Қылмыстық-процестегі-жедел-іздестіру-әрекеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 21:35, дипломная работа

Краткое описание

Қылмыстарды тез және толық ашуда, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуде және қылмыстық жауапқа тартуда тергеу іс-әрекеттерімен бірге жедел-іздестіру әрекеттерінің де рөлі аз емес. Әдетте, қылмыстарды ашумен байланысты жұмыс осы жедел-іздестіру қызметі арқылы басталады. Кейде жедел-іздестіру әрекеттерін, әсіресе жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу нәтижесінде қылмыстық іс жүргізушілік іс-әрекеттер жүргізу кезінде алу мүмкін емес қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер алынады.
Жедел-іздестіру қызметі уақыты бойынша қылмысты табу сәтіне біршама жақын, негізінен ол дереу қылмыс ізіне түседі және оның міндетіне тек қылмысты табу, алдын-алу, жолын кесу және ашу ғана емес, сондай-ақ қылмысты дайындап жатқан, жасап жатқан немесе жасаған тұлғаларды табу және анықтау жатады.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3


I-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ҰҒЫМЫ, ОНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ, ЖАРИЯ ЖӘНЕ ЖАСЫРЫН ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ ӘРЕКЕТТЕРІНЕ ЖІКТЕЛУІ.......................6
§1. Қылмыстық процестегі жедел-іздестіру
әрекеттерінің ұғымы және оның белгілері...........................................................6
§2. Қылмыстық процестегі жедел-іздестіру
әрекеттерінің жария және жасырын
жедел-іздестіру әрекеттеріне жіктелуі...............................................................22


ІІ-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ЖАРИЯ ЖӘНЕ ЖАСЫРЫН ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ ӘРЕКЕТТЕРІН ЖҮРГІЗУ................................................27
§3. Қылмыстық процестегі жедел-іздестіру әрекеттерін
жүргізу негіздері....................................................................................................27
§4. Қылмыстық процестегі жедел-іздестіру
әрекеттерін жүргізу шарттары.............................................................................35
§5. Қылмыстық процестегі жария және
жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізудің
ерекшеліктері.........................................................................................................39
§6. Қылмыстық процестегі жария және
жасырын жедел-іздестіру әрекеттерінің
нәтижелерін құжаттандыру..................................................................................51


ІІІ-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ ӘРЕКЕТТЕРІН ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫНДА АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫН САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІН ЖЕТІЛДІРУ...........................................................................................................55


ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................62


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................65

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-ҚЫЛМЫСТЫҚ-ПРОЦЕСТЕГІ-ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ-ӘРЕКЕТТЕРІ.doc

— 492.00 Кб (Скачать документ)

в) жедел қаматамасыз  ету объектілерінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлауы  мен Президентінің Күзет қызметі - байқау, соның ішінде арнаулы техникалық құралдарды (дыбыс-, бейнежазбаларды, кино-, суреттүсірілімдерін және басқа техникалық құралдарды), жеке адамның өміріне, денсаулығына және айналадағы ортаға зиянын тигізбейтін заттарды және материалдарды пайдалана отырып байқау; тұрғын және басқа жайларға, үйлерге, ғимараттарға, жер учаскелеріне, көлік және өзге техникалық құралдарға кіру және оларды тексеру жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізеді; бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздерді жасырын тыңдау және жазып алу, телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргізілетін сөлесулерді тыңдау және жазып алу, сондай-ақ телефон арқылы жүргізілетін сөйлесулер туралы мәліметтер алу; байланыстың техникалық арналарынан, компьютер жүйелерінен және өзге техникалық құралдардан хабарламалар алып тастау ісін жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының  ішкі істер, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі, Ұлттық қауіпсіздік органдары, Қорғаныс министрлігінің әскери барлау, қаржы полициясы мен Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі қажет болған жағдайда арнаулы жедел-іздестіру әрекеттерін ұйымдастыру мен жүргізуде өзара жәрдемдесуге міндетті.

Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың міндеттерді шешу мүддесіне орай телекоммуникациялар желілері мен байланыстың пошта арналарын пайдалануына орай арнаулы жедел-іздестіру әрекеттерін техникалық жағынан Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары жүзеге асырады, бұл үшін оларға қажетті күштер мен қаржы бөлінеді.

Заңмен қорғалатын жеке өмірге тиіспеушілік, хат жазысу, телефонмен сөйлесу, телеграф хабарлары мен  пошта жөнелтілімдері құпиясын, сондай-ақ тұрғын үйді қол сұғудан қорғау құқығын  қозғайтын арнайы жедел-іздестіру  әрекеттері тек ауыр және аса ауыр қылмыстарды, сондай-ақ қылмысты топтар әзірлеп жатқан және жасаған қылмыстарды анықтау, алдын алу және ашу үшін прокурордың рұқсатымен ғана жүзеге асырылады. Мұндай әрекеттерді жүргезуге рұқсатты жедел-іздестіру қызметін жүргізуші органдардың қаулысы бойынша Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасарлары, республикалық әскери прокуроры, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар береді. Бұл жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізуге рұқсат алу кезінде прокурорға жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдармен құпия негізде қызмет жасаушы немесе қызмет жасаған азаматтардың жеке басы туралы мағлұматтар құпиясын  ашуға мүмкіндік бермейтін нысанда және мазмұнда оларды жүргізуге негіздеме материалдар тапсырылады.

Жоғарыда аталған арнаулы  жедел-іздестіру әрекеттерін жүзеге асырудың ерекше жағдайлары көзделген:

а) Бас Прокурормен  келісілген тәртіпте;

б) жедел-іздестіру әрекеттерін  жүргізгеннен кейін 24 сағат ішінде міндетті түрде прокурорды хабардар ете отырып;

в) прокурорды хабардар ете  отырып және оларды жүзеге асырғаннан соң 24 сағат ішінде рұқсат алумен.

<p class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439" style=" text-align: justify; text-indent: 36pt

Информация о работе Қылмыстық-процестегі-жедел-іздестіру-әрекеттері