Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2013 в 12:11, курсовая работа
Қылмысты ашу және тергеу үстінде жүргізілетін тергеу әрекеттері әрине, заңда көрсетілген тәртіп бойынша жүргізілуі керек. Бірақ, тергеу онымен ғана шектелмейді. Қылмысты ашу жөнінде өте күрделі жұмыстардың бірі болғандықтан тергеу үстінде заңда көрсетілген тәртіп бойынша жүргізілуі керек. Дегенмен, оның белгілі бір реті, тртібі жнее кезеңі қатаң сақталуы тиіс. Мұндай жағдайда да арнайы бір тәсілдер және әдістер қолданылуы мүмкін. Тергеу, жалпы алғанда екі жақтың – тергеуші мен қылмыскердің бір-біріне қарсы жүргізілетін қимыл-әрекеттерімен сипатталады.
Кіріспе.........................................................................................................................................3
I тарау. Криминалистикалық тактика
1.1. Криминалистикалық тактика.............................................................................................4
1.2. Криминалистикалық болжамдар және тергеуді жоспарлау...........................................10
1.3. Тергеулік қарау және куәләндіру......................................................................................12
II тарау. Тінту және Тергеу
2.1. Тінту және алу.....................................................................................................................14
2.2. Жауап алу және беттестіру.................................................................................................15
2.3. Тану үшін ұсыну..................................................................................................................18
2.4. Тергеулік эксперимент........................................................................................................21
Қортынды....................................................................................................................................24
Қолданылған әдебиеттер............................................................................................................25
Жоспар:
Кіріспе.......................
I тарау. Криминалистикалық тактика
1.1. Криминалистикалық тактика.......................
1.2. Криминалистикалық болжамдар
және тергеуді жоспарлау.....................
1.3. Тергеулік қарау және куәләндіру....................
II тарау. Тінту және Тергеу
2.1. Тінту және алу...........................
2.2. Жауап алу және беттестіру....................
2.3. Тану үшін ұсыну.........................
2.4. Тергеулік эксперимент...................
Қортынды......................
Қолданылған әдебиеттер....................
Кіріспе
Соңғы жылдары елімізде қылмыстың, оның ішінде аса қауіпті қылмыстардың өсуі, оның айла-әдістерінің күрделеніп, қауіпті сипат алуы байқалады.
Осының бәрі құқық қорғау,
атап айтқанда, тергеу және жедел іздестіру
органдарының жұмыстарын одан әрі жетілдіруді,
олардың қазіргі заманғы
Қылмысты ашу және тергеу
үстінде жүргізілетін тергеу әрекеттері
әрине, заңда көрсетілген тәртіп
бойынша жүргізілуі керек. Бірақ, тергеу
онымен ғана шектелмейді. Қылмысты ашу
жөнінде өте күрделі
Құқық қорғау органдарының криминалистикалық тәсілдерді біліп, оларды шебер пайдалануы осы органдардың қылмысқа қарсы күрес жұмыстарынының іскерлігін және нәтижелілігін арттырады.
1998 жылдың қаңтар айының
бірінші жұлдызынан бастап
Құқық қорғау, оның ішінде тергеу органдарының қылмысқа қарсы жүргізілетін жұмыстарының пәрмендігі мен нәтижлілігі қылмысты ашуға, оны дәлелдеуге химияның, медицинаның, физиканың, ғылыми-техниканың басқа да ғылымдар саласының жетістіктерін кең түрде пайдаланумен тікелей байланысты.
Әртүрлі материалдарды, заттар
мен бұйымдарды, бояуларды, жеке заттарды
зерттеу сараптамасын кейінгі оқу
әдебиетінде және сараптамалық практикада
криминалистік сараптама
Тергеу ісін жеделдету мақсатында іске байланысты сараптама белгілеу жоспарлануы, сараптаманы тағайындап өткізуге әзірлік шаралары қылмысты тергеу жөніндегі жалпы жоспардың құрамына енгізілуі тиіс.
Сот сараптамасының қажеттігі
қазіргі кезде өсуімен
Міне, осыған қарай арнайы
білімдерді бар мамандардан сараптама,
оның шешілетін жолдарын ізқдестіру
жайлы сұраныс көбеюіне байланысты,
сараптама түрлерінің бір маманның
әр-түрлі сараптамаға бір
I тарау. Криминалистикалық тактика
1.1. Криминалистикалық тактика
Әрбiр қылмысты тергеу, қылмыстық iс жүргiзу заңы рәсiмделген дәлелдемелердi табу және жинауға бағытталған тергеу әрекеттерiн жоспарлы түрде жүргiзумен қамтамасыз етiледi. Осы бағытта криминалистикалық техника және тактикалық тәсiлдердi жедел iздестiру шараларымен ұштастыра отырып шеберлiкпен пайдалану, қылмыстарды тиiмдi түрде әшкерлеуде елеулi маңызы бар. Қылмыстық iс жүргiзу заңының қағидалары және тергеулiк тактика тәсiлдерiнiң өзара қатынасы криминалистикалық тактиканың маңызды мәселелерiнiң бiрiне жатады. Қылмыстық iс жүргiзу заңы процесске қатысушылардың барлығына мiндеттi болып саналатын, тергеу әрекеттерiн жүргiзу ретiн тағайындайды, ал криминалистика осы заң қағидаларын негiзге ала отырып, қылмысты тергеуде қолданылатын тактикалық нұсқауларды дайындайды.
ҚР ҚIЖК-нiң кейбiр баптары, тергеу әрекеттерiн жүргiзу ретiне қатысы бар тактикалық шешiмдi таңдау құқығын тергеушiге ұсынған. Осылайша, ҚР ҚIЖК-нiң 212–бабында, “тергеушi қажеттi деп санаса, жауапты жауап берушi отырған жерде алуға оның құқығы бар” екендiгi көрсетiлген. Мұндай кезде айыпкерден жауап алу орнын тергеушi, iстiң мән-жайына байланысты пайда болған тактикалық көзқарастарына қарай анықтайды. Тергеушi айыпкерден жауапты қай жерде алса да, мұндай тергеу әрекетi ҚР ҚIЖК-нiң 212–бабына сәйкес өткiзiледi. Айыпкерден жауап алу тергеушi бөлмесi не басқа жерде ме, одан жауап алудың процессуалдық тәртiбi өзгермейдi.
Тактикалық тәсiл нақтылы тергеу әрекетiн жүргiзу барысында қолданылып, оның тәртiбi қылмыстық iс жүргiзу заңымен рәсiмделедi.
Жоспарлау, тергеушiнiң қылмысты тергеу қызметiндегi ұйымдық бастамасы болып саналады. Жоспар және тергеулiк болжам тергеудiң дұрыс бағытын анықтайды, оны мақсаттылықпен қамсыздандырады және қылмыстың тез арада, толымды түрде әшкерленуiне жол бередi. Iстегi дәлелдемелерге терең және ойшыл талдау жүргiзу нәтижесiнде шығарылған болжам арқылы, тергеудiң дұрыс бағыты анықталады.
Жоспарлау мазмұнын анықтай отырып, тергеудi жоспарлау элементтерiне көңiл аудару қажет. Ондай элементтерге:
1. тергеулiк болжамдарды дайындау;
2. анықтауға жататын сұрақтар шеңберiн анықтау;
3. осы болжамдарды тексеруге бағытталған тергеу және жедел iздестiру шараларын таңдау;
4. осы әрекеттердi орындау ретi және оларға берiлетiн уақыт.
Криминалистикадағы тактикалық тәсiлдер заңға сәйкес дайындалады. Айыпкер, куә және басқа да iс жүргiзуге қатысушылардың заңды мүдделерi мен құқықтарын бұзуға бағытталған тергеу тәсiлдерi, заңдылық талаптары және шыңайылық қағидаларымен бiр қатарда тұра алмайды.
Қылмыстық iс жүргiзуде қорқыту, алдау, зорлық жасау және адамның намысы мен қадiр-қасиетiн қорлайтын қимылдар орын алмау керек. Iс бойынша шыңайылыққа жету, тек заңдылық талаптарын бұлжытпай орындаған кезде ғана мүмкiн болады. Қараудың тиiмдi нәтижесi көбiне оны тыңғылықты өткiзiп, ғылыми-техникалық құралдарды пайдалылықпен қолдануға байланысты. Қарауды жүргiзу және оның нәтижелерiн толтыру қылмыстық iс жүргiзу заңының талаптарына (ҚР ҚIЖК-нiң 222, 227, 203–баптары) сәйкес iске асырылғанда ғана мағұлматтардың дәлелдемелiк маңызы болады.Оқиғаға қатысы бар аула және бөлменiң сұлбасын сызуды үйрену қажеттi мәселелердiң бiрiне жатады.
Тергеу экспериментiне, көрсетулердi оқиға болған жерде тексеруге, тiнту және алуға, жауап алуға, тану үшiн ұсынуға, корреспонденцияға тыйым салуға, хабарларды ұстап қалуға, сөйлесулердi тыңдай отырып жазуға, сараптама өңдiрiсiне дайындық жасауға қатысы бар қағидаларға және оларды жүргiзудегi тактикалық тәсiлдерге ерекше назар аударылу керек. Сараптамаларды тағайындау және жүргiзу тек криминалистикалық емес, сонымен бiрге басқа да кеңiнен тараған сот сараптамасы түрлерiнеде қатысы бар. Сот медицина, сот психиатрия және сот бухгалтериясы бағамдарында осындай сараптамаларды тағайындау және жүргiзу сұрақтары нақтырақ қарастырылса, криминалистика оқулықтарында көбiне криминалистикалық сараптамаларды тағайындау және жүргiзу мәселелерi қозғалған.
Сараптама өндiрiсi мемлекеттiк сараптама мекемесiнде жүргiзiлгендегi тергеушiнiң атқаратын ролi, осы мекеме және ондағы сарапшымен тығыз байланыста жатыр. Мұндай байланыс, сараптама алдына қойылған сұрақтарды нақтылау және қосымша сұрақтар берумен анықталады, сондай-ақ зерттеу үшiн қажеттi материалдарды ұсынумен көрiнедi. Кейде сараптама өңдiрiсiнде тергеушiнiң қатысуы қажет болады, мысалы, мәйiттiң сот-медициналық зерттеуiнде.
Нақтылы жағдайларда тергеушi сырттан арнайы бiлiмi бар мамандарды шақырады. Бұл жерде, сырттан келген маман кәсiби бiлiктiлiгiмен көзге түссе де, қосымша материалдар алу, сарапшы қорытындысын құрастыру тәрiздi сарапшы қызметiнiң бiрқатар спецификалық мәселелерi жайлы бейхабар болуы мүмкiн, сондықтан тергеушi онымен үнемi байланыста болу керек.
Тергеу әрекетiнiң тактикасын қарастыра отырып, оған дайындық жасау элементтерiне, ұсынылатын тактикалық тәсiлдерге, криминалистикалық техника қолдану ерекшелiктерi және тергеу әрекетi нәтижелерi мен процесстiң өзiн бекiту тәсiлдерiн ұғынып алу қажет. Криминалистика дайындайтын тергеу әрекеттерiн орындаудағы тактикалық тәсiлдер соттық тергеуде де қолданылады. Алдын-ала тергеу үшiн дайындалған тактикалық тәсiлдер сот өндiрiсiне механикалық түрде ауыстырылмау керек.
Сот өндiрiсiнiң жариялылығы, тәуелсiздiгi сияқты ерекшелiктерi тактикалық нұсқауларға дұрыс көзқарас қалыптастыруға жiгерлендiретiндiгiн ескерген жөн.
Криминалистикалық тактиканың жалпы қағидалары
Криминалистикалық тактика
криминалистика ғылымы
Криминалистикалық тактика деп, ғылыми ережелер жүйесiне негiзделе отырып жасалған алдын-ала тергеу мен соттық тергеудi ұйымдастыру және жоспарлау талаптарын, соттық зерттеулер жүргiзетiн адамдардың мiнез-құлқын және процессуалдық iс-әрекеттердi (бiрiншiден, тергеулiк) жүргiзу тәсiлдерiн айтамыз.
Криминалистика тактика мазмұнын:
1. Криминалистикалық болжамдар және тергеудi жоспарлау туралы iлiм.
2. Тергеулiк ситуация түсiнiгi және оған баға беру, тергеу мүддесiне қарай пайдалану бойынша нұсқаулар.
