Шаруашылық серіктестіктердің қызметін құқықтық реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2013 в 17:57, дипломная работа

Краткое описание

Серіктестіктің құрылтайшылары (қатысушылары) осындай баға берілген кезден бастап бес жыл бойы серіктестіктің несие берушілері алдында салым бағасы арттырылған сома шегінде бірлесіп жауап береді.
Серіктестікке салым ретінде мүлікті пайдалану құқығы берілетін жағдайларда бұл салымның мөлшері құрылтай құжаттарында көрсетілген барлық мерзімге есептелген осы мүлікті пайдалану төлемімен анықталады.
Салымдарды мүліктік емес жеке құқық және өзге де материалдық емес игілік түрінде, сондай-ақ қатысушылардың серіктестікке қойған талаптарын есептеу жолымен енгізуге жол берілмейді.

Содержание

КІРІСПЕ…..…………………………………………………….........………….......3
І-ТАРАУ Серіктестік туралы жалпы сипаттамасы және оның ұғымы, түрлері………………………………………………………………………..............5
1.1. Шаруашылық серіктестік ережелері, құрылтай құжаттары, құқықтары мен міндеттері……………...…..........................................................................................5
1.2.Толық серіктестік …………………………………………………...................11
1.3. Сенім (коммандиттік) серіктестігі………………………………....................14
ІІ-ТАРАУ Жауапкершілігі шектеулі серіктестік…………………...…................17
2.1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құқықтық қабілеті...…...................17
2.2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері…………………………………………………………….......................22
2.3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді құру, қайта ұйымдастыру мен тарату…………..……………………………,……………………….......................22
2.4. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік…………………………................48
ІІІ-ТАРАУ Бірлескен қызмет туралы шарт (жай серіктестік)…….....…............49
3.1.Жай серіктестік ұғымы……...………………………………………................49
3.2. Бірлескен қызмет туралы шарттың мазмұны……………...………...............51
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………….............…...........54

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...……………………...............................56

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Шаруашылық-серіктестіктердің-қызметін-құқықтық-реттеу.doc

— 456.00 Кб (Скачать документ)

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік  қатысушысының үлесі оны толық  төлеп болғанға дейін оның төленген бөлігі мөлшерінде ғана болып берілуі  мүмкін. Қатысушының үлесін (оның бір  бөлігін) жауапкершілігі шектеулі серіктестікің өзі сатып алған ретте, ол не басқа қатысушыларға немесе үшінші жаққа заң құжаттары мен серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген мерзім мен тәртіп бойынша сатуға не өзінің жарғылық капиталын азайтуға міндетті. Осы кезең ішінде түскен таза табысты бөлу, сондай-ақ жоғары органда дауыс беру жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің сатып алған үлесі есептелмей жүргізіледі (АК-ның 80-бабының 4-5-тармақтары). Егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында мұндай ауысуға тек серіктестіктің қалған қатысушыларының келісімімен ғана рұқсат етілетіндігі көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлес серіктестіктің қатысушысы болған азаматтардың мұрагерлеріне және заңды тұлғалардың құқық мирасқорларына ауысады. Үлестің ауысуына келісім беруден бас тарту серіктестік қатысушының мұрагерлеріне (мирасқорларына) заң құжаттары мен серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген тәртіп пен жағдайлар бойынша үлестің нақты құнын төлеуге немесе оларға құны сондай заттай мүлік беру міндетіне әкеліп соқтырады. Заң актілерінде үлестің заңды тұлғалардың құқық мұрагерлеріне ауысу ерекшеліктері көзделуі мүмкін (АК-ның 80-бабының 6-тармағы). Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің, қатысушысы заң актілерінде немесе құрылтай құжаттарында белгіленген серіктестік алдындағы өз міндетгерін бұзған жағдайда серіктестік жалпы жиналыстың шешіміне сәйкес сот бойынша осындай қатысушының үлесін серіктестіктің қатысушымен келісімінде белгіленген бағамен мәжбүрлеп сатьш алуды талап етуге құқылы. Келісімге қол жетпеген жағдайларда мәжбүрлеп сатып алынатын үлестің бағасын сот белгілейді (АК-ның 82-бабы). Қатысушының жеке борыштары пайда болғанда да үлесті мәжбүрлеп сату қажеттігі тууы мүмкін. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының өз борыштарын өтеу үшін мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда несие берушілер борышқор қатысушының үлесін белгіленген тәртіп бойынша бөліп беруді талап етуі мүмкін (АК-ның 83-бабы).

