Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2013 в 20:56, реферат
Әдебиеттерде жекелеген авторлар кылмыстық іс жүргізу принциптерінің әртүрлі жүйелері мен түрлерін үсынады, алайда олар өзінің мәні жөнінен заңда көзделген және жалпыға танымал принциптерге өте жақын, кейде солармен бірдей болып келеді.
І. Кіріспе.................................................................................
1.1.Қылмыстық процесс мазмұны мен ұғымы...............................
1.2.Қылмыстық процессердің жалпы сипаттамасы............................................................................................
III.Қорытынды....................................................................................
IV.Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................
Заң барлық азаматтарға қатысты бір ғана іс жүргізу тәртібін белгілейді. Қылмыстық істің соттауға жататындығы жөніндегі ереженің болуы бұл принципке қайшы бола алмайды, себебі, азаматтарға ешқандай жеңілдік берілмейді, мәселен, олардың ісі, бірінші сатының өзіңде-ак, аудандык сотта емес, облыстык сотта қаралған жағдайда да. Бірдей іс жүргізу мәртебесі бар күдіктіге, айыпталушыға, жәбірленушіге, куәгерге, сотталушыға және басқалардың барлығы үшін де заң тең құқықтар мен міндеттер жүктейді.
Бұл адамдардың әлеуметтік, лауазымдық жағдайларына немесе діни көзқарасына байланыссыз, олар үшін тек ҚР ҚІЖК нормалары қолданылады, ал бұларға арналға басқаша алып тас-тау немесе ерекше Кодекс жоқ дегенді біддіреді.
Сот ісін жүргізуді тараптардың
бәсекелестігі мен тең құқықтыг
Тараптар сотқа дәледдеме беруде және іс жүргізу айқында-масын қорғауда тең құқықтар қолданылады. Бұл принцип соттың істің мән жайын анықтау үшін объективті шындықты белгілеуге белсенді ықпалын тигізеді. Заң шығарушы кылмыстық процеске бірден-бір қатысушы қылмыстық іс жүргузі заңында кезделген тек қана өзінің кызметін атқаруын қарастырған. Ол процеске қатысушы басқаның қызметін атқара алмайды. Мысалы, прокурор соттың қызметін, куәгер — айыпталу-шының, тергеуші — сарапшының, т.б.
Заң сот талқылауына катысушылар жүзеге асыратын іс жүргізу қызметтерінің сипатын анықтайды:
Істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу. Қылмыстық процестің бұл принципінің мәні соттың, прокурордың, тергеушінің және анықтау жүргізуші адамның істің мән-жайын зерттеудің жан-жақтылығы, толықтығы және объективтілігі үшін занда кезделген шаралардың барлығын қолдану, айыптыны айғақтайтын да ақтайтын да сол сияқты жазаны жеңілдететін де ауырлататын да анықтау міндеті болып табылады.
Қылмыстық процестегі жан-жақтылыкты зерттеу дегеніміз дәлелдеулерге қатысты іске маңызды деп танылатын барлық мән-жайларды ашып көрсету болып табылады. (ҚР ҚІЖК 115, 117, 347, 371-баптар). Сол сияқты айыптау үкімі болжауларға негізделуге тиісті емес, және сот талқылауы барысында сотта-лушының қылмыс жасаудағы кінәсі соттың дәлелдемелерінің жиынтығымен бекітілген жағдайда ғана қаулы шығарылады (ҚР ҚІЖК 375-бап).
Зерттеудің толықтылығы деп іс бойынша негізделген шешім қабылдау үшін қажетті дәлелдемелер жиынтығы қамтамасыз етіліп барлық мән-жайлардың анықталғаны түсіндіріледі.
Қылмыстық процесті зерттеудің объективтілігі соттың, прокурордың, тергеушінің және анықтаушы адамның дәлелдемелер жинаудағы, тексерудегі және оны бағалаудағы теріс қылыққа жол бермей әділдік көрсетуін біддіреді.
Іс материалдарын зерттеудің объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында заң судья, прокурор, тергеуші, анықтаушы, қорғаушы, сот мәжілісінің хатшысы, сот приставы, сарапшы және аудармашы қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге өздерінің қаты-сын жоққа шығаратын мән-жайлар болған кезде кылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысудан шеттетілуге міндетті немесе оларға қылмыстық процеске қатысушылар қарсылық біддіретінін мәлімдеуге тиіс (ҚР ҚІЖК 89-бап).
Күдіктінің, айыпталушының және сотталушының қорғану құқығын қамтамасыз ету. Бұл принциптің құкықтық кепілдігі қылмыстық іс жүргізу кодексінің 26, 68, 69, 72, 302-баптарында көзделген. Бұл құқықты олар жеке өзі де, қорғаушының кемегімен де жүзеге асыру мүмкіңцігі бар. Қорғану құқығы — бұл күдіктінің айыпталушының қылмыс жасау күдігінен айыптаудан қорғану максатындағы өзін ақтау үшін бұл айыпты немесе күдікті жоққа шығару мүмкіндігін беретін, өзінің бұл қыл-мыска қатысы жоқ екендігін, бұл туралы айғақтар мен дәлелдемелер келтіретін немесе жауаптылықты жеңілдететін іс жүргізу құқықтарынң жиынтығы.
Тек айыптаушының айқындамасы мен қылмыстық іс бойынша сот талкылауы барысында объективті шындықты айқындау мүмкін емес, сондықтан күдіктіні айыпталушыны және сотталушыны қорғау құқығы мен пайда болған күдік немесе та-ғылған айыпты жоққа шығару үшін заң белгілеген іс жүргізу құқықтарының барлық жиынтығымен қамтамасыз етпей, қылмыстық процесті жүргізуге болмайды.
Қылмыстық процесті жүргізуші орган күдіктіге, айыпталушыға, оның ұсталуы, қамауға алынуы, тінту жүргізілуі, ол жөнінде кылмыстық істің козғалуы және басқа да іс жүргізу әрекеттері туралы түсінік беруге міндетті (ҚР ҚІЖК 71, 186, 206, 209, 214, 218, т.б.-баптары).
Бұл орайда күдікті не айыпталушының төмендегідей құқықтары бар:
Жариялылық. Жариялылық — азаматтар мен жұртшылық ақпарат алуға мүмкіндік беретін, қылмыстық сот өндірісінің ашық болуын қарастыратын, қылмыстық процесс принципі. Бұл принцип кобіне сот талкылауы сатысына тән болып келеді. Со-нымен қатар, ол кылмыс процесінің басқа кезендерінде де кездеседі.
Қылмыстық істерді талқылау барлық соттар мен барлық сот сатыларында ашық жүргізіледі (ҚР ҚІЖК 29-бап). Нақты іс бо-йынша қатысушы болып табылмайтын азаматтар сот мәжілісі залына еркін кіріп, тындап, сот процесін көруге құқығы бар.
Сот өндірісіндегі жариялылықка шектеу қою мүмкіндігі ту-ралы адам құқығын және негізгі бостандықты қорғау туралы европалық конвенцияның алтыншы бабында айтылады, онда: «Баспасөз бен көпшілік барлық сот талқылауына не оның бөлімдеріне моральдык тұрғьщан, қоғамдық тәртіпті не демо-кратиялық қоғамдағы үлттық қауіпсіздікті сақтау тұрғысынан жіберілмеуі мүмкін, сол сияқты егер бұл жасы толмағандар мүддесі талап ететін болса немесе тараптаардың жеке өмірін қорғауға қатысты болса, кейде соттың пікірі бойынша өте қажет ерекше жағдайларда жариялылық сот әділдігі мүддесін бүзатын болған кездерде жіберілмейді».
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 29-бабына сәйкес сот тал-қылауының жариялылығын шектеуге, ол мемлекеттік құпияны қорғау мүдделеріне қайшы келгенде ғана жол беріледі.
Бұдан басқа жабык сот талқылауы соттың уәжделген, дәлел-демелерге толы каулысына сәйкес темендегі істер бойынша іске асырылады: