Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Июня 2013 в 18:01, дипломная работа
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыс экономикалық контрабандамен күрестің криминологиялық және құқықтық аспектілеріне, оның әлеуметтік-экономикалық мәні мен осы қылмыс түрінің көрініс табуының объективтік формаларын зерделеуге арналған. Зерттеу жұмысында экономикалық контрабанданың қылмыс құрамына (субъективтік және объективтік белгілері бойынша), және оны жасаушы тұлғалардың жеке басы ерекшеліктеріне баға берілген.
Кіріспе........................................................................................................................2
1 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық-экономикалық контрабанданың негізгі әлеуметтік-экономикалық және криминологиялық ерекшеліктері мен зардаптары.
1.1 Экономикалық контрабанданың криминологиялық ерекшелік-
тері және әлеуметтік-экономикалық мәні.................................................................5
1.2 Экономикалық контрабандалық қылмыстардың алдын алу...…....................14
2 Әлеуметтік-экономикалық сала – экономикалық контрабанда дан қылмыстық-құқықтық қорғаудың объектісі объективтік және субъективтік белгілері.
2.1 Экономикалық контрабанданың объективтік белгілері.................................28
2.2 Экономикалық контрабанданың субъективтік белгілері ...............................50
Қорытынды...........................................................................................................62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................65
Мысалы, 1993 жылғы 12 наурызда Мәскеу қаласында ТМД үкіметтері басшыларының Кеңесі «ТМД-ға қатысушы мемлекеттер аумағында ұйымдасқан қылмыспен және қылмыстың өзге қауіпті түрлерімен күресудің бірлескен шаралар Бағдарламасын» қабылдады. Бағдарламада 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында мемлекет басшылары қол қойған «Азаматтық, отбасы және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы Конвенция» Достастық мемлекеттерінің Ішкі істер органдарының ынтымақтастығы мен өзара әрекеттестігі үшін құқықтық негіз болады делінген.
Бағдарламада ұйымдық-құқықтық және ұйымдық-тәжірибелік мәселелердің екі тобы берілген.
Ұйымдық-құқықтық
мәселелер мыналарды
Бағдарламада
көзделген ұйымдық-тәжірибелік
мақсатында
бірлескен жедел іздестіру
Бұл
бірлескен бағдарламаның
1996
жылы ТМД мемлекеттері
Бұл
бағдарламалық құжатты
Бағдарламада,
сонымен қатар, ТМД елдерінде
қабылданған шаралардың қылмыстық
іс-әрекеттерге бара-бар
1993
жылғы Бағдарламаға қарағанда
1996 жылғы Бағдарламада ТМД
Бұл мемлекетаралық бағдарлама ұйымдық-құқықтық мәселелерді, ұйымдық-тәжірибелік іс-шараларды, ақпараттық және ғылыми қамтамасыз етуді, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді, бақылау тетігін қарастырған алты бөлімнен тұрады.
Қазіргі
кезде ТМД елдеріндегі қылмысты
Оған мыналар жатады:
Бүгінде қылмыстардың салыстыратын құрамдарының ауқымы туралы мәселені дұрыс және толық шешудің криминология теориясының және ТМД шегінде қылмыскерлікпен күресу тәжірибесінің бұрынғысынан да маңыздылығы зор болып отыр.
БҰҰ-ның жыл сайынғы мәліметтер жинағын құрастырғанда қылмыстылықты салыстыру үшін әлемдік қауымдастыққа арнап, қоғамға аса қауіпті жағдай тудыратын қылмыстар таңдалып алынады.
Қазақстанның экономикалық жағдайын, оның экономикалық жүйесінің нарықтық қатынастар жолына түскендігін, мемлекеттің құқық қорғау органдарының күші мен мүмкіндіктерін ескеріп, ғалым-заңгерлер мен маман-аналитиктер экономикалық қылмыстылық көрсеткіштерінің жыл сайын 25-30%-ға жалпылай өсетіндігін болжап отыр. Бұл экономикалық қылмыстардың ішінде, әрине экономикалық контрабанда да бар.
1.2 Экономикалық контрабандалық қылмыстардың алдын алу
«Қылмыстылықтың алдын алу» дегеніміз, бұл – мемлекеттің, қоғамның, жеке және заңды тұлғалардың қылмыскерлікке жаңа адамдардың тартылуына, жаңа қылмыстық іс-әрекеттердің жасалуына, қоғамдық қатынастардың ары қарай криминалдануына жол бермеу мақсатында қылмыстылықтың детерминация және себептілік процесіне мақсатты ықпал етуі. [11, 45 б.].