ЖШС қызметінде сенімгерлікпен басқаруды  пайдалану. Жаңа құқықтық институт ретінде сенімгерлікпен басқару ЖШС туралы зандарда айтарлықтай кеңінен пайдаланылған. Сенімгер басқарушының өзінің иелігіне берілген мүлікті пайда алушының мүдделері үшін өз атынан басқаруын, пайдалануын және оған билік етуін сенімгерлікпен басқару деп түсіну керек. Шарттарда және заң құжаттарында баяндалған сызбадан белгілі бір ауытқушылықтар көзделуі мүмкін.

Сенімгерлікпен басқаруды пайдаланудың бірінші жағдайы ЖШС-ны құру кезеңіне байланысты. Егер ЖШС жарғысында оның құрылтайшыларының серіктестіктің жарғылық капиталындағы салымдар есебіне ақша емес, өзге мүлікті енгізу көзделген болса, серіктестіктің құрылтайшылары құрылтай шартында тиісті мүлік серіктестік құрылғанға дейінгі және құрылудан кейінгі кезенде сенімгерлікпен басқаруға берілуге тиісті құрылтайшы немесе үшінші тұлғаны көрсете алады (ЖШС туралы заңның 24-бабының 8-тармағы). Сонымен, бұл, бірі жағынан алғанда, міндетті болмағанымен, қарым-қатынасты рәсімдеудің  қажетті түрі, екінші жағынан алғанда, жарғылық капиталды құруға арналған ақшалай қаражатты сенімгерлікпен басқаруға кедергі болмайды. Мұндай құқықтық сызбаның артықшылығы сенімгер басқарушының көтеріңкі жауапкершілігіне байланысты. Біріншіден, дау туатын жағдайда міндеттемелердің бұзылуына оның кінәлылығы анықталады, екіншіден, сенімге берілген мүліктен ақы өндіріп алуға болмайды.

Мүлікті сенімгерлікпен басқару жөніндегі шартта мыналар көзделуі тиіс:

1) сенімгер басқарушының барлық құрылтайшылардың мүдделері үшін тиісті мүлікті басқаруды, ал ЖШС қүрылғаннан кейін — серіктестіктің мүдделері үшін мүлікті басқаруды жүзеге асыру міндеті;

2) ЖШС-ға ол құрылған кезден  бастап пайдасына және сенімгерлік  басқаруға берілген мүлік осы  кезден бастап меншігіне ауысатын  адамның құқықтарын беру көзделуге  тиіс (ЖШС туралы заңның 24-бабының  9-тармағы).

ЖШС-ны құру рәсімі ол аяқталғанға дейін тоқтатылған жағдайда сенімгерлікпен басқару туралы шарт оның тараптары арасында өзгеше келісім болмаған жағдайда тоқтатылып, осындай шарт бойынша берілген мүлік қайтарылуға тиіс (ЖШС туралы Заңның 13-бабының 3-тармағы).

Екінші жағдай ЖШС туралы заңның 56-бабында көзделген, ол бойынша, егер серіктестіктің қүрылтай қүжаттарында өзгеше көзделмесе, ЖШС немесе оның мүлкі сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін. Мұнда мынаны есте ұстау керек: ЖШС заңцы түлға және құқық субъектісі ретінде емес, АК-ның 119-бабында көрсетілгеніндей, тұтас мүліктік кешен ретінде басқаруға беріледі. Мүлікті басқаруға беру туралы айтқанда, мүліктік кешеннің бір бөлігін ғана беру көзделеді. Мүлікті сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімді ЖШС-ның жалпы жиналысы қабылдайды.

Үшінші жағдай қатысушының  үлесін сенімгерлік басқаруға беру мүмкіндігімен байланысты. Егер қатысушы мен сенімгер басқарушы арасындағы шартга немесе мүлікті сенімгерлік  басқаруды қүру туралы заң акгілеріңде  өзгеше көзделмесе, қатысушы үлесін сенімгерлік  басқару құрылған жағдайда жалпы жиналыста оның өнімі ретінде қатысушы атынан сенімгер басқарушы өрекет етуге қүқылы. Қатысушының мүдделерін білдіру тәртібіне қойылатын талаптар мүлікті сенімгерлік басқару туралы заңдарда белгіленеді (ЖШС туралы заңның 42-бабының 4-тармағы).

Төртінші жағдай мәжбүрлеп  қайта құру кезіңде туады. Егер сотгың шешімі бойынша мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру кезінде бөлуді, бөліп шығаруды жүргізуге уәкілетті ЖШС-ның атқарушы органдары соттың шешімінде белгіленген мерзімде серіктестікті бөлуді, бөліп шығаруды жүзеге асырмаса, сот серіктестіктің мүлкіне сенімгер басқарушы тағайыңдап, оған қайта ұйымдастырылатын серіктестіктің мүлкі есебінен осы серіктестікті бөлуді, бөліп шығаруды тапсырады. Сенімгер басқарушы тағайындалған кезден бастап ЖШС-ны басқару жөніндегі өкілеттік соған ауысады. Сенімгер басқарушы сотта ЖШС-ның атынан әрекет етеді, бөлу балансын жасайды және оны бөлу, бөліп шығару нәтижесінде пайда болатын серіктестіктердің құрылтай құжаттарымен бірге сотгың бекітуіне береді. Сотгың аталған құжаттарды бекітуі жаңадан пайда болатын серіктестіктерді мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылады (ЖШС туралы заңның 64-бабы).

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік коммерциялық ұйым болып табылады, азаматтық құқықтары болады және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген қызмет түрін жүзеге асыруға қажетті, өз қызметіне байланысты міндеттерді атқарады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік тізбесі заң актілерінде белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен лицензия негізінде ғана айналыса алады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзі орналасқан жерден тыс жерлерде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) 43-бабына сәйкес филиалдар құрып, өкілдіктер ашуға құқылы. Серіктестік өзін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған органға өз филиалдарын құрғаны және өкілдіктерін ашқаны туралы, сондай-ақ олардың орналасқан жері туралы хабарлауға міндетті. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің филиалдарын құру және өкілдіктерін ашу туралы шешімді, егер серіктестік жарғысында мұндай шешімдерді оның қатысушыларының жалпы жиналысы қабылдайтыны көзделмесе, серіктестіктің атқарушы органы қабылдайды. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшылары, сондай-ақ ол құрылғаннан кейін серіктестік мүлкінен үлеске құқық алған адамдар оның қатысушылары болып табылады. Мекемелер, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, меншік иесінің рұқсатымен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушы бола алады10.    Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалғыз қатысушысы ретінде бір адамнан тұратын басқа шаруашылық серіктестігі бола алмайды. Бір қатысушыдан тұратын жауапкершілігі шектеулі серіктестікте қатысушылардың жалпы жиналысының құзыретіне жататын шешімдерді жалғыз қатысушы жеке-дара қабылдайды және олар жазбаша ресімделеді. Бұл жағдайда осы Заңның 44-50-баптарының ережелері қолданылмайды.

 

    1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар: осы Заңда және серіктестік жарғысында көзделген тәртіппен серіктестік істерін басқаруға қатысуға; серіктестік жарғысында көзделген тәртіппен серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алуға, оның бухгалтерлік және өзге де құжаттамасымен танысуға;серіктестік қызметінен осы Заңға, серіктестіктің құрылтай құжаттарына және оның жалпы жиналысының шешімдеріне сәйкес табыс алуға;серіктестік таратылған жағдайда кредит берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігінің құнын немесе  серіктестіктің барлық қатысушыларының келісімі бойынша осы мүліктің бір бөлігін заттай алуға; осы Заңда көзделген тәртіппен өз үлесін бөліп алу арқылы серіктестікке қатысуын тоқтатуға құқылы. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың осы Заңда және құрылтай құжаттарында көзделген басқа да құқықтары болуы мүмкін. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар: құрылтай шартының талаптарын орындауға; құрылтай құжаттарында көзделген тәртіпте, мөлшерде және мерзімде серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар салуға; серіктестік коммерциялық құпия деп жариялаған мәліметтерді жария етпеуге міндетті. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшылары серіктестіктің құрылтай құжаттарымен осы Заңда көзделген басқа да міндеттерді мойнына алуы мүмкін.

