Субъективтік белгілерінің сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2013 в 10:38, реферат

Краткое описание

Қылмыстың субъективтік жағын анықтау қиын, себебі кінәлінің психикасында өтетін процесстермен сипатталады және ол адамның сезім мүшелерімен қабылданбайды. Қылмыстың субъективтік жағының мазмұнын ашу үшін келесі заңи белгілер қажет, олар: кінә, ниет, мақсат және сезім. Азаматтық құқықта жасаған әрекетінде кінә болмаса да қоршаған ортаға келген зиян өтеледі, ал қылмыстық жауапкершілік тек қана қылмыскер әрекетінде кінә болған кезде ғана туындайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

z-03-17-1.doc

— 80.50 Кб (Скачать документ)

Қылмыс субъектісін  сипаттауды аяқтай келе, ” арнайы субъектіге”  тоқтала кету жөн, ол қылмыстық құқық  теориясында міндетті белгілерден  басқа ( жас, есі дұрыстық ) тағы қандай да бір қосымша белгілерге ие адам болып танылады. Олар оның әлеуметтік, қызметтік, мамандық жағдайын, әскери қызметке деген қатынасын, жынысын, жасын сипаттай алады. Бұл белгілер тек қана қылмыстық – құқықтық нормада нақты анықталған жағдайда ғана саралауға әсер тигізуі мүмкін.[7] Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 282 бабы атмосфералық ауаны қылмыстық түрде ластаған адамға тән қосымша қандай да бір белгілер туралы айтуға рұқсат бермейді. Сондықтан да, егер берілген қылмыс арнайы субъектімен жасалған жағдайда (мәселен лауазымды адаммен жасалса) онда екі немесе одан көп қылмыстың жиынтығы жөнінде сөз болу керек. Лауазымды қызметкерлер арасында ауаны қылмыстық түрде ластаудың субъектілері болып, кәсіпорын басшылары, олардың орынбасарлары, бас инженерлер, бас технологтар және басқа да бас мамандар, цех, смена басшылары, технологиялық процестің дұрыс жүргізілуі үшін, қоршаған ортаны қорғау туралы заңды сақтау үшін яғни атмосфералық ауаға қалдық тастауды реттеуге сәйкес нормативтер үшін жауап беретін және тазартушы құрылғылардың дұрыс жұмыс істеуі, өндіріс қалдықтарын тазарту үшін тікелей жауап беретін шеберлер және басқа да адамдар. Сонымен қатар тазартушы құрылғылары жоқ немесе пайдасыз тазартушы құрылғылары бар объектті, агрегатты, цехты, кәсіпорынды эксплуатацияға қабылдаған адамдар. Бұл жерде қоршаған ортаға залал келтіруде жанама ойдың болғаны дәлелденуі керек, берілген жағдайда көбінесе қылмыстық жауапкершілік болмайды, себебі абайсыз кінә нысаны болады.[8]

Оған қоса, берілген қылмыс субъектілері болып тікелей  потенциалдық ластаушылар мен жұмыс істейтін адамдар болып табылады. Мәселен, мұнай мен газды тасымалдау жасайтын станцияларда жұмыс істейтін адамдар, транспорттық құрал жүргізушілері, авиаторлар және басқа адамдар.

Атмосфераны ластағаны  үшін қылмыстық жазалау.

Экологиялық саясатты жүзеге асырудағы басты орындардың бірін, бұрын да аталып өткендей құқық алады, ол қоғамдағы экологиялық қатынасты жемісті реттеуші ретінде қызмет етуі тиіс. Экологиялық қауіпсіздікке жетуде Қазақстан Республикасы қоғамды қоршаған ортаға оның жағдайы туралы шын ақпаратқа және табиғат қорғаушы заңнама келтірген залалдың айыбын төлеуге адамның құқығы туралы Конституция ережелерінің үлкен мәні бар.

 Экологиялық  құқықты бұзған үшін заңды  жауапкершілік мәселесі, ең алдымен  сот билігінің органдарына тиісті. Соттардың құқық қолданатын тәжірибесі осы категорияның нақты бір істерін құқықтық соттық шешілуін өз басты мақсаты ретінде қоя отырып, қылмыстық, әкімшілік, азаматтық - құқықтық жауапкершілік нормалармен айналысады ( жұмыс істейді).

Әрекет етуші  заңнаманы шын өмірде қолдануының жағдайын көрсететін сот статистикасының мәліметін зерттеу оптимизмге негіз бермейді, себебі ол тым аз. Қалыптасқан жағдайды тек нашар деп сипаттауға болады. Алайда, сот практикасының жалпылау өткізу үшін ол болу керек. Осы берілген категория бойынша әкімшілік материалдар толығымен дерлік басқа өкілетті органдармен қарастырылады, соған байланысты осындай материалдардың көлемі тым жеткіліксіз.[9]

Дегенмен, табиғат қорғаушы заңнаманы бұзғаны  үшін айып төлеуге байланысты азаматтық істердің жағдайы шамалы болса да жақсырақ.  Қылмыстық іске келетін болсақ қылмыстық заңнаманың экологиялық жемістілігін жоғарлатуға бағытталған нақты шараларды жедел түрде қолдану қажет. Ауаны қылмысты түрде ластағаны үшін сотталған адамдардың саны Қазақстанда жоқтың қасы бұл экология жағдайын анықтаған кезде ”катастрофалық” деген сөз анағұрлым жиі қолданатын елдегі қалыптасқан жағдай ма екен ?!

Соттардың табиғатты  қорғау туралы заңнаманы қолдану  практикасы туралы қазіргі кездегі  қаулыда соттар жерді, оның байлықтарын, орманды, ауаны, жануарлар және өсімдіктер әлемін, атмосфералық ауаны қорғау туралы заңнаманы қатал орындауға назар аударды, табиғи ресурстардың ұқыпты да ұтымды қолданылуы ең маңызды мемлекеттік міндеттің бірі болып табылады. Ол мәселе адамдардың денсаулығы мен әл - ауқатымен, экономикалық және әлеуметтік жоспарды жемісті орындаумен тығыз байланысты.

Қаулыда табиғатты  қорғаумен байланысты істерді қарастырған  кезде сотта пайда болатын  нақты құқықтық мәселені шешуге арналған бірқатар нұсқаулар бар. Жоғарғы Сот бұл көкейкесті тақырыппен бірнеше рет айналысқан болатын, 1991 жылы осы категориядағы істер бойынша сот практикасының кең жалпыламасы өткізілді, оның нәтижесі Жоғарғы Соттың бюллетенінде жарияланған шолуда көрініс тапты.

Қазақстанның  бүкіл соттарына таратылып жіберілген шолуда осы саладағы істің жағдайы жағымсыз деп атап өтілген болатын. Бөлек тоқтала кетсек, онда табиғат қорғаушы заңнаманы бұзғаны үшін соттаудың күрт төмендеп кетуі істің шын жағдайын көрсете алмайды және де ол табиғат қорғаушы, құқық қорғаушы органдар жұмысындағы кемшіліктердің бар екендігі деп жазылды. Табиғатқа анықталған залал келтірушілердің көбі сот жаупкершілігіне тартылмайды, себебі материалдың басым бөлігі мемлекеттік инспекция органдарымен әкімшілік тәртіпте шешіледі немесе алдын – ала тергеу процесінде тоқтатылады.

Өнеркәсіптік  және ауыл шаруашылық өндірістің кәсіпорындары  табиғатқа кері әсер етеді, олар өзінің тазартылмаған, залал келтіретін қалдықтарымен  ауаны, көлдерді, өзендерді басқа  да су қоймаларын ластайды. Бірақ, өкінішке орай, аймақтық соттар осы категория істерінің талдауына басқаша қарайды, ал табиғат қорғау прокуратурасы үнсіздік сақтайды..

Бұл категориядағы  қылмыстық істердің материалдары Атырау мен Шығыс Қазақстан, сондай-ақ Батыс  Қазақстан облыстарында республикалық, облыстық, аймақтық қорларында жоқ. Бұл Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 282 бабы бойынша әрекетті саралаған кезде нақты қиыншылықтардың өз ерекшелігімен қорқытатына байланысты, себебі тергеу әрекет процедурасын регламентациялаған кезде тергеуге дейін тексеру өткізумен байланысты әрекет нысаны, тәртібі туралы қажетті нұсқаулар, негіздер, оның мерзімін ұзартудың шарттары туралы нұсқаулар заңнамада жоқ, ол құқық қорғаушы органдардың практикалық әрекетінде заңның жиі бұзылуын туғызады : тәртіпті сақтамау қылмыстарына сәйкес арыздары мен хабарлауға сәйкес тіркеу мен есеп беру мерзімдерінен бастап, оларды жасырумен аяқталады. Экологиялық қылмыс үшін жауапкершілікті реттейтін қылмыстық заңнама нормалары негізінен табиғатты қолданудың қандай да бір ережелеріне сүйенетін диспозицияларды құрайды[10].

Бұл ережелер залалды  заттардың қоршаған ортаның қандай да болмасын объектісіне әсер етуінің  мүмкін болатын шектеулі концентрациясы туралы, табиғи объектілерді өндірістік мақсатта қолданудың тәртібі мен шарты туралы, залалды қалдықтардың жерге көмілуі туралы мәліметтерді құрайды. Осы көрсетілген салада маман болып табылмайтын адамдар қабылдаған ақпаратты дұрыс бағалау қиынға соғады. Мәліметті жоғары маманданған сарапшы - экологтар алдын ала зерттемей, қылмыс құрамының белгілерінің бар - жоқ екендігін болжау мүмкін емес. Ауаның қылмысты түрде ластаудың ерекшелігі - фактілік мәліметті жинау процесінде алуан түрлі ғылыми салалардың арнайы танулары қолдана алатындығында болып тұр. Зерттеу жүргізіп отырған орган немесе адам соттық- химиялық, токсикологиялық, радиологиялық, техникалық, гидротехникалық, агротехникалық, ормантехникалық, зоотехникалық, гидрометеорологиялық, соттық медициналық, соттық ветеринарлық, ихтиологиялық, балық шаруашылық, басқа сараптама түрін белгілей алады, оның өткізілуі едәуір материалдық шығынды қажет етуі мүмкін.

Азаматтық немесе әкімшілік өндірістің тәжірибесінде  істің қарастырылуын әрекет нәтижесіне терең талдау жасау қажеттілігін туғызбайды.

Біздіңше, табиғат  қорғаушы заңнаманы бұзғандығы үшін экологиялық қылмыстық құқықтық нормалар санкцияларымен қарастырылған ең қатал жаза түрін қолдану қажет. Қылмыстық істің, атап айтқанда бөлім анализі соттың жаза белгілеуде кейбір принциптерді бұзатыны туралы қорытындыға әкеледі. Біріншіден, қылмыстық жауапкершіліктің әділеттілік қағидасы бұзылады. Оған қолданылатын шара – жазалау. Белгіленген жаза жасалған қылмыстық қоғамдық қаупінің дәрежесіне және сипатына сәйкес келуі тиіс оны жасаудағы жағдайға, кінәлінің өзіне сәйкес келуі тиіс. Егер сот осындай позициядан белгіленген жаза түрін таңдаған жағдайда, онда көрсетілген баптар қарастырған жазаның анағұрлым қатал түрін таңдау құқығын қолданар еді: түзеу жұмыстары немесе бас бостандығынан айыру. Екіншіден, соттың анық нұсқауына қарсы (ҚПК-ң 314 б) сот өзі қабылдаған жазаның ең жеңіл түрін таңдау туралы шешімін негіздеп, түсіндірген жоқ, сонымен қатар сотталған адамға бірдей емес жаза түрін қолданылғаны түсіндірілмейді жоқ.