Қылмыстылықтың нақты жай-күйі мен қозғалысын, өсу жағдайын оның себептері мен шарттарын анықтай отырып, тұтас не жекелеген қылмыстылықты іс-әрекеттердің алдын-алу шараларын ұйымдастыруға болады. Аталған іс-шараларды іске асыру құқық қорғау органдары мен басқа тиісті субъектілерге жүктелінеді. Қылмыстылықпен күрес шараларының жүйесін анықтамай экономикалық қылмыстылықпен күресу қылмысы үшін қылмыскерге жазалау шарасын қолданғаннан анағұрлым тиімді болмақ. Кез келген жақсы заң шығарушының басты мақсаты – жақсылық пен жамандықты таразылай келе, бақыттың биік шыңына немесе мүмкіндігінше шамалы ғана бақытсыздыққа адамдарды жетелеуге алып баратын жол сілтей алу болып табылады. Бірақ та аталған мақсатқа жету жолындағы шаралар көбіне тиімсіз, не қойылған мақсатқа қайшы келіп жатады. Шектен тыс қаталдық, не жұмсақтық қылмыстылықпен күресудің әділ, тура жолы болмас. Мұндай шектеулер қоғамда жаңа қылмыстардың туындауына, не қылмыстылық санының өсуіне, қайшылықтардың күрт шиеленісуіне алып баратыны баршамызға аян. Қылмыстың жасалуына бірнеше алғы шарттар негіз болады. Демек, қылмыстың жасалу мүмкіндігі итермелеуші ниет санына пропорционал болса, онда қылмыстылық көлемінің кеңеюі мен қылмыстылықтың жасалу мүмкіндігі де артады. Көпшілік заңдар, көпшіліктен жинақтап, қалаулы деген тұлғалардың пайдасына берілуін қолдайды. [12, 21 б.].
Жалпы қылмыстылықты ескерту дегеніміз - қоғамның даму тұрғысы, оның экономикалық, саяси, әлеуметтік және басқа институттарының жаңғыруы, әлеуметтік саладағы қылмыстылықты тудыратын тоқырау құбылыстарын және жағдайларды жою, объективті түрде оны ескертуге (әсер ету жағдайын шектеу, деңгейін төмендету, жағымсыз жағдайлардың салдарының қалыптасуы арқылы) әсерін тигізеді.
Қылмыстылықты ескертудің жалпы түріне салық реформаларының жүргізілуіне, инвестициялық ахуалдың жақсаруына, халықтың салықтық мәдениетінің жоғарылауына, инфляцияның төмендеуіне, өндіріс жағдайының өсуіне бағытталған іс-шараларды жатқызу керек.
Өкінішке орай, жақын арада мемлекетіміздің экономикасы түпкілікті
түрде жақсара қоймас. Бүгінгі таңда қоғамдық және экономикалық қатынастардың түрлі субъектілері арасындағы жалпы байланысты, жаһандандырудың, қылмыстылықпен күресудің жүйесінен жалпы әлеуметтік шараларды бөлудің қажеттілігі мол. Экономикалық контрабандаға әсер етуші мән-жайлар қаржылық институттармен (валюта саласында, бюджеттік салада, ақшалай айналым саласында) тығыз байланыста салықтық саланы қамту қажет және де салықтық процестермен тығыз байланыста.
Қылмыстылықпен күресу, оның алдын алу үшін заңнамалар нақты, анық сенімді, тиісті талаптар сақталатындай болуы тиіс. Ескерту әлеуметтік қызметтің ерекше түрі ретінде криминологияда әлі шешілмеген және ондағы негізгі ұғымдарға нақты түсінік берілмеген. Бір қарағанда қылмыстың алдын алудың жалпы ұғымына терең талдау мен анықтама берудің қажеті жоқ сияқты.
Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, қылмыстылықтың алдын алуға анықтама берсек, ол – қылмыстылықтың себептерін және оның жасалуына мүмкіндік тудыратын жағдайларды анықтау және жою мақсатында мемлекеттік, қоғамдық және басқа ұйымдардың жүргізетін шараға байланысы, олардың арасындағы жыйынтығы [13, 187 б.].
Әңгіме әртүрлі субъектілерден тарайтын көп деңгейлі шаралар жүйесі жайында болып отыр.
«Қылмыстылықтың алдын алу» термині даусыз деп саналмайды, себебі орын алған бар нәрсенің алдын алу мүмкін емес. Ал қылмыстылық, ол – бар нәрсе. Бұл тұрғыдан алғанда оған дау айтуға болады, бірақ ол ғылыми айналымға кіріп кеткендіктен, қалыптасқан ұғымды өзгертіп жатудың қажеті болмас. Мұндағы басты мақсат – қылмыстылықтың себептілігі мен детерминациясына баса көңіл аудару, адамдарды қылмысқа жібермеу.
Бұл терминмен қатар «сақтандыру» термині де қолданылады. Кейбір авторлар бұл екі ұғымды синонимдер дейді, кейбіреулері олардың арасында айырмашылық бар дейді. «Сақтандыру» туралы, көбіне, нақты қылмыстардың жолын кесуге қатысты айтады, бұл ретте қылмыстың ойластырылуы, оны жасауға дайындалу фактісін дер кезінде ашу және ол фактіге шара қолдану жайында сөз болады. Бұл тұрғыдан алғанда, «сақтандыру» жоғарыда көрсетілген «классикалық» мәндегі қылмыстылықтың алдын алу мен құқық қорғау қызметінің ортасындағы көпір іспетті, тіптен соңғысына жақын тұрған сияқты.
Қылмыстылықтың алдын алу – азаматтарды қылмыс жасауынан тежеуіне бағытталған мемлекеттік және қоғамдық органдардың қызметтері. Қылмыстылықтың алдын алудың мәні, қылмыстардың барлығының емес,
жекелеген түрлерінің бір бөліктерінің алдын алу. Ескерту – медициналық термин, қандай да нәрседен қорғау дегенді білдіреді. Криминологиялық теорияда ескерту екі бағытта жүргізіледі: