Криминалистикалық тактика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2013 в 12:11, курсовая работа

Краткое описание

Қылмысты ашу және тергеу үстінде жүргізілетін тергеу әрекеттері әрине, заңда көрсетілген тәртіп бойынша жүргізілуі керек. Бірақ, тергеу онымен ғана шектелмейді. Қылмысты ашу жөнінде өте күрделі жұмыстардың бірі болғандықтан тергеу үстінде заңда көрсетілген тәртіп бойынша жүргізілуі керек. Дегенмен, оның белгілі бір реті, тртібі жнее кезеңі қатаң сақталуы тиіс. Мұндай жағдайда да арнайы бір тәсілдер және әдістер қолданылуы мүмкін. Тергеу, жалпы алғанда екі жақтың – тергеуші мен қылмыскердің бір-біріне қарсы жүргізілетін қимыл-әрекеттерімен сипатталады.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................................................3

I тарау. Криминалистикалық тактика
1.1. Криминалистикалық тактика.............................................................................................4
1.2. Криминалистикалық болжамдар және тергеуді жоспарлау...........................................10
1.3. Тергеулік қарау және куәләндіру......................................................................................12

II тарау. Тінту және Тергеу
2.1. Тінту және алу.....................................................................................................................14
2.2. Жауап алу және беттестіру.................................................................................................15
2.3. Тану үшін ұсыну..................................................................................................................18
2.4. Тергеулік эксперимент........................................................................................................21

Қортынды....................................................................................................................................24

Қолданылған әдебиеттер............................................................................................................25

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тергеу.docx

— 68.40 Кб (Скачать документ)

–       тергеулік  экспериментке қатысушылардың саны оңтайлы болу керек;

–       эксперимент  болған оқиға жағдайына максималды түрде ұқсас болуы керек;

–       бiртектес тәжiрибелердi бiрнеше рет жасау арқылы нәтиженiң кездейсоқтығын жою;

–       нәтижелердi дұрыс және нақтылы қарастыру үшiн тәжiрибелердi бiрнеше кезеңде өткiзу.

 

Сараптама кезiндегi  эксперимент ол, сот-сараптамалық зерттеу шараларының факультативтiк сатыларының бiрi. Оның мәнi тәжiрибелер жасаумен көрсетiледi: нақты жағдайларды және олардың арасындағы себептiк байланыстарда анықтау үшiн; iздердiң жасалу механизмiн айқындау үшiн; салыстырмалы зерттеу үшiн үлгiлер алуда; iздердiң қасиетiн зерттеу үшiн; қылмысты жасауға итермелеген техникалық сипаттағы себептер мен жағдайларды айқындау.

 

Сот сараптамаларын тағайындау және жүргізу

 

     Қылмыстық  істерді тергеу барысында, сот  өндірісінде қылмыстық және азаматтық істерді қарастыру кезінде арнайы таным нысаны ретіндегі сараптаманы пайдаланудың түп-тамыры ежелден келе жатыр. Заң әдебиеттеріндегі “сарапшы” және “сараптама” деген түсініктер латынның “expertus’’, яғни “тәжірибелі” деген мағынада көрсетілген. Бұрыннан бері  сарапшы деп шиеленіскен мәселелер мен даулы жағдайларды шешу үшін нақтылы саласында біліктілігімен көзге түскен тұлғаларды атаған. сарапшы туралы дамыған аталмыш көзқарастар нәтижесінде сот және басқа да салаларда сараптама ұғымы қалыптасты, яғни арнайы білім талап ететін нақтылы ғылым, техника және өнер салаларында зерттеу жүргізе отырып, қажетті мәселелерді шешу.

 

Сот сараптамасы дегеніміз  ғылыми, техникалық және басқа да арнайы білімдер негізінде білікті тұлғаның заңға сәйкес нақтылы жағдайларды  анықтау мақсатында жүргізілген  зерттеуі қорытынды түрінде құрастырылған, сондай-ақ қылмыстық не азаматтық істер бойынша дәлелдемелік құрал ретінде жүретін процессуалдық әрекетті айтамыз.

 

Сот сараптамасын тағайындау негіздері:

·        сот  сараптамасын міндетті түрде жүргізу  жайлы қылмыстық іс жүргізу заңының талабы;

·        тергеуші мен анықтама органы қызметкерінің  шешімімен;

·        процеске қатысушылар ынтасымен;

·        қылмыстық  істегі тергеу бөлімінің бастығы  берген жазбаша нұсқау негізінде;

·        соттың берген нұсқауларына сай;

·        заңдылықты қадағалайтын прокурор нұсқауларымен

 

Бірқатар санаттағы қылмыстық істерді тергеу барысында сот сараптамасын жүргізу өте қажет болады. Оның себебі тергеуші мен сотты қызықтыратын кейбір жағдайлар сот сараптамасын жүргізу арқылы анықталады.

 

Сот сараптамасын тағайындау туралы шешімді қабылдау барысында  ескеретін бір жағдай, істегі ревизия және тексеріс актілерінің, сондай-ақ тергеулік әрекет шеңберінде маманмен жүргізілген алдын-ала зерттеу қорытындаларының болуы, осы мәселелер бойынша сот сараптамасын тағайындап-жүргізу мүмкіндігін жоймайды.

 

Қылмыстарды ізін суытпай  ашудың маңызды элементтеріне дер кезінде сараптама тағайындау жатады. Аталмыш қағиданы бұзу қылмысты әшкерелеуді қиындатып ған қоймай, сонымен қатар көптеген дәлелдемелерді жоғалтуға әкеп соқтырады. Іс бойынша қажет болып тұрған жағдайда сараптама жүргізбеудің нәтижесі – қосымша тергеу әрекеттерін жүргізу үшін іс кері қайтарылады. Қайта тергеуге жіберудің негізі ретінде істе сарапшы қорытындысының болмауы немесе жүргізілген зерттеудің толымсыздығы жүреді.

 

Сот сараптамасының түрлері. Жеке тұлғалық (единоличная) және комиссиялық сараптама. Жеке тұлғалық сараптама жеке сарапшымен іске асырылады.

 

Комиссиялық сараптама –  бір мамандықтағы сот сарапшыларының комиссиясы жүргізетін сот сараптамасы. Мысалы, жеке тұлғаның есі дұрыс дұрыс еместігін анықтау мақсатында сот-психиатриялық сараптамасын жүргізу үшін кем дегене үш сарапшыдан тұратын комиссия құрылады.

 

Қосымша және қайталама сараптама

 

      Қосымша сараптама – алдыңғы сараптаманың нәтижелері бойынша сарапшының қорытындысы жеткілікті дережеде анық болмаған не сот сарапшысы өзінің алдына қойылған мәселелерді толық шешпеген не алдыңғы зерттеумен байланысты қосымша мәселелерді шешу қажет болған жағдайларда жүргізілетін сот сараптамасы.

Қайталама сараптама –  алдыңғы сараптаманың нәтижелері бойынша  сарапшының қорытындысы жеткілікті негізделмеген не оның дұрыстығы  күмән тудыратын не сараптама  жүргізудің іс жүргізу қағидалары елеулі түрде бұзылғанда жүргізілген сот сараптамасы.Қосымша және қайталама сараптама тағайындау үшін тергеуші және сот келіспеушілікті тудырған негіздерді анықтап көрсету керек.Кешенді сараптама – егер іс үшін маңызы бар жағдаяттарды анықтау үшін білімнің түрлі салаларының негізінде зерттеу қажет болған жағдайларда, әр түрлі мамандықтағы сот сарапшылары өз құзыретінде жүргізетін сараптама.Кешенді сараптама қорытындысында әрбір сарапшы жүргізген зерттеу нәтижелері және қандай шешімге келгендігі көрсетіледі. Әрбір сарапшы жүргізген зерттеудің нәтижесінде ортақ бір қорытынды жасалынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қортынды

 

Қылмыстын тез арада ашылуы, тергеудің сапасы, тергеушінін істі тергеуге байланысты жұмысынын мақсатты және ұйымдас-қан түрде жүргізілуі тергеудің белгілі бір жоспармен  жүргі-зілуіне тікелей байланысты. Қылмыстық іс козғалғаннан кейін  тергеу жоспарын жасау арқылы тергеуші тергеу барысында шешілетін сүрақтарды толық айқындап алып, осы сұрақтарды нактылы кандай тергеу әрекеттерін, жедел-іздестіру және бас-ка да ұйымдастырушылық шаралар жүргізу арқылы шешуге болатынын  анықтап белгілейді.

 

 Сұрактар тергеп отырған  қылмыстың мән-жайын анықтауға  байланысты болу керек. Сондықтан  жоспарға кіретін сүрақтар осы  кылмыс жөнінде тергеушінің ойша  жасаған болжауынан туындайды.  Тергеп отырған кылмыстың қалай,  қандай жағдай-да болғанын тергеуші, әрине, өз көзімен көрген жоқ.  Бірақ қыл-мысты толық және  объективті тергеу үшін тергеуші  қылмыс-тын қалай болғанын ойша  болса да болжап, қылмыстың жасалу  жолын көз алдына елестетіп  көріп, онын бейнесін ойша жасап  көруі керек. Осындай ойша шығармашылык, талдау процесінің үстінде кылмыстың  кандай жағдайда болғандығы, кылмысқа  катынаскан адамдар және де  қылмыстык, оқиғаның баскд да  мән-жайлары жөнінде белгілі бір  болжаулар пайда болады. Тергеу-шінің  бүл ойша талдау арқылы жүргізетін  шығармашылық, белгілі бір сүрақтарды  шешуге бағытталған іздеу процесі  логи-калык гипотеза әдістеріне  негізделеді. Сондықтан тергеу  бол-жауы логикалық табиғаты жағынан  алғанда гипотезаның бір түріне  — жүмыс гипотезасына жатады.

 

 Болжаудың мазмүны  және мағынасына байланысты тергеу  болжауы жалпы және жеке болып екі түрге бөлінеді. Жалпы болжау - ол нақты кандай кылмыстың болғандығы жөніндегі тергеушінің ой-пікірі. Айталык, окиға болған жерде мәйіт та-былған жағдайда тергеуші осы окиға жөнівде мына төмеңдегідей болжаулар жасай алады: жәбірленушіні біреу қасакдна өлтірді, абайсызда өлтірді, не өзін-өзі өлтірушілік. Атап айткднда, мұндай жалпы болжауда қандай қылмыс жасалғандығы жөнінде белгілі бір пікір туындайды. Осы жасалған жалпы болжаудың әрқайсысынан сұрақтар туындап, олар жөнінде жеке болжау-лар жасалады. Мысалы, кылмысты белгілі бір адамның жаса-ғандығы, қашан, кай мезгілде және қавдай кару пайдаланған-дығы жөніндегі, т.б. сұрақ-болжаулар. Осындай шығармашы-лык талдаудан туындаған тергеу болжауларының бәрі бірдей тексерілуі кажет. Бастапқы кезде жасалған болжаулардың қай-сысы дүрыс екенін біліп анғаруға болмайды. Сондыктан жасал-ған болжаулардың бәрін бір кезекте қосарлы түрде тексеріп аныктау керек. Егер тергеуші осы сәтте шындыкка жатады деп екінші элементі болып саналады. Жоспарға кірген сұрактартер-геу әрекеттерін, жедел-іздестіру және баскд да жұмыстарды жүргізу арқылы аныкталып, шешілетін болғандықтан, орында-латын тергеу шаралары жоспардын үшінші элементі болады.

 

 Жоспарланған жұмыстарды  кім және кай мерзімде өткізу  керек екендігі де жоспарда  көрсетіледі. Бұл жоспардын төртінші  элементі болады. Кей жағдайларда  тергеу шараларын орындай-тын  лауазымды адамның аты-жөні өзінше  жеке жазылады. Мұндай жағдайда  жоспар бес элементтен кұралады.

 

 Енді тергеу жоспарын  кесте түрінде көрсетсек, ол  төрт кей-де бес бағаннан тұратындығы  байқалады. Әр бағандағы жоспар  бірімен-бірі тікелей байланысып, бірінен-бірі туындайды. Осындай жоспар бойынша тергеушінін кылмысты тергеуге байланысты жүргізетін жұмыстары кесте түрінде қағаз бетіне түсіріліп көрсетіледі.

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

  1. 67.629.41(5Каз) Гинзбург, А.Я. Криминалистические основы следственных Г 49 действий (по Уголовно-процессуальному кодексу Республики Казахстан): Учеб. пособие / А.Я. Гинзбург ; Под ред. А.Ф.
  2. Аубакирова.- Алматы: Данекер, 2002.- 306с.-(Б-ка юриста)
  3. 67.629.4(5Каз) Григорьев, В.И. Основы оперативно-розыскной Г 83 деятельности: Учеб.-наглядное пособие.- Алматы: Юрист, 2003.- 76 с.
  4. 67.629.4(5Каз) Дауленбаева, Г.У. Право лица на ознакомление с Д 21 информацией, затрагивающей его права и законные интересы: уголовно-процессуальные аспекты: автореферат / Г.У.
  5. Дауленбаева.- Алматы: Карат-Print, 2006.- 34 с.
  6. 67.629.4 Иванов, Л.О. Пути и судьбы отечественной криминологии И 20 / Иванов Л.О., Ильина; АН СССР; Ин-т гос. и права.- М.: Наука, 1991.- 208 с.

 



Информация о работе Криминалистикалық тактика