Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық-экономикалық контрабанданың негізгі әлеуметтік-экономикалық және криминологиялық ерекшелі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Июня 2013 в 18:01, дипломная работа

Краткое описание

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыс экономикалық контрабандамен күрестің криминологиялық және құқықтық аспектілеріне, оның әлеуметтік-экономикалық мәні мен осы қылмыс түрінің көрініс табуының объективтік формаларын зерделеуге арналған. Зерттеу жұмысында экономикалық контрабанданың қылмыс құрамына (субъективтік және объективтік белгілері бойынша), және оны жасаушы тұлғалардың жеке басы ерекшеліктеріне баға берілген.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................................2

1 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық-экономикалық контрабанданың негізгі әлеуметтік-экономикалық және криминологиялық ерекшеліктері мен зардаптары.
1.1 Экономикалық контрабанданың криминологиялық ерекшелік-
тері және әлеуметтік-экономикалық мәні.................................................................5
1.2 Экономикалық контрабандалық қылмыстардың алдын алу...…....................14

2 Әлеуметтік-экономикалық сала – экономикалық контрабанда дан қылмыстық-құқықтық қорғаудың объектісі объективтік және субъективтік белгілері.
2.1 Экономикалық контрабанданың объективтік белгілері.................................28
2.2 Экономикалық контрабанданың субъективтік белгілері ...............................50

Қорытынды...........................................................................................................62

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................65

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дипломная.doc

— 483.50 Кб (Скачать документ)

Онда  бірнеше ерекшеліктер бар:

  • мемлекетке экономикалық қылмыстан келетін зиянның деңгейі;
  • жасырындылық;
  • кейбіреулерде жартылай криминалдық менталитет қалыптастырудың заңсыз тәсілдері;
  • онда, негізінен, ұйымдасқандық сипат бар;
  • қылмыстардың көп құрамдылығы және көп оқиғалылығы.

Бұл ерекшеліктерді жеке-жеке қарастырайық.

1. Мемлекетке экономикалық қылмыстан  келетін зиянның деңгейі. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардан келетін экономикалық зиян қазіргі кезде жан-жақты зерттелген жоқ, ал ондай қылмыстардың жасалу тәсілдері мен озбырлық объектілерін талдау арқылы мемлекетке одан жалпы қылмыстық іс-әрекеттерге қарағанда қанша есе көп зиян келетіндігін айту қиын. Мысал үшін қылмыстың пәтерден мүлік ұрлау және кәсіпорыннан (меншік формасына қарамай) азық-түлік ұрлау сияқты түрлерін салыстырайық.

Біріншіден, ұрлық көбіне бір оқиғадан тұрады, жәбірленуші одан шамамен 400 000 теңге зиян көруі мүмкін (қымбат мүлік, тұрмыстық техника және т.б. ұрланып), ал кәсіпорыннан ұрлау көп оқиғалы болуы мүмкін (ұрлық ұзақ уақытқа созылса), ол жәбірленушіге және оның жақындарына (яғни, бір немесе бірнеше жеке тұлғаға) жалпы қылмыстық іс-әрекет сияқты моральдық зиян келтіреді, ал экономикалық қылмыс бүтіндей әлеуметтік топтың, ол жайында хабардар адамдардың құқықтық санасына қатты теріс әсерін тигізеді.

2. Экономикалық қылмыстылықтың  өте жасырындылығы. Экономикалық қылмыстардың көпшілігі азаматтардың немесе басқа адамдардың арызы бойынша емес, өкілетті органдардың қылмыс факторларын ашуы нәтижесінде айқындалады. Айта кету керек, орташа өндірістік кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін толық тексеру бір жылға немесе одан ұзақ уақытқа созылуы мүмкін, сот-бухгалтерлік сараптама да көп уақыт алады. Қылмыстың бұл түрін мүлікті басқаруға және оның сақталуын қамтамасыз етуге уәкілетті адамдар жасайды.

Өте жасырындылық, шынын айтсақ, бұл  қарастырылып отырған қылмыстардың барлық түрлеріне бірдей таралмайды. Жалған ақша шығару,

  алаяқтық, жалған төлем құжаттарын  пайдалану сияқты қылмыстарды,  олардың ұйымдастыру деңгейі  төмен болғандықтан және қастандық  жасалатын объектіге мемлекет  тарапынан бақылау күшті болғандықтан, тез анықталады және толықтай  ашылады.

Ал  иемдену немесе ысырап жасау арқылы ұрлау, ақпараттандыру ережесін бұзу, жалған банкроттық, жалған кәсіпкерлік, банкроттықты жасыру, салық, кеден және монополияға қарсы заңдарды бұзу сияқты ұйымдастырылу деңгейі жоғары құрамдардың жасырындылығы да өте күшті, олардың келтіретін зияны да көп. Экономикалық қылмыстылық құрамында ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп саласында тауар-материалдық құндылық өндірумен байланысты қылмыстар алда келеді.

3. Кейбіреулерде жартылай криминалды менталитет қалыптастырудың заңсыз тәсілдері. Қазақстан халқының едәуір бөлігі соңғы жылдары сауда-саттықпен айналысуда (ел ішінде де, «челноктық» бизнеспен шетелдерге барып та). Зерттеу көрсетіп отырғандай, олардың көбісі шын табысын жасырады, салық төлеуден жалтарады, кеден заңдарын бұзады.

Қоғамдағы қиын жағдай көп адамдарды, әсіресе жастарды ұсақ, формальды емес кәсіпкерлік пен қылмыстылық арасында қалдырып отыр.

4-5. Экономикалық қылмыстардың ұйымдасқандық,  көп құрамдық және көп оқиғалық  факторлары. ТМД аумағында ұйымдасқан қылмыстылықтың экономиканың барлық саласында бар екендігіне байланысты бұл факторлар өзара тығыз байланысып кеткен.

Экономикалық  қылмыстылық, бір жағынан, криминалданған экономикалық қатынастардың жалғасы  болып табылады, ол – шаруашылық қызмет үшін пайдаланылатын меншікке, экономикалық үдерістерді басқарудың белгіленген тәртібіне және азаматтардың экономикалық құқықтарына экономикалық қатынастар жүйесінде белгілі бір функция атқаратын адамдар тарапынан жасалатын пайдакүнемдік озбырлықтардың жиынтығы.

Стратегиялық  шикізаттар мен энергиялық ресурстардың едәуір қоры бар Қазақстан үшін экономикалық контрабандамен күрестің маңыздылығы зор. Экономикалық контрабанда елдің экономикасын тұрақсыздандырады, қоғам жүргізіп жатқан экономикалық реформаның жүзеге асырылуына кедергі келтіреді, мемлекеттіктің негізін бұзады, ол лауазымды адамдарды заңға қайшы әрекеттерге итермелейді, ұйымдасқан қылмыстылықтың өріс алуына себепші болады.

Экономикалық  контрабанда экономикалық қылмыстардың ең қауіптілерінің бірі. Ол ҚК-тің 10-бабының 3-бөлігіне сәйкес ауырлығы орташа қылмысқа жатқызылады, ал оның айрықша ауыр түрі (209-баптың 3-бөлігі) ауыр қылмысқа жатады. Қылмыстардың бұл тобын қылмыстық заң, теория мен тәжірибе экономикалық деп атайды («Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар»), дұрысы оларды «экономикаға қарсы» қылмыстар деу керек еді.

ҚР  Жоғарғы Соты Пленумының 18.07.1997 жылғы  «Контрабанда үшін қылмыстық жауаптылық туралы заңдарды қолдану практикасы туралы» №10 қаулысының 1-тармағына  сәйкес «жасағаны үшін жауаптылық ҚК-тің 209-бабында көзделген экономикалық контрабандада мемлекеттің экономикалық мүддесі тектік және тікелей объект болып табылатындығын соттар ескеруге тиіс...» [7, 105 б.].

