Заңи жауапкершілік ұғымы, белгілері және олардың түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 08:13, курсовая работа

Краткое описание

Бұл курстық жұмыстың мынадай мәселелер қарастырылады, яғни заңи жауапкершіліктің түсінігі, белгілері және түрлері, заңи жауапкершіліктің жүзеге асырылуы, заңи жауапкершілікті болдырмайтын мән жайлар, заңи жауапкершіліктен босату негіздері.
Заңи жауапкершілік мәселелерін мемлекет және құқық теориясы және басқада салалық заң ғылымдарымен зерттелуде. Жалпы заңи жауапкершіліктің негізігі және басты міндеті қоғамға және құқықтық тәртіпке құқықбұзушылықтан келетін зиянның алдын алу және жолын кесуде заңдылықты қамтамасыз ету. Аталған тақырып бойынша екі аса қажетті міндет тұжырымдалады: бірініші, қоғам және әрбір азамат құқықтыры мен заңмен қорғалатын мүдделері құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғалатындығына сенімді болуы керек, яғни құқықбұзушылықтар мемлекетті мәжбүрлеу шарасы көмегімен жойылады, екіншіден, құқыққа қарсы әрекет жасамаған азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қолсұғылмаушылықты қамтамасыз ете отырып, қоғамдағы құқықбұзушылықтарға заң негізінде қатаң шара қолданады.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………….3
Негізгі бөлім.
1. Заңи жауапкершіліктің ұғымы………………………………..5
2. Заңи жауапкершілік түрлері……………………………….......7
3. Заңи жауапкершіліктің жүзеге асырылуы……………….….22
Қорытынды……………………………………………………….23
Падаланған әдебиеттер тізімі..............................................…….25

..

Прикрепленные файлы: 1 файл

Заңи жауапкершіліk.doc

— 172.50 Кб (Скачать документ)

Тәртіптік жазаны (немесе шараны) қолданғанда, оның белгілі  бір мақсаттылығын, әсіресе оның әділеттілігін қатты ойластыру  керек болады. Мұның өзі әрбір  тәртіп бұзушыға жеке-жеке қарауды қажет етеді. Жұмысшының (немесе қызметшінің) жеке басы, өзінің ісіне қалай қарайтындығы, істеген қылығының ауыр, жеңілдігі, тағы басқа жайлар салмақтай қаралып, осыларды жан-жақты есепке алуы тиіс. Жаза қолданудан бұрын ол адамнан жазбаша не ауызша түсінік алуы керек.

Тәртіптік жауапкершілік екі түрге бөлінеді: жалпы және арнайы. Арнайы тәртіптік жауапкершілік мемлекеттік органдарда (ішкі істер туралы, ұлттық қауіпсіздік туралы т.б), сондай-ақ жұмысшылардың кейбір түрлері үшін жасалған жарғыларда белгіленеді.

Жалпы тәртіптік жауапкершілік ішкі еңбек жүйелерінің ережелерінде белгіленеді. Заң жалпы тәртіптік шараның төмендегідей түрлерін қарастырады: 1) ескету; 2) сөгіс; 3) жеке еңбек шартын бұзу;

Тәртіптік шара тәртіпсіздік қылық фактісі анықталғаннан кейін, бір ай өтпей тұрып қолдануы тиіс және тәртіпсіздік қылық болған күннен бастап алты ай өткеннен кейін қолданылмайды.

Өздерінің міндеттерін  бұзғаны үшін жұмысшыға да, жұмыс  берушіге де материалдық жауапкершілік  жүктеледі. Жеке еңбек шартында тараптардың материалдық жауапкершілік шарты нақты көрсетіледі. Жеке еңбек шартының бір тарабы екінші тарапқа зиян келтірсе, оны еңбек туралы заңға сәйкес сот шешімінің негізінде не ерікті түрде өтейді. Жұмысшының денсаулығына зиян келетіндей болса, немесе еңбек қабілетіне зиян келетіндей зақымданса, жараланса, мертіксе, жұмыс беруші ол зиянды өтеуге міндетті. Сондай-ақ жұмыс беруші жұмысшыны заңсыз еңбек ету құқығынан айырса; заңсыз негізбен жұмысқа қабылдамаса, заңсыз жұмыстан босатса, жұмысшыны қаралайтын мағлұматтар таратса, онда ол материалдық жауапқа тартылады. «Қазақстан Республикасының еңбек туралы» заңында мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асыратын еңбек туралы заңның бұзылмауына бақылау енгізілген. Мемлекеттік еңбек инспекторларының құзыретіне мыналар жатады: шағымдар мен тексерулердің ізімен қараудың еңбек қатынастарын реттейтін еңбек туралы Заңның және басқа да нормативтік құқықтық актілердің бұзылмауына бақылау; еңбек туралы заңның бұзылуының себептерін анықтау және талдау; бақылау нәтижелері бойынша нұсқау беру т.б. Мемлекеттік инспекторлар берген нұсқаудың меншік түріне тәуелсіз барлық ұйымдарда орындалуы міндетті.

 

Қылмыстық жауапкершілік

    Кез  келген заң бұзушылық мінез-қылық  қоршаған ортаға, қоғамға, белгілі  бір мөлшерде қауіп әкеледі. Ал қылмыс дегеніміз-қоғам үшін ерекше қауіпті құбылыс. Жасалған қылмыс үшін ең алдымен қылмыскердің құрбаны зардап шегеді. Қылмыстың құрбаны кез келген әлеуметтік топтың адамдарынан: қарттар мен жастар, ер мен әйел, сау мен ауру, кедей мен бай, қазақтар, орыстар, тағы басқалар болуы мүмкін.

    Қылмыскерлерден  әсіресе жасөспірімдер зардап  шегеді. Олар құрбандыққа тікелей  де, жанама түрде де тап болады. Егерде адам қылмыс істесе, оның  балалары зардап шегеді. Егер  бала отбасында жақсы тәрбиеленбесе,  үйде үнемі дау-жанжал болып тұрса, ол балаларға өте зиянды, жағымсыз әсер етеді. Көптеген қылмыскерлер дәл осындай отбасынан шығады.

        Қылмыс үшін жазалау. Жазалау дегеніміз жасаған қылмыс үшін қылмыскердің жаза тартуы. Қылмыскер өзінің жасаған қылмысы үшін белгілі бір жаза тартады, ол жазалардың түрлері, мысалы, жеке басының еркінен айырады, азап шегеді. Мұндай жазалар қолданылмаса, қылмыскердің жаза тартуының мәні болмас еді. Қылмыс жасаған адам азаматтардың құқығын сақтап, қалыпты өмір сүру үшін жағдай жасап отырғандағы қоғаммен, мемлекет күшінің қандай екендігін айқын сезінуі керек. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңында қылмыс жасағаны үшін кінәлі адамға төмендегідей жаза түрлері белгіленген:

    Айып салу. Бұл- Қылмыстық кодексте көрсетілгендей, белгіленген мөлшерде ақша өндіріп алу жазасы. Айыптың мөлшерін жасалған қылмыстың ауырлығына және айып төлеушінің жағдайына қарай сот белгілейді.

    Құқықтан  айыру. Істеп жүрген қызметі құқығынан айырып, орнынан алу. Белгілі бір өтеп жүрген қызметі құқығынан айыруды, белгілі бір мемлекеттік қызметтен, жергілікті басқару органындағы, белгілі бір мамандықтағы қызметі құқығынан айыруды немесе орнынан алуды сот шешеді.

    Қоғамдық  жұмысқа тарту. Сотталған адамды өзінің негізгі жұмысынан не оқуынан тыс уақытта еңбекақысыз қоғамдық-пайдалы еңбекке тарту. Мұндай жұмыс түрін жергілікті атқару органы белгілейді.

