Криминалистикалық идентификация және диагностика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2013 в 17:16, реферат

Краткое описание

«Идентификаця» термині—латын тілінен шыққан сөз, оны тікелей аударатын болсақ «теңдестіру», яғни «тепе-тендікті анықтау» немесе «тепе-тең ету, сәйкестендіру» деген мағынаны білдіреді.
«Идентификация» термині төмендегідей бірқатар түсінік талдауларын жасауда қолданылады:
идентификация — адамның ойлау қабілетінің заңдылығын ашуға мүмкіндіктер беретін ғылыми категория ретінде;
идентификация - танымның әдіс-тәсілі мен құралы ретінде;
идентификация - теңдестіру арқылы тану процесінің белгісі ретіңде қарастырылады.

Содержание

І. Кіріспе .....................................................................................................................................................................3
ІI. Негізігі бөлім
II.1 Криминалистикалық идентификацияның түсінігі........................................................................
II.2 Криминалистикалық идентификация объектілерінін ұғымы (түсінігі). Идентификациялық белгілер және оның классификациясы (жіктелуі)
II.3 Идентификация қорытындыларын процеске қатысушылардың бағалауы
ІІ.4 Диогностика криминалистиканың ілімі ретінде

Прикрепленные файлы: 1 файл

КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ИДЕНТИФИКАЦИЯ.docx

— 62.39 Кб (Скачать документ)

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік  университеті

Заң  факультеті

Мемлекеттік және азаматтық-құқықытық пәндер кафедрасы

 

 

 

Реферат

Тақырыбы: Криминалистикалық идентификация

және диагностика

 

 

 

 

                    Орындаған: ЮҚс 232 топ студенті 

Мусанов Е.М.

                                                                                       Тексерген: Өзенбаева А.Т.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Талдықорған 2011жыл.

 

Жоспар:

 

І. Кіріспе .....................................................................................................................................................................3

ІI. Негізігі бөлім

II.1 Криминалистикалық  идентификацияның түсінігі........................................................................

II.2 Криминалистикалық идентификация объектілерінін  ұғымы (түсінігі).            Идентификациялық белгілер және оның классификациясы (жіктелуі)

II.3 Идентификация қорытындыларын процеске қатысушылардың бағалауы

ІІ.4 Диогностика  криминалистиканың ілімі ретінде

 

 

 

 

 

II.1 Криминалистикалық идентификацияның түсінігі

«Идентификаця» термині—латын тілінен шыққан сөз, оны тікелей аударатын болсақ «теңдестіру», яғни «тепе-тендікті анықтау» немесе «тепе-тең ету, сәйкестендіру» деген мағынаны білдіреді.

«Идентификация» термині  төмендегідей бірқатар түсінік талдауларын жасауда қолданылады:

  • идентификация — адамның ойлау қабілетінің заңдылығын ашуға мүмкіндіктер беретін ғылыми категория ретінде;
  • идентификация - танымның әдіс-тәсілі мен құралы ретінде;
  • идентификация - теңдестіру арқылы тану процесінің белгісі ретіңде қарастырылады.

«Идентификация» термині  — көзделген мақсаты мен шешетін  мәселелеріне байланысты пайдаланылады және белгілі бір ойларды жинақтайды.

Идентификация ұғымы логика, таным теориясы (философияға), психология және басқа да негізгі ғылымдарға сүйенеді.

Таным теориясының (философия) көмегі арқылы адамның танымдық қызметіне ғылыми негізде талдаулар жасалады. Әлемдегі барлық материадды объектілер өзіне-өзі ғана тең. Әрбір объект өзіндік қасиетіне байланысты, өзі тектес басқа объектілерден ерекшеленеді. Объектілердің көптеген сәйкес келу белгі санына қарамастан материалды дүниедегі әрбір объект жекеленген болып табылады. Бұл жекеліктер адамдарға объектіні тануға, оны өзінің арасындағы басқа өзі тектес заттардан ажыратып тану немесе сәйкестендіру процесін жузеге асыруға мүмкіндіктер береді.

Танылатын объектінің өзіндік қасиеті  мен мақсат, міндеттеріне байланысты материалдық дүние объектілерін тану процесіндегі теңестіру әр түрлі жолдармен жүзеге асырылуы мүмкін. Теңдестіру актілері қарапайым, яғни күнделікті тұрмыс-тіршілікте, сондай-ақ ғылыми зерттеулер шеңберінде шешілетіндей күрделі болуы мүмкін. Мысалы: теңдестірудің тұрмыстық актілерінде кішкентай бала өзінің ата-анасын, киімдерін, ойыншықтарын таниды; суретші өзінің салған суретін оңай ажыратады; ұста өзі жасаған детальдарды тез табады және т.б. Ал күрделі актілерде: химик-аналитик - химиялық заттарды, оның табиғатын, сондай-ақ геолог - минералдың, физик - физикалық процестердің табиғатын анықтайды.

Адамның ойлау қызметі  заңдылықтарын зерттейтін логика ғылымы, идентификация көмегімен теңдестіру заңдылығы және адамды тану қызметіндегі теңестірудің логикалық қағидалары негізінде қалыптасқан.

Тендестіру зандылығына  сәйкес - адамның ойлау процесіндегі қандай да бір ойы өзіне-өзі сәйкес, тепе-тең болуы тиіс.

Адамның санасыңда керініс тапқан объект бейнесі нақты бір жекеленген болуы қажет. Талқылау кезінде міндетті түрде нақты бір объектіні ғана ойлау керек, оны басқа объектілермен алмастыруға болмайды. Әр түрлі объектілерді тендестіру мүмкін емес, логикаға жатпайды. Бір объектіні адамның қайта еске тусіру кезіндегі ойлау мазмұны алғашқы ойлаудың мазмұнына сәйкес (бір) болуы қажет. Бір объект жайлы талқылау кезінде пікірталастықтар пайда болған жағдайларда, әрбір адамның ойы әр түрлі болып олар өзара келісімге (бір шешімге) келе алмайды, бұл өз алдына теңдестіру зандылығының бұзылуына әкеп соқтырады.

Идентификацияның психофизиологиялық механизмі келесідей болып келеді: субъектінің санасында көрсетіліп отырған объектінің белгілері туралы көрініс, сол керіністі ойлау арқылы, ол ұсынылып отырған объектіні өзінің ойындағы объект белгілері бойынша салыстырады, содан кейін ғана ол объектілердің сәйкестігі жайында немесе ерекшеліктері бойынша қорытынды жасайды.

Адамның барлық танымдық (тұрмыстық, я ғылыми) қызметі аясындағы кез келген логикалық тендестіру механизмі біреуақ болып келеді. Операция бірнеше рет орындалатындықтан тұрмыстық теңдестіру рәсімі қарапайым болып табьшады. Сондықтан да ол стеоретиптік сипатқа ие, динамикалық стеоретип арқылы біз өз затымызды, ата-анамызды, туыстарымызды және т.б. ажыратамыз.

Қарапайым тендестірулер  негізінен көріністі, бейнені - көру, есту мүшелері арқылы қабылдауға байланысты жасалады.

Идентификация таным әдісі  ретінде барлық ғылыми, атап айтқанда: ботаника, зоология, геология, химия, өнертану және т.б. ғылым салаларында кеңінен қолданылады. Мысалы, археологиялық зерттеулер жүргізу барысында табылған (қазып алынған) объектілер міндетті түрде белгілі бір кезең мәдениетімен сәйкестендіріледі.

Палеонтология бойынша  табылған объектілер бұрын тіршілікте өмір сүрген жануарлардың өлігі, казіргі кезде жойылып кеткен жануарлардың түрлерімен идентификацияланады. Табылған жануарлар, өсімдіктер ботаникада, зоологияда, олардың белгілі бір класы, түрі, тобы бойынша идентификацияланады.

Аналитикалық, органикалық және баска да химияның салалары арқылы алынатын барлық заттар міндетті түрде бұрын анықталған заттар класы бойынша идентификацияландырылады (сәйкестендіріледі).

Геология, минералогияға байланысты таблған заттар белгілі бір минералдар және т.б. түрлері бойынша идентификацияланады.

Барлық идентификациялық жағдай мәселелеріне байланысты әр түрлі ойлар (пікірлер, көзқарастар, тұжырымдар) кейбір ғылым - археология, тарих, өнертану салаларында жекелеген идентификациялық мәселелердің сәйкестігін шешу үшін криминалистика ғылымын, яғни криминалистика тәсілдерін пайдалануға тура келеді.

Л.Н. Мороз идентификация  ұғымына келесідей түсінік берген: Идентификация дегеніміз - бір объектіні басқа бір объектіден ажырату немесе тануға мүмкіндік беретін объектінің өзіндік қасиетіндегі материалдық белгілерін салыстырмалы түрде зерттеу мен бағалау болып табылады.

Криминалистикалық идентификацияның ерекшелігі неде, олардың басқа да қызмет саласыңдағы идентификациядан айырмашылығы қандай деген мәселелерге тоқталатын болсақ, бұл мәселелерді көптеген: С. М. Потапов, В. Я. Колдин, В. С. Мит-ричев, Л. Н. Мороз, М. Я. Сегай, Н. В. Терзиев және т.б. ғалымдар талқылаған.

Барлық криминалист ғалымдар тергеу тәжірибесіңде идентификация жүргізу қажеттілігін бір ауыздан құптайды, бірақ криминалистикалық идентификацияның түрі мен объектілеріне қатысты әр түрлі көзқарастағы өз ой-пікірлерін ұсынады. Осыған байланысты бірқатар криминалист ғалымдардың пікірлерін, ұғымдарын қарастырып өтейік.

Біздің қазақстандық криминалист  Л.Н. Мороз идентификацияны соттық және криминалистикалық деп екіге бөліп көрсетеді. Ол соттық идентификация түсінігі криминалистикалық идентификация ұғымына қарағанда кеңірек деп таныған. Соттық идентификация тергеу тәжірибесінде идентификация жүргізудің барлық түрін қамтиды, ол: химия, биология, ботаника, геология және т.б. ғылымдарының материалдық мәліметтерін пайдаланады деп нақтылайды. Мысалы, оқиға болған жерден және сезіктінің аяқ киімінен алынған өсімдіктер белігіне салыстырмалы зерттеулер жүргізу кезіңде сарапшы криминалистикалық емес, биологиялық тәсілдерді қолданады. Сондықтан да Л.Н. Мороз: соттық идентификация мен криминалистикалық идентификацияны өзара салыстырып қарастыруға болмайды деп санайды.

Л.Н. Мороздың пікірінше: криминалистикалык  идентификация мынандай жағдайларда орын алады:

«а) идентификация тәсілдері  арнайы криминалистермен өнделіп жетілдірілген жағдайларда;

ә) бұл тәсіддердің көмегімен  объектінің жекелеген сәйкестігі анықталған жағдайларда (бұл жерде ол объектілердің топтық қатыстылығын анықтауды қарастырған);

б) криминалистикалық идентификацияның объектісі тек криминалистикалық идентификация объектілерінің шеңберіндегі нақты бір жекелеген объектілер ғана бола алады;

в) криминалистикалық және соттық идентификация арасында айырмашылықтар бар және идентификацияның тергеу тәжірибесі мен оның процессуальдық тәртібіңде ерекшеліктер 
болған жағдайда» - деп көрсеткен.

Ал В.С. Митричевтің көзқарасы  бойынша: «дәлелдеу аясында жүзеге асырылатын идентификация» соттық деп аталуы қажет. Соттық идентификацияның логикалық идентификациядан ажырататын ерекшелігі — субъектілер мен объектілерге байланысты. Криминалистикалық идентификацияны соттық идентификация шеңберінде қарастыру керек. Соттық идентификацияға - сот-медицина, психиатрия, биология, токсикология саласындағы салыстырмалы зерттеулер жатады. Криминалистикалық идентификацияға тек криминалистік-сараптама шеңберінде жүргізілетін зерттеулерді жатқызу қажет. Идентификацияның ерекшелігін — қылмыстың механизмі мен жағдайы және оның жасалу мән-жайлары жөніндегі мәліметтерді, объектілерді, үлгілерді жинау ерекшелігімен түсіндіруге болады» - деп тұжырымдайды.

Г.И. Кучеревпен берілген тергеу тәжірибесіндегі идентификацияның дәледдемелік мәнін қарастыратын болсақ, ол «идентификацияны криминалистикалық» деп атай отырып, оның ерекшелігін төмендегідей бөліп көрсетеді.

Бірінші ерекшелігі, объектілермен  байланысты. Объектілер — бұл материалдық дүниедегі кез келген үйлескен заттар, әр түрлі процестер. Оларға қойылатын шарт: барлық объектілер олардың субстанциясына карамастан соттық іспен байланысты болуы керек, сондай-ақ заттай дәлелдемелік сапасы болуы қажет. Бірақ олар - тұтынушылық, этикалық, техникалық және көптеген басқа да қасиеттерін жоғалтуы мүмкін, мұндай кезде жоспарға объектінің қылмыс жағдайы жөніндегі ақпарат жеткізуші жақтары бірінші кезекке қою керек.

Сонымен, криминалистикалық  идентификацияның бірінші ерекшелігі — заттай дәлелдемелік фактілер жөніндегі  ақпараттарды қамтитын объектілердің арасыңдағы тепе-теңдік қатынасын анықтаудан тұрады.

Екінші ерекшелігі, сараптаманың қорытындыларындағы жеке тепе-тендікті көрсететін нәтижелер іс үшін мәнді болып табылатындығы мен дәлелдеме ретінде жеке тепе-тендікті көрсететін нәтижелердің маңыздылығында.

Басқа ғылым салаларында  объектіні — түрі, тегі бойынша  идентификациялау жеткілікті, ал дәлелдеу барысында объектіні: түрі, тегі бойынша ғана анықтау жеткіліксіз болып табылады. Сондықтан да криминалистикада, сот-сараптамаларында жекелеген тепе-тендікті (сәйкестікті) анықтау үшін теориялық және сараптамалық зерттеулер үздіксіз жүргізіліп отырады.

Г.И. Кучеревтің пікірі бойынша  криминалистикалық идентификацияның екінші ерекшелігі «қылмысқа қатысты жекелеген сәйкестікті немесе объектілер шеңберін барынша қысқартуды анықтау урдістерінен (тенденциясынан) тұрады» - деп санайды.

Криминалистикалық идентификациянын үшінші ерекшелігі, — процессуальды тәртіппен, процессуальдық түрде бекітілетіндігінде. Сонымен қатар, барлық идентификациялық танымдық кызметтің белгілі бір тәртібі мен шегі бар. Олар: сараптаманың шегі мен құралдарына, сондай-ақ заттай дәлелдемелер және олармен жұмыс жасау тәсілдеріне, оларды сақтауға және зерттеуге байланысты құжаттарды тіркеу мерзіміне қатысты әдістер мен басқа да тәсіддерді тандауға қатысты болып отыр. Сонымен, криминалистикалық идентификацияның үшінші ерекшелігі оның процессуальдық формасында.

Дегенмен де, криминалистикалық  идентификация - ғылымның барлық басқа салаларындағы логикалық тендестіруді сипаттайтын мазмұндар мен қағидалардай объективтік шындықтың белгілі бір бөлігінің танымдық процесі болып табылады.

М. Я. Сегай, Н. В. Терзиевтер тергеу тәжірибесіндегі идентификацияны «соттық идентификация» деп атаған дұрыс деп санай келе, келесідей мән-жайларды:

  • идентификация қорытыңдылары қылмыстық және азаматтық істерде соттық дәлелдеме қызметін атқарады, осыған байланысты оларды бекіту мен зерттеу әдістемесіне арнайы талаптар қойылады;
  • баска ғылымдарға қарағанда криминалистикада сәйкестікті ғана емес, сонымен қатар айырмашылықтарды да анықтаудың маңызы зор;
  • криминалистикада жекелеген тепе-теңдікті анықтау -идентификацияның басты мәселесі болып табылады;
  • химия, биология және т.б. ғылым салаларында топтық қатыстықты анықтау жеткілікті, - деп көрсетеді.

Аталған ерекшеліктер ұсынылатын зерттеу  әдістемесіндегідей, тендестіру нәтижелерін рәсімдеудің арнайы талаптарын анықтайды. Бұл ерекшеліктер сот-медицина шеңберінен де орын алады, жоғарьща аталған авторлар идентификацияны не үшін соттық деп атау негізді деп санайды.

В.Я. Колдин ез еңбектерінде: «криминалистикалық идентификацияның» ерекшелігі:

Информация о работе Криминалистикалық идентификация және диагностика