Экономикалық  контрабанданың әлеуметке жат бағыттылығын, зиян келтіру қабілетін, оның заңмен қорғалатын мүдделерге қарсы қастандығын анықтайды, ол жаңа Қылмыстық Кодексте айқын берілген. ҚК экономикалық контрабанданы «экономикалық қызмет саласындағы» қылмыстардың біріне жатқызады. Сонымен заң шығарушы экономикалық контрабанданы қылмыстардың қай тобына жатқызу керек екендігі туралы таласты тоқтатты.

ҚК-тің  Ерекше бөлімінің құрылымында көрініс  тапқан мұндай бағалауға, біріншіден, кез келген мемлекеттің кең және өмірлік маңызы бар экономика  саласында экономикалық контрабанданың шектелген салада жасалуы; екіншіден, оның құнды экономикалық мүдделерге қарсы бағыттылығы; үшіншіден, оның қоғамға қауіптілік деңгейінің жоғарылығы негіз болды.

Осыған  байланысты айта кету керек, отандық  қылмыстық заңнаманың кеңестік даму кезеңінде, тіптен 1997 жылғы жаңа Қылмыстық  Кодекс қабылданғанға дейін контрабанда (кейін экономикалық контрабанда және контрабанда болып бөлінді) заңда және қылмыстық құқық теориясында мемлекеттік қылмыс деп қаралды. Мұндай көзқарас құқықтық санада берік ұялады, кеңестік және ресейлік ғалым-криминалистердің көпшілігі контрабанданы өзінің мәнісі жағынан мемлекеттік қылмыстарға жатқызады.

Мысалы, Е. Алауханов контрабанданы мемлекеттік қылмыстар тобына кіргізді, онда елдің экономикалық қауіпсіздігін бұзуға қабілет бар деп санады [8, 34 б.].

Ондай қасиет бар, бірақ ол контрабанданы мемлекеттік қылмыстар қатарына жатқызуға негіз бола алмады, себебі бұл ретте кейбір объективтік, ең бастысы – субъективтік факторлар толық ескерілмей қалады, мысалы, айыптының іс-әрекетіне бағыт берген сылтауда мемлекеттің экономикалық тұғырын бұзу мақсаты жоқ. Ал экономикалық қылмыстардың қайсысы болмасын мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне азды-көпті нұқсан келтіреді, қандай да бір зиянын тигізеді. Бірақ бұл факт оларды ҚК-тің Ерекше бөлімінің «Мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар» деп аталатын 5-тарауының нормаларына сай мемлекеттік қылмыстар қатарына жатқызуға негіз бола алмайды.

Экономикалық  контрабанданың экономикаға қарсы  сипатынан кең көлемді, көп таралған және әлеуметтік тамырын терең жайған «көлеңкелі» экономика айқын көрініс табады.

Бұл мәселе жөніндегі отандық және ресейлік ірі мамандар экономиканың «көлеңкелі»  жағы өз шегіне жетті деп отыр. Егер жалпы ішкі өнімдегі заңсыз сектордың  үлесі батыс елдерінде – 5-10% құраса, ол Қазақстанда – 18%, Ресейде – 23% екен. Бұл көрсеткіш «көлеңкелі» экономика кең тараған Латын Америкасы елдерінің көрсеткіштерімен шамалас. Бұл «құбылыстың» Қазақстан Республикасында шарықтап шегіне жеткендігін ЭСҚК Агенттігі де растап отыр.

Мысалы, Ресейде сыртқы сауданың, яғни тауарлардың импорты мен экспортының «көлеңкелі» экономикадағы үлесі 2002 жылы 53%-ға жеткен (өнеркәсіп – 11%, көлік және байланыс – 9%, құрылыс – 8%).

Бұл сауда саласында тіркелмейтін қызметтің  басым екендігін көрсетеді. Мұндағы  бас «кәсіпкерлер» – «челноктар». Олардың импортының көлемі 2001 жылы 10 млрд АҚШ долларына жеткен. Ресейдің Статистика жөніндегі мемлекеттік комитетінің ресми мәліметі бойынша, ол киімнің ішкі тауар айналымында – 76%-ға, трикотаж бұйымдарында – 68%-ға, аяқ киімде – 61%-ға жеткен. Заңсыз табыс 2002 жылы 170 трлн рубльге бағаланған, ол көлеңкелі айналымның Статистикада есепке алынғанының жартысы ғана.

Көлеңкелі экономиканың контрабанданың етек алуымен  тікелей байланысты бұл элементі капиталды шетелдерге қарай ағызудың күшті арнасына айналып отыр.

Кедендік  бақылау комитетінің мәліметтеріне  жүгінсек, бұл арнамен келетін  тауар импортының ресми көлемі барлық импорттың 35-40%-ын құрап отырғандығын көреміз. «Челноктар» елден декларация жасалмаған шетел валюталарын, антиквариат, мәдени құндылыққа жататын өнер шығармаларын алып шығады. Жылына 1-2 млн «челнок» Қазақстанның кедендік шекарасын екі бағытта кесіп өтеді екен. Олардың жұмыс істеу сызбасы жақсы қалыптасқан: валютаны шетелге алып барады, онда сатып алған тауарды Қазақстанда сатады, түскен ақшаны валютаға айналдырып, ол валютаны шетелге алып шығады, ары қарай сызба қайталанады.

Бұл жағдайды «көлеңкелі» экономиканы, оның ішінде криминалды сыртқы экономикалық қызметті зерделеуші экономистер де айтып отыр. Олар былай дейді: «... құқық қорғау органдарының мәліметтері адам түршігерлік, ал нақты жағдай одан да бетер. Экономикалық қылмыстылық, әсіресе контрабанда жасырын жасалады, көбісі ашылмайды.

Мысалы, ресми мәліметтерге қарасақ, 90-жылдардың  басында экономикаға орасан зиян келтіретін ауыр қылмыстардың 5-10%-ға жуығы ашылса, бұл көрсеткіш қазір 1-3%-ды ғана құрайды екен».

Экономикалық  контрабанда, негізінен, жасырын жасалатындықтан  қандай тауардың қанша көлемде шекара арқылы заңсыз өткендігін анықтау мүмкін емес. Бірақ кейбір статистикалық мәліметтер ептеп ұғым береді.

Біраз уақыт бұрын Статистика агенттігі  автомобильдер экспорты, импорты  туралы ресми мәліметтерді Жол полициясы  басқармасындағы мәліметтермен  салыстырған, нәтижесінде жылына 5-6 мың автомашинаның мемлекеттік  бақылауды жанай өтіп (көбіне Ресей арқылы), Қазақстанға келетіндігі анықталды.

Тауардың  елге контрабандалық жолмен өтуі мемлекетке материалдық зиян келтіреді және мұндай экономикалық қылмыс жасаған  адамдар жазасыз қалады. Бұл жағдай елдің сыртқы экономикалық секторының криминалдануына алып келді.

Егер  Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің  Тергеу бөлімшелері ҚК-тің 64-бабы бойынша 1988 жылы бір қылмыстық іс қозғаған болса, бұл көрсеткіш 1989 жылы – 12, 1991 жылы – 21, ал 1993 жылы – 40 болған. 1995 жылы соттарға осындай қылмыстар туралы 117 іс түссе, 1996 жылы 142 қылмыстық іс түскен.

1997 жылдың 10 айында республикада тауарлар  мен құндылықтардың заңсыз айналымына  қатысты 313 қылмыс тіркелген. Бас  Прокуратураның мәліметтеріне қарағанда,  қылмыстың бұл түрі Алматы  қаласында (40 факты), Жамбыл облысында (37 факты), ШҚО-да (32 факты) және Алматы темір жолы қызмет көрсететін теміржол зонасында кең таралған көрінеді. Бұлардың 105 жағдайында – кеден органдары, 64 жағдайында – Мемлекеттік тергеу комитеті, 36 жағдайында – Ұлттық қауіпсіздік комитеті, 4 жағдайында – прокуратура, қалғандарында – салық полициясы органдары (қазіргі қаржы полициясы) қылмыстық іс қозғаған.

Экономикалық  бағыттағы қылмыстардың Қазақстандағы  барлық қылмыстар құрамындағы үлесі  мынадай:

Бұл келтірілген мәліметтер сыртқы экономикалық қызмет саласындағы шынайы жағдайды, жеке тұлғалардың кедендік шекара арқылы алып өтетін тауарларының көлемін нақты көрсете алмайды, дегенмен құқық қорғау органдарының контрабандамен күресті біршама жандандырғанын байқауға болады. Ал контрабанданың заңды тұлғаларды да, жеке тұлғаларды да заңсыз экономикалық іс-әрекетке итермелейтіндігін ұмытпау керек.

Бұған қатысты А.С. Никифоров былай дейді: «... қылмыстық қызмет, оның ішінде контрабанда  біздің экономиканың құрамдас бір бөлігіне айналды, оған криминалдық сипат беріп отыр» [9, 90 б.].

Экономикалық  қылмыстылық динамикасының 2010 жылға  дейінгі криминологиялық болжамы, соңғы 6-7 жылда контрабанданың ашылуы 9 есе өскенмен, көңіл жұбатарлықтай  емес. Екінші жағынан, қылмыстың бұл түрінің өте жасырын жасалатындығы себепті, оның нақты жағдайын басып айту қиын және бұл қылмыста жәбірленуші де, куәлер де, тіптен қылмыстың ізі де жоқ және контрабанда операциясы алдын ала мұқият ойластырылып жасалады.

Қылмыскерлікпен күресте Қазақстан Республикасы БҰҰ-мен, Еуропа Кеңесімен, өзге де мемлекеттермен, мемлекетаралық ұйымдармен қарым-қатынастық байланыста болғанмен, қазіргі кезде оның құқық қорғау органдарының ТМД елдерінің құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттестік мәселесі аса маңызды болып отыр.

ТМД елдерінің құқық қорғау органдарының, мемлекеттік билік және басқару  органдарының жұмысындағы саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және ұйымдық  қателіктерді пайдаланып, қылмыстық  орта өзінің ортақ криминалдық өрісін құрды, өзара топтасып, экономикалық құрылымдардың едәуір бөлігін өз бақылауына алды.

Соңғы бірнеше жыл бойы қылмыстылықтың ТМД елдеріндегі динамикасы мен  құрылымында олардың экономикалық дамуына және ұлттық қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіретіндей ұқсастық бар. Жылдан жылға трансұлттық қылмыстар саны өсуде, бандитизм, тапсырыспен адам өлтіру, қару-жарақ және есірткілер контрабандасы, экономикалық контрабанда және қаржы алаяқтығы көбеюде.

Ұлтаралық қылмыстық байланыстар нығайды, нақты жолға қойылды. ТМД елдерінің  мемлекеттік билік және басқару органдары, үкіметаралық және мемлекетаралық ұйымдары қылмыстылыққа пәрменді шаралар қолданып, қарсы тұрмайды.

ТМД құрылған кезден бастап қылмыскерлікпен, әсіресе экономикадағы қылмыскерлікпен  күрес ТМД-ға кіретін елдердің бірлескен  қызметінің аясына жатқызылды, ол Вискули келісімінде және Достастық жарғысында заңдық бекімін тапты.

Информация о работе Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық-экономикалық контрабанданың негізгі әлеуметтік-экономикалық және криминологиялық ерекшелі