Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2013 в 23:58, курсовая работа
Жазаның мақсатын анықтаудың, бәрінен бұрын, соттың заң қолдану қызметінде маңызы зор. Нақты адамға қатысты жазаның түрін, мөлшерін анықтай отырып сот жазаның заңда белгіленген мақсаттарын басшылыққа алуға тиіс. Бұл талапты елемеу – заңсыз, дәлелсіз жаза тағайындауға, әділетті емес үкім шығаруға әкеп соғуы мүмкін.
Жазаның мақсаты ҚК-тің 38 бабында былай көрсетілген: «Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады».
КІРІСПЕ................................................................................................................3
І ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ........................5
1.1 Жаза тағайындаудың жалпы негіздері........................................................5
1.2 Жаза тағайындау түрлері..............................................................................13
1.2.1 Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау.........................13
1.2.2 Бірнеше қылмыс бойынша жаза тағайындау...............................................16
1.2.3 Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындау.............................................................................................................17
1.2.4 Аяқталмаған қылмыс үшін, қатысып жасалған қылмыс үшін және қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау...............................18
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................30
Жаза тағайындау, яғни айыптау үкімін шығарарда жаза таңдау сот қызметіндегі маңызды, жауапты сәт.
Жазаның тағайындалуы әлеуметтік әділеттіліктің қалпына келуіне, сотталған адамның түзелуіне, сотталғанның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыс жасауын болдырмауға көмегін тигізеді.
Бұл мақсатқа қол жету үшін жаза дәлелді де әділ болуға тиіс. Қылмыс жасаған адамға, делінген ҚК-тің 52-бабында, оның түзелуі және жаңа қылмыстың алдын алу үшін қажетті және жеткілікті жаза тағайындалуға тиіс.
Соттың жаза тағайындауға осы тұрғыдан қарауы ҚР ҚК-нің 52-бабында келтірілген жаза тағайындаудың жалпы негіздерін (ережесін) қамтамасыз етеді. Бұл бап сот үшін жаза тағайындаудың нақты емес, жалпы ережесін белгілейді, ол бір жағынан соттың заңды қатаң бағдарға алуын көздейді, екінші жағынан жаза тағайындағанда оның өзінше ынта көрсетуіне мүмкіндік береді.
Жаза тағайындау белгілі бір принциптерге негізделеді, олар қылмыстық заңның жалпы құқықтық және салалық арнаулы принциптерінің нақты көрінісі болып табылады. Жаза тағайындаудың негізінде жатқан принциптер мыналар: заңдылық, адамгершілік, жазаның әділеттілігі, жазаның дәлелділігі және үкімде оның себебінің міндетті түрде көрсетілуі, жазаны жеке даралау, қылмыстық қудалау шараларын үнемдеу. Бұл принциптер ҚК нормаларында өз көрінісін табады.
Жаза тағайындаудың жалпы негіздері - заңда белгіленген критерийлер, сүйенетін ережелер, әрбір нақты іс бойынша жаза тағайындағанда сот оларды басшылыкқа алады.
Басқа сөзбен айтқанда, қандай қылмыстық іс қаралмасын, айыпкерге кандай жаза қолданылмасын, сот осы жалпы критерийлерге сүйенуі керек.
ҚК-тің 52-бабына сәйкес жаза тағайындаудың жалпы негіздері мынадай үш критерийден тұрады. Сот жазаны:
1) ҚК-тің Ерекше бөліміндегі сол қылмыс үшін жауаптылық көзделген баптар шегінде;
2) ҚК-тің Жалпы бөлімінде
қарастырылған жағдайларды
3) қылмыстың сипаты
мен қоғамға қауіптілік дәрежесін,
айыпкердің жеке басын,
Осы критерийлерді қарастырайық:
1. Сот жазаны ҚК-тің
тиісті баптарында белгіленген
шекте тағайындайды. Бұл — сот
жазаны ҚК-тің Ерекше
Нақты жағдайға байланысты жаза тағайындауда санкция түрінің маңыздылығы бар. Өзінің түріне қарай қылмыстық кодекстегі санкциялардың көбі салыстырмалы-анықталған, яғни жазаның түрі, оның жоғарғы және төменгі шектері көрсетілген. Мұндай санкциялар жазаны жеке даралау үшін үлкен мүмкіндіктер береді.
Балама санкцияларда екі
және одан көп негізгі жазалар
көрсетіледі, сот оның кез-келгенін
таңдай алады. ҚК-тегі санкциялардың
көпшілігі балама. Олар жазаны жеке
даралауға, оның мерзімі мен түрін
анықтауға көп мүмкіндік
Қандай жағдай болса да, сот Ерекше бөлімнің бабындағы санкцияда белгіленген ең жоғарғыдан (жоғарғы шектен) жоғары жаза тағайындай алмайды (мысалы, ҚК-тің 264-бабының 2 бөлігі бойынша жеті жыл).
Егер сот оған жол берсе, онда жаза тағайындаудағы принцип бұзылады. Бірақ, ҚК-тің 55-бабында көзделген мән-жайлар болса, сот ҚК-тің Ерекше бөлімінің бабындағы санкцияда көзделген ең төменгіден (төменгі шектен) төмен жаза тағайындай алады. Бұл жаза тағайындаудағы адамгершілік принципінің өзінше көрінісі.
2. Сот жазаны
ҚК-тің Жалпы бөлімінде
қарастырылған жағдайларды
Бұл бап бойынша бас
бостандығынан айырудың ең аз мерзімі,
ҚК-тің 48-бабындағы жағдайларды
Жаза тағайындай отырып сот қаралған іс бойынша толық тұжырым жасайды, жазалаудағы мақсатқа жету үшін жазаның қандай түрі және мерзімі жеткілікті екендігін анықтайды.
Мысалы, аяқталмаған қылмысты жасағаны үшін айыпталған адамға жаза тағайындағанда сот қылмыстың ақырына дейін жетпеуіне себеп болған мән-жайларды есепке алу жөніндегі ҚК-тің 56-бабының 1 бөлігінің талаптарын ескереді.
Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау кезінде, оны жасауға адамның іс жүзінде қатысу сипаты мен дәрежесі, оның келтірген немесе келтіруі мүмкін зиянының сипаты мен мөлшері жөніндегі 57-баптың 1 бөлігіндегі жағдайды соттың ескеруі тиіс.
Егер адам бұлтартпау шарасы
ретінде қамауда ұсталса, онда үкім
заңды күшіне енгенше қамауда
ұсталған уақытты бас бостандығынан
айыру түріндегі жазаның
Жаза тағайындай отырып, сот
ҚК-тің 38-бабында белгіленген
Жаза тағайындау кезінде
қылмыстық заңның жалпы бөлімінде
қарастырылған жағдайларды
3. Жаза тағайындаған кезде
қылмыстың сипаты мен қоғамға
қауіптілік дәрежесін,
Жаза тағайындаудың және
қылмыстың қайталануының алдын
алудың тиімділігі қылмыстың жан-жақты,
дұрыс бағалануына тікелей
Жасаған қылмысы қоғамға онша қауіп төндірмейтін адамдарға бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза қолданған дұрыс, және керісінше, ауыр қылмыс жасаған адамға сот қатаң жаза тағайындау керек, себебі ондай әрекет жасаған адамның бойын қоғамға жат қылық жайлап алған, одан арылту үшін оны ұзақ уақыт көзден таса қылмай тәрбиелеу қажет.
Қылмыстың қоғамға қауіптілік
сипаты, бәрінен бұрын, қастандық
жасалған нысан бойынша анықталады
жасалған қылмыстан қандай қоғамдық
қатынастар бұзылады немесе бұзылу қаупі
туады, яғни бұл қоғамға қауіптіліктің
сапалық сипаттамасы (6, 407 б.). Осы
тұрғыдан алғанда қандай да болсын
адам өлтірудің ар-ұждан мен қадір-
Қоғамға қауіптілігі тұрғысынан қылмыс жасаудың себептері де, тәсілдері де, басқа мән-жайлар да маңызды рөл атқарады. Мысалы, аса қатыгездікпен, бұзақылық ниетпен немесе жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатында қасақана адам өлтіру (ҚК-тің 96-бабының «д», «и», «м» тармақтары) қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіруге қарағанда (ҚК-тің 99-бабы) ауыр қылмыс болып табылады.
Қоғамға қауіптілік сипатына қарай қылмыс түрлерінің бір-бірінен айырмашылығы бар. Мысалы, ұрлыққа қарағанда тонау қауіптірек, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізуден адам өлтіру қауіптірек. Әрине, бұл қылмыстар үшін жазалар да әртүрлі болуы керек. Қылмыс ауыр болған сайын жаза да қатаң болуы тиіс, және керісінше, кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыстарды жасағаны үшін, басқа мән-жайларды да ескеріп, жазаның жеңілірек түрін қолдану керек.
Сонымен қатар соттар жасалған
қылмыстың тек коғамға
Жаза тағайындаған кезде сот ескеруге тиісті қоғамдық қауіптілік дәрежесі нақты қылмыстың ауырлығын анықтайды, ол сол қылмыстық әрекеттің жеке ерекшеліктеріне байланысты.
Мысалы, ҚК-тің 175-бабының 1 бөлігі бойынша жауаптылық көзделген ұрлықтың ірі мөлшердегі ұрлыққа қарағанда (ҚК-тің 175-бабының 3 бөлігі) қауіптілігі аз. Қару қолданған теңіз қарақшылығы (КҚ-тің 240-бабының 2 бөлігі) ҚК-тің 240-бабының 1 бөлігі бойынша жауаптылық көзделген теңіз қарақшылығынан қауіптірек.
