Aдaмды кeпiлгe aлyдың қылмыcтық құқықтық тaлдayы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 19:37, дипломная работа

Краткое описание

Aдaмды кeпiлгe aлy үшiн жayaптылықты көздeйтiн қaзipгi қoлдaныcтaғы Қaзaқcтaн Pecпyбликacының 234 - бaбының тaлдaнyы жәнe oны қoлдaнy тәжipибeci, coндaй-aқ ocы әpeкeттi Қaзaқcтaн Pecпyбликacының Қылмыcтық Кoдeкciнiң бacқa бaптapымeн дәpeжeлey cұpaқтapы apнaйы зepдeлeyдi жәнe өңдeyдi тaлaп eтeтiн бipқaтap мәceлeлepдi шығapaды. Жeкeлeп aлғaндa, қылмыc cyбъeктiciнiң қacaқaнaлық жaғдaйын cипaттaйтын ниeтiн бaғыттaлғaндығын, қылмыcтың ceбeптepi мeн мaқcaттapын aнықтayғa бaйлaныcты жacaлғaн әpeкeттi дәpeжeлeyдe eдәyip қиындықтap тyындaйды. Coндықтaн дa aлдын aлy жәнe ecкepтy шapaлapының тиiмдiлiгiн apттыpy мaқcaтындa құқыққopғay opгaндapының қызмeтiн жeтiлдipy aca мaңызды қaжeттiлiк.

Содержание

Кipicпe.......................................................................................................................4

1. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың заңдылық реттелуі..............7
1.2Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың түрлері және олардың жауаптылық ерекшеліктері...................................................................9
1.3 Жалпыға бірдей қауіпті заттарды қолдану ережелерін бұзумен байланысты қылмыстар........................................................................................14


2. Aдaмды кeпiлгe aлyдың қылмыcтық құқықтық тaлдayы
Aдaмды кeпiлгe aлyмeн бaйлaныcты қылмыcтapдың oбъeктивтiк бeлгiлepi.............................................................................................................20
Aдaмды кeпiлгe aлyмeн бaйлaныcты қылмыcтapдың cyбъeктивтiк бeлгiлepi.............................................................................................................27
Aдaмды кeпiлгe aлy құpaмының дәpeжeлeнгeн түpлepi...............................39


3. Aдaмды кeпiлгe aлyмeн бaйлaныcты қылмыcтapды ecкepтy
3.1 Aдaмды кeпiлгe aлyмeн бaйлaныcты қылмыcтapдың көpiнic aлyынa ықпaл eтeтiн ceбeптepi.....................................................................................................52
3.2 Aдaмды кeпiлгe aлyмeн бaйлaныcты қылмыcтapды ecкepтy бoйыншa шapaлap...................................................................................................................57
3.3 Aдaмды кeпiлгe aлyмeн бaйлaныcты қылмыcтapғa ықпaл eтeтiн шapттap жүйeci......................................................................................................................61



Қopытынды............................................................................................................69

Пaйдaлaнылғaн әдeбиeттep тiзiмi........................................................................72

Прикрепленные файлы: 1 файл

адамды кепил алу.doc

— 484.50 Кб (Скачать документ)

Субъективті жағынан  алғанда, қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың көпшілігі кінәнің қасақана түрінің  болуымен сипатталады. Бірқатар қылмыстар  тек абайсызда жасалады, мысалы, атыс қаруын ұқыпсыз сақтау (ҚК-нің 253-бабы).

Қылмыстық кодексінің 233, 234 баптары 2-бөлімі, 235, 237-240 баптарында көзделген қылмыстарда мақсат міндетті белгі болып табылады.

Қарастырылушы қылмыстардың субъектілері - он алты жасқа толған тұлғалар. Ал Қылмыстық кодекстің 233, 234, 242, 255-1, 2- бөлімдері, 257-258 баптарымен көзделген. Қылмыстардың субъектілері 14 жасқа толған тұлғалар болып табылады. Көп жағдайларда бұл қылмыстардың субъектілері жеке тұлғалар болса, жекелеген жағдайларда арнайы белгілері бар тұлғалар болуы мүмкін.

 

 

 

1.2 Қоғамдық қауіпсіздікке  қарсы қылмыстардың түрлері және                  олардың жауаптылық ерекшеліктері

 

Қоғамдық қауіпсіздікке  қарсы қылмыстар қоғамдық тыныштық жағдайын, әлеуметтік құрылымдардың  қалыпты қызмет атқаруын, түрлі жұмыстар жүргізу кезінде немесе қоғамдық заттарды қолдану кезінде жеке бастың, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуші қоғамдық қатынастарға елеулі зиян келтіруші немесе мұндай зиян келтіру қаупін тудырушы, қылмыстық заңға қөзделген қоғамдық қауіпті әрекеттерден тұрады.

Қарастырылушы қылмыстарды  тікелей объектілерге байланысты топтарға бөлуге болады:

Қоғамдық қауіпсіздікке  қарсы қылмыстар. Қылмыстардың аталған  тобы, қоғамдық өмірдің кез-келген бөлігінде  жасалып, тұтас қоғам өмірінің қалыпты, қауіпсіз жағдайын сақтау саласындағы ең маңызды мүдделерін қозғауы мүмкін. Оттардың қатарына Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 233-234 - баптарымен көзделген қылмысты әрекеттер жатады. [4]

Түрлі жұмыстар жүргізу  кезінде, қауіпсіздік ережелерін бұзумен байланысты қылмыстар. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 244-246 - баптарымен көзделген қылмыстар құрайды.

Жалпыға бірдей  қауіпті  заттарды  қолдану ережелерін бұзумен  байланысты қылмыстар. Бұл топқа  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 247-256 баптарымен көзделген әрекеттер кіреді.

 Қоғамдық тәртіпке  қарсы қылмыстар. Қоғамдық тәртіп - қылмыстың объектісі ретінде  қоғамдық тыныштықты, азаматтардың  еңбектенуі, демалуы, тұрмысы үшін, сонымен қатар, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың жұмысы үшін қалыпты жағдай қамтамасыз ете алатын қоғамдық қатынастар жүйесінен тұрады. Бұл топтағы қылмыстарға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 257-258 баптарымен көзделген әрекеттер жатады.

Әрине, қылмыс жасау үшін арнайы ұйымдастыру,  даярлық әрекеттерін орындап, тұрақты қылмыстық топ құрып мемлекеттің мүлкін талан-таражға салу әрекеттерінің сонау 70-80 жылдары да бой көрсеткендігін сол тұста еңбек еткен аға буын тергеушілер, судьялар жақсы біледі. Олар өздерінің шеберлігі, қыралығы, тиянақтылығының арқасында көптеген ұйымдасқан талан-таражға салушылар тобын әшкерелеп, мемлекетке миллиондаған қаражатты қайтаруға атсалысты.

Ұйымдасқан қылмыстық  топ құру және оған қатысуды мемлекетіміз алғаш рет 1995 жылы дербес қылмыстың құрамы деп танып, сол жылы 17 наурыз күні Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақ ҚСР Қылмыстық кодексіне 63-3 бап енгізілді. Одан кейін яғни 1998 жылдың 1 қантарынан күшіне енген Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 235-бабында ұйымдасқан қылмыстық топ немесе қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) құру және оны басқару, қылмыстық қоғамдастыққа қатысу дербес қылмыстың құрамы болып белгіленді. Ұрлықты саралаған кезде бір топ адам жасаған ұрлықты ұйымдасқан қылмыстық топ жасаған ұрлықтан ажырата білген жөн. Ұйымдасқан қылмыстық топқа бірнеше қылмыс жасамақшы оймен алдын ала біріккен екі немесе одан да көп адамнан тұратын топ жатады деп түсіну қажет. Қылмыстық қауымдастыққа бір басшылықпен қылмыстық әрекет жасаумен айналасу үшін құрылған құрылымдық бірігулер жатады деп түсіну қажет. Оның ұйымдасқан қылмыстық топтан бір айырмашылығы сол, қылмыстық қауымдастық құрылымында екі немесе одан да көп қылмыстық топ бөлімшелері болады. Алдын-ала сөз байласқан бір топ адамнан,   ұйымдасқан қылмысты топ пен   қылмыстық   қауымдастықтың   негізгі айырмашылығы - олар ұйымдасқан және тұрақты келеді.

Қылмыстық топ пен  қылмыстық қауымдастықтың ұйымдасқандығы мен тұрақтылығын олардың құрамы мен ұйымдық құрылымының қалыптары, олардың мүшелерінің топтасқандығы, топтық тәртіпке және ұйымдастырушы және жетекшінің талаптарына бағыныштылығы, қылмыстық әрекеттерінің түрімен тәсілдерінің ұқсастығы, қылмыс жоспарлау мен оған жан-жақты даярлық жасауы, қатысушылар арасын да рольдерді бөлісу, қылмысты жасырудың алдын-ала шараларын және қылмыстық әрекеттерден тапқан мүлікті өткізіп жіберуді қамтамасыз ету шаралары, тағы сол себептерімен белгілері дәлелдей алады.

Ұйымдасқан қылмыстық  топ немесе қылмыстық қауымдастық  жасаған ұрлыққа тікелей қатысқан ғана емес, қаржыландыруға, ұрлық объектілерді табуға, көлікпен және тағы басқалармен қамтамасыз етуге бағытталған басқа да әрекеттер, ұйымдасқан топқа не қылмыстыққа қатысқан деп табылады.

Мінеки, Қазақстан Республикасыньң  ең Жоғары Сот төрелігін айтатын  бұл мәселеге белгілі бағыт беріп, анықтауға жататын мән-жайлардың ара жігін ажыратып, алдын ала тергеу мен сот отырысында ең алдыменен қандай әрекеттерді орындау қажеттігін осылайша айқындаған. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты өз қаулысында бөтеннің мүлкін ұрлау мақсатында құрылған қылмыстық топ жөнінде түсіндірме бермегенімен, мұндай талан-таражға салу, есірткі бизнесі, мемлекеттің ұлттық және экономикалық қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар жасау мақсатыңда да құрылатынын жадымыздан шығармауымыз керек.

Көрсетілген қылмыс құрамы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне тұңғыш рет еңгізіліп отыр. Ұйымдасқан қылмыс жеке адам, қоғам, мемлекет үшін аса қауіп тудыратын жалпыға мәлім. Осыған орай осы қылмыстың тікелей объектісі - қоғамдық немесе мемлекеттік қауіпсіздік болып табылады. Өйткені, ұйымдасқан қылмыс мемлекеттің, қоғамдық ұйымдастырудың әртүрлі құрылымдарының бірқалыпты дұрыс қызмет атқаруына кедергі келтіруімен бірге, олардың дұрыс қызметіне сан қилы тосқауылдар жасап, нақты қауіп төндіреді.

Объективті жағынан  Қылмыстық кодекстің 235-бабында көрсетілген қылмыс құрамы төмендегіше түрде сипатталады:

а)  ұйымдасқан қылмыстық  топты құру, сондай-ақ оны басқару

               (235-баптың 1 тармағы);

б)  қылмыстық қоғамдастықты (қылмыстық ұйымды) ауыр немесе аса  ауыр қылмыс жасау үшін құру;

в)  қылмыстық қоғамдастықты (ұйымды) немесе оған кіретін 

     құрылымдық  бөлімшелерді басқару;

г) қылмыстық топтардың  ұйымдастырушыларының, басшыларының

    немесе өзге  де өкілдерінің бірлестіктерін  құру (Қылмыстық  

    кодексінің 235 баптың 2 тармағы);

Қылмыстық қоғамдастықты  басқаруға оны немесе оған кіретін   бөлімшелерді тікелей басқарып, жұмысын  ұйымдастыру, олардың құжаттарын дайындау, қоғамдастыққа кіретін, адамдардың, олардың бірлестіктерінің міндеттерін, рольдерін айқындау, оларға міндет жүктеу әрекеттері жатады.

Қылмыстық қоғамдастыққа  қатысуда, осы қоғамдастықтың міндеттерін  тікелей жүзеге асыру үшін қылмыстық  әрекеттердің тікелей орындаушысы  болу немесе қылмысты жүзеге асыру  үшін көмекші міндеттерді атқару немесе қылмыстық қоғамдастықты қажетті құжаттармен, басқа материалдармен жабдықтау әрекеттерін жүзеге асырушылықтар жатады.

Субъективтік жағынан  қылмыс тікелей қасақаналықпен жасалады: кінәлі үйымдасқан қылмыстық топ, қауымдастық (үйымды) қүрудың, оны басқарудың немесе оған қатысудың қоғамға қауіпті, заңға қайшы екенін сезеді, біледі, бірақ соған қарамастан оны құруды, оған басшылық етуді немесе оның қызметіне қатысуды тілейді.

Қылмыстық кодексінің 235 бабының 1,2,3 тармақтарында көрсетілген  қылмыстардың субъектісі болып 16-ға толған, есі дұрыс кез келген адам, ал осы баптың 4 тармағында көрсетілген қылмыстың субъектісі болып - арнаулы субъект (қылмысты әрекеттерді істеуге лауазымдық жағдайын пайдаланған лауазым иелері немесе өкімет "өкілдері" танылады.

Ұйымдасқан қылмыстық  топты құру, сол сияқты оны басқару - бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қылмыстық қоғамдастықты (қылмыстық ұйымды) ауыр немесе оған кіретін құрылымдық бөлімшелерді басқару, сол сияқты ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасау үшін жоспарлар мен шарттар әзірлеу мақсатында ұйымдасқан қылмыстық топтардың ұйымдастырушыларының, басшыларының немесе өзге де өкілдерінің бірлестіктерін құру - мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Осы баптың бірінші, екінші, үшінші бөліктеріне көзделген әрекеттерді  адам өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаса - мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, сегіз жылдан он бес жылға дейінгі  мерзімге бас бостандығынан айыруға  жазаланады.

Адамды кепілге алу (234 бап). Адамды кепілге алу халықаралық маңызы бар қылмыс болып табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1979 жылғы желтоқсанда "Адамды   кепілге   алуға   қарсы   күрес   туралы"   халықаралық   Конвенция қабылдаған. [5]

Қылмыстың тікелей объектісі - кепілге алынған адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі. Объективтік жағынан қылмыс адамды кепілге алу немесе кепілдік ретінде ұстау арқылы сипатталады. Кепілге алу - кез-келген құқыққа қайшы түрде, күш қолдану арқылы адамды бостандығынан айырып, қолға түсіру болып табылады. Кепілдік ретінде ұстау - адамды өз еркімен жүріп-тұру мүмкіндігінен күш қолдану арқылы айырып, бостандығынан айыру болып табылады. Адамды кепілге алу - формальды құрамға жатады. Қылмыс жәбірленушінің бас бостандығынан айырылған уақытынан бастап аяқталған деп саналады. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінәлі адам адамды заңсыз кепілге алғанын және кепілдік ретінде ұстап тұрғанын сезеді, біледі және соны тілеп әрекет істейді.

Заңда қылмыстың субъективтік жағының қажетті белгісі - қылмыстың мақсаты тікелей көрсетілген. Ол - мемлекетті, ұйымды немесе азаматты қандайда бір - іс-әрекет жасаудан тартынуға мәжбүр ету болып табылады. Мәжбүр ету әрекет немесе әрекетсіздік түрінде жасалады. Кінәлінің мәжбүр ететін әрекеттеріне: мысалы, оған ақшалай қаражат немесе наркотикалық заттарды, қару-жарақ, көлік құралдарын беруді немесе біреуді тұтқын орнынан босатып жіберуді талап етулері жатады.

