

Сынаудың  техникалық  базасына    ӨҚ  жатады –  олар   сынауға   қажетті техникалық құрылғылар,  материалдар,  заттар . Өлшеу   құралдарымен  қатар  сынау   құралдарының  маңызды   түріне   сынау  жабдықтары  жатады.  Сынау   жабдығы   дегеніміз  – сынау   шарттарын  объект   пен оның  жұмыс   жасау  режиміне  əсер   ету  жағдайын  қайталайтын  жабдық.  Бұлар сынақ   шарттарын  қайталайтын-  температура,  ылғалдылық,  қысым ,  электр  магниттік  жəне  радиациялық   əсерлер,  механикалық   жүктемелер,  діріл  жəне  т .б . -  арнайы  стендтер ,  ауа райы  камералары жəне т .б.  Сынау   сапасының   көрсеткіштері  болып   сынақ   нəтижелерінің  дəлдігі   жəне қайталануы   саналады .  Сынақ   нəтижесінің  дəлдігі  –  сынау   кезінде  нақты  параметрлер  мəндері  мен  олардың   шын   мəндерінің   анықталған   жағдайда  жақындығының  сипаттамасы .  Сынау   объектісінің  анықталатын   сипаттамасы   партиядан  алынған   үлгі  –  жеке- дара   объект   сипаттамасы   да ,  үлгі   партиясының   статистикалық сипаттамасы   да   бола   алады .  Сынақ   нəтижесі   сынау   объектісіне ,  ал   өлшеу  нəтижесі   осы   объектіден   алынған   сынақ   үлгілеріне  жататындықтан   сынақ нəтижесінің дəлдігі үлгі  сипаттамасын өлшеу дəлдігімен  дəл келмеуі мүмкін.  ГОСТ 16263-70  стандарты бойынша   өлшеу   сапасының   критерийі қайталану жəне бірігу.  Қайталану – объектінің   қайталанған сынақтарының  нəтижелерінің жақындығы. Бірігу – бірдей   жағдайда   қайталанған  өлшеу   нəтижелерінің  жақындығы. ИСО 5725  халықаралық   стандарты  қайталануды   біздің   бірігу  терминіне  сəйкес , дəл көшіру жағдайында жасалған   сынақ   сипаттамасы  ретінде анықтайды .

Қайталану – біздің  мемлекетаралық  стандартпен  салыстырғанда   бірдей  сынау   əдістерін   қолданумен,  шарттың   шексіз   қайталануымен ,  орынымен, талаптарымен,  құралдарымен,  сынауды   жүргізу  мерзімімен   байланысты анықталады.

Информация о работе Метрология бойынша сәйкестікті растауға өнімді сынау әдістемесін әзірлеу