Қылмыстың бір түрінің өзіндегі қоғамға қауіптілік дәреже келген зиянның мөлшеріне, сондай-ақ қылмыс жасаудағы көптеген басқа мән-жайлардың жиынтығына байланысты (әрбір қатысушының қатысу сипаты мен дәрежесіне, айыптың формасына, қылмыс жасау жағдайына және кезеңіне). Сондықтан да жаза тағайындаған кезде, тек жасалған қылмыстың сипатын ғана емес, оның қоғамға қауіптілік дәрежесін де есепке алу жөніндегі заң талабы әділ жаза тағайындаудың бірден бір алғы шарты болып табылады.
Егер сот қылмысты кімнің жасағанын, жазаны кімге қолданатынын дұрыс анықтап білсе, жазалаудағы мақсатқа да қол жетеді. Нақты қылмыс жасалғанда жалпы қылмыскер деген ұғым болмайды, өзіне тән қасиеттері бар белгілі бір адам болады. Сол қасиеттер жаза шарасын таңдағанда оң не теріс ықпал жасауы мүмкін. Сондықтан да сот жаза тағайындау кезінде айыпкердің жеке басына қатысты мәліметтерді жан-жақты, мұқият талдауы тиіс.
Әдебиеттерде «адамның жеке басы» деген ұғымға адамды әлеуметтік тұлға ретінде көрсететін, оның өзіндік қасиеттері мен қайталанбас ерекшеліктерін неғұрлым толық ашатын өзгешеліктер деген түсініктеме берілген (8, 6-36 б).
Адамның жеке басы деген ұғым
- оның қоғамдық мәнін, адамның әлеуметтік-
Арнаулы алдын алу, қылмыскерді түзеу сияқты жазаның мақсаттарына қылмыстың қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесін анықтағанда ғана қол жеткізуге болады.
Кімнің жазаланатынын, сотталушының қоғамға қаншалықты қауіпті екендігін, оны түзеудің және қайта тәрбиелеудің қандай мүмкіндігі бар екендігін білу өте қажет. Анықтама, тергеу органдары, сот қылмыскердің мына жақтарын мұқият зерттеп білуге тиіс: әлеуметтік бейнесін, тұрмыс салтын, үйде, тұрмыста оны қоршаған ортаны, әдептілік принциптерін, рухани байлығын, идеалын, немен айналысатынын, психологиялық ерекшеліктерін, жауаптылық қабілетінен айырмайтын психикалық өзгешеліктерін, жасаған ұнамды немесе ұнамсыз әрекеттерін, еңбек ұжымындағы беделін, т.б.
Заң және қылмыстық заң теориясы қылмыс жасаған адамға тән белгілер жиынтығын екі топқа бөледі: бірінші топты қылмыс субъектісінің белгілері құрайды, екінші топ қылмыскердің жеке басын сипаттайтын белгілерді біріктіреді.
Субъектінің есі дұрыстығы, ең төменгі жасы, арнаулы субъекті туралы мәліметтер қылмыс құрамының міндетті түрдегі белгілері болып табылады, олар әрекеттің қоғамдық қауіптілігін сипаттайтын көрсеткіштер.
ҚР Жоғарғы сотының практикасында заңның бұл талабына баса назар аударылған. Сотталушының жеке басы туралы мәліметтерді жан-жақты есепке алу қажеттігіне соттар әрқашан да мән береді. Атап айтқанда, сотталушының денсаулығын, отбасы жағдайын, оның еңбекке қабілеттігін, еңбекке, оқуға көзқарасын, соттылығы туралы деректерді анықтау керек (9, 3 б).
Жоғарыда аталғандай, айыпкердің жеке басы деген ұғым сипаты жағынан әртүрлі белгілерді қамтиды. Олардың кейбірінде психологиялық, ал кейбірінде әлеуметтік түбір бар.
Сыртқы жағдай айыпкердің
мінез-құлқына ықпал жасай
Адамның сана-түсінігінің бұзылу сипаты жасалатын қылмыстың түрін анықтайды, ал оның қаншалықты бұзылғандығы - қылмыстық мінез-құлықтың сипатын көрсетеді. Жаза тағайындаған кезде сот сол адамның өмір құндылықтарына көзқарасын, оның ой-түсінігінің бұзылу сипатын және қаншалықты бұзылғандығын қалайда ескеруі тиіс.
Сонымен қатар адамның әлеуметтік қасиеттерінің маңыздылығын да бағалау керек. Сот айыпкерді тек қылмыстық жауапкершілікті көтере алатын жәй субекті ретінде ғана емес, қоғамның, белгілі бір адамдар ұжымының мүшесі, адам ретінде қарастыру керек. «Адам - қоғамдық қатынастар жиынтығы, адамның ой-түсінігі әуелбастан-ақ қоғамдық өнім, ол адамға тән ерекшелік болып қала береді», - деген К. Маркс (11, 3 б.).