Қылмыстық кодекстің 234 бабының 3 тармағында адамды кепілге алуды  ұйымдасқан топ (ҚК-ің 96-бабының 3 тармағы) жасаған не абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға (жәбірленушінің немесе оның туыстарының ауыр науқасқа душар болуы, ауыр дене жарақатын алуы немесе оларға едәуір мөлшердеп мүліктік залал келтірілсе және т.б.) әкеп соққаны үшін жауаптылық белгіленген. Қылмыстық кодекстің 234 бабының ескертуінде: "Кепілге алынған адамды өз еркімен немесе өкіметтің талап етуі бойынша босатқан адам, егер оның іс-әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстың жауаптылықтан босатылады", - делінген. Осыған орай қылмыстық жауаптылықтан босатудың шарттары: а) кепілге алынған адамды өз еркімен босату б) өкіметтің талап етуі бойынша босату болып табылады. Кепілге алынған адамы өз еркімен немесе өкіметтің талап етуі бойынша босатқан адамның өрекетіне басқа қылмыс құрамы (мысалы: кепілге алынған адамды зорлауға, оған ауыр, орта, жеңіл дене жарақатын келтіру: адам өлтіруі, қару-жарақ, оқ-дәріні ұрлауы) бар болса, онда ол осы істеген қылмысы үшін жауаптылыққа тартылады.

Кепілге алынған адамды босату шарты ретінде мемлекетті, ұйымды немесе азаматты қандай да бір іс-әрекет жасауға немесе қандай да бір іс-әрекет жасаудан тартынуға мәжбүр ету мақсатында адамды кепілге немесе кепілдік ретінде ұстау - үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға  жазаланады.

Осы баптың 1 және 2 бөліктерінде көзделген әрекеттерді, егер оларды ұйымдасқан топ жасаса не олар абайсызда  адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға  әкеп соқса - 10 жылдан 15 жылға дейінгі  мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Бірақ бұл жерде бір ескертуі бар: кепілге алынған адамды өз еркімен немесе өкіметтің талап етуі бойынша босатқан адам, егер оның іс-әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Контрабанда жасаудың алғашқы жолы, ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1997 жылғы 18 шілдеде қабылданған "Контрабанда үшін қылмыстық жауаптылық туралы заңды қолдану тәжірибесі туралы" қаулысына сәйкес, контрабандалық заттарды кеден бекеттерінен, өткізу нүктелерінен және кедендік дайындауды жүргізу үшін ҚР кеден органдары мен заң арқылы белгіленген өзге жерлерден тыс немесе кеден жұмысы үшін белгіленген уақыттан тыс мерзімде жөнелтуден немесе алып өтуден тұрады. [6]

Контрабанданың екінші жолы заттарды алып өту кезінде құпия  орындары немесе іздеп-табуды қиындата түсетін басқа тәсілдерді пайдаланудан немесе бір затты екінші затты түріне келтіруден тұрады.

Үшінші әдіс бойынша  кеден органдары, сол сияқты шекаралық  бақылау жүргізуші тұлғаларға жарамсыз, заңсыз жолмен алынған, сонымен қатар, жалған мәліметтерден тұратын құжаттар ұсынылуы, қолдан жасалған мөрлер, пломбылар, штамптар не кедендік теңестірудің өзге құралдары пайдаланылуы  немесе  шын   теңестіру  құралы  ұсынылып, бірақ ол  бөтен объектілерге қатысты болуы мүмкін.

Бұл әдіс арқылы контрабанда жасау кезінде айыптының әрекеттерін құжаттардың қолдан жасалғандығы немесе жалғандығы үшін қосымша бағалаудың қажеттілігі жоқ, себебі бұл әрекеттер контрабанда жасаудың аталған тәсілінің міндетті белгілері болып табылады.

Контрабанда жасаудың төртінші және бесінші тәсілдері айналыстан алынған немесе өткізуге тыйым салынған не шек қойылған заттарға қатысты заңның белгіленген ережелеріне сәйкес кедендік декларация ұсыну міндетін орындамаудан не тиісті дәрежеде орындалмаудан тұрады.

Контрабанда жасау кезінде өткізу кеден шекарасы арқылы жүзеге асырылады.

Контрабанданың бірнеше  рет жасалуы, яғни осы бапта не оның бөлімдерінде көзделген әрекеттердің бір не одан да көп рет жасалуы  контрабанданы бағалаушы белгілер болып табылады.

Информация о работе Aдaмды кeпiлгe aлyдың қылмыcтық құқықтық тaлдayы