Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі әлемдік тәжірибе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2013 в 20:44, дипломная работа

Краткое описание

Демократиялық институттар мен құндылықтар сыбайлас жемқорлықтың көріністерімен, сондай-ақ, одан туындайтын қоғамның тұрақты және қауіпсіз дамуына қатер төндіретін проблемалармен сыйыспайтыны даусыз. Тиісінше Қазақстанда іске асырылып жатқан демократиялық қайта құрулар сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністеріне қарсы барлық деңгейлердегі күресте тиімді жұмыс істейтін жүйесіз мүмкін емес.

Содержание

КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3-5
I ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ПЕН ҚАЗАҚСТАН ЗАҢНАМАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1 Сыбайлас жемқорлық: теориялық негіздері, даму тарихы және түрлері .6-13
1.2 Сыбайлас жемқорлық қылмыстың себептік-кешендік факторлары . . . .13-19
1.3 Халықаралық құқық пен Қазақстан Республикасының заңнамасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің даму тарихы . . . . . . . . . . . . . . . . .19-29
II ШЕТЕЛ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТЕГІ ТӘЖІРИБЕ
2.1 Шетел мемлекеттеріндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу шаралары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .30-36
2.2 АҚШ пен Канададағы сыбайлас жемқорлық мәселелері және оған қарсы күрес әдістері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .37-41
2.3 Сингапурдың жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы заңнамасы . . . . 42-44
2.4 Жапония мен Оңтүстік Кореяда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы заңнаманың жүзеге асырылуы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 45-51
III СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚҰРАЛДАР
3.1 БҰҰ-дың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылатын халықаралық-құқықтық актілері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 52-56
3.2 Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы конвенциялары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .57-62
3.3 Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының парақорлыққа қарсы күрес жөніндегі конвенциялары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .63-65
3.4 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыратын халықаралық құрылымдар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .66-69
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 70-73
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .74-79

Прикрепленные файлы: 1 файл

диплом жұмысы сыбайлас жемқорлықпен күрес .doc

— 499.50 Кб (Скачать документ)

Көне заман тарихына көз жүгіртетін болсақ, алғашқы және ерте таптық қоғамдарда абыздарға, көсемдерге, әскербасыларына олардың көрсеткен көмегі, қызметі үшін төлемақы беру әдеттегідей норма болып қабылданғаны мәлім. Жоғары шенде тұрған басшылар қарамағындағы төменгі шендегі қызметкерлердің белгіленген бір төлемақыға риза болғанын талап ете бастады, яғни олар белгілі бір көлемде жалақы алатын болды. Ал төменгі шендегі қызметкерлер лауазымдық міндеттерін орындау барысында көрсеткен қызметі үшін жасырын түрде қосымша төлем талап еткен. Біздіңше осы құбылысты сыбайлас жемқорлықтың алғашқы белгілері деп қарастыруға болады.

Антик қоғамы (көне грек қала-мемлекеттер, республикалық Рим) тарихының ерте заманында кәсіби мемлекеттік шенеуніктер болмаған, сондықтан сыбайлас жемқорлық құбылысы да жоқтың қасы еді. Бұл құбылыс антик қоғамы құлдыраған дәуірде кең өріс ала бастады. Осы кезде рим құқығында «corrumpire» деген термин пайда болып, «бүлдіру», «біреуді сатып алу» деген мағынаны білдіріп, билікті асыра пайдаланушылық жағдайы болған кезде қолданылған. Мемлекет неғұрлым орталықтандырылған болса, соғұрлым азаматтардың мемлекеттік деңгейдегі істі өз бетінше шешуі шектеулі болады, осыған орай төмендегі және жоғарыдағы шенеуніктер қатаң қадағалаудан босағысы келген адамдардан жасырын түрде пара алып, сөйтіп заңды бұзушылыққа жол беріледі. Сыбайлас жемқорлықтың осындай «төзімді нормасы» әсіресе өндірістің азиялық тәсілінде байқалады. Сөйтіп, Артхашастраның авторы сараң шенеуніктердің мемлекеттік мүлікті талан-таражға салудың 40 тәсілін көрсеткен.

Сыбайлас жемқорлықтың жаңа қарқынмен кең өріс алуы ХІХ  ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басына келеді. Бір жағынан, іс-шараларды мемлекеттік реттеу дәрежесі көтеріліп, осыған орай шенеуніктердің билігі күшейе түсті. Екінші жағынан, ірі кәсіпкерлік пайда болып, олар өз мақсатына жету үшін «мемлекетті сатып алуға» кірісті. Дамыған елдерде (Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Еуропа елдерінде) саяси партиялардың маңызы өскен сайын партиялық сыбайлас жемқорлық кең етек ала бастады. ХХ ғасырдың екінші жартысында «үшінші әлем» елдері саяси дербес ел болып дамыған кезде, олардың мемлекеттік аппараты алғашқы кезден бастап сыбайлас жемқорлық жолына түскен еді. «Үшінші әлем» елдерінде «төменнен жоғары жаққа қарай» сыбайлас жемқорлық түрі кездеседі, бұндай жағдайда парақор басшы өз кінәсін мойындамай, қарамағындағы қызметкерлерді жазаға тартады. Сондай-ақ «жоғарыдан төменге қарай» сыбайлас жемқорлық түрі де болған, бұндай жағдайда жоғары қызметте тұрған шенеуніктер ашық түрде пара алып, алған парасымен қарамағындағы қызметкерлермен жартылай бөліскен (сыбайлас жемқорлықтың осындай жүйесі Оңтүстік Кореяда байқалады). «Үшінші әлем» елдерінде (Филлипинде, Парагвайда, Гаитиде, Африканың кейбір елдерінде) клептократиялық тәртіп орнаған, бұл елдерде сыбайлас жемқорлық барлық әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынасты қамтыған және пара бермесе ешбір іс орындалмайды. 1990 жылдары сыбайлас жемқорлық мәселесі аса өзекті мәселеге айналды. Осы кезде бұрынғы социалистік елдерде сыбайлас жемқорлық аса үлкен қарқынмен дамыды.

Қорыта келе айтатынымыз, ХХ ғасырда сыбайлас жемқорлықтық қарым-қатынастың даму үдерісі мынадай:

- сыбайлас жемқорлықтың түрі мен формасы көбее түсті.

- ауық-ауық түрдегі сыбайлас жемқорлық жүйелі түрдегі сыбайлас жемқорлыққа айналды.

- биліктің төменгі сатысында орын алған сыбайлас жемқорлық биліктің жоғарғы сатысында кездесетін, одан әрі халықаралық сыбайлас жемқорлық сипатына ие болды.

 

1.2 Сыбайлас жемқорлықтық қылмыстың себептік-кешендік факторлары

 

Сыбайлас жемқорлық  мәселесін зерттеген кезде мынадай  сауал туындайды: сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері қандай және осы құбылыс неліктен осындай түрде жүзеге асады.12 Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептерін зерттеу барысында бірқатар киындықтарға тап боламыз. Кейде бір фактіні сыбайлас жемқорлықтың себептері ме әлде салдары ма екенін анықтау да қиындық туғызады. 13Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері жүйеленіп, мынадай жіктелім ұсынылады: әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұйымдастырылған, құқықтық себептер, сондай-ақ мәдени-этикалық сипаттағы факторлар. Осы себептердің әрқайсысына тоқталайық.14

Әлеуметтік-экономикалық себептер. Сыбайлас жемқорлықтың кеңістік ерекшеліктерін талдау кезінде айқындалғандай, елдегі сыбайлас жемқорлықтың өріс алу дәрежесі экономиканың даму деңгейіне тікелей байланысты. Алайда керісінше фактіні байқауға да болады. Халықаралық Валюта қоры жүргізген зерттеудің нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық ел экономикасының дамуына едәуір кедергі келтіреді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық елге келетін инвестициялар легін қысқартатыны, дарынды адамдарды өнімсіз жұмысқа тартатыны, бай табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалануға жол беретіні, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құрылымдық экономикалық өркендеуді арттыруға бағытталған реформалардың жүргізілуін тежейтіні айқындалды. Елдің табиғи ресурстармен (орман, минералдық, су ресурстары) жақсы қамтылуы да сыбайлас жемқорлықтың дамуының бір факторы болып есептеледі. Елдегі бұндай байлыққа екі тұрғыдан қарауға болады. Бір жағынан, елде бай табиғи ресурстардың болуы ел экономикасы өркендеуінің негізі болып, сыбайлас жемқорлықтың төмендеуіне себеп болуы керек. Екінші жағынан, табиғи байлық ел экономикасының өркендеуін емес, өзіне пайда алуды мақсат тұтқан сыбайлас жемқорлық субъектілерін қызықтырады.15 Халықаралық Валюта қоры жүргізген зерттеу көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық мемлекетке түсетін жылдық табысты төмендетеді, себебі салық төлемеудің, салық төлеуден заңсыз босатудың мүмкіндіктері пайда болады немесе салық басқармасы әлсіз жұмыс істейді. Жемқорлықтың өріс алу себептерінің аса маңыздысы - мемлекеттік және жеке секторлар қызметкерлерінің еңбекақы көлемі.16 Әрине, еңбекақысы төмен болғандықтан, шенеуніктер қосымша табыс көздерін іздестіреді, осындай жағдайда шенеуніктер ресми қызметтік міндеттерін асыра пайдаланып, пара алады. Мемлекеттік қызметшілердің табысы үлкен көлемді болғандықтан, олар өз қызметінің қауіпсіздігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қарамағындағы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жасамауына жағдай туғызады: қызмет бабында өз міндеттерін адал да мінсіз орындаған қызметшілерді көтермелейді, сыйақы беруге ұсынады, заңды түрде лауазымын көтереді. Осындай жағдайда лауазымды тұлғалар өз құзыреті шеңберінен шықпауға, заңды бұзбауға, әділ әрі адал болуға тырысады.17

Білім беру жүйесі экономиканың өрістеуінің аса маңызды жетістіктерінің бірі болып саналады. Қоғамның білім деңгейі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым моральдық-адами және құқықтық нормалардың бұзылуы өте сирек кездеседі. Осыған орай, қоғамның білім деңгейі мен сыбайлас жемқорлықтың даму деңгейінің арасында тиісті дәрежеде байланыс бар деген ойдамыз. Айтылғандарды қорытындылай келе, айтатымыз:

- жағымсыз элеуметтік-экономикалық факторлар кез келген мемлекетте сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы, өрістеуі және таратылуының себептері болып табылады.

- алайда жоғарыда көрсеткеніміздей, әлеуметтік-экономикалық факторлар белгілі бір жағдайларда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін қолданылған құралдар болуы әбден мүмкін.

Саяси себептер. Тәжірибе көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық мемлекеттің экономикалық және саяси дамуына кері әсер етеді. 18 Сыбайлас жемқорлықтың дамуына ықпалын тигізетін саяси факторларға мемлекеттік құрылымның ерекшеліктерін жатқызуға болады. Қоғамның демократиялануына байланысты сыбайлас жемқорлық «жаңа» салаларды игерді, бұл – саяси партияларды, электораттық лауазымдық қылмыстарды қаржыландыру, сайлауда сайлаушылар дауысының басым көпшілігін алуды қамтамасыз ету үшін саяси демеушілер жүйесін дамыту. Демократияландыру үдерісі саяси қызметті жүзеге асыру үшін орталық биліктің біршама өкілеттіктерін аймақтық және жергілікті билікке беруді көздейді, ал бұндай жағдай кейбір басшыларға жаңа конституциялық өкілеттіктерін асыра пайдалануға мүмкіндік береді.19 Осы пікірге Швейцария мемлекеті дәлел бола алады, ондағы демократияның тарихи тамыры тереңде жатыр. Тарихи дерек көздер көрсеткендей, мемлекетте басқару нысанының күрт өзгеруі де мемлекеттік құқық бұзушылықпен қатар жүреді, ал халық ондаған жылдар бойы саяси тұрақсыздықтан зардап шегеді.20 Мемлекетте қоғамдық - саяси бостандықтың орнығуы азаматтардың өзін мемлекеттің толық құқылы мүшесі ретінде сезінуге, билікті жүзеге асыруға, қоғамның істеріне араласуға бейімдейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің құралы ретінде әлеуметтік-құқықтық бақылау Жапония мен АҚШ-та кең өріс алды.21

Сөйтіп, жоғарыда айтылғандардан мынадай қорытынды шығаруға болады:

- бостандыққа ие азаматтық қоғам - мемлекетте  жемқорлық деңгейі өте төмен болуының кепілі.

- саяси тұрлаулылық, үкіметтің, басшылардың жиі ауысуы, сыбайлас жемқорлықтық өрістеуінің басты шарты.

- мемлекеттің жалпы саяси бағытының жиі өзгеруі елдегі әлеуметтік - экономикалық ахуалдың тұрақсыздығына әкеп соғады.

Ұйымдық-институционалды себептер. Соңғы кездері жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық мемлекеттіліктің институционалды негіздеріне сіңіп, олардың қызметінің тиімсіздігі, дұрыс ұйымдастырылмауы салдарынан, есеп беру және бақылау жүйесінде нақтылық болмағандықтан кең өріс алуда. Мемлекеттің ұлттық экономикаға араласу факторына нақтырақ тоқталайық. Экономика саласында мемлекеттің өкілеттігі кең тараған жағдайда сыбайлас жемқорлықтың дамуына алғышарттар қалыптасады, ал бұл – «мемлекет қоятын шектеулерден қашудың бірден бір тәсілі».22 Шектеулер неғұрлым көп болса, соғұрлым сыбайлас жемқорлық өрістеп, тамыры тереңдей түседі. Осы пікірді дәлелдеу үшін АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігі жасаған Инвесторларға арналған нұсқаулықтарды талқылайық. Осы Нұсқаулықта әлемнің 40 мемлекетінде инвестиция салуға және іскерлік операциялар жүргізуге келтірілентін процессуалдық және әкімшілік кедергілер туралы баяндалады және осы кедергілерді еңсеру тәсілдері ұсынылады. Осы Нұсқаулықта көрсетілген бағдар барлық жағдайда бірдей емес: егер инвестордың жүргізетін жұмысы көп уақыт алатын, қымбат бағаланатын және күрделі болса, ол жоғары деңгейдегі сыбайлас жемқорлыққа ұрынуы мүмкін. Мемлекетке инвестиция тарту ісінде жоғары лауазымдағы тұлғалар елеулі рөл атқарады. Мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде үміткердің кәсіби біліктілігіне, мінез-құлқына, моральдық – этикалық ұстанымдарына баса назар аудару қажет. Нұсқаулықтарды талдау барысында барлық 40 Нұсқаулыққа тән заңдылық байқалды: инвесторларға келтірілетін бюрократиялық кедергілер мемлекеттің құқықтың жүйесімен тығыз байланысты. Құқықтық жүйесі жалпы құқыққа негізделген мемлекеттерде (Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Австралия, Жаңа зеландия) бюрократиялық кедергілер жоқтың қасы, іс жүргізуде ашықтық басым, сол себептен сыбайлас жемқорлық деңгейі төмен.23 Билік және сыбайлас жемқорлықты бақылау бір-бірімен тығыз байланысты екені баршамызға мәлім. Сыбайлас жемқорлық – биліктің қауқарсыздығының көрсеткіші. Нақты институционалды ұйымның болмауы, қызметтің егжей - тегжейлі регламенттенбеуі, құқық бұзушылықтың бақыланбауы және жасалған қылмыс үшін жауапқа тартылмауы - басқару аппаратының қауқарсыздығына және сыбайлас жемқорлықтың дамуына әкеп соғады. 24

