Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 19:37, дипломная работа
Aдaмды кeпiлгe aлy үшiн жayaптылықты көздeйтiн қaзipгi қoлдaныcтaғы Қaзaқcтaн Pecпyбликacының 234 - бaбының тaлдaнyы жәнe oны қoлдaнy тәжipибeci, coндaй-aқ ocы әpeкeттi Қaзaқcтaн Pecпyбликacының Қылмыcтық Кoдeкciнiң бacқa бaптapымeн дәpeжeлey cұpaқтapы apнaйы зepдeлeyдi жәнe өңдeyдi тaлaп eтeтiн бipқaтap мәceлeлepдi шығapaды. Жeкeлeп aлғaндa, қылмыc cyбъeктiciнiң қacaқaнaлық жaғдaйын cипaттaйтын ниeтiн бaғыттaлғaндығын, қылмыcтың ceбeптepi мeн мaқcaттapын aнықтayғa бaйлaныcты жacaлғaн әpeкeттi дәpeжeлeyдe eдәyip қиындықтap тyындaйды. Coндықтaн дa aлдын aлy жәнe ecкepтy шapaлapының тиiмдiлiгiн apттыpy мaқcaтындa құқыққopғay opгaндapының қызмeтiн жeтiлдipy aca мaңызды қaжeттiлiк.
Кipicпe.......................................................................................................................4
1. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың заңдылық реттелуі..............7
1.2Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың түрлері және олардың жауаптылық ерекшеліктері...................................................................9
1.3 Жалпыға бірдей қауіпті заттарды қолдану ережелерін бұзумен байланысты қылмыстар........................................................................................14
2. Aдaмды кeпiлгe aлyдың қылмыcтық құқықтық тaлдayы
Aдaмды кeпiлгe aлyмeн бaйлaныcты қылмыcтapдың oбъeктивтiк бeлгiлepi.............................................................................................................20
Aдaмды кeпiлгe aлyмeн бaйлaныcты қылмыcтapдың cyбъeктивтiк бeлгiлepi.............................................................................................................27
Aдaмды кeпiлгe aлy құpaмының дәpeжeлeнгeн түpлepi...............................39
3. Aдaмды кeпiлгe aлyмeн бaйлaныcты қылмыcтapды ecкepтy
3.1 Aдaмды кeпiлгe aлyмeн бaйлaныcты қылмыcтapдың көpiнic aлyынa ықпaл eтeтiн ceбeптepi.....................................................................................................52
3.2 Aдaмды кeпiлгe aлyмeн бaйлaныcты қылмыcтapды ecкepтy бoйыншa шapaлap...................................................................................................................57
3.3 Aдaмды кeпiлгe aлyмeн бaйлaныcты қылмыcтapғa ықпaл eтeтiн шapттap жүйeci......................................................................................................................61
Қopытынды............................................................................................................69
Пaйдaлaнылғaн әдeбиeттep тiзiмi........................................................................72
Лауазымды тұлғалардың қызмет бабын пайдалана отырып жасаған контрабандасы лауазымдық қылмыстар туралы қылмыстық заңның баптары бойынша қосымша бағалануды қажет етпейді.
1.3 Жалпыға бірдей қауіпті заттарды қолдану ережелерін бұзумен байланысты қылмыстар
Радиоактивті материалдарды нормативтік құқықтық және технологиялық талаптарға сай дұрыс пайдалану қоғамға, адамзатқа зор пайда келтіруі мүмкін. Бірақта радиоактивті материалдармен ұқыпсыз немесе қылмысты түрде жұмыс істеу аса зор қауіпті зардаптарға әкеліп соғады.
Қылмыстың тікелей объектісі - радиоактивті материалдармен қауіпсіз жұмыс істеуді реттейтін қоғамдық қатынастар. Қосымша тікелей объектісі - адамдардың өмірі немесе денсаулығы. Осы қылмыстың заты болып - тек қана радиоактивті материалдар танылады. Оларға радиоактивті нәрселер, радиоактивті қалдықтар т.б. заттар жатады. Радиоактивті заттармен жұмыс істеу тәртібі Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сәуірдегі «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» заңымен белгіленген.
Қылмыстық кодекстің 247-бабының 1-тармағында көрсетілген қылмыстың объективтік жағы: радиоактивті материалдарды заңсыз алу, сақтау, пайдалану, біреуге беру немесе бүлдіру, сондай-ақ оларды тасымалдау және көму әрекеттері арқылы сипатталады. Мұнда көрсетілген алуға-радиоактивтік материалдарға ҚК-нің 248-бабында көрсетілгеннен басқа кез келген тәсілмен (сатып алу, айырбастау, сыйға алу) арқылы қолға түсіру жатады.
Сақтауға - көрсетілген
заттарға шын мәнінде қожалық
етіп, иелікте ұстау әрекеттері жатады.
Радиактивті материалдарды
Кедендік бақылаудан тыс немесе жасырын жасалған не құжаттарды немесе кедендік теңдестіру құралдарьн алдап пайдалана отырып, не есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін, күшті әсер ететін, улы, уландырғыш, радиактивті немесе жарылғыш заттарды, қару-жарақты, әскери техниканы, жарылғыш құрығыларды, атыс қаруы мен оқ-дәрілерді, жаппай қырып-жоятын қарудың ядролық, химиялық, биологиялық және басқа да түрлерін, жаппай қырып-жою қаруларын жасау үшін пайдаламай немесе жалған декларациялаумен ұштастыра мемлекеттің кеден шекарасы арқылы өткізген үшін қылмыстық жауаптылық Қылмыстық кодекстің 250-бабында арнайы көрсетілген.
Қарумен кез келген түрімен заңсыз іс-әрекеттер жасау өте қауіпті. Қарулы адам әруақытта да орасан зор зиян келтіруі мүмкін.
Сондықтан заң осындай заттармен айналасқаны үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген.
Көрсетілген қылмыстың тікелей объектісі - қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды айналымға қауіпсіз шығаруды реттейтін қорамдық қауіпсіздік болып табылады. Қылмыстың заты-қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар және жарылғыш құрылғылар, суық қару болып табылады.
Қазақстан Республикасының
1998 жылғы желтоқсанның 30-ында қабылданған
"Жекелеген қару түрлерінің айналымына
мемлекеттік бақылау жасау
Өрт қауіпінің тікелей объектісі - адам өмірі мен денсаулығы болуы мүмкін. Объективті жағына талданып отырылған қылмыс (256-баптың 1-тармағы) өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, егер ол абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян немесе азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтіруге өкеп соғу арқылы сипатталады. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау Қазақстан Республикасының арнаулы заңымен белгіленген. Қылмыстың зардабы-өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудан адам денсаулығына абайсызда ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян (ҚК-тің 103, 104-баптары) келтіру немесе азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтіру болып табылады, өзге де ауыр өрттен тұтас жанып кетуі, ұзақ уақытқа кәсіпорын жұмысының тоқтап қалуы және т.б. әрекеттер жатады.
Үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын басып алу қылмыс объектісі - өзінің ең терең мағынасындағы қоғамдық қауіпсіздік болса, екі және үшінші бөлімдер бойыша оған адамдардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қосу керек.
Бұл қылмыстың объективті жағы үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын, өзге коммуникацияларды басып алудан немесе оларды жою не бүлдірумен қорқытып, ұстап тұрудан құрылады.
Басып алу деп басып алынғанды босату үшін белгілі бір шарттар қою мақсатымен үйлерге, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына не өзге коммуникацияларға бағытталған, заңсыз әрі күні қолданылатын кез-келген әрекетті түсіну керек.
Ал, ұстап тұру деп басып алғанды босатуға кедергі жасау мақсатымен күш қолдану арқылы жасалған әрекеттерді айтамыз.
Аталған қылмыс құрамында қорқыту жазбаша немесе ауызша түрде білдіріп, сол сияқты, ашық немесе жасырын (аноним) болуы мүмкін. Қорқыту, оны естіген адамның осы айтылғанын орындалуы мүмкін деп есептеуіне барлық негіздер болатындай шынайы қабылдауы керек. Қылмыс іс жүзінде басып алу сәтінен бастап аяқталған болып есептеледі.
Әр тұлға үйлерді, құрлыстарды, қатынас және байланыс құралдарын басын алудан басқа да қылмыстық - жазалаушы әрекеттер жасаса, онда оның әрекеттері қылмыс жиынтығы бойынша бағалануы тиіс. Қылмыстың субъектісі - 16 жасқа толған тұлға. Егер де әрекеттер:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) бірнеше рет;
в) өмірге не денсаулыққа қауіпті күш қолданыла отырып;
г) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын басқа заттарды қолданыла отырып;
д) пайдакүнемдік ниетпен жалдау арқылы жасалса, Қылмыстық кодекстің 238-бабының 2-бөлімі бойынша бағаланады.
Бағалаушы белгілердің мазмұны Қылмыстық кодекстің 234-бабының сәйкес белгілерімен бірдей Қылмыстық кодекстің 238-бабының 1 және 2-баптарында көзделген әрекеттер егер оларды ұйымдасқан топ жасаса немесе абайсызда кісі өліміне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса ерекше бағалаушы белгілер болып табылады, бұлар да адамды кепілге алудың сәйкес белгілерімен бірдей. [7]
Басып алғандарын босату шарты ретінде мемлекетті, ұйымды немесе азаматты қандай да бір іс-әрекет жасаудан тартынуға мәжбүр ету мақсатында үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын, өзге коммуникацияларды басып алу немесе оларды ұстап тұру, оларды жоямын немесе бүлдіремін деп корқытумен ұштаса - бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Осы баптың 1 немесе 2 бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер оларды ұйымдасқан топ жасаса немесе абайсызда кісі өліміне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса - мүжі тәркіленіп немесе он сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Әуе немесе су кемесін не жылжымалы темір жол составын айдап әкету, сол сияқты қолға түсіру аракідік көрініс беретін құбылыс. Бұл тұрғыдағы қылмыстың тікелей объектісі -қоғамдық қауіпсіздік. Көрсетілген кылмыстың қосымша тікелей объектісі -адамдардың өмірі, денсаулығы, сондай-ақ меншігі болады.
Қылмыстық объективтік жағы екі түрлі әрекеттен тұрады: әуе немесе су кемесін не жылжымалы темір жол составын айдап әкету, осы көлік құралдарын айдап әкету мақсатында басып алу.
Әуе көлігі кемесіне - адамдар немесе жүк тасуға бейімделген газ, ауа қысымы күшімен қозғалатын үшу аппараттары жатады. Оған ұшақтың, тікұшақтың барлық түрлері, сондай-ақ спорттық әуе шарлары, дирижабльдер, гшанерларда жатады.
Су көлігі кемесі - мұхиттарда, теңіздерде өзен көлдерде адам немесе жүк тасуға арналған көлік құралы. Бұған теплоходтардың сан түрі, су асты қайыры, катерлер, теңіз яхталары, өзі жылжитын баржалар жатады. Бұған: локомотивтің барлық түрлері, электр күшімен қозғалатын вагондар, платформалар жатады.
Осы көрсетілген көлік құралдарына өз бетінше иелік етіп оны өзінің қалауынша пайдалану айдап әкету деп табылады.
Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың басқа адамдардың көлікті рұқсатсыз, белгіленген маршруттарды өзгерте отырып, өз қажетіне пайдаланса мұндай әрекеттер айдап әкетуге жатады. Басып алуға күш қолдану, қорқыту немесе алдау арқылы әуе, су кемесін немесе жылжымалы темір жол составын құқыққа қайшы түрде иелік етулер жатады. Күш қолдану экипаж мүшелеріне, жолаушыларға дене жарақатын келтіруімен көрініс табады. Қорқытуға, өлтіруге, көлікті апатқа ұшыратуға, жарылыс жасауға байланысты ниет білдірушіліктер жатады. Алдауға әртүрлі амал-айлалар қолдану (экипаж мүшелерін, көлік жүргізушілерін, жолаушыларды жаңылыстыру арқылы маршрутты өзгерту) әрекеттер жатады. Қылмыс формальдық құрамға жатады және ол жоғарыда көрсетілген әрекеттерді жасаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Субьективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен жасалады. Адам көлікті заңсыз айдап әкеткенін немесе көлік құралын басып алғанын сезеді және соны істеуді тілейді. Басып алудың мақсаты -көлік құралын айдап әкету болып табылады. Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған, есі дұрыс адам. Қылмыстық кодекстің 239-бабының 2 тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлерін жасағаны үшін жауаптылық көрсетілген. Олар: а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша (Қылмыстық кодекстің 31-бабының 2-тармағы); б) бірінші рет; в) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолданып немесе осындай күш қолданамын деп қорқыта отырып (Қылмыстық кодекстің 179-бабы); г) қару немесе қару ретінде пайдаланатын заттарды қолдана отырып жасалса (Қылмыстық кодекстің 179-бабы).
Өмірге немесе денсаулыққа
қауіпті күш қолдану
Қорқыту - өлтірумен, денсаулыққа жеңіл, орташа ауыр және ауыр зиян келтірумен шошыту арқылы білдіреді. Жасалған істі Қылмыстық кодекстің 239-бабының 3-бөлімі бойынша бағалау үшін адам өлімі кінәнің абайсыз түрінің болуымен орын алғандығын анықтау керек. Айдап әкету немесе басып алу кезіндегі кісі өлтіру Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 96-бабы бойынша қосымша бағалауды талап етеді.
Өзге ауыр зардаптар - көліктің немесе жылжымалы теміржол составын апатқа ұшырауынан самолеттердің ұшу немесе поездардың жылжу графиктерінің (кестесінің) айтарлықтай бұзулуынан, т.б. тұруы мүмкін.
Теңіз қарақшылығы-халықаралық істер қатарына жатады, онымен қылмыстық-құқықтық күрес халықаралық-құқықтық конвенциялар негізінде жүргізіледі (мысалы, Ашық теңіз туралы Женева Конвенциясы, 1958 ж.).
Теңіз қарақшылығы-сауда, азаматтық кемелерді ашық теңізде жасалатын заңсыз басып алу, тонау немесе суға батыру. Қазақстан Республикасы Жаңа Қылмыстық кодекстің 24-бабы теңіз немесе өзен кемесіне бөтеннің мүлкін басып алу мақсатында күш қолданып немесе осындай күш қолданумен қорқытып шабуыл жасағандық үшін жауаптылық көздейді. Қосымша тікелей объект - адамдардың өмірі. Қылмыстық заты -бөтеннің меншігі (жүк, кеме, жанар май, отын). Қылмыс құрамы формальдық. Ол шабуыл жасаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Осы қылмыстың объективтік жағының тағы бір белгісі қылмыстың жасалу орны болып табылады. Теңіз қарақшылығы ашық теңізде немесе көлде, не өзенде, не болмаса өзен, көл жағалауында жасалуы мүмкін.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады. Кінәлі күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқытып шабуыл жасап, теңіз немесе өзен кемесіне бөтеннің мүлкін басып алу мақсатында қарақшылық жасайтынын сезеді жөне осы әрекеттерді істеуді тілейді.
Қылмыстың субъективтік жағының міндетті белгісі - бөтеннің мүлкін басып алу (кеме, катер, жүктерді, жабдықтарды, ақша және басқа заттарды) болып табылады.
Қылмыстық кодекстің 240-бабының 2-тармағыңда осы қылмыстың ауырлататын түрлері көрсетілген. Олар бірнеше рет (Қылмыстық кодекстің 11 -бабы) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданумен жасалған әрекет. Қылмыстық кодекстің 240-бабының 3-тармағында осы қылмыстың аса ауырлататын түрі үшін жауаптылық берелген. Олар егер теңіз қарақшылығы ұйымдасқан топпен жасалса (Қылмыстық кодекстің 31-бабының 3-тармағы), не абайсызда кісі өліміне не өзге зардаптарға (мысалы, ауыр дене жарақатына, кеменің күйреуіне, ірі материалдық залалға) әкеліп соқса. Егер теңіз қарақшылығы әрекетінен кісі өлімі орын алса, онда іс-әрекет қылмыстардың жиынтығы (Қылмыстық кодекстің 96 және 240 баптар) бойынша сараланады.
Радиоактивті материалдармен жұмыс істеу ережелерін бұзу, олармен заңсыз жұмыс істеу сияқты (ҚК 247-бап) халыққа аса қауіпті болып табылады.
Бұл тәртіпсіздіктер адам өліміне әкеп соғуы, көптеген адамның денсаулығына зиян тигізуі, айнала ортаға қауіп төндіруі мүмкін.
Диспозициясында көрсетілген зардаптардың орын алу мүмкіндігі айтарлықтай жоғары екендігін ескере отыра, заң бұл көрсетілген зардаптар орын алмаған күнде де, радиоактивті материалдармен жұмыс істеу ережесінің тек бұзылғандығының өзі үшін ғана қылмыстық жауаптылық көзделген.
Радиоактивті материалдармен жүмыс істеу ережесін бұзу әрекетпен қатар, әрекетсіздікке де байланысты орын алады. Радиоактивті материалдармен жұмыс істеу ережелері ҚР 1997 жылғы 14 сәуірдегі «Атом энергиясын пайдалану туралы» Заңда, сонымен қатар, халыққа, қызметкерлерге радиациялық әсері бар атом энергиясын пайдаланылатын қызмет түрлеріне лицензия (рұқсат) беретін, қадағалайтын, бақылайтын, атом энергиясын қауіпсіз пайдалануды мемлекеттік тұрғыдан реттеуді қамтамасыз етуі тиіс органдардың ведомство аралық ережелерінде көрсетілген. [8]
Пайдалану, өңдеу, көму үшін қайта алыну мүмкіндігі көзделген радиоактивті заттар мен радиоактивті қалдықтарды арнайы дайындалған жерлерге уақытша орналастыру - сақтау делінеді.
Көрсетілген материалдарды тасымалдау кезінде жол оқиғасын не апатын болдырмауға қатысты қауіпсіздік шараларын, оларды буып-түю, белгі соғу талаптарын сақтамау тасымалдау ережелерін бұзуға жатады.
Информация о работе Aдaмды кeпiлгe aлyдың қылмыcтық құқықтық тaлдayы