Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2013 в 10:38, реферат
Қылмыстың субъективтік жағын анықтау қиын, себебі кінәлінің психикасында өтетін процесстермен сипатталады және ол адамның сезім мүшелерімен қабылданбайды. Қылмыстың субъективтік жағының мазмұнын ашу үшін келесі заңи белгілер қажет, олар: кінә, ниет, мақсат және сезім. Азаматтық құқықта жасаған әрекетінде кінә болмаса да қоршаған ортаға келген зиян өтеледі, ал қылмыстық жауапкершілік тек қана қылмыскер әрекетінде кінә болған кезде ғана туындайды.
Атмосфераны ластаудыҢ
субъективтік белгілерінің сипаттамасы
Ғалия МЕДЕТБЕКОВА,
Қазақ Гуманитарлық заң университеті
Қылмыстың субъективтік жағын анықтау қиын, себебі кінәлінің психикасында өтетін процесстермен сипатталады және ол адамның сезім мүшелерімен қабылданбайды. Қылмыстың субъективтік жағының мазмұнын ашу үшін келесі заңи белгілер қажет, олар: кінә, ниет, мақсат және сезім. Азаматтық құқықта жасаған әрекетінде кінә болмаса да қоршаған ортаға келген зиян өтеледі, ал қылмыстық жауапкершілік тек қана қылмыскер әрекетінде кінә болған кезде ғана туындайды. [1]
Қылмыстық құқықтық ғылым бойынша жасаған әрекеті үшін тұлға толық жауапкершілікке тартылуы керек, бірақ өз еркімен толық игере отырып, түсініп, шешім қабылдап жасаған болу керек.
Тұлғаны кінәлі деп тану- ол әрекетті қасақана немесе абайсызда жасады деп тану. Заң мен тәжірибе жүзінде ең жиі кездесетін кінәнің қасақана нысаны. Қылмыскердің іс- әрекеттеріндегі нақты ниет экологиялық қылмыстардың кейбір құрамдарында бар болуын мойындауға болады, атмосфераны қылмыстық ластау кезінде кінәні тура ниет нысанында екенін мойындау мүмкін емес. Әдетте, атмосфераның ластау кезінде қылмыскер өзінің іс әрекетінен зиянды салдардың басталу мүмкіндігін біледі, іс - әрекетінің қоғамға зиянды екенін сезеді, бірақ онда жануарлар дүниесіне, балық қорларына, тоғай немесе ауылшаруашылыққа зиян келтіру мақсаты болмайды. Ал егер осындай салдардың болуын тілесе, іс- әрекетті Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 171 бабы бойынша (диверсия) саралау мүмкіндігі туралы айтуға болады. Себебі бұл баптың диспозициясында көзделген іс- әрекеттің нысанының бірі - “халықтың өмір сүруін қамтамасыз ететін объектілердің категориясын жоюға немесе зиян келтіруге бағытталған іс- әрекеттер, ал заң атмосфералық ауаны осы категорияға жатқызды. Бұл жағдайда саралаудың дұрыстығы туралы сұрақты шешу үшін қылмыс жасаудың мақсатын ескеру қажет, себебі диверсия жасау кезінде міндетті, саралаушы белгінің бірі тікелей бағытталған қасақаналық болып табылады. Әдетте, атмосфералық ауаны қылмыстық ластаудың мақсаты өндіріс қалдықтарынан, зиянды заттардан және т. б. құтылу қажеттігі болып табылады. Ауаны қылмыстық ластау жанама ниетпен жүзеге асырылуы мүмкін, яғни егер тұлға өз іс-әрекетінін (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптардың болуын тілемесе де, бұған саналы түрде жол берсе не бұған немқұрайды қараса қылмыс жанама ниетпен жасалған деп танылады[2].
Атмосфералық
ауаны ластаушы тұлғалардың
Абайсыздан жасалған әрекет Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында арнайы көзделген жағдайда ғана қылмыс деп танылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 19 бабының 4 тармағы жағдайында көрсетілген, бұл Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 282 бабы бойынша қылмыстық жаупкершілікке әкелетін көптеген әрекеттерді декриминализациялайды [3]. Барлық сұрақтарға жауап беру үшін Қылмыстық заңның 282 бабының диспозициясына кінәнің абайсыз нысанына байланысты нұсқау кіргізу керек. Соттық тәжірибе дәлелдейтіндей, экологиялық қылмыстар өте жиі қызметтік ережелерді бұзу нәтижесінде жасалады, ал табиғи объектілерге зиян келтіру, әдетте, жиынтықтар түрінде сараланады.
Кінәнің абайсыз нысаны туралы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 282 бабының 3 бөлімінде (адам өлімі болса ) айтылған, бірақ бұл жағдайда Қылмыстық заңның 22 бабы бойынша, тұлға ниетімен қамтылмаған жасалынған қылмыстық істің салдарына абайсыздық жасау туралы айтылады. “Жалпы осындай қылмыс қасақана жасалынды деп мойындалады” (ҚР-ң ҚК-ң 22 бабы).
Кейбір ғалымдар қылмыстың субъективтік жағын, олардың ойы бойынша, ниет пен мақсатты қамтитын кінәмен теңестіреді.[3] Бірақ бұл оймен келісу қиын, себебі кінәні талдау кінәлінің қылмысты неге және не үшін жасаған деген сұрақтарға жауап бермейді. Қылмыстық іс жүргізудің процессуалдық заңнама дәлелдеу пәнін құрайтын жағдайлар ішіндегі ниеттерді дәлелдеуді талап етеді. Қылмысты жасаудағы кінә сипатынан басқа Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының ”Сот үкімі туралы” қаулысында қылмыс ниеттері мен мақсаттарын нақты анықтауды талап етті.
Тергеу және соттық қызметте кінә нысаны мен түрін анықтаумен қатар, міндетті болып қылмысты жасау ниетін анықтау табылады. Алайда, табиғатты қорғау жөніндегі құқық қорғау қызметінің теориясы мен тәжірибесін зерттеу қылмыс жасаудың осы түрінің, оның ниетінің, заңдық және криминологиялық мәні теориясының өңделуі жеткіліксіз екенін айғақтайды. Табиғат объектілеріне қылмыстық қол сұғушылық түрлі ниетпенен іске асырылуы мүмкін. олардың кеңінен тарағандары: іс мүддесін жалған түсіну, экологиялық көрсеткіштерді жоғарылатуға тырысу, қоғам мүддесін елемеу, экономикалық мүдденің экологиялық мүддеден басым болуы.
Қазіргі заңнама
ауаны қылмыстық ластаудың
Қылмыстың мақсаты болып тұлға қылмыс жасаған уақытта қол жеткізуге тырысу нәтижесі табылады. Ауаны ластау қылмыс жасалуының мақсаты заңда белгіленбеген, сондықтан ол қылмыстың саралануына ықпал етпейді. Теоретикалық болжау жасағанда, ол жағдайды ауырлату ретінде жазаны тағайындауға ықпал етуі мүмкін. Қылмыстық заңның 54 бабы 1 бөлімі “е” тармақшасында қылмысты басқа бір қылмысты жасыру мақсатында жасау немесе оның жасалуын жеңілдету мақсатында жасау қарастырылады.
Қылмыстың субъективтік жағынан эмоция ерекше орын алады, эмоция арқылы қылмыс жасауға байланысты тұлғаның уайымдап, мазасыздануы анықталады. Олар ниетпен тығыз байланысты және ауаны ластау үшін ғана қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән - жайлар және Қылмыстық заңның 53 бабында қарастырылғандай жеңілдетеін мән-жайлар ретінде енгізілуі мүмкін. Сот кез келген ниет пен мақсатты жазаны жеңілдету ретінде назарға алуы мүмкін, егер бұл құқыққа сай деп танылса.
Қылмыстың субъективтік жағының осыншама тапшы сипаттамасы кез келген қылмыстық әрекеттің қажетті белгісін анықтауға кері әсер етеді. Ең алдымен, тікелей қасақана немесе қылмыстық жеңілтектікпен салыстырудағы сипаттауда ғана белгілерін сипаттау кінәнің бір түрін ғана жанама мақсаттың белгілерін сипаттағанда теоретикалық және практикалық қызығушылықты білдіруі қосымша зерттеуді қажет ететін сұрақтарды қысқартады[5].
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 282 бабында бұл қылмысты жасау барысында эмоция, мақсаттарын, ниеттерін көрсететін диспозицияның жоқтығы оларды міндетті, сараланған белгілер қатарынан шығарады, олардың жазаны жеңілдету үшін маңыздылығы да зор емес, себебі сот тәжірибесін сараптай келе, қылмыстың осы түрін жасаған кінәлі тұлғаларға онсыз да айыппұл түріндегі жеңіл жазалар қолданылатынын көруге болады. Егер бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылса, шартты түрде айыптау институты қолданылады, сондықтан қылмыстық жазаны жеңілдету жағдайын қосымша іздестіру қажеттігі өзекті емес. 1996 жылы 29 сәуіріндегі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Пленумының “Сот үкімі туралы” № 1 қаулысы ниеттер мен қылмыс жасау мақсаттарын соттар мен тергеу органдарының міндетті анықтауы ҚазақстанРеспубликасының Қылмыстық кодексінің 161 бабында көзделген экоцидпен ауаны қылмыстық ластауды шектеу туралы шешім қабылдау кезінде белгілі бір роль атқарады, бұл қылмысты жасағанда қылмыскер Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігіне және қорғану қабілеттігіне нұқсан келтіру үшін экологиялық қылмыстарда диверсиялар жасауды көздейді. Сонымен, осы мәселені зерттеуді түсіндіретін маңызды мәселелердің бірі Қылмыстық заңның 282 бабында қарастырылғандай, қылмыстың субъективтік жағының спецификалық аймақтық белгісінің жоқтығы.
Қылмыс субъектісі болып қылмыстық құқық бойынша, қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасаған және сол үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуға қабілетті тұлға саналады. Бұл қабілеттілік екі жағдайда бұзылады:
1. Егер тұлға белгілі
бір жасқа жетпесе (Жалпы
2. Сот тұлғаны есі дұрыс емес деп таныса, ол үшін екі критерийдің бар болуы керек – медициналық (созылмалы психикалық немесе уақытша психикалық ауытқушылықты, кемақылдық пен басқа да психиканың ауру жағдайының бар болуын болжайды) және заңды (іс - жүзінде мінез - құлқын тану және өз әрекетінің қоғамдық қауіптілігін және оны басқаруға мүмкіндігінің жоқтығын болжайтын).
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 15 бабында көзделгендей, қылмыс субъектісі тек жеке тұлға болуы мүмкін. Алайда, теориялық жағынан, қылмыстық құқықта заңды тұлғаның жауапкершілік мәселесі дау-дамайлы болып табылады.
Экологиялық қылмыстар үшін қолданылатын қылмыстық-құқықтық санкциялар экологиялық зиянды өндіріс қызметінің барлық жұмысшыларына (тек қана нақты жеке тұлғаларға емес) экономикалық пайдасыз болуы керек. Одан басқа, лауазымды тұлғаларға айыппұл санкциялары бұзылған экологиялық балансты орнына келтіруге ықпал ете алмайды, себебі соммалар өте аз. Заңды тұлғаларға салынатын айыппұлдар осы функцияларды орындауы мүмкін болар еді. Көптеген жағдайларда 100- ден 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады, бұл табиғатқа келтірілген зиянның орнын толтыру туралы айтуға мүмкіндік бермейді. Егер әкімшілік және азаматтық құқықта заңды тұлғалардың жауапкершілігі дәйекті болса, оны неге қылмыстық құқыққа қолданбасқа? Экологиялық қылмыс жасағаны үшін қылмыстық процесте заңдылық деңгейі әкімшілік және азаматтыққа қарағанда жоғары. Мұндай жағдайда экологиялық қылмыстан жәбірленушінің құқығының басқа сот формасына қарағанда көбірек сенімді қорғалады.
Сонымен қатар, қылмыс мәселесі жөніндегі Еуропалық комитет, Еуропалық кеңес еуропалық мемлекеттердің заң шығарушыларына заңды тұлғаларды экологиялық қылмыс үшін қылмыстық жауапкершіліктің субъектісі деп тануды ұсынғанын ескеру қажет. Бұл ұсыныс бірнеше елдердің заңдарында іске асырылған (мысалы, Ұлыбритания , Франция және басқалар). Нью-Йорк штатының (АҚШ) қылмыстық кодексінде экологиялық қылмыс үшін корпорациялардың (басқа да заңды тұлғалардың) қылмыстық жауапкершілігін қарастырады.
Заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі бұрын да тәжірибеден өткенін еске сала кету қажет мысалы, фашистік қылмыскерлерді айыптау бойынша Нюрнберг процесі кезінде Халықаралық Трибунал тек жеке тұлғаларды ғана емес, бүкіл партияларды, тіпті, елді қылмыскер деп жариялады. Егер табиғатты түзеу бойынша қылмыстық тәжірибе қылмыстық процесс шеңберінде мекеменің кінәсін қойса, экологиялық мағынада өздерінің қылмыстық жобаларын өңдейтін жобалау институттары сияқты мекеме жойылса немесе тыйым салынса, мұндай жағдайда табиғатты қорғау сөз жүзінде емес, іс жүзінде жүзеге асырылуда деп айтуға болады .
Заңды тұлғаларды экологиялық
қылмыстың субъектісі ретінде анықтаудың
пайдалылығы жөнінде айтуға мүмкіндік
беретін тағы бір жағдай бар. Кейбір
жағдайлар қандай да бір тұлғаны
қылмыстық жауапкершілікке
Атмосфералық ауаны қорғау туралы заңның бұзылу нәтижесінде келтірілген залалдың орнын толтыру мәселелері тәжірибеде қарастырылмаған, сондықтанда ауаны ластайтын құқықбұзушылырдың залалдың орнын толтыруға байланысты қылмыстық ізге түсу жағдайлары өте аз кездеседі. Шығыс Қазақстан облысында ауданаралық табиғат қорғау прокуратурасымен “УКСЦК” АҚ атмосфералық ауаны ластау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау прецеденті тіркелген[6]. Бұл іс айыпталушыларға әкімшілік айыппұл тағайындаумен аяқталды. Бірақ осы саладағы арнайы құқық шараларының болуы, құқық бұзушылықтың алдын алуға және экологиялық құқық бұзушылықтармен жұмыс істеу үшін сот мүмкіндіктерін жеңілдетуге әрекет ететіні айдан анық.
Заңды тұлғаның қылмыс субъектісі ретінде танылу мәселесі заң шығарушы деңгейде 1991 жылдан бері қарастырылып келе жатыр . Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің жобасын алдын – ала қарастырылған кезде бұл мәселе жағымды шешілген еді, бірақ жобаны талқылап, дауыс берген кезде осы ереже өтпей қалды, сөйтіп Қылмыстық заң бұл қатынаста ескі позицияда қалды. Соған қарамастан, бұл берілген мәселенің түбегейлі шешілгендігін білдірмейді, себебі мақсатқа сәйкес келуден басқа мәселені шешудің қажеттілігі Қазақстанның Еуропа Кеңесіне енуімен байланысты осы Халықаралық ұйым нұсқаған ережелермен келісілген шешім қабылдауға міндетті екендігінен туындап отыр.