Құқықтық  сипаттағы факторлар. Сыбайлас жемқорлық - бұл әлеуметтік жауыздық, біріншіден мемлекетке үлкен қаржылық нұқсан келтіреді, екіншіден мемлекеттік биліктің беделіне залал келтіреді, үшіншіден қоғам мен мемлекет билігінің өкілеттіктерін моральдік түрде құлатады. Мемлекеттік аппараттың тиімсіз ұйымдастырылуының салдарынан қоғамда құқықтық реттеудің кемшіліктері де орын алуы ықтимал. Құқықтық реттеудің кемшіліктеріне кейбір елдердің заңнамасында сыбайлас жемқорлық сипатындағы мәмілелер жасасқаны үшін қылмыстық жауапқа тарту және жазалау жүйесінің болмауы, мемлекеттік қызметті өтеу жөніндегі нақты ережелер мен регламенттің жоқтығы жатады. Ал бұндай жағдай ұйымдасқан қылмыспен астасып жатқан кәсіпкерліктің және биліктің тығыз байланыста жұмыс істеуіне өте тиімді. Осыған орай фаворитизм, протекционизм, лоббизм өркендеуде. Сонымен қатар непотизм мен саяси демеушілік те кең тараған. Сыбайлас жемқорлық қалыпты нормаға айналады. Ал бұл – құқық қорғау органдарының, көп жағдайда осы органдардың өзі де сыбайлас жемқорлыққа малынған, біріншіден, институционалды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге күші жетпейді, екіншіден құқық қорғау органдарын сыбайлас жемқорлық субъектілері өз заңдарына бағындырады.25 Қылмыс жасағандардың басым көпшілігі жазаға тартылмағандықтан, қылмыстық істерін одан әрі жалғастыра береді. Көп жағдайда сот жүйесі сыбайлас жемқорлық субъектісіне қатысты өз бетінше және тәуелсіз шешім шығара алмайды. Тәуелсіз құрылымдар енгізілген бірқатар елдер (АҚШ-та тәуелсіз прокурор, Гонгконгта, Сингапурде, Малайзияда, Тайванда тәуелсіз комиссия) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ісінде нақты жетістіктерге қол жеткізді. Бұндай мекемені құру кезінде билік пен мүлік, саясат пен ақша мәселесі жүйелі шешімін табуы керек.

Мәдени-этикалық сипаттағы факторлар. Сыбайлас жемқорлыққа мәдени - этикалық факторлардың ықпал етуіне баға беру жеңіл емес, себебі бұл сала «материалды емес».26 Алайда қоғамның мәдениеттілігін сыбайлас жемқорлықтың негізгі себебі ретінде қарастыруымыз тиіс. Дін, мәдениеттің ажырамас бөлігі бола тұрып, қоғамда сыбайлас жемқорлықтың дамуының алғышарттары болуы мүмкін. Сондықтан қоғамда бір әрекет норма деп танылса, оны қылмыс деп жариялау қиындық келтіреді.27 Осы жағдайға орай мынадай мысал келтірейік. Қытайда басты идеология конфуциандық болғанын білеміз, оның қағидаттары бойынша халық жоғары қызметтегі адамдарды «әкеміз» деп қарастырған. Сондықтан қабылдауға келмегеннен гөрі, қабылдауға сыйлықсыз келгені наразылық туғызған. Байқағанымыздай, бір елде кейбір құбылыс сыбайлас жемқорлықтық деп танылса, екінші елде оны сыпайылық танутышылық деп біледі. Мәселен, «керек» адамды мейрамханаға шақыру, «ерекше» бір көмегі үшін біреуге құнды сыйлық беру, жоғары оқу орнына түсуге көмектесу тағы сол сияқты этикаға жатпайтын қылық деп танылмайды. 28

Сөйтіп, сыбайлас жемқорлық - бұл, біріншіден, мемлекетке үлкен қаржылық нұқсан келтіреді, екіншіден, мемлекеттік биліктің беделіне залал келтіреді, үшіншіден, қоғам мен мемлекет билігінің өкілеттіктерін моральдік тұрғысынан құлдыратады.

 

1.3 Халықаралық құқық пен Қазақстан Республикасының заңнамасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің дамуы

 

Жалпы дүниежүзінде жемқорлық әлемдік масштабтарға ие болды. Сыбайлас жемқорлық мәселесін шешуге БҰҰ, Еуропа Одағы, Еуропа Кеңесі, Америка мемлекеттерінің ұйымы, сонымен қатар, Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы қосылады. Тарихи дамудың қазіргі кезеңінде жемқорлықтың трансұлттылығы бүкіл қоғамдастық қауіпсіздігі үшін төндіретін қауіпті бейтараптандыру үшін халықаралық деңгейде жаһандық шаралар қабылдауды талап етеді. Халықаралық жемқорлыққа қарсы мыналарға бағытталған құқықтық, саяси, ұйымдастырушы шаралар кешені ретінде стратегия қажет: 1) қоғамдық жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру; 2) жемқорлықтың зияны туралы хабардарлықты көтеру; 3) жемқорлық құқық бұзушылықтарды сыныптаудың халықаралық стандарттарын қамтамасыз ету, заң құзыреті әділет параметрлерін унификациялау; 4) жемқорлық әрекеттерді айқындау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін оның алдымен қаржы саласында ашықтық атмосферасын жасау.29

Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға жетуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат әр түрлі халықаралық ұйымдардың халықаралық -құқықтық актілеріне бағытталған. Жемқорлық мәселесіне Біріккен Ұлттар Ұйымы үлкен көңіл бөледі. Әлемдік құбылыс ретінде жемқорлыққа қарсы бағытталған бірнеше декларация мен конвенциялар қабылданғанын төменде байқауға болады. 2003 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» Конвенциясын қабылдады.30 Конвецияның жағымды жақтары көп, бірақ та Конвенцияда қарастырылған сыбайлас жемқорлықпен күресудің көптеген шараларына қарамастан, оларды орындау құқық бұзушыға деген тиісті санкциялармен қамтамасыз етілмеген. БҰҰ қарамағында құрылған ұйымдар жемқорлыққа қарсы құралдарды жасауда белсенді қызмет атқарады. Халықаралық қылмысты алдын алу орталығы, Біріккен Ұлттар Хатшылығының қылмысты алдын алу және нашақорлықты қадағалайтын басқарма аймақ аралық қылмыс бойынша Біріккен Ұлттар Институтымен бірге «Жемқорлыққа қарсы әлемдік бағдарламаны» жасады.

Шетелдік мемлекеттік  органдардың лауазымды тұлғаларының парақорлығымен күресу жөнінде Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының 1997 жылғы 21 қарашада қабылданған және коммерциялық іс-әрекет жүргізу барысында шетелдік мемлекеттік шенеуніктерге пара беруді қылмыс деп жариялау мәселесіне арналған «Халықаралық іскери операцияларды жүргізу барысында шетелдік мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының парақорлығымен күресу жөнінде» Конвенция. Бұл конвенция коммерциялық ортада салауатты бәсекелестікті қалыптастыруда алғышарт болып есептеледі.31 ЭЫДҰ сипатталған құқықтық бастамасының маңыздылығы үш кезеңмен анықталады. Біріншіден, ол Солтүстік және Оңтүстік елдерге сыбайластық төлемдердің ағылып келуін қысқартады. Бұл тиісті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру үшін және сауда-саттықтың әділ жағдайларын сақтау үшін қолайлы ахуал жасауға тікелей септігін тигізеді. Екіншіден, ол жаһандық масштабта басқару нормаларын дайындау үшін үлгі бола алады.32 Еуропа Одағы 1995 жылы «Өзінің қаржы мүддесін қорғайтын Конвенцияны» қабылдады. Осы құжатқа қосымша ретінде 1997 жылы Еуропа Одағы «Еуропа қоғамы және осы қоғамдардың мүше-мемлекеттерінің лауазымды адамдары кірген жемқорлыққа қарсы күрес туралы Конвенция» қабылдады. Еуропамен салыстырғанда 1996 жылы Америка мемлекетінің ұйымы көлемді құжатты қабылдады. Америка аралық Конвенция жемқорлыққа қарсы күресті кең түрде қолдайды. Бұл аймақтық келісім (АҚШ-ты қоса, АМҰ мүшелерінің көпшілігі қол қойған) мүше мемлекеттің өз аумағында конституцияға бағындырылған жемқорлық әрекетті жоюға бағытталған шараларды қолдануды, отандастарының және резиденттерінің шет елдегі әрекеттеріне жауап беруді талап етеді. Бұл Конвенцияны Оңтүстік және Солтүстік Американың 20 мемлекеті бекітті. Осы құжат мемлекеттің ішінде жасалған қылмысқа ғана емес, трансұлтты қатынастарға да таралады.33 Аталған құжаттардың әрқайсысына үшінші бөлімде жеке - жеке тоқталатын боламыз.

Информация о работе Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі әлемдік тәжірибе