Қылмыстық-процестегі-жедел-іздестіру-әрекеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 21:35, дипломная работа

Краткое описание

Қылмыстарды тез және толық ашуда, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуде және қылмыстық жауапқа тартуда тергеу іс-әрекеттерімен бірге жедел-іздестіру әрекеттерінің де рөлі аз емес. Әдетте, қылмыстарды ашумен байланысты жұмыс осы жедел-іздестіру қызметі арқылы басталады. Кейде жедел-іздестіру әрекеттерін, әсіресе жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу нәтижесінде қылмыстық іс жүргізушілік іс-әрекеттер жүргізу кезінде алу мүмкін емес қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер алынады.
Жедел-іздестіру қызметі уақыты бойынша қылмысты табу сәтіне біршама жақын, негізінен ол дереу қылмыс ізіне түседі және оның міндетіне тек қылмысты табу, алдын-алу, жолын кесу және ашу ғана емес, сондай-ақ қылмысты дайындап жатқан, жасап жатқан немесе жасаған тұлғаларды табу және анықтау жатады.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3


I-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ҰҒЫМЫ, ОНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ, ЖАРИЯ ЖӘНЕ ЖАСЫРЫН ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ ӘРЕКЕТТЕРІНЕ ЖІКТЕЛУІ.......................6
§1. Қылмыстық процестегі жедел-іздестіру
әрекеттерінің ұғымы және оның белгілері...........................................................6
§2. Қылмыстық процестегі жедел-іздестіру
әрекеттерінің жария және жасырын
жедел-іздестіру әрекеттеріне жіктелуі...............................................................22


ІІ-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ЖАРИЯ ЖӘНЕ ЖАСЫРЫН ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ ӘРЕКЕТТЕРІН ЖҮРГІЗУ................................................27
§3. Қылмыстық процестегі жедел-іздестіру әрекеттерін
жүргізу негіздері....................................................................................................27
§4. Қылмыстық процестегі жедел-іздестіру
әрекеттерін жүргізу шарттары.............................................................................35
§5. Қылмыстық процестегі жария және
жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізудің
ерекшеліктері.........................................................................................................39
§6. Қылмыстық процестегі жария және
жасырын жедел-іздестіру әрекеттерінің
нәтижелерін құжаттандыру..................................................................................51


ІІІ-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ ӘРЕКЕТТЕРІН ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫНДА АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫН САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІН ЖЕТІЛДІРУ...........................................................................................................55


ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................62


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................65

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-ҚЫЛМЫСТЫҚ-ПРОЦЕСТЕГІ-ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ-ӘРЕКЕТТЕРІ.doc

— 492.00 Кб (Скачать документ)

Мұндағы анықтамалардан келесідей айырмашылықты көрсетуге  болады. Ресей Федерациясындағы жедел-іздестіру қызметі сыртқы барлау қызметін қамтымайды, оны реттейтін дербес 1996 жылғы 10 қаңтардағы №5-ФЗ «Сыртқы барлау туралы» Федерациялық Заңы бар. Сондықтан сыртқы барлау сипатындағы кейбір жедел-іздестіру шаралары Ресей Федерациясының жедел-іздестіру қызметінің мазмұнына кірмейді. Ал, Қазақстан Республикасындағы жедел-іздестіру қызметі сыртқы барлау қызметін қамтыған және оны реттейтін дербес нормативтік-құқықтық акт көзделмеген. Сондықтан Қазақстан Рестпубликасының сыртқы барлау қызметі «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және өзге құпия ведомстволық нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі. Сыртқы барлау сипатындағы әрекеттер бір уақытта жедел-іздестіру әрекеттері болып табылады. Бір сөзбен айтсақ, Қазақстан заңнамасындағы жедел-іздестіру қызметінің ұғымы Ресейлік заңнамадағы жедел-іздестіру қызметі ұғымынан кең болып келеді.

Сонымен, жедел-іздестіру әрекеттері – бұл жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың өз құзыреті шегінде өздерінің алдына қойылған міндеттерін шешуге бағытталған іс-әрекеттері.

Біріншіден, бұл іс-әрекеттер тек жедел-іздестіру  қызметін жүзеге асырушы органдармен  жүргізіледі.

Жедел-іздестіру  қызметін жүзеге асырушы орган –  жедел-іздестіру заңдарына сәйкес белгілі бір құқық қорғау органының  немесе арнаулы қызметтің құрамында қызмет ететін жедел-іздестіру қызметін толық немесе ішінара тікелей жүргізу үшін немесе оны бақылауға арналған бірінші басшылармен қоса оның жедел бөлімшелері мен лауазымды тұлғаларының жүйесі.8

Жедел-іздестіру қызметі  туралы Заңның 6 бабына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағындағы жедел-іздестіру қызметін:

  • ішкі істер органдары;
  • ұлттық қауіпсіздік органдары;
  • Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдары;
  • Қаржы полициясының органдары;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің күзет қызметі;
  • Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі жүзеге асырады.

Тек осы органдар ғана жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізуге  құқылы және олардың тізімі тек Жедел-іздестіру  қызметі туралы Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі арқылы өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін.

Ішкі істер органдары  болып Қазақстан Республикасының  Ішкі істер министрлігі, оның құрамына кіретін департаменттер, басқармалар  мен бөлімдер, облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың, көліктегі Орталық, Батыс және Оңтүстік-Шығыс ішкі істер департаменттері, аудандық, қалалық, қалалардағы аудандық, поселкелік, желілік ішкі істер басқармалары, бөлімдері, ішкі әскерлер табылады. Ішкі істер органдары құрамында криминалдық полиция, әкімшілік полиция, әскери-тергеу органдары және әскери полиция да бар.

Ұлттық қауіпсіздік  органдары болып Қазақстан Республикасының  Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан  Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің  «Барлау» Қызметі, облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астана бойынша Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің департаменттері, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі әскери қарсы барлау органдары, Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің әскерлері, арнаулы мақсаттағы бөлімшелер табылады.

Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігініңБас барлау басқармасы және оның әскер түрлеріндегі басқармалары, әскери құрамалардағы бөлімшелері.

Қаржы полициясының органдары – Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмыстармен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттігі, оның облыстардағы, ресрубликалық маңызы бар қала мен астанадағы департаменттері.

Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдары  – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі жөніндегі комитеті мен оның аумақтық басқармалары.

К.К. Горяинова, В.С. Овчинского, Г.К. Синилова, А.Ю. Шумилова сияқты бірқатар ресейлік авторлар осы аталған жедел-іздестіру  қызметін жүзеге асырушы органдардың  ішінде жедел-іздестіру әрекеттерін жедел бөлімшелер жүргізе алады деп көрсеткен.

          Жедел-бөлімше – бұл тиісті  құқық қорғау органының немесе  арнаулы қызметтің құрылымына  кіретін, қызметтік міндеттеріне  заңдармен көзделген жедел-іздестіру,  қарсы барлау немесе барлау  міндеттерін шешу үшін жататын ұйымдық штаттық буын.9

Нақ бір жедел-іздестіру  қызметін жүзеге асырушы органның жедел  бөлімшелері тиісті ұйымдық, әкімшілік  бірліктерге сай құрылған. Ол жедел-іздестіру, жедел-іздеу, жедел-техникалық, қарсы  барлау, барлау немесе ақпараттық-талдау бөлімшелері (топтары), бөлімі, басқарма, бас басқарма, сондай-ақ ішкі қауіпсіздік бөлімшесі және т.б. болуы мүмкін. Әр түрлі жедел-іздестіру органдарында жедел бөлімшелердің құрылымы және олардың атаулары біркелкі аталмаған, ол жедел-іздестіру қызметінің нақты міндеттерін шешудегі өзіндік ерекшеліктермен бірге туындауда.

Жедел-іздестіру әрекеттерін  жүргізуге құқылы қызметкерлердің, бөлімшелер мен қызметкерлер санаттары  жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы  органдардың басшыларымен анықталады.

«Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы бөлімшелерді жедел-іздестіру әрекеттерін толық жүргізуіне байланысты оларды келесідей топтарға бөлуге болады:

  1. Жедел-іздестіру әрекеттерін толық көлемде жүргізетін жедел-іздестіру бөлімшелері (олардың лауазымды тұлғалары). Мұндай бөлімшелер ведомстволық нормативтік актілерде әр кезеңдерде әр түрлі аталды: жедел аппараттар, жедел қызметтер, жедел-іздестіру бөлімшелері, іздестіру аппараттары және т.б. Қазіргі кезде, мысалы, Ішкі істер министрлігі жүйесінде құрамына әр түрлі құзырлы жедел-іздестіру бөлімшелері (қылмыстық іздестіру, ұйымдасқан қылмыстылықпен күресу жөніндегі аппараттар, іздеу аппараттары және т.б.) кіретін криминалдық полиция құрылды.
  2. Жедел-іздестіру әрекеттерін ішінара жүргізетін жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың құрылымдық аппараттары, қызметтері, бөлімшелері. Олар өздерінің қызметтік міндеттері бойынша белгілі бір бөлікте немесе көлемде жедел-іздестіру қызметіне тікелей қатысы бар ғылым-техникалық бөлімшелер, ақпараттық орталықтар, қаржы-жоспарлы бөлімдері және т.б. (мысалы, осы қызметті қаржылық қамтамасыз ету, тұлғаларды, заттарды, оқиғаларды есепке алу және т.б.).
  3. Жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізуге белгілі бір нысанда және көлемде тартылатын немесе өзінің қызметтік бабында жедел-іздестіру қызметінің әдістері мен тәсілдерін қолданатын жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың өзге құрылымдық қызметтері, бөлімшелері, аппараттары. Мысалы, ішкі істер органдарында әкімшілік полицияның учаскелік инспекторлары, сондай-ақ кәмелетке толмағандар ісі бойынша инспекторлар, медициналық есін жиғызу экипаждары, сақшылық қызмет, тергеу аппараты, жол полициясы және т.б.

Бірінші топқа кіретін  жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың бөлімшелері өз құзыреті шегінде жедел-іздестіру және өзге әрекеттерді жүргізуді ұйымдастыру мен тактикасын реттейтін ведомстволық нормативтік актілерді шығарады және жасайды».10

Сонымен, жедел-іздестіру әрекеттерін тек жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың жедел бөлімшелері (аппараттары) мен қызметкерлер санаты жүзеге асырады екен.

Екіншіден, бұл іс-әрекеттерді жедел-іздестіру  қызметін жүзеге асырушы органдар тек өз құзыреті шегінде жүргізеді.

Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың жедел-іздестіру  әрекеттерін жүргізудегі құзыреті келесідей:

Ішкі істер  органдары: азаматтарға, лауазымды адамдарға сауал-сұрақ қою, олардан хабарламалар алу; азаматтармен жария және жасырын қатынастар орнату, оларды жедел-іздестіру қызметіне пайдалану; қызметкерлерді қылмысты ортаға енгізу; қылмысты іс-әрекетке еліктеу мінез-құлық үлгісін қолдану; астыртын кәсіпорындар мен ұйымдар құру; берілетін өнімдерге жедел бақылауды жүзеге асыру; арнаулы техникалық құралдарды қолдану; мекемелердің, кәсіпорындардың және ұйымдардың (олардың бағыныстылығына және меншік нысандарына қарамастан) есептері бойынша анықтамалар мен тексерулер жүргізу; зерттеу үшін сынамалар мен үлгілер іріктеп алу; бақылау үшін сатып алу; іздеу-қызмет иттерін пайдалану; белгілері бойынша жеке адамды іздеу және ұқсастыру; ақпаратты заңсыз алып тастау қондырғыларын іздеу, құқыққа қарсы әрекеттер іздерін табу, жасырын анықтау және алу, оларды алдын ала зерттеу; қылмыс жасаушы немесе жасаған адамның ізіне түсу және оны ұстау; ұсталған адамдарды жеке тексеруді, қылмысты әрекетке қатысты болуы мүмкін заттар мен құжаттарды қарауды және алуды, сондай-ақ тұрғын-жайларды, жұмыс орындары мен өзге де орындарды тексеруді, көлік құралдарын тексеруді жүзеге асыру; қарулы қылмыскерлерді қолға түсіру жөнінде операциялар жүргізу; жедел, қылмыстар есептері және және қылмыстық тіркеу жүйелері бойынша тексеру; сотталғандардың хат-хабарларын цензуралау; посылка және бандероль түрінде пошта жөнелтілімдеріне бақылау жасау; бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздерді жасырын тыңдау және жазып алу, телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргізілетін сөлесулерді тыңдау және жазып алу, сондай-ақ телефон арқылы жүргізілетін сөйлесулер туралы мәліметтер алу; компьютер жүйелерінен және өзге техникалық құралдардан хабарламалар алып тастау; байқау, соның ішінде арнаулы техникалық құралдарды (дыбыс-, бейнежазбаларды, кино-, суреттүсірілімдерін және басқа техникалық құралдарды), жеке адамның өміріне, денсаулығына және айналадағы ортаға зиянын тигізбейтін заттарды және материалдарды пайдалана отырып байқау; тұрғын және басқа жайларға, үйлерге, ғимараттарға, жер учаскелеріне, көлік және өзге техникалық құралдарға кіру және оларды тексеру жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізуге құқылы.11