3. Тактикалық
шешiм түсiнiгi және оны
4. Тергеу процесiнде
қылмыспен күрес жүргiзiп
5. Алдын-ала тергеу және сот өндiрiсiнде техникалық-криминалистiк құралдарды және дәлелдемелердi жинап зерттеуден өткiзу тәсiлдерiн пайдалану бойынша нұсқаулар.
6. Алдын-ала
тергеу және сот өндiрiсiнде
арнайы бiлiмi бар тұлғаларды, маман
және жұртшылық көмегiн
7. Тергеу процесiнде
ұйымдық және техникалық
8. Тактикалық
тәсiлдер және нақтылы
9. Тергеу барысындағы
тактикалық комбинациялар
Тактикалық тәсiлдер, нұсқаулар және комбинациялар криминалистикалық тактика негiзi болып саналады. Криминалистикалық тәсiл дегенiмiз заңға қайшы келмейтiн, белгiлi ситуациялық жағдайда, қылмыстың алдын-ала тергеуге қажет дәлелдемелердi жинау, зерттеу, баға беру және iске асыру мақсатындағы тергеу әрекеттерiнiң нәтижелiгiн арттыру үшiн тергеушiнiң қолданатын арнайы әдiс-тәсiлдерi мен қолайлы мiнез-құлқы.
Тактикалық тәсiлдердiң екi түрiн ажыратуға болады:
- әрекеттiк, яғни қандай да бiр қимылдарды iске асыру барысындағы тәсiлдер;
-
бағыттық, яғни тергеудi жүргiзушi
тұлғаның нақтылы мiнез-
Тактикалық тәсiлдердi қолдану шарттары:
1. заңға қайшы келмеу — рұқсат беретiн заңдар, қағидалар және ережелер жүйесiне сай келу, аталмыш тәсiлдердi (нұсқаулар, комбинациялар) тергеушi, жедел iздестiру қызметкерi, сотпен iске асыру тәртiбi, мақсаты және мазмұны;
2. рұқсаттылық, яғни сипаты, мазмұны және мақсаттылығы бойынша заңға толығымен сәйкес болу керек;
3. ғылыми негiзделген;
4. тәжiрибемен дәлелденген, яғни қолданылған күш, құрал және жiберiлген уақыттың бекер болмауы;
5. қолайлы, яғни әрбiр тергеушi, жедел iздестiру қызметкерi және соттардың пайдалану мүмкiндiгi бар.
Тактикалық-криминалистiк нұсқаулар дегенiмiз ол, тергеу жүргiзу немесе сот өндiрiсiндегi тактикалық тәсiлдердi таңдап қолдануға қатысты, ғылыми негiзделген және мақұлданған тәжiрибелiк кеңес.
Тактикалық комбинация деп
тергеулiк ситуациясымен
Нақтылы iстi тергеу барысындағы тергеу әрекеттерiнiң ұштасуы, күрделi тактикалық комбинация болып саналады. Күрделi тактикалық комбинацияға бiртектес не әртүрлi тергеулiк әрекеттер, сондай-ақ қамсыздандыру сипатындағы, ұйымдық-техникалық шаралар ене алады.
Оперативтiк-тактикалық комбинация дегенiмiз ол, бiртұтас тактикалық оймен қамтылған, тергеушi тапсырмасы бойынша тергеу әрекетiмен қатар жүргiзiлетiн жедел iздестiру шаралары. Мұндай шаралар мақсаты ретiнде, комбинация құрылымына енетiн нәтижелiк, талпынушылық және қауiпсiздiк, ал қажет болғанда нақтылы мезетке дейiнгi құпиялылық жағдайын қалыптастыру болып саналады. Бiртұтас оперативтiк-тактикалық комбинация құрылымында, жедел iздестiру шараларының тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында тергеу әрекеттерi де жүргiзiлуi мүмкiн. Мұндай әрекеттер тергеушiнiң жедел iздестiру қызметкерлерiмен өзара әрекеттесу жолымен iске асырылады.Тактикалық шешiм деп тергеулiк ситуацияға, тергеу процесiнiң жолына және нәтижесiне тактикалық ықпал жасау мақсатын таңдау және аталмыш мақсатқа жету әдiс-құралдарын анықтауды айтады. Тактикалық шешiмдi iске асырудың негiзгi құралдары ретiнде, тактикалық тәсiлдер және тактикалық комбинациялар жүредi.