Қылмыс субъектісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2013 в 16:00, курс лекций

Краткое описание

Қылмыс жасаған кезде қылмыстық заңда көзделген белгілі бір жасқа толған және есі дұрыс жеке адам қылмыстық заң бойынша қылмыс субъектісі бола алады.
Қылмыс субъектісінің белгілері жайлы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 14-бабының бірінші бөлігінде былай делінген: Есі дұрыс, осы кодексте белгіленген

Содержание

І. Қылмыс түсінігінің субъектісі және белгілері 5
1.1 Есі дұрыстық және есі дұрыс еместіктің түсінігі. Есі дұрыстық қылмыстық жауаптылықтың негізгі шарты 8
1.2 Жасқа толу 12

ІІ. Қылмыстың арнаулы субъектісі 15

ІІІ. Мас күйінде жасалған қылмыстар үшін жауаптылық 18

Қорытынды 21

Қосымша 24

Қолданылған әдебиеттер тізімі 25

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қылмыс субъектісі.docx

— 39.28 Кб (Скачать документ)

 

Қоғамдық қатер дегеніміз  – қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға шынайы түрде зиян келтіретін не сол зияндарды жоюға кедергі келтіретін әрекет не әрекетсіздік. Жасалған әрекет не әрекетсіздікке жаза тағайындау үшін, оның қоғамға қатері ақиқат екеніне тура көз жеткізуіміз керек.

 

Қоғамдық қатері бар әрекетті тек қана қылмыс деп тану қате көзқарас. Сонымен бірге ол әкімшілік құқық  бұзушылық болу да әбден мүмкін. Бұнда да тұлғаға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келеді. Бірақ олардың қоғамға қауіптілігінің мөлшері анағұрлым төмен болады. Егер әрекет салдарынан тұлғаға, қоғамға ауыр не орташа ауыртпалықтағы залалдар келтірілмесе, ол әрекетке әкімшілік тәртіпте жауапкершілік жүктеледі. Мысалы, жол қозғалыс ережелерін бұзу салдарынан адам денсаулығына жеңіл түрдегі зиян келтірілсе.

 

Қылмыстың екінші бір міндетті белгісі болып қылмыстық құқыққы қайшылық табылады. Қайшылық – жоғарыда айтылғандай қылмыстың формальды белгісі. Қылмыс туралы тек тиым қылмыстық заңмен бекітілген жағдайларда ғана сөз болуы керек. Басқа құқық салаларына қайшы келген жағдайлар оларды қылмыс деп тануға негіз бола алмайды. Мысалы, Қазақстан Республикасы территориясында шетел валютасымен шартқа отыруға «валюталық реттеу заңымен» тиым салынған, бірақ қылмыстық құқықта бұндай жағдайлар қарастырылмағандықтан, бұл әрекеттер қылмыс деп санамайды. Сонымен қылмыс туралы қылмыстық заңда көрсетілмесе, өылмыс жоқ деп саналады.

 

Жоғарыда айтылған қылмыстық  құқыққа қарсылық белгісімен өте  тығыз байланысты екі белгі –  кінәлілік және жазалылық.

 

Қылмыстық кодекстің 19-бап 2-тармақшасына сәйкес қылмыстық жауапкершілік  кінәсіз келтірілген зияндар үшін жүктелмейді.

 

Кінәлілік құқыққа қайшылықтың міндетті шарттарының бірі болғандықтан, субъектінің әрекетінде кінәнің жоқтығы оның әрекетін және қылмыстық құқыққа қайшылық белгісін де жоққа шығарады.

 

Жазалылық – бұл атынан-ақ айтылып тұрғандай әрбір заңға қайшы, қоғамға, қауіпті әрекет не әрекетсіздіктер заңмен міндетті түрде жазалануы тиіс. Кейбір жағдайларда қоғамға қауіпті, заңмен тиым салынған әрекетті жасаушы кінәлі тұлға жазаға тартылмауы да мүмкін, яғни қылмыстық жауапкершілікке тартуға ескіру мерзімі өтіп кетсе, амнистия, рақымшылық және т.б. жағдайлармен, бәрақ бұдан жасалған әрекет не әрекетсіздік қылмыс болып қоса береді.

 

Міне біз қылмыс белгілерімен танысып өттік.


Информация о работе Қылмыс субъектісі