Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2013 в 23:58, курсовая работа
Жазаның мақсатын анықтаудың, бәрінен бұрын, соттың заң қолдану қызметінде маңызы зор. Нақты адамға қатысты жазаның түрін, мөлшерін анықтай отырып сот жазаның заңда белгіленген мақсаттарын басшылыққа алуға тиіс. Бұл талапты елемеу – заңсыз, дәлелсіз жаза тағайындауға, әділетті емес үкім шығаруға әкеп соғуы мүмкін.
Жазаның мақсаты ҚК-тің 38 бабында былай көрсетілген: «Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады».
КІРІСПЕ................................................................................................................3
І ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ........................5
1.1 Жаза тағайындаудың жалпы негіздері........................................................5
1.2 Жаза тағайындау түрлері..............................................................................13
1.2.1 Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау.........................13
1.2.2 Бірнеше қылмыс бойынша жаза тағайындау...............................................16
1.2.3 Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындау.............................................................................................................17
1.2.4 Аяқталмаған қылмыс үшін, қатысып жасалған қылмыс үшін және қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау...............................18
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................30
Сот айыпкердің қоғамға қауіптілік
дәрежесінің жоғары немесе төмен
екендігін көрсететін оның әлеуметтік
қасиеттерін ашуға тиіс. Жаза тағайындаған
кезде сот сотталушының мынадай
әлеуметтік ерекшеліктерін ескеруге тиіс:
еңбек міндеттемелерін
Айыпкердің жеке басын сипаттайтын мән-жайларды жаза тағайындау кезінде ескермеу жазаның немқұрайды тағайындалуына жол береді.
Жаза тағайындаудың басты негіздеріне істің жауаптылық пен жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларын есепке алу жөніндегі заң талабы жатады.
ҚР ҚК-нің 53, 54-баптарында
көзделген бұл мән-жайларды айыпкер
жасаған қылмыстың
Жеңілдететін мән-жайлардың болуы жасалған қылмыстың, не қылмыскердің жеке басының қауіптілігін азайтады, басқадай барлық тең жағдайларда жеңілдеу жаза тағайындауға мүмкіндік береді.
Ауырлататын мән-жайлар, ондайлар болмаған жағдайларға қарағанда, ауырырақ жаза тағайындауға себеп болады.
Заңда көрсетілген ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды есепке алу соттың құқығы емес, міндеті. Сондықтан да, жаза тағайындаған кезде істегі ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларға назар аудармаған соттар заңда көзделген міндеттерін бұзады. Егер сот ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды жаза тағайындаған кезде ескеріп, оны үкімде көрсетсе, сотталған адам үшін де, сот мәжілісіне қатысқандар үшін де үкім дәлелді болып көрінеді, үкімнің жаза тағайындауға қатысты бөлігі бойынша заңдылықтың сақталғанын тексеруде жоғары тұрған сот сатысының қызметін жеңілдетеді.
Жаза тағайындағанда
сот сотталған адамға, сол жазаның
оны түзейтіндей ықпалы
Жаза тағайындағанда сот
бұл талаптың материалдық және психологиялық
жақтары бар екендігін ескеруі
қажет. Мысалы, айыппұл салу, мүлкін
тәркілеу және т.б., яғни айыпкерді қандай
да бір дүние-мүліктен айыруға байланысты
жаза тағайындалса, ал оның асырауында
адамдар болып, оларды өзі ғана асырап
отырса, әрине жаза оның отбасының
тұрмыс жағдайына әсер етеді, бұл
жағдай да ескерілуге тиіс. Мұндай жағдайды
сот жазаны жеңілдететін мән-жайға
жатқызса, ал айыпкердің өзінің отбасы
алдындағы жауапкершілігі байқалса
және оның қартайған, қаражатсыз ата-анасы,
еңбекке жарамсыз көп баласы болса,
ал сотталған әйелдің артында
жалғыз өзі асырап, тәрбиелеп отырған
баласы қалса, мұның түзелуге ықпалы
болады. Егер айыпкер өз отбасы мүшелерін
жәбірлеп ұрып-соғатын болса, өз балаларына
немесе асырауындағы адамдарға қатыгез
мінез көрсететін болса, онда жоғарыда
көрсетілген мән-жайды сот
Бірақ, тағайындалған жазаның айыпкердің отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тұрмыс жағдайына тигізетін ықпалын ғана ескеруге болмайды, себебі, егер бұл мән-жайлар ескеріліп, ауыр қылмыс жасаған немесе қоғамға аса қауіпті адамға өте жеңіл жаза тағайындалған болса, сол адамның қылмысынан жәбір шеккен адамның алдында да, жалпы қоғам алдында да әділдік үміті ақталмайды.
Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындағанда сот, осы қарастырылған мән-жайлардан басқа, оның өмір кешу және тәрбиелену жағдайларын, психикалық даму деңгейін, жеке басының өзге де ерекшеліктерін, сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардан қандай ықпал болғанын ескереді. Бұл өте дұрыс, себебі кәмелетке толмаған айыпкердің есейіп қалыптасуында маңызды рөл атқаратын бұл мән-жайлар оған жаза тағайындағанда ескерілуі тиіс.
Жазаны жеке даралау принципінің бір жүйемен міндетті түрде жүзеге асырылуы, әрбір нақты жағдайда істің барлық мән-жайларының жиынтығы, қылмыстың сипаты мен қауіптік дәрежесі, қылмыскердің жеке басын сипаттайтын мән-жайлар ескерілсе ғана мүмкін болады.
1.2 ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ТҮРЛЕРІ
1.2.1 Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау
Егер адам ҚК-тің әртүрлі баптарында немесе бір бабының әртүрлі бөліктерінде көзделген екі немесе одан көп қылмыстарды жасағаны үшін айыпты деп танылып, олардың ешқайсысы бойынша сотталмаған болса, сот әр қылмыс үшін негізгі, ал керек жағдайда қосымша жаза тағайындап, олардың жиынтығы бойынша түпкілікті жазаны жеңілірек қатаң жазаны ауырырақ қатаң жазаға сіңіру жолымен немесе тағайындалған жазаларды толық немесе ішінара қосу жолымен белгілейді (ҚК-тің 58-бабының 1 бөлігі). Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау процесі екі кезеңнен тұрады:
1) жиынтыққа кіретін қылмыстардың әрқайсына бөлек жаза тағайындау;
2) сол қылмыстардың жиынтығы бойынша түпкілікті жаза белгілеу.
Жиынтықты құрайтын қылмыстардың
әрқайсына бөлек жаза тағайындау
ҚК-тің 58-бабының маңызды талабы,
одан ауытқуға жол берілмейді. Жаза
тағайындаудың мұндай тәртібі сотталғаннан
кейін айыпкерге қылмыстың
Қылмыстардың жиынтығы бойынша
түпкілікті жаза тағайындау әрбір қылмыс
бойынша тағайындалған
ҚК-тің 58-бабының 2 бөлігінде белгіленген жағдайларда ғана соттың сіңіру немесе қосу принциптерін тандауға кұқы бар, яғни ауырлығы шамалы қылмысты жасағаны үшін жаза тағайындағанда ғана. Басқа жағдайларда (егер жиынтықка тек ауырлығы шағын ғана емес, басқа санаттағы да қылмыстар кірсе) сот тек жазаларды қосу принципін ғана колдануға міндетті.
Сіңіру принципін қолданғанда
сот ҚК-тің Ерекше бөлімінің айыпкердің
әрекеті сараланатын бабын
Мысалы, бірінші қылмыс үшін
сот айыпкерге бір жыл мерзімге
түзеу жұмыстарын, жалақысының 20%-ін
ұстауды тағайындады, ал екінші қылмыс
үшін — үш жыл бас бостандығынан
айыру жазасын тағайындады. Қосу
принципін қолданып, сот, бұл жағдайда,
айыпкердің түкпілікті жазасы ретінде
үш жыл бас бостандығынан айыруды
тағайындайды. Жазалардың қатаңдығын
салыстырғанда сот ҚК-тің 39-бабындағы,
яғни жазалар жүйесіндегі
Жекелеген қылмыстар үшін
тағайындалған жазаларда қосу толық
немесе ішінара болуы мүмкін, бірак
барлық жағдайда қосқаннан кейінгі
түпкілікті жаза жекелеген қылмысқа
тағайындалған жазаның кез-
Жазаларды қосуға белгілі
бір шектеу қойылған (ҚК-тің 58-бабы).
Егер қылмыстардың жиынтығы тек
ауырлығы шамалы қылмыстарды қамтитын
болса, онда қосқаннан кейінгі түпкілікті
жаза жасалған қылмыстардың ең ауыры
үшін жауаптылық жөніндегі Ерекше
бөлімнің тиісті бабының санкциясында
көзделген жазаның ең
көп мерзімінен немесе мөлшерінен асуға
тиіс. Мысалы, адам ҚК-тің 182-бабының
бірінші бөлігі және ҚК-тің 253-бабы бойынша
сотталады. Бұл қылмыстың екі
түрінің біріншісі ауырырақ болып
саналады, ол үшін ең қатаң жаза - екі
жылға бас бостандығынан айыру.