 

    1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді құру, қайта ұйымдастыру мен тарату

 

 

      Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру оның құрылтайшыларының құрылтай шартын жасасуынан (осы Заңның 14-бабы) басталып, серіктестікті заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткізумен (осы Заңның 19-бабы) аяқталады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру рәсімі ол аяқталғанға дейін: бір жыл ішінде, ал егер құрылтай шартында басқа мерзім белгіленсе, осы мерзім ішінде, құрылтай шарты жасалған күннен бастап серіктестікті мемлекеттік тіркеу туралы тиісті өтініш берілмеген жағдайда; серіктестікті мемлекеттік тіркеуден бас тартуға сот тәртібімен белгіленген мерзімде шағым жасалмаса не шағым жасалып, бірақ шағым қабылданбаған жағдайда тоқтатылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру рәсімі ол аяқталғанға дейін тоқтатылған жағдайда (осы баптың 2-тармағы): жарғылық капиталды қалыптастыру үшін ақша, бағалы қағаздар, заттар, соның ішінде санаткерлік қызмет нәтижелеріне құқықты қоса мүліктік құқық және өзге де мүлік қосқан серіктестіктің құрылтайшылары оларды дереу қайтаруды талап етуге құқылы; осы Заңның негізінде жасалған сенімгерлік басқару туралы шарт оның тараптары арасында өзгеше келісім болмаған жағдайда тоқтатылып, осындай шарт бойынша берілген мүлік қайтарылуға тиіс. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру рәсімі ол аяқталғанға дейін тоқтатылған жағдайда (осы баптың 2-тармағы), егер құрылтайшылар жаңа құрылтай шартын жасасса, серіктестікті құруға болады. Бұл ретте мемлекеттік тіркеуден бас тартуға себеп болған мән-жайлар ескерілуге тиіс. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрылтай шарты негізінде құрылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шартында мыналар болуға тиіс: серіктестікті құру туралы шешім, оның фирмалық атауы және орналасқан жері; серіктестік құрылтайшыларының атауы, орналасқан жері, банктік реквизиттері (егер құрылтайшы заңды тұлға болса) немесе аты-жөні, тұратын жері мен жеке басын куәландыратын құжат деректері (егер құрылтайшы жеке тұлға болса) көрсетілген серіктестік құрылтайшыларының тізбесі; серіктестікті құру тәртібі; оның құрылуына байланысты құрылтайшылардың міндеттері, сондай-ақ құрылтайшылардың серіктестіктерді құру жөніндегі қызметті жүзеге асыруының өзге де шарттары; аталған адамдардың, сондай-ақ серіктестікті құру мен тіркеу барысында құрылатын серіктестіктің мүдделерін білдіруге уәкілдік берілетін басқа да адамдардың өкілеттігін анықтау; серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері; серіктестіктің жарғылық капиталына әрбір құрылтайшының ақша салымының құрамы, мөлшері мен мерзімі туралы немесе заттай нысанда не мүліктік құқықтар түрінде салынған салымның ақшалай бағалануы туралы мәліметтер; серіктестіктің жарғылық капиталына қосымша салымдар салу туралы шешім қабылдаудың тәртібі, сондай-ақ серіктестіктің жарғылық капиталына салымдарды уақтылы салмаудың салдарлары; құрылтайшының серіктестік мүлкіндегі үлесін анықтау; серіктестікке қатысушылар үлестерінің ауысу тәртібі;серіктестік жарғысын бекіту; серіктестіктің таза табысын бөлу тәртібі.  
      Құрылтайшылардың шешімі бойынша құрылтай шартына серіктестікті құруға және оның қызметіне қатысты осы Заңға және басқа да заң актілеріне қайшы келмейтін өзге де ережелер енгізілуі мүмкін. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шартында оның қызметінің мәні мен мақсаты көзделуі мүмкін. Егер құрылтай шартында өзгеше көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шарты коммерциялық құпия болып табылатын құжаттар құрамына кіреді, мемлекеттік және өзге де ресми органдарға, сондай-ақ үшінші жаққа серіктестік органдарының шешімімен ғана не заң актілерінде белгіленген жағдайларда ұсынылуға тиіс.Мемлекеттік тіркеу кезінде тіркеуші органға құрылтай шартын табыс ету талап етілмейді. Құрылтай шартының талаптары осы шартқа қол қойған құрылтайшылар үшін, сондай-ақ серіктестік құрылып, тіркелгеннен кейін оған кірген жаңа қатысушылар үшін міндетті болып табылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шарты әрбір құрылтайшының немесе оның уәкілетті өкілінің шартқа қол қоюы арқылы жасалады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шарты жазбаша нысанда жасалады. Шартқа серіктестіктің барлық құрылтайшылары қол қояды. Құрылтайшылар өкілдерінің серіктестікті құруға және құрылтай шартына қол қоюға құқық беретін тиісті өкілеттігі болуға тиіс.

Құрылтайшылар қатарына кіретін заңды тұлғаларды олардың тиісті заңды тұлға атынан сенімхатсыз әрекет етуге құқылы басшылары ұсынуы мүмкін. Шартқа қол қоюдан бас тарту серіктестікке кіруден бас тартуды білдіреді. Шартқа қол қоймаған адамдарды оның құрылтайшыларының тізбесінде көрсетуге болмайды. Шартқа ескертпелер жасай отырып қол қоюға жол берілмейді. Серіктестіктің жекелеген қатысушылары мәртебесінің ерекшеліктері барлық құрылтайшылар қол қойған шарттың мәтінінде көрсетілуге тиіс. Құрылтай шартын нотариат куәландыруға тиіс. Құрылтай шартына қол қойған құрылтайшылар серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткен соң серіктестіктің қатысушылары болады. Жалғыз қатысушы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестік оның жеке өзі қабылдаған шешімнің негізінде құрылады. Бұл жағдайда құрылтай шарты жасалмайды. Жалғыз қатысушы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысын осы серіктестікті құрған адам бекітеді. Жалғыз қатысушысы бар серіктестікті мемлекеттік тіркеу жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тіркеу үшін белгіленген жалпы тәртіп бойынша жүргізіледі. Егер жалғыз қатысушысы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестік салымды бөлу немесе жарғылық капиталды ұлғайту нәтижесінде жаңа қатысушылармен толықса, олар осы Заңның 15-бабында көзделген ережелер бойынша құрылтай шартына қол қоюға міндетті. Акционерлердiң саны жүз және одан да көп акционерлiк қоғам жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк болып қайта құрылған жағдайда құрылтай шарты жасалмайды. Серiктестiкке қатысушылардың тiзiмiнен көшiрме акционерлердiң саны жүз және одан да көп акционерлiк қоғамнан қайта құрылған жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталдағы қатысу үлесiне меншiк құқығын растайтын құжат болып табылады. 
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылардың тiзiлiмiн бағалы қағаздар ұстаушылар тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы (тiркеушi) жүзеге асырады. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбi тiркеушi мен серiктестiк арасында жасалған шартпен, сондай-ақ осы тiркеушiнiң серiктестiкке қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегi қызметiн реттейтiн iшкi құжаттарымен анықталады. Акционерлiк қоғамнан қайта құрылған жауапкершiлiгi шектеулі серіктестіктің жарғысына қайта құру туралы шешім қабылдаған акционерлердiң жалпы жиналысы уәкiлеттiк берген адам қол қояды.

Акционерлiк қоғамнан қайта құрылған жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы шешiм серiктестiкке қатысушылардың жалпы жиналысында, осы Заңның 48-бабында белгiленген тәртiппен қабылданады11.Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысы серіктестіктің заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін белгілейтін құжат болып табылады. Серіктестікті мемлекеттік тіркеу кезінде оның жарғысы құрылтай құжаты ретінде қаралады.

Информация о работе Шаруашылық серіктестіктердің қызметін құқықтық реттеу