Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 18:48, курсовая работа
Өнім деп анықталған қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған саналы түрдегі қызметтердің заттандырылған нәтижесі болып табылады. Өнімнің сапасы – тағайындалуына сәйкес анықталған қажеттіліктерді қанағаттандыруға жарамдылығын шарттайтын өнімнің қаситетерінің жиынтығы. Осы түсінік техника-экономикалық болып табылады, бірақ сонымен қатар сапа басқа аспектілерге – философиялық, эстетикалық және т.б. ие болады. Себебі өнімнің сапасы – күрделі және көпқырлы түсінік. Өнімнің қасиеті - өнімді жасау, қолдану немесе эксплуатациялауды мүмкіндентіретін объективті ерекшеліе.
Кіріспе
1 Метрология бойынша сәйкестікті растауға өнімді сынау әдістемесін әзірлеу..........................................................................................................
Метрологиялық қамтамасыз ету..............................................
Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету міндеттері..............
Метрологиялық қызметтің негізгі функциялары..................
Өнімнің сәйкестігін растау................................................................
Сәйкестікті растау қызметі......................................................
Метрология және сәйкестікті растау жұмыстарын жүргізуде негізге алынатын техникалық заңнамалар ...............................................
Өнімді сертификаттау арқылы сәйкестікті растау..................
Сәйкестікті растау тәртібі.........................................................
3 Өнімді сынау бақылау және өнім қауіпсіздігі ...............................
3.1 Сынау мен бақылау міндеттері мен түрлері........................................
3.2 Сынау əдістемелерінің негізгі принциптері..................................
3.3 Өнімді сынау ...................................................................................
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Техникалық заңнама -
техникалық объектілерге: өнімге, оның
өмірлік циклі процестеріне, қызмет көрсетуге
және қойылған талаптардың сақталуын
тексеруге қатысты талаптарды регламенттейтін
құқықтық нормалардың жиынтығы. 2004 жылдың 9 қарашасында
қабылданып, 2005 жылдың 14 мамырынан
қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының
«Техникалық реттеу туралы» Заңы 1999 жылдың
16 шілдесінде қабылданған «Стандарттау
туралы» және «Сертификаттау туралы»
Заңдарының күшін жойды. Қазақстан Республикасының
«Техникалық реттеу туралы» Заңының қолданысқа
енгізілуі құқықтық тұрғыдан өнімнің,
қызмет көрсетудің және процестердің
қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мемлекеттік
жүйесінің жаңа кезеңінің басталуы болып
табылады. Құрылып жатқан техникалық реттеу
жүйесінің жұмысын әрі қарай жетілдіруде
келесі маңызды қадам, ол 2006 жылдың 26 желтоқсанында
қабылданған «Қазақстан Республикасының
кейбір заңнамалық актілеріне техникал
Практика тұрғысынан
Қазақстан Республикасының «
Осы жағдайдан туындайтын
мәселелерді шешудің басты
2.3 Өнімді сертификаттау арқылы сәйкестікті растау
Өнімді сертификттау арқылы сәйкестігін растауды жүргізу.
Өнімді сертификаттау жұмыстарын жүргізк реті былай: қазақстан Республикасының МСЖ өнімді сертификаттау жұмыстарын жүргізуді мына реттермен көздейді:
- сертификаттау ұйымына өтініш беру (сәйкестік өтінішін) және оны қарау;
- өтініш (сәйкестік өтінішін) қарау, сертификаттау үлгілерін таңдау нәтижелері бойынша шешім қабылдау;
- өтініуші мен сертификаттау
ұйымының арасында
- өтінілген өнімді ұқсастыру, үлгі іріктеу және оны сынақ зертханаларын жүргізу туралы келісімге отыру;
- өтінілген өнімді ұқсастыру үлгі іріктеу және оны сынақ зертханаларына жіберу;
- Өтінілген өнімнің үлгілерін
сертификаттау сынақтарын
- Сынақ нәтижесін талдау немесе сәйкестік өтініші бойынша берілген құжаттарды қарау;
-сәйкестік сертификатын беру
мүмкіншілігін ьеру туралы
- сертификатты Қазақстан
- өнімнің сертификатталған
-өнімді сертификаттау туралы ақпарат беру;
2.3 Сәйкестікті растау тәртібі
Сәйкестікті растау процедураларын
осындай сынақтарды өткізу құқығына
аккредиттелген немесе жасалған халықаралық
келісімдерге сәйкес өзара танылған
сынақ зертханалары (орталықтары) және
сәйкестікті растау жөніндегі органдар ғана жүргізеді.
Сәйкестікті растау бойынша жұмыстарды
жүргізуге байланысты шығындарды оның
нәтижесіне қарамай, шарт негізінде өтінім
беруші төлейді.
Сәйкестікті растауға:
1) сәйкестікті растауға арналған
өтінімді беру және қарау;
2) өтінім бойынша шешімдер қабылдау,
оның ішінде модульдерді таңдау;
3) сәйкестікті растау бойынша
жұмыстарды жүргізуге арналған шарт жасау;
4) үлгілерді сәйкестендіру, іріктеу
және оларды сынау (егер бұл модульде көзделсе);
5) өндірісті бағалау (егер бұл
модульде көзделсе);
6) алынған нәтижелерді талдау
және Сертификатты беру (беруден бас тарту
туралы) немесе Сәйкестік туралы декларацияны
тіркеу туралы (тіркеуден бас тарту туралы)
шешім қабылдау;
7) Сертификатты немесе Сәйкестік
туралы декларацияны мемлекеттік техникалық
реттеу жүйесінің тізілімінде тіркеу;
8) Сертификатты беру немесе Сәйкестік
туралы декларацияны тіркеу;
9) сәйкестікті растаудан өткен
өнімді инспекциялық бақылауды жүзеге
асыру (егер бұл таңдалған модульде көзделген
болса);
10) сәйкестікті растау нәтижелері
туралы ақпарат беру кіреді.
Өтінім беруші Регламенттің 2-қосымшасына
сәйкес сәйкестікті растау жөніндегі
органға өнімнің сәйкестігін растауды
жүргізуге өтінім жібереді. Өтінімге өнімді
сәйкестендіруге мүмкіндік беретін нормативтік
құжаттар, сонымен қатар қажет болған
жағдайда басқа құжаттар (сапа сертификаты,
шығу тегі туралы сертификат, шарттар,
келісім-шарттар, кедендік декларациялар,
ветеринарлық куәлік, санитарлық-гигиеналық
қорытынды, гигиеналық қорытынды) қоса
беріледі.
Сәйкестікті растау жөніндегі
орган өтінімді қарайды және оны алғаннан
кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей өтінім
берушіге өзінің шешімі туралы хабарлайды.
Жеке тұлғалар мен шағын кәсіпкерлік субъектілері
үшін өтінімді қарау мерзімі бір күннен
аспауға тиіс.
Сәйкестікті растау рәсімдерін жүргізуге
арналған өтінім бойынша шешім Регламенттің
3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша рәсімделеді
және сәйкестікті растауды жүргізудің
барлық негізгі шарттарын қамтиды, оның
ішінде ұсынылатын модуль, қажетті нормативтік
құжаттардың тізбесі, тексерілетін көрсеткіштердің
тізбесі, сынақ зертханасының (орталығының)
атауы (бұдан әрі зертхана), сондай-ақ инспекциялық
бақылау шарттары көрсетіледі.
Егер өтінім беруші сәйкестікті
растау процедурасының шарттарымен келіскен
жағдайда, он күндік мерзім ішінде осы
жұмыстарды жүргізуге және оларды жүргізу
мерзіміне шарт жасалады.
Егер таңдалған модульде (А1, А2,
В, С, С1, С2, Д, Д1, F, F1, G, G1) өнімді сынауды
жүргізу көзделсе:
1) сынақтар құрастырылымы, құрамы
мен дайындау технологиясы тұтынушыға
(тапсырыс берушіге) жеткізілетін өнімдікі
сияқты үлгілерде жүргізіледі;
2) үлгілердің саны, оларды іріктеу
тәртібі, сәйкестендіру және сақтау тәртібі
өнімге белгіленген талаптар мен сынау
әдістемесіне сәйкес белгіленеді;
3) өтінім беруші (дайындаушы)
құрамы мен мазмұнын техникалық регламентте,
ол болмаған кезде осы өнімге арналған
нормативтік құжаттарда белгіленетін
үлгіге (үлгілерге) арналған техникалық
құжаттамада көрсетеді;
4) сынау үшін үлгілерді іріктеуді
дайындаушының аккредиттелген зертханасы
(А1 және А2 модулі) немесе сәйкестікті
растау жөніндегі орган немесе оның тапсырмасымен
аккредиттелген зертхана немесе өтінім
беруші тағайындаған сарапшы аудиторлардан
тұратын комиссия жүзеге асырады және
4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша актімен
рәсімделеді;
5) іріктелген сынамалар өтінім
берушінің қатысуымен буып-түйіледі, пломбаланады
(егер мүмкін болса) және өнімнің үлгілерін
іріктеу актісін және тізбесін сәйкестікті
растау органы белгілейтін, оның техникалық
құжаттамасын қоса беріп аккредиттелген
зертханаға жіберіледі;
6) өнімнің үлгілерін сақтаудың
нақты мерзімі осы өнімге арналған нормативтік
құжаттарда белгіленеді. Өнімнің үлгілерін
сақтау мерзімі нормативтік құжаттамада
көзделмеген жағдайда, өнімнің бақылау
үлгілерін сақтау өнімнің жарамдылық
мерзімі немесе сәйкестік туралы сертификаттың
және (немесе) декларацияның қолданылу
мерзімі ішінде жүзеге асырылады. Сақтау
үшін жағдайы болған кезде және осы ереже
сәйкестікті растау жөніндегі орган мен
өтінім беруші арасында жұмыстарды жүргізуге
арналған шартқа енген кезде бақылау үлгілері
өтінім беруші сақталуы мүмкін;
7) мәлімделген өнімді сынау осы
өнімге арналған нормативтік құжаттарда
көзделген әдістер бойынша және мерзімде
жүргізіледі. Егер сынақ мерзімі нормативтік
құжаттамада көзделмеген жағдайда, бұл
мерзім 30 күнтізбелік күннен аспауға тиіс;
8) сынақ хаттамасы дайындаушыға
немесе өтінім берушіге (А1, А2 модулі) және
сәйкестікті растау жөніндегі органға
ұсынылады. Сынақ хаттамаларының көшірмелері
сәйкестік туралы сертификаттың немесе
декларацияның қолданылу мерзімінен кем
емес мерзімде сақталуға тиіс. Хаттамалардың
көшірмелерін нақты сақтау мерзімі (оның
ішінде өнім белгіленген талаптарға сай
келмегендіктен, өтінім берушіге сертификат
берілуі мүмкін емес немесе сәйкестік
туралы декларация тіркелмеген жағдайларда)
осы өнімге арналған нормативтік құжаттарда
және зертхананың құжаттарында белгіленеді;
9) егер нормативтік құжаттарда
қаражаттың, уақыттың үлкен шығынына байланысты
және сынақты жүргізу күрделі болып табылатын
тасымалдануы қиын бұйымдар үшін сынақтар
белгіленген болса, ал үлгілерді іріктеу
қымбатқа түсетін болса, сынақтарды сәйкестікті
растау жөніндегі орган аккредиттеу саласында
айқындалған сынақтарды жүргізу әдістемесіне
сәйкес аккредиттелген сынақ зертханасының
және сәйкестікті растау жөніндегі органының
өкілдерінің қатысуымен өндіру процесінде
жүргізілетін сынақтарға сәйкес біріктіру
туралы шешім қабылдай алады;
10) тым болмаса бір көрсеткіш
(сипаттама) бойынша сынақтың теріс нәтижесі
алынған кезде өнімнің сәйкестігін растау
мақсатында өтінім берушімен келісу бойынша
сынақ жүргізуді жалғастыру жағдайларын
қоспағанда сынақ тоқтатылады;
11) сынақтың оң нәтижесі болған
кезде сәйкестікті растау жөніндегі орган
үш жұмыс күні ішінде 5-қосымшаның нысаны
бойынша сертификатты беру немесе сәйкестік
туралы декларацияны тіркеу туралы шешім
қабылдайды, ал сынақтан теріс нәтиже
алынған кезде сәйкестікті растау жөніндегі
орган өтінім берушіге және техникалық
реттеу саласындағы уәкілетті органға
сынақ хаттамасымен регламентке 6-қосымшаға
сәйкес нысан бойынша сертификат беруден
бас тарту немесе сәйкестік туралы декларацияны
тіркеу туралы шешімді қабылдайды.
Өтінім беруші сәйкестікті
растау жөніндегі органға өнімнің сәйкестігін
растау үшін модульге сәйкес өтінімде
көрсетілген құжаттарды, оның ішінде:
1) егер бұл Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген болса, өзінің
құзыреті шегінде уәкілетті мемлекеттік
орган берген өнімнің белгіленген талаптарға
сәйкестігі туралы құжаттарды;
2) өнімді әзірлеу және өндіріске
қою кезінде жүргізілген олардың іс-қимыл
мерзімін есепке ала отырып сынақ хаттамасын
немесе техникалық реттеу жүйесінде аккредиттелген
зертханалар орындаған сынақтар туралы
құжаттарды береді.
Ұсынылған құжаттарды, оның ішінде:
олардың ішіндегі нәтижелердің Қазақстан
Республикасының заңнамасына және нормативтік
құжаттарға сәйкестігін, оларды беру мерзімін,
құрастырылымға (құрамына) материалдарға,
технологияларға енгізілген өзгерістерді
тексергеннен кейін сәйкестікті растау
жөніндегі орган Сертификатты беру және
(немесе) Сәйкестік туралы декларацияны
тіркеу туралы немесе сынақ көлемінің
қысқартылғаны немесе тиісті құжаттарда
көрініс табатын жетіспейтін сынақтарды
жүргізу туралы шешім қабылдайды. Ұсынылған
құжаттарда бұзушылық анықталған жағдайда
өтінім беруші осы бұзушылықтарды жоя
алады және сәйкестікті растау жөніндегі
органға тек анықталған бұзушылық бөлігінде
ғана қайта қарауға ұсына алады.
Егер модуль (А, А1, А2, С, С1,
С2) өнімнің өндірісін ішкі бақылау көзделген
болса, онда:
1) олардың жай-күйін нормативтік
және техникалық құжаттармен қамтамасыз
етілуі;
2) технологиялық процестің сақталуы
және оның метрологиялық қамтамасыз ету
жай-күйі;
3) кірістік, қабылдау бақылау
жүйесінің және кезеңдік сынақтардың
болуы;
4) техникалық қызмет көрсету жүйесінің
және сынақ жабдықтарын және құралдарды
жөндеудің болуы;
5) шикізатпен және материалдармен
қамтамасыз етілуі;
6) сертификатталатын өнім сапасының
тұрақтылығы;
7) наразылықты есепке алудың және
талдаудың болуы тексеріледі.
Бақылаудың ұзақтығы өнімнің күрделілігіне
байланысты болады, бірақ 10 жұмыс күнінен
аспауға тиіс. Бақылау нәтижелері тиісті
қорытындылары бар актімен рәсімделуге
тиіс.
Тексеруден теріс нәтиже алынған жағдайда
таңдалған модуль бойынша ұсынылған өнімнің
сәйкестігін растау жұмыстары тоқтатылады.
Анықталған кемшіліктер жойылғаннан
кейін немесе басқа модуль таңдалғаннан
кейін өтініш беруші өнімнің сәйкестігін
растауға арналған жаңа өтінімді береді.
Сәйкестікті растау жөніндегі
орган таңдалған модульде белгіленген
рәсімдерді талдау негізінде өнімнің
белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалауды
жүзеге асырады.
Осы бағалау нәтижелері сарапшы-аудитордың
қорытындысында көрініс табады. Осы қорытынды
негізінде сәйкестікті растау жөніндегі
орган:
1) Сертификатты беру немесе Сәйкестік
туралы декларацияны беру туралы немесе
өнімнің сәйкестігін бағалаудың теріс
нәтижелері кезінде себептерін көрсеткіш
Сертификатты беруден немесе Сәйкестік
туралы декларацияны тіркеуден бас тарту
туралы шешім қабылдайды;
2) оң шешім болған кезде үш жұмыс
күні ішінде Сертификат рәсімделеді, Сертификатты
немесе Сәйкестік туралы декларацияны
берген Сертификаттар тізілімінде немесе
тіркелген Сәйкестік туралы декларациялар
тізілімінде тіркеледі.
Сәйкестік туралы сертификат, Сәйкестік
туралы декларация тек тіркеу нөмірі бар
болған кезде ғана жарамды.
Өнімнің белгіленген талаптарға
сәйкестігін растау үшін пайдаланылған
модульдер туралы мәліметтер (құжаттар)
Сертификатта немесе өнімнің белгіленген
талаптарға сәйкестігі туралы декларацияда
көрсетіледі.
Егер құрамын:
1) бір дайындаушы шығарған және
бірдей талаптар бойынша сертификатталған
біртекті өнімнің тобын;
2) Сәйкестік сертификатында немесе
Декларацияда көрсетілген бұйымға (жиынтыққа,
жинаққа) техникалық қызмет көрсету және
жөндеу үшін қолданылған құрама бөлшектердің
және (немесе) қосалқы бөлшектердің белгіленген
жиынтығының бұйымын (жиынтық, жинақ) егжей-тегжейлі
жазу талап етілсе, онда Сәйкестік сертификатының
немесе Декларацияның оның (олардың) күші
таралатын нақты өнімнің тізбесін қамтитын
қосымшасы болуы мүмкін.
Сәйкестікті растау жөніндегі
әрбір орган сәйкестікті растау жөніндегі
басқа органға олардың сұрауы бойынша:
1) берілген сәйкестік сертификаты
және олардың қосымшасы;
2) сертификатты беруден бас тарту;
3) осы орган қайтарып алған, жойған
немесе басқалай тәсілмен олардың күшін
шектеген типінің сәйкестік сертификаты
және сертификаттың қосымшалары.
Сәйкестікті растау жөніндегі
әрбір орган аккредиттеу жөніндегі уәкілетті
органды барлық берілген, қайтарып алынған,
жойылған немесе олар күшін шектеген барлық
типінің сәйкестігі сертификаттары мен
сертификатқа қосымшалар туралы ай сайын
хабарлауға тиіс.
3 Өнімді сынау бақылау және өнім қауіпсіздігі
3.1 Сынау мен бақылау міндеттері мен түрлері
Сынау міндеті. Бақылау міндеті. Бақылау түрлнерін жіктелуі. Сынаудың жіктелуі. Бұйымға және материалдарға сыртқы әсер ету түрлері. Сынау түрлері. Зерттеп, бақылап, жеткізіп алдан ала, қабылдап, білікті, қабылдап тапсырып, периодтық, типтік, инспекциялық, сертификаттық, сынау. Бақылауға алып пайдалану. Сынау жүргізу деңгейі. Сынау технология процесс ретінде. Сынауды анықтау. Сынау объектісі. Сынау деңгейі. Сынау құралдары. Сынауды орындаушылар. Сынаудың нормативтік -әдістемелік негізі. Сынауды дайындау және жүргізу. Сынаудың негізгі кезеңдері: жоспарлау, сынау бағдарламалары, сынау жабдығының аттестациясы, сынау әдістемесін әзірлеу және оларды аттестациялау, сынау үшін үлгілерді іріктеу, сынауды жүргізу, зерттеу, сынау деректерін өңдеу, сынау нәтижелері бойынша шешімдер қабылдау. Өлшеу құралдарын тексеру. Тексеру түрлері. Сынау бірлігін қамтамассыз етудің жалпы ережелері және оларға қойылатын талаптар. Сынау нәтижелелердің дәлелдігі, сенімділігі және ұдайы өндірілуі. Дәлдік көрсеткіштері. Сынау нәтижелерін ұдайы өндіру кқрсеткіштері. Сынауды сертификаттву. Сынау сапасының жүйелері. Сынау сапасының менеджмент жүйелерінің негізгі элементтер.
