Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2013 в 22:42, реферат
Қылмысты көбіне бір адам емес бірнеше адам жасайды, өйткені біріккен қылмыстық әрекет арқылы қылмыс жасау жеңілдейді. Сондықтан да заңда бірге жасалған қылмыс үшін жауапкершілікке тартылатын адамдар шеңберін және олардың жауапкершілік негіздері мен шектерін айдаудың маңызы зор. Екі немесе одан да көп адамның қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады. Қылмысқа қатысу барысында қылмыс жасауға бірнеше адамның қатысуы міндетті. Мұндай жағдайда бұл адамдар қылмыс субъектісінің белгілеріне ие болуы керек
Осы ерекшелiктi ескерiп көмектесушiлiктi 2 түрге бөледi:
1). Физикалық көмектесушiлiк;
2). Интеллектуалды көмектесушiлiк.
Физикалық көмектесушiлiкке
орындаушыға қылмыстың
Көмектесушiлiктiң
а). Кеңестер беру, яғни қылмысты жасау механизмiн тиiмдi əрi қауiпсiз жүзеге асыру бойынша ұсыныстар беру;
б). Нұсқаулар беру – нақты жағдайда қалай əрекет ету керектiгi туралы орындаушыға бағыт беру;
в). Ақпараттар беру – орындаушы үшiн маңызды болып табылатын жаңа мəлiметтердi жеткiзiп отыру;
г). Қылмыскердi, қаруды немесе қылмыс жасаудың өзге құралдарын, қылмыстың iзiн не қылмыстық табылған заттарды жасыруға күнi бұрын уəде беру;
д). Осындай заттарды сатып алуға немесе өткiзуге күнi бұрын уəде беру.
Интеллектуалдық көмектесушiлiктiң соңғы екi нысанынан ҚР ҚК 363-бабы «Қылмысты жасыруң жəне ҚК бабы «Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi сатып алу немесе сатуң қылмыстарын ажырата бiлу керек.
Бұл қылмыстарда кiнəлi белгiлi бiр əрекеттердi жасауға күнi бұрын уəде бермейдi. Интеллекту
көмектесушiден қылмысқа айдап салушыны да ажырата бiлу қажет. Айдап салушының əрекетi екiншi қылмыс жасау ниетiн тудыруға бағытталса, ал көмектесудiң аталған түрiнде орындаушыда пайда болған одан əрi нығайтуға бағытталады.
Субьективтiк жағынан қылмысқа қатысушылардың басқа түрлерi сияқты көмектесушiнiң əрекеттерi де
тек қасақаналық түрiмен жасалады.
3. Қылмысқа қатысудың нысандары
Қылмысқа қатысудың нысанын
белгiлеу бiрлескен қылмыстық
əрекеттiң қоғамға қауiптiлiк
Қылмысқа қатысушылардың
өзара əрекет жасау тəсiлдерiне жəне
олардың əрекеттерiнiң
• жай қатысу (алдын-ала сөз байласпаған адамдар тобы),
• күрделi қатысу ____76 а(алдын-ала сөз байласқан адамдар тобы);
• ұйымдасқан топ;
• қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым).
Жай қатысу (алдын-ала сөз байласпаған адамдар тобы) объективтiк жақтың шегiнен тыс қылмыстық рөлдердiң бөлiнуiнiң болмауымен, ол тек рөлдердiң техникалық- ұйымдастырушылық бөлiнуiнiң орын алуымен сипатталады. Бұл жерде заңдық мəнi бар рөлдердiң орындаушыға, ұйымдастырушыға, айдап салушыға, көмектесушiге бөлiнуi болмайды. Əрбiр қатысушы қылмыстың объективтi жағын əр түрлi мөлшерде атқарса да, қылмыстың тiкелей орындаушысы болып табылады. Жай қатысудың тағы бiр ерекшелiгi əрбiр қатысушының жасаған əрекеттерiнiң орны мен уақытының бiр мезгiлде болуы.
Күрделi қатысу (алдын-ала сөз байласқан адамдар тобы) болып, алдын-ала сөз байласып, келiскен қылмысты бiрлесiп жасау туралы күнi бұрын уағдаласқан екi адамнан кем емес қатысушылары бар адамдар ттобымен жасалған қылмыс танылады. Күрделi қатысу заңи мəнi бар, рольдердiң қатысушылар арасында жеке орындаушыға, ұйымдастырушыға, айдап салушыға, көмектесушiге бөлiнуiмен сипатталады.
Қылмысқа қатысушылар нысаны бойынша əр түрлi əрекеттердi жасайды. Бұл əрекеттердiң нысаны ғана емес, сонымен бiрге қылмыстың жасалу орны мен уақыты да сəйкес келмейдi. Қылмыс құрамын құрайтын əрекеттердi орындаушы тiкелей жасайды, ал қалған қатысушылар ұйымдастырушы, айдап салушы жəне көмектесушi рольдерiн атқарады. Қылмысты бiрлесiп iстеуде рольдердiң əр түрлi байланысы болуы мүмкiн: бiр жағдайларда орындаушыдан басқа айдап салушы жəне көмектесушi, ал тағы бiр жағдайларда орындаушы мен көмектесушi жəне т.б. болады. Орындаушының əрекеттерi жасаған қылмысты қарастыратын бап бойынша сараланады. Басқа қатысушылардың əрекеттерi де осы бап бойынша сараланады, бiрақ ҚР Қылмыстық кодексiнiң 28-бабына сiлтеме жасалынады.
Ұйымдасқан топ - қылмысқа қатысудың бiр нысаны болып табылады. Егер қылмысты бiр немесе бiрнеше қылмыс жасау үшiн күнi бұрын бiрiккен адамдардың тұрақты тобы жасаса, ол ұйымдасқан топ жасағанқылмыс деп танылады. Алдын-ала сөз байласқан адамдар тобы мен ұйымдасқан топ арасында ұқсастықтармен қатар айтарлықтай айырмашылықтар да бар. Ұқсастығы болып екi нысанның да алдын-ала сөз байласу арқылы пайда болуы табылады. Алдын-ала сөз байласқан адамдар тобының ұйымдасушылық дəрежесi аз болады, олар негiзi алдын-ала келiсу арқылы көрiнiс табады. Ұйымдасқан топтың мiндеттi белгiсi болып тұрақтылығы, яғни қылмыстық əрекеттi жалғастыру, бiрнеше қылмысты жасау, ал кейбiр
кезде ауырлығымен ерекшеленетiн қылмысты жасау мақсатында бiрнеше адамдардың бiрлесуi табылады. Ұйымдасқан топтың қатысушылары тұрақты қылмыстық қатынасқа, ұйымдастырушылық мезеттерге ие болады: басшылықтың бар болуы, қылмыс iстеудiң жоспарын құруы, конъюнктурамен танысуы,қатысушыларды жинауы, рольдердi бөлуi жəне т.б.
Қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) – даму деңгейi жағынан жоғары ұйымдасқан қылмыстық құрылым болып табылады. Олар ұйымдасқан қылмыстың ең қауiптi нысаны болып табылады. Қылмыстық сыбайластықтың қоғамға қауiптiлiк дəрежесiнiң жоғарылығы бiрнеше адамның қылмыс жасауымен, олардың рольдерiнiң бөлiнуiмен ғана емес, сонымен бiрге қылмысқа қатысушылардың арасында тұрақтылықтың, ұйымдасушылықтың жəне тығыз топтасқандықпен ұзақ қатынастың болуымен сипатталады. Қылмыстық сыбайластық ауыр жəне аса ауыр қылмыстар жасау үшiн құрылады деген заңның ережесi, оның қоғамға қауiптiлiк дəрежесiнiң жоғарылығын көрсетедi. Қылмыстық сыбайластықтың сипатты белгiсi болып оның топтасқандығы, тұрақтылығы, ауыр жəне аса ауыр қылмыстар жасауға
бағытталуы танылады. Қылмыстық
сыбайластық күрделi ұйымдасушылық
құрылымға ие болады. Ол барлық қауымдастықтың,
ұйымдасушылық дəрежесi мен қызметiнiң
ауқымы бойынша ажыратылатын оның бөлек
топтарының иерархиялық құрылуын көрсетедi.
Қылмыстық қауымдастық əдетте ұзақ
уақытқақұрылады. Ол ауыр жəне аса ауыр
бiрнеше қылмыстарды жасау, сонымен
бiрге
Ұйымдасқан топты, қылмыстық сыбайластықты құрған адам ұйымдасқан топты не қылмыстық
сыбайластықты басқарғаны жəне
ұйымдастырғаны үшiн, сонымен қатар
өзiнiң ниетiмен қамтылған
4. Қылмысқа қатысушылардың жауаптылығы
Белгiлi бiр қылмыстың жасалуына
кiнəлi түрде əрекет жасаған немесе
басқа қатысушылармен обьективтiкжəне
субьективтiк байланыста əрекет жасаған
адамдар қылмыстық жауаптылыққа
тартылады.Қылмысқа қатысушылар қылмыстық
құқық бойынша бекiтiлген жауаптылықтың
жалпы принциптерiнегiзiнде
орындағанымен байланысты шешiледi.
Мысалы, егер адам толығымен немесе
iшiнара, жеке немесе бiреуге қосылып
қылмыстың обьективтi жағын тiкелей
орындаса, ол қылмыстың орындаушысы
ретiнде танылып, оған ҚК Ерекше бөлiмiнiң
тиiстi бабымен жауаптылық жүктеледi.
Ал егер қатысушы қылмыстың обьективтiк
жағын тiкелей орындауға
Көрiп отырғанымыздай, қатысушылықпен жасалған қылмыстарды қатысушылардың əрекетiн
орындаушының əрекетiнен бөлiп жеке қарауға болмайды. Себебi, қылмысқа қатысушылар
(ұйымдастырушы, айдап
салушы, көмектесушi) мен орындаушының
арасында өзара байланыс
Осыған сəйкес ереженi ҚК 29-бабының 4-бөлiгi былай көрсетедi: орындаушы өзiне тəуелсiз мəн-жайларбойынша қылмысты ақырына дейiн жеткiзбеген жағдайда қылмыстың қалған қатысушылары да қылмыс жасауға дайындалуға немесе қылмыс жасауға оқталуға қатысқаны үшiн жауапқа тартылады.
Ұйымдасқан топ пен
қылмыстық қауымдастықты
заңшығарушы ұйымдастыру шылар мен осы бiрлестiктерге қатысушылардың жауаптылығының шектерiн анықтайды. ҚК 31-бабының 5-бөлiгiне сəйкес, ұйымдасқан топты немесе қылмыстық қауымдастықтықұрған не оларға басшылық еткен адам оларды ұйымдастырғаны жəне оларға басшылық еткенi үшiн, сондай-ақ қылмыстар оның ниетiмен қамтылса, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық жасаған барлық қылмыс үшiн жауаптылыққа тартылады.
Ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың басқа қатысушылары оларға қатысқаны үшiн, сондай-ақ өздерi дайындауға немесе жасауға қатысқан қылмыстар үшiн қылмыстық жауаптылыққа тартылады.
Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы, егер ол нақты бiр қылмыстың мiндеттi немесе ауырлатушыбелгiсi ретiнде заңда көрсетiлсе, қылмыстың қоса орындаушысы болып танылып, топпен жасалған барлық қылмыстар үшiн ҚК 28-бабына сiлтеме жасалмай-ақ жауаптылыққа тартылады. Қылмыстық құқықта iске аспаған қылмысқа қатысушылық үшiн жауаптылық мəселесi күрделi болып табылады. Бiрлесiп қылмыс жасауға бағытталған əрекеттерiнде қатысушылардың еркiне тəуелсiз себептермен қылмыс аяғына дейiн жасалынбаса, онда iске аспаған қылмысқа қатысушылықты құрайды. Бұл ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесушiнiң əрекеттерiне байланысты қылмысты орындаушы ешқандай қылмыс жасамаса немесе жасауға мүмкiндiгi болмаған жағдайлардың барлығында орын алады. Сонымен қатар, iске аспаған қылмысқа қатысушылық, мысалы ұйымдастырушы қылмыс жасау
мақсатымен ұйымдастыруға тырысқанымен басқа адамдар оның тiлегiн қабылдамаса немесе алдыңғы уақыттарда келiскенiмен, кейiн қылмыс жасаудан бас тартса, онда iске аспаған ұйымдастырушылық болады. Iске аспаған қылмысқа қатысу шылық орын алған барлық жағдайларда жауаптылық қылмысқа дайындалу немесе қылмысқа оқталу үшiн туындауы тиiс.
Басқа қатысушылардың ойында болмаған қылмысты жасау орындаушының шектен шығушылығы
(эксцесi) ретiнде қарастырылады.
Орындаушының шектен
а) ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесушi ниетiмен қамтылған обьектiге басқа зардап түрiн келтiру,
б) басқа қатысушылармен бұрын келiсiлген əрекеттердi емес, ауыр қылмыс түрiн жасау.
Орындаушының шектен шығушылығы
үшiн орындаушының өзi жауап бередi,
ал қылмыстың басқа қатысушылары
өздерiнiң ниеттерiмен
Шектен шығушылық жасай отырып, орындаушы келiсiлгеннен өзге зиян келтiредi немесе əрекеттiң заңдық табиғатын елеулi өзгертетiн əрекеттердi жасайды. Мысалы, адам өлтiрудiң қарапайым түрiн емес, ауырлатылған түрiн жасайды.Шектен шығушылық кезiнде қылмысқа қатысушылардың iс - əрекетiмен жасалған қылмыстың арасында
байланыс жоқ. Сонымен қатар, келiсiлген 84 м .рекеттiң шегiнен шыға отырып орындаушы ниеттiң мазмұны да өзгеретiндiктен қатысушылардың арасындағы субьективтiк байланыс жоғалады.Бiрлесудiң обьективтiк жəне субьективтiк негiздерiнiң болмауы басқа қатысушыларды шектеншығушылық кезiнде қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкiндiгiн тудырады.
ҚК 26-бабында қарастырылған қылмыс жасаудан өз еркiмен бас тарту ережесi қылмысқа қатысушыларғада қолданылады. Қылмыс жасаудан өз еркiмен бас тарту дегенiмiз қатысушылардың қылмысты аяғынадейiн жеткiзуге мүмкiндiгi бар екендiгiн ұғына отырып, орындау рөлiне байланысты атқаруға мiндеттi iс -əректтердi тоқтатуы.
Қатысушылардың қылмыс жасаудан бас тартуы қылмысқа қатысудың кез келген нысанында жəне
қылмыстың аяқталуына дейiнгi кез келген сатыда мүмкiн болады. ҚК 26-бабының 1-бөлiгiне сəйкес: «Егерадам бiр қылмысты ақырына дейiн жеткiзуден өз еркiмен жəне бiржола бас тартса, ол осы қылмыс үшiн қылмыстық жауаптылыққа тартылмауы тиiсң. Аталған ереже, тек қылмыстың орындаушысына ғана қатысты айтылған, себебi қылмысқа басқа қатысушылардың iс-əрекеттерi орындаушының қылмысты орындағанға дейiн жасалады. Сондықтан басқа қатысушылардың өз еркiмен бас тартуы орындаушының iс -
əрекетiне дейiн немесе iс-əрекеттiң басталу кезеңiне дейiн орын алуы тиiс. Бұл жөнiнде заңшығарушы ҚК-ң 26-бабының 3-бөлiгiнде мынандай талаптар қояды: «қылмысты ұйымдастырушы мен қылмысқа айдап салушы, егер ол адамдар мемлекеттiк органдарға хабарлаумен немесе өзге де қолданылған шаралармен орындаушының қылмысты ақырына дейiн жеткiзуiне жол бермесе, қылмыстық жауапқа тартылмауы тиiс.
Егер орындаушының қылмысты аяқтағанына дейiн оған күнi бұрын уəде берген жəрдемнен бас тартса немесе көрсетiлiп үлгерген көмектiң салдарын жойса, қылмысқа көмектесушi қылмыстық жауапқа тартылмауы тиiсң. Сонымен, ұйымдастырушы мен айдап салушының өз еркiмен бас тартуы тек белсендi түрде, яғни олардың iс- əрекеттерi орындаушыға ойлаған қылмысын орындауға жол бермесе ғана мүмкiн болады. Егер ұйымдастырушы мен айдап салушының қолданған шаралары орындаушының қылмысты жасауын тоқтата алмаса, олардың қолданған шаралар жаза тағайындау кезiнде жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мəн-
жай ретiнде танылуы мүмкiн. Қылмысты ақырына дейiн жеткiзуден өз еркiмен бас тартқан адам оның нақты əрекетiнде өзге қылмыс құрамы болған жағдайда ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылуы тиiс.