ҚК-тің осы көрсетілген
Сонымен соттың қылмыстар
жиынтығы болғанда жаза тағайындау принциптерін,
сондай-ақ жазаларды қосу принципін
қолданғанда бас бостандығынан
айырудың ең көп шегін таңдау мүмкіндігін
заң реттейді (ҚК-тің 58-бабы) және ол
жиынтық құрайтын қылмыстардың қай
санатқа жататындығына және олардың
арасында 20 жылға дейін мерзімге
бас бостандығынан айыру немесе
өлім жазасы не бас бостандығынан
өмір бойы айыру түріндегі жаза карастырылған
қылмыстардың бар-жоғына байланысты. Мысалы,
егер сот айыпкерге ҚК-тің 288-бабының
1 бөлігі бойынша алты ай мерзімге қамауға
алу, ал 101-баптың 1 бөлігі бойынша екі
жыл мерзімге бас бостандығынан
айыру түрінде жаза тағайындаса,
ол толық қосу принципіне сәйкес 2 жыл
6 ай бас бостандығынан айыру
Осы келтірілген мысалда орын алып отырған әртекті жазаларды косу тәртібі ҚК-тің 61-бабымен реттеледі, онда қылмыстардың жиынтығы және үкімдердің жиынтығы бойынша жазаларды ішінара немесе толық қосу кезінде бас бостандығынан айырудың бір күніне қамаудың немесе тәртіптік әскери бөлімде ұстаудың бір күні, бас бостандығын шектеудің екі күні, түзеу жұмыстарының немесе әскери қызмет бойынша шектеудің үш күні, қоғамдық жұмыстарға тартудың сегіз сағаты сәйкес келеді делінген.
Кейде сот жиынтық құрайтын қылмыстар үшін әртүрлі, пара-пар емес жазалар тағайындайды.
Мысалы, бір қылмыс үшін -
айыппұл салу, екінші үшін - бас бостандығынан
айыру, үшінші үшін — белгілі бір
лауазым атқару немесе белгілі бір
қызметпен айналысу құқығынан айыру
жазасын қолданады. Әрине, бұл жерде
жеңілдеу жазаның катаңдау жазаға —
бас бостандығынан айыруға
ҚК-тің 58-бабында белгіленген тәртіп іс бойынша сот үкімі шыққаннан кейін сол сотталған адамның бірінші іс бойынша үкім шыққанша басқа қылмыс жасағандығы анықталған жағдайға да таралады. Бұл жағдайда түпкілікті жаза мерзіміне бірінші үкім бойынша толық немесе ішінара өтелген мерзім кіреді. Бұл норма жиынтық құрайтын қылмыстар әр бөлек уақытта ашылып, осы әр бөлек қылмыстар үшін айыпкерді соттау әр уақытта шығарылған екі немесе одан көп үкімдер бойынша жүзеге асырылған жағдайға да қатысты. Мысалы, адам екі қылмыс жасайды — бұзақылық және ұрлық. Бұзақылық үшін ол сотталғанда, оның ұрлығы әлі ашылмаған. Бұзакылық үшін үкім шыққаннан кейін 6 ай өткен соң, ол ұрлық үшін жауапқа тартылып сотталады. Бұл жағдай да қылмыстар жиынтығы деген ұғымға сай келеді, себебі адам бір қылмыс бойынша сотталғанға дейін екі қылмыс жасаған. Сондықтан да бұл ретте де жаза тағайындаудың ҚК-тің 58-бабы белгілеген тәртібі қолданылады.
ҚК-тің 58-бабының 6 бөлігінде
көрсетілген жағдайларда
1) сот жаңа үкім бойынша, яғни кейін ашылған қылмыс үшін жаза тағайындайды;
2) екі үкім бойынша
тағайындалған жазалардың
3) ҚК-тің 62-бабының ережесіне
сәйкес бірінші үкім бойынша
жазаның нақты өтелген
1.2.2 Бірнеше үкімдер бойынша жаза тағайындау
ҚК-тің 60-бабына сәйкес, егер сотталған адам үкім шығарылғаннан кейін, бірақ, жазаны толық өтегенге дейін жаңадан қылмыс жасаса, бұл жағдайда үкімдердің жиынтығы орын алады. Сонымен:
1) адамға жаза тағайындаған үкімнің болуы;
2) ол жазаны сотталған адам әлі толық өтемесе;
3) жаңа қылмыс үкім шыққаннан кейін, бірақ
жазаны толық өтегенге
дейін жасалса, бұлар үкімдер
жиынтығының белгісі болып
Үкімдер жиынтығы бойынша жаза тағайындағанда жаңа қылмыс адамды бұрын жасаған қылмысы үшін сотталғаннан кейін жасалынады. Бұл мән-жай айыпкердің қоғамға қауіпті адам екендігін, заңда оған қатаң жаза қарастырылуға тиіс екендігін көрсетеді.
ҚК-тің 60-бабына сәйкес, егер сотталған адам үкім шығарылғаннан кейін, бірақ жазаны толық өтегенге дейін жаңа қылмыс жасаса, сот жаңа қылмыс бойынша тағайындалған жазаға бұрынғы үкім бойынша жазаның өтелмеген бөлігін толықтай немесе ішінара қосады. Бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жаза жиырма бес жылдан аспауға тиіс. Егер үкімдер жиынтығына 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы не өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы заңда көзделген тым болмаса бір қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танылған үкім кірсе, онда бас бостандығынан айыру түріндегі үкімдер жиынтығы бойынша түпкілікті жаза 30 жыл шегінде тағайындалуы мүмкін. Үкімдер жиынтығы бойынша белгіленген түпкілікті жаза жаңа жасалған қылмыс үшін тағайындалған жазадан да, соттың бұрынғы үкімі бойынша тағайындалған жазаның өтелмей қалған бөлігінен де катаң болуға тиіс.