Механикалық әсерлерге сынау. Механикалық сынаудың негізгі міндеттері. Керу мен қысымдауға сынау құралдары. Ию мен бұралуға сынау құралдары. Тозу мен үйкелуге сынау құралдары. Материалдардың триботехникалық сиапаттамаларын анықтау әдістері. Материалдардың қаттылығын өлшеу құралдары. Қаттылықты өлшеуге арналған бүлдірмейтін әдістер мен аспаптар. Дірілдің әсер етуіне сынау. Соққылардың әсер етуіне сынау. Сызықтық үдеулердің әсер етуіне сынау.Акустикалық шулардың әсер етуіне сынау.
Климаттық әсерлерге сынау. Климаттық әсер ету түрлері, климаттар топтары және олардың сипаттамалары. Бұйымдарға елеулі әсер ететін климаттық факторлардың, әсер етуі кезінде пайда болатын істен шығулар. Климаттық сынау әдіснамасы, климаттық сынаудың қалыптандырылған жүйелілігі. пайдалану, тасымалдау және сақтау кезінде жылуға төзімділікке сынау. Пайдалану, тасымалдау және сақтау кезінде суыққа төзімділікке сынау. Температуралардың циклдік әсер етуіне сынау. Ылғалға төзімділікке сынау. Төмендеген атмосфералық қысымның әсер етуіне сынау. Шаң мен құмның әсер етуіне сынау. Күн сәулесінің әсер етуіне сынау. Климаттық факторлардың әсер етуіне сынау жүргізуге арналған жабдықтар. жылу, суық, ылғал камералары. Вакуумдық камералар. Күн саулесін шығару камералары. Шаң мен құмның әсер етуіне сынау жүргізуге арналған камералар. Коррозияның (К) әсер етуіне сынау. Коррозиялық-агрессиялық атмосфералар, олардың сипаттамасы және жіктелуі. Коррозиялық процестердің жіктелуі, коррозия салдарынан пайда болатын істен шығулар. Сынаудың негізгі түрлері. Сынау әдістемесі, режимдері;сынау жабдықтарына және өлшеу құралдарына қойылатын талаптар.Өнеркәсіптік атмосфераны қайталап шығаруға арналған жабдықтар; коррозиялық камера; жұмыс құрылғысы және принциптері.
Сенімділікке сынау. Қалпына келмейтін және қалпына келетін бұйымдардың сенімділігі көрсеткіші. Таңдап сынау нәтижелері бойынша сенімділік көрсеткіштерін бағалаудың стантистикалық әдістері. Сенімділікке анықтап және бақылап сынау нәтижелерін жоспарла, жүргізу және өңдеу. Сынауды автоматтандыру.
Сынау нәтижелерін өңдеу және талдау. Сынаудың дұрыс, шынайы және дәл нәтижелерін өңдеу және алуды қамтамассыз ету. Сыналған бұйымдардың сапасын арттару бойынша ұсыныстарды әзірлеу ережелері.
Сынау мен бақылауды техникалық қамтамасыз ету. Сынау жабдықтарының түрлері, құрамы және орналасуы. сынаулар кезінде қолданылатын технологиялық жарақтар және есептеу техникасы. сынау жабдықтарын таңдау, таңдау критерийі, сынау жабдықтарын аттестаттау.
3.2 Сынау əдістемелерінің негізгі принциптері
Сынау əдістемесі сынау əдістерін қолдану тəртіптерін, қажетті сынау құралдарын, сынауға қойылған талаптарын , сипаттамаларын анықтау операциясының алгоритмін, операторлардың біліктілігін, сынау нəтижесінің шынайы жəне дəл бағалап анықтайтын түрлерін , қоршаған ортаны қорғауды жəне техника қауіпсіздігінің сақталуын талап етеді.
Сынау əдістемесі сынауды жүргізу технологиялық процесінің реті мен режимдерін анықтайды. Сынау əдістемесі тексерілген, аттесталған жəне анықталған болуы шарт.
Сынау əдістемесіне қойылатын маңызды талаптар ретінде сынау нəтижесінің берілген қателіктен көп емес болуы үшін келесі талаптар орындалу керек:
Информация о работе Метрология бойынша сәйкестікті растауға өнімді сынау әдістемесін әзірлеу