Ұлттық қауіпсіздік  органдары: азаматтарға, лауазымды адамдарға сауал-сұрақ қою, олардан хабарламалар алу; азаматтармен жария және жасырын қатынастар орнату, оларды жедел-іздестіру қызметіне пайдалану; қызметкерлерді қылмысты ортаға енгізу; қылмысты іс-әрекетке еліктеу мінез-құлық үлгісін қолдану; астыртын кәсіпорындар мен ұйымдар құру; берілетін өнімдерге жедел бақылауды жүзеге асыру; арнаулы техникалық құралдарды қолдану; мекемелердің, кәсіпорындардың және ұйымдардың (олардың бағыныстылығына және меншік нысандарына қарамастан) есептері бойынша анықтамалар мен тексерулер жүргізу; зерттеу үшін сынамалар мен үлгілер іріктеп алу; бақылау үшін сатып алу; іздеу-қызмет иттерін пайдалану; белгілері бойынша жеке адамды іздеу және ұқсастыру; ақпаратты заңсыз алып тастау қондырғыларын іздеу, құқыққа қарсы әрекеттер іздерін табу, жасырын анықтау және алу, оларды алдын ала зерттеу; қылмыс жасаушы немесе жасаған адамның ізіне түсу және оны ұстау; ұсталған адамдарды жеке тексеруді, қылмысты әрекетке қатысты болуы мүмкін заттар мен құжаттарды қарауды және алуды, сондай-ақ тұрғын-жайларды, жұмыс орындары мен өзге де орындарды тексеруді, көлік құралдарын тексеруді жүзеге асыру; қарулы қылмыскерлерді қолға түсіру жөнінде операциялар жүргізу; жедел, қылмыстар есептері және және қылмыстық тіркеу жүйелері бойынша тексеру; пошта жөнелтілімдерін бақылау; байланыс желілеріндегі жедел іздеу; бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздерді жасырын тыңдау және жазып алу, телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргізілетін сөлесулерді тыңдау және жазып алу, сондай-ақ телефон арқылы жүргізілетін сөйлесулер туралы мәліметтер алу; байланыстың техникалық арналарынан, компьютер жүйелерінен және өзге техникалық құралдардан хабарламалар алып тастау; байқау, соның ішінде арнаулы техникалық құралдарды (дыбыс-, бейнежазбаларды, кино-, суреттүсірілімдерін және басқа техникалық құралдарды), жеке адамның өміріне, денсаулығына және айналадағы ортаға зиянын тигізбейтін заттарды және материалдарды пайдалана отырып байқау; тұрғын және басқа жайларға, үйлерге, ғимараттарға, жер учаскелеріне, көлік және өзге техникалық құралдарға кіру және оларды тексеру жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізуге құқылы.12

Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдары: азаматтарға, лауазымды адамдарға сауал-сұрақ қою, олардан хабарламалар алу; азаматтармен жария және жасырын қатынастар орнату, оларды жедел-іздестіру қызметіне пайдалану; қызметкерлерді қылмысты ортаға енгізу; қылмысты іс-әрекетке еліктеу мінез-құлық үлгісін қолдану; астыртын кәсіпорындар мен ұйымдар құру; берілетін өнімдерге жедел бақылауды жүзеге асыру; арнаулы техникалық құралдарды қолдану; мекемелердің, кәсіпорындардың және ұйымдардың (олардың бағыныстылығына және меншік нысандарына қарамастан) есептері бойынша анықтамалар мен тексерулер жүргізу; зерттеу үшін сынамалар мен үлгілер іріктеп алу; бақылау үшін сатып алу; іздеу-қызмет иттерін пайдалану; белгілері бойынша жеке адамды іздеу және ұқсастыру; ақпаратты заңсыз алып тастау қондырғыларын іздеу, құқыққа қарсы әрекеттер іздерін табу, жасырын анықтау және алу, оларды алдын ала зерттеу; қылмыс жасаушы немесе жасаған адамның ізіне түсу және оны ұстау; ұсталған адамдарды жеке тексеруді, қылмысты әрекетке қатысты болуы мүмкін заттар мен құжаттарды қарауды және алуды, сондай-ақ тұрғын-жайларды, жұмыс орындары мен өзге де орындарды тексеруді, көлік құралдарын тексеруді жүзеге асыру; қарулы қылмыскерлерді қолға түсіру жөнінде операциялар жүргізу; жедел, қылмыстар есептері және және қылмыстық тіркеу жүйелері бойынша тексеру; байқау, соның ішінде арнаулы техникалық құралдарды (дыбыс-, бейнежазбаларды, кино-, суреттүсірілімдерін және басқа техникалық құралдарды), жеке адамның өміріне, денсаулығына және айналадағы ортаға зиянын тигізбейтін заттарды және материалдарды пайдалана отырып байқау; тұрғын және басқа жайларға, үйлерге, ғимараттарға, жер учаскелеріне, көлік және өзге техникалық құралдарға кіру және оларды тексеру жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізеді; пошта жөнелтілімдерін бақылау; байланыс желілеріндегі жедел іздеу; бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздерді жасырын тыңдау және жазып алу, телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргізілетін сөлесулерді тыңдау және жазып алу, сондай-ақ телефон арқылы жүргізілетін сөйлесулер туралы мәліметтер алу; байланыстың техникалық арналарынан, компьютер жүйелерінен және өзге техникалық құралдардан хабарламалар алып тастау ісін жүзеге асырады.13

Қаржы полициясы  органдары: азаматтарға, лауазымды адамдарға сауал-сұрақ қою, олардан хабарламалар алу; азаматтармен жария және жасырын қатынастар орнату, оларды жедел-іздестіру қызметіне пайдалану; қызметкерлерді қылмысты ортаға енгізу; қылмысты іс-әрекетке еліктеу мінез-құлық үлгісін қолдану; астыртын кәсіпорындар мен ұйымдар құру; берілетін өнімдерге жедел бақылауды жүзеге асыру; арнаулы техникалық құралдарды қолдану; мекемелердің, кәсіпорындардың және ұйымдардың (олардың бағыныстылығына және меншік нысандарына қарамастан) есептері бойынша анықтамалар мен тексерулер жүргізу; зерттеу үшін сынамалар мен үлгілер іріктеп алу; бақылау үшін сатып алу; іздеу-қызмет иттерін пайдалану; белгілері бойынша жеке адамды іздеу және ұқсастыру; ақпаратты заңсыз алып тастау қондырғыларын іздеу, құқыққа қарсы әрекеттер іздерін табу, жасырын анықтау және алу, оларды алдын ала зерттеу; қылмыс жасаушы немесе жасаған адамның ізіне түсу және оны ұстау; ұсталған адамдарды жеке тексеруді, қылмысты әрекетке қатысты болуы мүмкін заттар мен құжаттарды қарауды және алуды, сондай-ақ тұрғын-жайларды, жұмыс орындары мен өзге де орындарды тексеруді, көлік құралдарын тексеруді жүзеге асыру; қарулы қылмыскерлерді қолға түсіру жөнінде операциялар жүргізу; жедел, қылмыстар есептері және және қылмыстық тіркеу жүйелері бойынша тексеру; сотталғандардың хат-хабарларын цензуралау; посылка және бандероль түрінде пошта жөнелтілімдеріне бақылау жасау; бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздерді жасырын тыңдау және жазып алу, телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргізілетін сөлесулерді тыңдау және жазып алу, сондай-ақ телефон арқылы жүргізілетін сөйлесулер туралы мәліметтер алу; компьютер жүйелерінен және өзге техникалық құралдардан хабарламалар алып тастау; байқау, соның ішінде арнаулы техникалық құралдарды (дыбыс-, бейнежазбаларды, кино-, суреттүсірілімдерін және басқа техникалық құралдарды), жеке адамның өміріне, денсаулығына және айналадағы ортаға зиянын тигізбейтін заттарды және материалдарды пайдалана отырып байқау; тұрғын және басқа жайларға, үйлерге, ғимараттарға, жер учаскелеріне, көлік және өзге техникалық құралдарға кіру және оларды тексеру жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізеді.14

Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі: азаматтарға, лауазымды адамдарға сауал-сұрақ қою, олардан хабарламалар алу; азаматтармен жария және жасырын қатынастар орнату, оларды жедел-іздестіру қызметіне пайдалану; қызметкерлерді қылмысты ортаға енгізу; қылмысты іс-әрекетке еліктеу мінез-құлық үлгісін қолдану; астыртын кәсіпорындар мен ұйымдар құру; берілетін өнімдерге жедел бақылауды жүзеге асыру; арнаулы техникалық құралдарды қолдану; мекемелердің, кәсіпорындардың және ұйымдардың (олардың бағыныстылығына және меншік нысандарына қарамастан) есептері бойынша анықтамалар мен тексерулер жүргізу; зерттеу үшін сынамалар мен үлгілер іріктеп алу; бақылау үшін сатып алу; іздеу-қызмет иттерін пайдалану; белгілері бойынша жеке адамды іздеу және ұқсастыру; ақпаратты заңсыз алып тастау қондырғыларын іздеу, құқыққа қарсы әрекеттер іздерін табу, жасырын анықтау және алу, оларды алдын ала зерттеу; қылмыс жасаушы немесе жасаған адамның ізіне түсу және оны ұстау; ұсталған адамдарды жеке тексеруді, қылмысты әрекетке қатысты болуы мүмкін заттар мен құжаттарды қарауды және алуды, сондай-ақ тұрғын-жайларды, жұмыс орындары мен өзге де орындарды тексеруді, көлік құралдарын тексеруді жүзеге асыру; қарулы қылмыскерлерді қолға түсіру жөнінде операциялар жүргізу; жедел, қылмыстар есептері және және қылмыстық тіркеу жүйелері бойынша тексеру; байқау, соның ішінде арнаулы техникалық құралдарды (дыбыс-, бейнежазбаларды, кино-, суреттүсірілімдерін және басқа техникалық құралдарды), жеке адамның өміріне, денсаулығына және айналадағы ортаға зиянын тигізбейтін заттарды және материалдарды пайдалана отырып байқау; тұрғын және басқа жайларға, үйлерге, ғимараттарға, жер учаскелеріне, көлік және өзге техникалық құралдарға кіру және оларды тексеру жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізеді; пошта жөнелтілімдерін бақылау; байланыс желілеріндегі жедел іздеу; бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздерді жасырын тыңдау және жазып алу, телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргізілетін сөлесулерді тыңдау және жазып алу, сондай-ақ телефон арқылы жүргізілетін сөйлесулер туралы мәліметтер алу; байланыстың техникалық арналарынан, компьютер жүйелерінен және өзге техникалық құралдардан хабарламалар алып тастау ісін жүзеге асырады.15

Информация о работе Қылмыстық-процестегі-жедел-іздестіру-әрекеттері