Бүкіл Қазақстанда  ұрлық немесе бұзақылық үшін бір  жыл ішінде тек бір адамның ғана бас бостандығынан айырылғанын көз алдымызға елестету мүмкін емес. Неліктен жала жабудан, қамаудан ұсақ қылмыстан болатын зардаптан кем болмайтын экологиялық қылмыс бойынша жоқ статистика ешкімді алаңдатпайды. Экологиялық қылмыстық қоғамдық қаупінің қаншалықты терең, зор екендігі әлі де адамның санасына жетпегені ме?

Жоғарыда аталғанды  қорытындылай келе, бұл мәселенің  бүгінгі күнде тек теориялық  көзқараспен қарастыруға болатыны анық шыға келеді. Қазақстан Республикасының  Қылмыстық кодексінің 282 бабының санкциясы тек жалпы превенцияның мақсатына әкеп соғады. Қылмыстық заңда тек осы функцияны орындайтын баптар бар болса да, олар соған қарамастан қылмыспен күрес ісінде үлес қосады. Бұл жерде ҚР-ң Мемлекеттік ел туы мен мемлекеттік елтаңбасын немесе мемлекеттік гимнін қорлау үшін қылмыстық жазалау жазылған баптар туралы сөз болып отыр (ҚК 317 б), бала асырап алу құпиясын жария ету (ҚК 135 б) т. б. Осы баптар бойынша сотта қылмыстық істі қарастыру туралы статистикалық мәліметте атмосфералық ауаны заңсыз ластау сияқты сандар тәртібі айтарлықтай бірдей.

Қылмыстық заңның оқиғаның алдын алу және тәрбиелеуші  функциясы берілген жағдайда орындалады, алайда қалыптасып қалған жағдайды ескерсек, онда экологиялық құқық қорғаушы әрекеттің жемістілігін жалпы превенцияға жатқызуға болмайды.

Жазалау мемлекеттік мәжбүрлеудің шарасы бола отырып, мемлекеттің жасалған қылмысқа деген қатынасын анықтайды. ”Әрбір дәуір, әрбір мемлекет, біресе бір, біресе басқа арнайы мақсаттарға тырысады”, - деп жазған еді атақты ғалым  Сергеевский ғасыр аяғында. Мемлекеттің берілген белгілі бір уақытта құқықпен қорғалатын мүддесінің қаншалықты маңызды екені оның жасалған қылмысқа жазалаудың қандай өлшемін қолданатынын анықтайды. Оған қоса ауырлықтың дәрежесі бойынша қылмыс белгілі бір түрінің классификациясы қылмыстық – құқықтық нормамен қарастырылған санкциялардың көлемімен анықталады. Бұл қағида жоқтан пайда болған жоқ. Әрекеттің қаншалықты жазаланатына байланысты қылмыстардың топтарға бөлінуі Қазақстан құқығының көне көздерінде боған еді, олар әрекетті бұл критерий бойынша ауыр қылмысқа, қылмысқа және қателікке бөлуді ұсынды. Бұл тенденция Кеңестік қылмыстық құқықта да болған еді. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы Қылмыстық кодексінің 10 бабына сәйкес әрекеттің қоғамдық қауіптілігінің дәрежесі мен сипатына қарай бүкіл қылмыстар төрт топқа бөлінеді. Осы классификацияға сәйкес экологиялық қылмыстардың көбі онша ауыр емес қылмыс болып танылады (өйткені баптың санкциясына сәйкес анықталатын бас бостандығынан айыру түріндегі ең максималды жаза екі жылдан аспайды). Кейбір маманданған құрылымдар ауырлығы орташа қылмыстарға жатады. Тек қана Қылмыстық Заңының 247 бабының 3 тармағы (ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптардық бұзылуы) және 292 бабы 3 тармағы (орманды жою немесе зақымдау) бойынша жауапқа тартылатын қылмыс ауыр қылмыс категориясына жатады.

Осы жағдайды талдай отырып, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі  мәселедегі мемлекеттік саясат туралы күмәнданбай айтуға болады. Экологиялық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау сияқты бүкіл өркениетті әлемде басты болып саналатын ең маңызды құндылықтар біздің мемлекетте, сірә, ерекше, жақсы ойластырылған заңдық жағынан жетілген қорғауды қажет етпейтін шығар. Мен өзім пікірімді айтсам, Қазақстанда қоршаған орта әзірше тек сөз жүзінде қорғалады.

Жазалау институтын қылмыстық құқықта оқып - зерттеудің үлкен мәні бар. Ол қылмыстық құқықтық қорғаушы пәні бола отырып, қылмыстық  әрекетті қылмыстық құқықтық зерттеудің қажетті бөлімі болып табылады. Өткен ғысырдың соңында, қылмыстық құқық ғылымының пәнін анықтағанда профессор Таганцев Н.С. былай деп жазған еді: “Қылмысты құқық курсының пәні қылмыстық әрекет конструкциясын зерттеу және солар себеп болатын мемлекеттің жазалаушы әрекеті, қылмыстық әрекеттің жазалануын анықтайтын нормалар жиынтығын зерттеу болу керек”. 

Қазақстан Республикасының  Қылмыстық кодексінің 282 бабымен  қарастырылған қылмыстың қылмыстық-құқықтық аспектілерін зерттеу жөнінде айту қажет деген қорытынды жасауға  мүмкіндік береді. Бірақ атап өткен жөн болар бұл зерттеу көбінесе теориялық сипаттамаға ие болады. Әрине, теориялық жобаны қарастыру және құру – модельдің абсолютті әмбепаптылығы жөнінде сөз айтуға мүмкіндік бермейді, бірақ мүмкін берілген баптағы санкцияда, диспозицияда конструктивтік қателіктердің болуы оны практикада кеңінен қолдануға мүмкіндік бермейтін де болар.

 

РЕЗЮМЕ

 

В данной научной статье автором рассматриваются  и раскрываются субъективные признаки состава преступления - загрязнение  атмосферы. Акцентируется внимание на основных и факультативных признаках, указываются особенности субъекта преступления, предлагается ряд изменений по установлению признаков субъективной стороны как элемента состава преступления.

 

  Іn thіs artіcle the author іs takіng under consіderatіon the subjectіve sіngs of the content of the crіme of atmosphere dіsaster. The major іdea іs accented on the maіn and addіtіonal sіngs of the specіfіcs of the subject of crіme. The author іs also offerіng to make changes іn establіshіng the subjectіve sіde of the element of the crіme.

 

 

Пайдаланылған әдебиет:

 

1. Кузнецова  Н.Ф., Тяжкова И.А.Уголовное право.Общая  часть. Москва, 1998.

2. Ағыбаев Н.А.  ҚР Қылмыстық құқық Жалпы бөлім.Жеті  Жарғы.2001

3. Дагель П.С., Котов Д.П. Субъективная сторона  преступления и ее установление. Воронеж, 1974.100 б.

4.Таганцев Н.С.  Русское уголовное право. Лекции. Часть общая, 1994. С. 51б. 

5. Қазақстан  Республикасы Жоғарғы сотының  қаулысы. 22.12.00. И 16

6. Вестник Қайнар 2002, И 1.

7. Молдабаев  С.С. Проблемы субъекта преступления в уголовном праве Алматы, 1999. С. 28б.

Информация о работе Субъективтік белгілерінің сипаттамасы