    Еңбекпен түзету  жұмысын  сотталған адам сотта  белгіленуіне қарай 2 айдан 2 жылға  дейінгі мерзімде өзін апарған  жұмыс орнында еңбек етіп өтейді.

    Бас бостандығын шектеу.  Бұл сотталушыны арнайы орында қоғамнан оңашаламай ұстайтын орын. Сырынан бақылау қойылады. Бас бостандығын шектеу жасы кәмелетке толмағандарға, жүкті әйелдерге, азаматтардың басқа да белгілі топтарына қолданылмайды.

    Тұтқындау.  Бұл сотталушыны қоғамнан қатаң түрде оңашалау жағдайында 1-6 ай мерзімде ұстау. Тұтқындау 16 жасқа толмағандарға қолданылмайды.

    Әскери  тәртіп бөлімінде ұстау.  Бұл жаза әскери қызметке шақыру бойынша мерзімді әскери қызметін өтеп жүргендерге әскери қылмыс жасағаны үшін қолданылады.

    Бас  бостандығынан айыру.  Сотталушыны қоғамнан оңашалау жолымен колонияға жіберу- жалпы, қатаң, ерекше қатаң режимдегі түзету колониясының орнына немесе абақтыға орналастыру. Сот үкімі бойынша бас бостандығынан айырылған 18 жасқа толмаған сотталушы жалпы және күшейтілген режимдегі тәрбиелеп түзету колониясына орналастырылады.

    Өлім  жазасы.  Бұл ерекше ауыр: кісі өлтіру, мемлекеттік сатқындық т.с.с. қылмысы үшін өте сирек қолданылатын ауыр жаза. Әйелдерге, 65 жасқа толған ерлерге, 18 жасқа толмаған қылмыскерге бұл жаза қолданылмайды.

    Дүние-мүлікті  тәркілеу.  Бұл-сотталушының дүние-мүлкін түгелдей немесе белгілі бір бөлігін төлемсіз, мәжбүрлеу жолымен мемлекет меншігіне алу.

   

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы.

        Күнделік өмірде адамдар бір-бірімен  әрқандай сипатта (мүлікті не  мүліксіз) түрде де байланыс жасайды.  Ал мұның жеке азамат үшін  де, мемлекетті тұтастай алғанда   да аса зор маңызы бар. Біреулер  материалдық игіліктер (азық-түлік,  өндіріс заттары немесе басқа да қажетті заттар мен бұйымдар) өндірсе, басқа біреулер оны тұтынып, материалдық және рухани қажеттіліктермен өздерін қамтамасыз етеді. Сөйтіп өндіруші мен тұтынушының арасында белгілі бір қатынас қалыптасады. Мүліктік қатынас сатушы мен сатып алушының арасында туады сонымен бірге біреуге біреудің қызмет етуі мен қызметті пайдалануы көрініс береді. Осындай қатынастардың қоғамдық маңызына қарай мемлекет, осы сияқты байланыс шеңберінде бұған қатынасушылардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Азаматтық мүліктік қатынастың ерекшелігіне қарай екі жақ та тең құқықты болып есептеледі.

    Сондықтан көпшілік  жағдайда мүліктік қатынас бұған  қатысушылардың еркіне қарай  құрылады. Ешкім де біреудің мүлкін  береуге еріксіз сатпайды, немесе  сатып алмайды. Немесе ешкімде шеберханада біреуге еріксіз, зорлап киім тіккізе алмайды. Екі жақта ерікті түрде байланысқа келіп, құқықтарын пайдаланады, бір-бірінің алдында міндеттілігін орындайды. Мұның өзі бір жақ қажетті тауарын әкеліп берсе, екінші жақ оның тиісті бағасын төлеуге міндеттенеді. Әрине, мұнда екі жақта келісім бойынша әрекет жасайды, сөйтіп заңға бағынады.

    Адамдар арасында  мүліктік қатынастан басқа мүліксіз  қатынас та жасалып, ол да  азаматтық заң тәртібімен реттеліп  отырады. Мысалы, ар-ұждан, қадір-қасиет және іскерлік дәреже құқығын қорғау дегеніміз жеке, мүліксіз құқық. Осы құқықты пайдалана отырып, жәбірленуші өзінің ұжданын, қадірін, іскерлік дәрежесін қаралаушыға жаза қолданылуын талап ете алады.

    Мүліктік сондай-ақ  жеке мүліктік емес азаматтық  құқықтық байланыс олардың субьектісі болып аталады. Азаматтық құқықтық байланыстың субъектісі ретінде жеке бір адам, әлде адамдар ұжымы шығады. Жеке адам азаматтық заңда азамат деп аталады. Азаматтық құқықтық байланыстың субъектісі болуға тек Қазақстан Республикасы азаматы емес, азаматтығы жоқ шетелдіктерде құқылы.

    Ұйымдарда азаматтық  құқықтық байланыстың субъектісі  бола алады. Оларды заңды тұлға  деп атайды.

    Азаматтық құқықтық  байланысқа қатысушылардың белгілі  бір сапасы болуға міндетті. Бұл  үшін құқықтық қабілеттілік немесе жалпы қабілеттілік, сондай-ақ құқықтық субъект деген ұғымдар пайдаланылады.

    Азаматтың өз  құқығына ие болуына және құқықтық  міндеттерді орындауына құқық  қабілеттілігі жалпы қабілеттілікке  сай келе ме, мұны Заң анықтайды.  Азаматтың құқық қабілеттігі туған кезден-ақ пайда болады да, қайтыс болғанында тоқтатылады.

    Жоғарыда  көрсетілгендей, құқықтарды пайдалану  үшін қабілеттілік қажет. Азамат  өзінің іс-әрекетімен азаматтық құқығына ие болып және азаматтық құқығын пайдалана білуін, өзі үшін азаматтық міндет жасап, оны орындауын азаматтық қабілеттілік деп атайды. Кейде адам өзі белгілі бір жағдайларға байланысты өзі іс-әрекет жасауға қабілетсіз болады. Бұған психикалық жағынан не ақыл ес жағынан әлі жетілмегендік, психикалық науқасы себеп болуы мүмкін. Сондықтан адам өз алдына біртіндеп іс-әрекет жасауға үйренеді. Заң кәмелеттік жасқа толмағандарға белгілі жасқа келген кезеңде кеңірек құқық беруді қарастырады. 14 жасқа толмаған кәмелеттік жасқа жетпегендер әлі де қабілеттілікке жеткен жоқ деп есептелінеді. Оның атынан барлық келісімді ата-анасы немесе асырап алған, не қамқорлыққа алған адам жасайды. 14 жасқа дейінгі кішкентай балалар ұсақ, үй-ішілік, тұрмыстық келісімдерді өздері жасауға құқылы. 14жасқа толған балалар ірі келісімдер, заңды өкілдіктер мен жазбаша шарттар жасауға толық құқылы болады. 14 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер олардың келісімінсіз-ақ өздерінің еңбекақыларын, басқа да табыстарын өздері қалауынша жұмсай алады. 14 жастан бастап жасөспірімнің ішінара азаматтық өабілеттілігі пайда бола бастайды және өзіне алған міндетті орындау қабілеті де көрініс береді.

    18 жасқа  толғаннан бастап азаматтың қабілеттігі  толық түрде көрінеді. Бірақ 18 жасқа толған соң да заң бойынша азаматтың қабілеттілігіне шек қойылатын жайлар кездеседі. Мысалы, маскүнемдікке, нашақорлыққа салынуына байланысты адам саналы іс-әрекет жасай алмайды. Бұл ретте құқықтық қабілеттілігі жоқ адамның мүліктік құқығын, басқа да мүддесін отбасы қорғайды. Мұндай жағдайда адамның қабілетсіздігін тек сот арқылы анықталады. Басқа жағдайларда адамның құқықтық қабілеттігі мен қабілетсіздігіне шек қоя алмайды.

Азаматтық құқықтық жауапкершілікке мыналар  жатады:

1) құқыққа қарсы  іс-әрекет 

2) жауапкердің  кінәсі

3) шығынның нақтылы  мөлшері 

4) құқыққа қарсы  іс-әрекеттің жауапкері мен келтірілген  шығын арасындағы себептік байланыс.

    Азаматтық  заң мүліктік құқық қатынасына  түсушілердің іс-әрекетіне әр  түрлі талап қоюды қарастырады.  Құқыққа қарсы болып табылатындар: басқаның мүлкіне немесе жеке басқа зиянын тигізген адамның іс-әрекеті; Құқыққа қарсы іс-әрекет әрекетті немесе әрекетсіз түрде болуы мүмкін. Құқыққа қарсы іс-әрекет – заңда тыйым салынған немесе келісімшартқа қарсы белсенді іс-әрекет. Ал егер адамға іс-әрекет ету міндеттелсе, белгілі бір жағдайда ол әрекетсіздік көрсетсе, ол әрекетсіздікке жатады.

    Атап  өткеніміздей, кінә адамның өз  құқығына қарсы іс-әрекетіне психикалық  жағынан байланысты болып келеді. Азаматтық құқық бұзушылықта  кінә әдейі немесе байқаусызда жасалуы мүмкін. Мұнда бір қызықты жай бар. Қылмыстық құқықта кінәсіздік болжамы, немесе кінәсіздік нышаны деген әрекет қолданылады. Бұл кінәләуші кінәлінің қылмыс істегенің дәлелдеуі қажет. Азаматтық құқықта кінәлілік принцип те қолданылады. Жауапкер өзінің кінәсіздігін дәлелдеп бергенге дейін кінәлі болып есептеледі. Жәбірленуші жауапкерді тек кінәлап қана қоймауы тиіс, оның кінәлілігін дәлелдеуі керек.

    Нәтижесінде  жауапкердің құқық бұзушылық  әрекеті шығын түрінде зиян  келтіреді. Құқыққа қарсы іс-әрекетпен жауапкердің арасында шыққан шығынға сәйкес себептік байланыс әрқашанда болып тұрады. Мысалы, жүргізуші өзінің 12 жасар баласына машинасын беріп еді, бала жүргіншіні басып кетті. Сырттай қараған да мұнда құқық бұзушылық жоқ сияқты. Өйткені 12 жастағы бала жауақа тартылмайды.  Бұл істе тікелей емес, жанама себептік байланыс бар.Жас бала келтірген зиянв үшін ата-анасы жауап береді. Осы көрсетілген мысалда жас балаға сеніп берген ат-ананың құқыққа жатпайтын қылығы мен келтірілген зиянның арасында тікелей себепті байланыс бар.

    Заңда  көрсетілгендей жәбірленуші кінәлі  адамнан материалдық және моральдық  шығынды өтетіп алу үшін сотқа  арыздануына болады. Материалдық  зиян адамның денсаулығына келтірілген  зиянына қарай бағаланады және  кінәлі адамнан негізінде ақшаға есептеліп өндіріліп алынады.

    Адамға  материалдық зиян мен бірге  моральдық зиянда келтірілуі  мүмкін – ол тәнге зиян келтірумен  қатар жанға да зиян келтіру  түрінде болады. Мысалы, адам денсаулығына  зиян келудің салдарынан адам  еңбек ету қабілетінен айырылады, тәні де азап тартады. Егер адам туралы оны қаралайтын мәлімет таратылса оның жаны жапа шегеді.Моральдық зиян соттың белгілеп шешуі бойынша ақшалай немесе басқа да материалдық түрде өтеледі. Сондай-ақ моральдық зиян материалдық зияннан тыс, өз алдына төленеді.

Информация о работе Заңи жауапкершілік ұғымы, белгілері және олардың түрлері