Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2015 в 00:27, курсовая работа
Туризм жоғары табысты және қарқынды түрде дамып келе жатқан сала болып табылады.Әлемдік туристік ұйымның мәліметтері бойынша дүниежүзілік өндірістік – сервистік нарық айналымының – 10 %, әлемдік жиынтық ұлттық табыстың – 6 %, дүниежүзілік инвистицияның — 7 %, әрбір 9 — шы жұмыс орнын, дүниежүзі бойынша тұтынушылар шығын –
дарының – 11 % және барлық салық түсімдерінің – 5 % туризм саласы қамтиды.Бұл мәліметтер туризм индустриясының жоғарғы экономикалық тиімділігірің айғағы болып табылады және таза экономикалық тиімді –
лікке енетін туризмді дамыту арқылы қол жеткізуге болады
Бүгінгі күнде анимация менеджмент ішінде басқарушы-қонақтар, қызметкер-қонақтар арасындағы байланыстардың реттелуі жақсы қарым қатынастардың дамуына ықпалын тигізуде.
Анимация департаменті - қонақ үйі қызметтері үшін қаржы жағынан мәселе емес, керісінше жақсы табыс табуды қамтамасыз ететін департамент.
Ұйымдар іс-шараларымен тартымдылығының артуын қамтамасыз ететін бұл департамент, көбінесе демалыс орындарындағы бүкіл қонақ үй қызметтерінде болуы нарық үлесін арттыратын ерекшелігімен пайдалы болуда. Анимация программаларының сауда жұмыстарына әсерінің нәтижесінде кәсіпорынның қонақ үйлерінің клиентпен толу пайызы артуда, қонақтардың қонақ үйде қалу уақыттары көбеюде.
Қонақ үй қызметтерінің анимация іс-шараларынан жоғарыда айтылған қасиеттердің қалыптасуы тек қана жақсы формацияға ие болу және сапалы анимация кадрымен қамтамасыз ету арқылы мүмкін болады.
Алайда, елімізде анимация қызметкерінің білім алуында және жұмысқа алынуында белгілі бір стандарттар жоқ. Бәрірен бұрын бұл стандарттың қалыптасуы керек. Анимация қызметкерлерінің ең маңызды мәселелерінің бірі жұмыстың маусымдық болуы, тұрақты кадр болмағаны үшін бір маусымнан кейін өздеріне тұрақты жұмыс іздеумен болулары. Бұл жағдай анимация департаментінде қызметкерлердің ауысу жиілігі жоғары екенін ортаға шығаруда.
Білім алу жағынан осы жағдайды зерттейтін болсақ, анимация тақырыбында білім беретін мектептердің санын арттырумен бірге қонақ үйі кәсіпорында анимацияда жұмыс істеп жатқандардың және жұмыс істейтіндердің қыс маусымында бірнеше айлық курстар беріліп, ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру мүмкін болады.
Қонақ үй қызметтері үшін соңғы жылдарда барған сайын өте маңызды болып табылатын анимация іс-шараларының жасалынуы және сапасының арттырылуында ең маңызды элемент болған адам факторы тек қана анимацияда жұмыс істейтін қызметкерге керекті маңызды және білімді берумен жемісті болады.
Туризм саласының соңғы жылдарда жеткен үлкен табыстары нәтижесінде халықаралық алаңда жоғары бәсекенің пайда болуына себеп болды. Бұл бәсеке ортасында еліміздегі қонақ үй қызметтерінің алға шығуы үшін және өздеріндегі қызметтерінің өте сапалы болуы үшін сонымен қатар қазіргі кезде күнде өзгеріп жатқан шарттарға сәйкес жаңа қызметтерді қалыптастыру қажет. Осы нәтижелерге қарай анимация іс-шараларының туризм талабының қалаулары жайында және кәсіби формациясы бар қызметкерлер тарапынан жасалу қажет екені айқындалды.
Қонақ үй қызметтерінде анимация департаментінің функционалды жұмыс істеуі, тек қана бұл департаментте жұмыс істейтін анимация қызметкерлерінің кәсіби формациясы болған жағдайда ғана мүмкін болады.
3.1 Аниматор мамандығына деген сұраныс
Аниматор деген кім? Латын сөзінен аударғанда «anime» сөзі жан» деген мағынаны береді.Аниматор ол өзінің персонажын жандандырушы адам.Іс жүзінде аниматор мейрамдарда,сауық кештерінде қандай да бір персонаждың рөлін сомдайтын әртіс адам.
Қазіргі таңда аниматор мамандығы жоғары сұранысқа ие.Оларды әртүрлі шараларда, мейрамдарда, салтанатты кештерде қуана-қуана күтеді.Тіпті,түнгі клубтарда да анимациялық шоулар кеңінен қолданылады.
Аниматор кімнің кейпіне енуі мүмкін?Әрине
кез-келген адамның.Олар әдеттегі сайқымазақтар,
Қазіргі кезде аниматорларды оқыту көптеген ұйымдар тарапынан жүргізіледі.Себебі,бұл мамандық ойын-сауық сферасына ауадай қажет.
Туризмдегі анимациялық бағдарламалардың мақсаты-туризм объектілеріндегі қонақтарды жандандыру.Олардың бос уақыттарының қызықты өтуіне жұмыс жасайтын аниматорлар тәжірбиелі,тәжірбиесіз немесе тәжірбиесі аз топ мүшелерінен құралуы мүмкін.Қонақ үйде анимациялық қызметтер таңғы сағат 9ºº-ден кешкі сағат 24ºº-ге дейін созылады.
Спорт және ойын түрлеріне қонақтардың қатысуы
Спорт аниматорлары өз ісінің маманы болғаны жөн.Оған бір немесе бірнеше спорт түрлері берілуі мүмкін.Сонымен қатар қонақтармен байланыс құруға,отырып әңгімелесуге арнайы уақыт бөлінеді.
Мынадай аактивитилер жүргізіледі:тенис, бодча, оқшылық, дарт, волейбол, футбол, мини голф және тағы басқалары.
Анимация үлкен маңызға ие мәдени бағдарлама.Үйрету және қызықтыру мақсатында түрлі бағдарламалар дайындалады.Мысалы, фильмдер мен көріністер, жарыстар, турнилер, гимнастика сабақтары, классикалық концеттер, йога, би курстары және т.б.
Кешкі уақытқа арналған программалар
комедиялық жанрда немесе әлеуметтік
маңызға ие шоулар болуы мүмкін.Атап
айтсақ:караоке,дискотека,
Қонақтар бұдан бұрын анимацияның түр-түрін көрген, қолданған болса, онда қонақ үйдегі анимациялық бағдарламаларды күрделендіре түсу керек.Себебі, мұндай жағдайда қонақтарды таң қалдыру, қызықтыру қиынға соғады.Ол үшін қонақтардың қатысуымен дефиле, пародия, скетчтер, кішігірім рөлдер, playback шоулар секілді бағдарламалар ұйымдастырған жөн.Алған тәжірбиедерімізге қарай қонақтардың мұндай шоуларға қатысқысы келетінін жақсы білеміз.Бос уақыттарда бір немесе екі сағаттық көріністе ойнағысы келері хақ.Қорыта келгенде бұл қонақтың өз ойын іске асыру және көрсету өзі үшін үлкен жетістік,ал қонақ үй үшін тегін келген жарнама түрі.Себебі жарнама жасауға еш қаражат көздері қажет болмайды.
Қонақ үйге жаңадан келгендердің назарын аудару үшін аниматорлар әр жарыстар мен турнирларда тартымды ұсыныстар жасайды.Оларға медаль,диплом,бір шиша шарап немесе тегін серуендеу секілді тосын сыйлар дайындайды.Кейде оларға басқадай тосын сый болуы әбден мүмкін.Мысалы,ертесіне мейрамхананың кіреберісінде, өзгеше киіммен, сорпа тарқатуы мүмкін.Ешкім мұндай мүмкіндікті жібермес еді.Себебі түсірілген суреттер естелік боп қалады әрі көпшіліктің назарында болады.
Аниматор демалушы топтың көңілін көтеретін өнерпаз адам.Бұл салада өзіңе сенімді болу үшін,өз ісіңнен ләззат ала білу үшін өте талантты өнерпаз тұлға болу керек.
Аниматор ретінде билеп те,ән салып та,таңғы дене шынықтыру жаттығуларын жүргізіп,спорттық ойындарда белсенді,сахнада көріністер қойып,қажет болса сайқымазақ кейіпінеде ене білу керек.
Аниматор жұмыс жасайтын орындар мыналар:қонақ үйлер, мейрамханалар, түнгі клубтар, супермаркеттер және т.б.Табысқа жетудің басты құралы шет ел тілдерін меңгеру,мінезділік таныту.
Аниматор үйым үшін жанды жарнама.Қазіргі заманғы кәсіпкерлік түрлі тауарлар мен қызметтерді өткізу үшін адамның ерекше қасеттерін қолданғанды жөн санайды.Сондықтан аниматор мамандығы үлкен сұранысқа ие.
Болашақта аниматор болу үшін жоғарғы оқу орнында білім алу міндетті емес.Арнайы курстарға қатысу арқылы бұл саланың қыр-сырын үйренуге болады.Аниматор мамандығы әсіресе,Еуропалық және Солтүстік Африкалық курортты қонақ үйлерде көптеп қолданылады,яғни үлкен сұранысқа ие.
Аниматорлар үшін арнайы жоғары оқу орындары жоқ, алайда, шет елдерге аниматорлар таңдайтын кез-келген компанияларда арнайы курстар қарастырылуы керек.
Балалар аниматоры-қонақ үйлерде балаларға арналған бағдарламаларды жүргізетін адам.Одан бөлек уақыттарда аниматорлар конкурстарға және сауық кештеріне,емдік әрі спорттық шараларға промоакциялар жүргізеді.
Аниматордың басты міндеті-қонақтардың көңіл-күйін көтеру,жағымды атмосфера қалыптастыру,әрдайым көңілді жүру.
Міндеттері:
-түрлі шаралардың дайындық жұмыстарына қатысу
-қойылымдар мен ойын түрлеріне қажетті музыка мен билерді таңдау
-конкурстар мен викториналар іздеу немесе өз ойынан құрастыру
-ойын алаңдарын дайындау
-қажетті костьюмдерді,керек-жарақ және әшекей бұйымдарды сатып алу (шарлар, тәттілер және т.с.с)
Жұмыс орындары:
-түрлі шараларды,мейрамдарды ұйымдастыру агенттігі
-қонақ және демалыс үйлері
-сауда орталықтарындағы балалар бөлмесі
-аттракционді парктер
-түнгі клубтар
-мейрамханалар
Кәсіби ерекшеліктері:
-сахнамен және көрермендермен жұмыс жасай білу қабілеті
-анық дикция мен ашық дауыс
-актерлік талант
-адам психологиясын меңгерген
-апараттармен жұмыс жасай білу (дыбысты қосу,спецэффектілер жасау және т.б)
-танымал ойын түрлерін,әуендер мен әзілдерді жатқа білу
Қосымша қажеттіліктер:жалпы алғанда өнер және цирк факультетінің түлектері аниматорлықты таңдайды.Бірақ көптеген жағдайларда арнайы жоғары білімді қажет етпейді.Кез келген адамды аниматор қызметіне алғанда жұмыс беруші ең алдымен,оның осы сала бойынша жинаған тәжірбиесіне мән береді.Жалпы аниматорыдың табысы өзі атқарған жұмыс көлеміне байланысты өзгерңп отырады,ал тұрақты бір ұйымда жұмыс жасаса айлығы тұрақты болады.
Аниматор- көңіл-көтеру және жақсы көңіл-күй сыйлау мақсатында өнер көрсететін, түрлі шараларды және мейрамдарды жүргізуші маман.
Бүгінгі таңда көптеген ескі мамандықтар және олардың атаулары да жандануда.Бұрынғы совет одағы кезіндегі «массовик-затейник» , қазіргі уақытта «аниматор» есәмәне ие болды.Бұл аниматорларды анимациялық фильмдерді ойлап табатын мультипликаторлармен шатастыруға болмайды.Бірақ атауы өзгергенімен,атқаратын қызметтері өзгеріссіз қалған.Аниматор әртіс адам болғандықтан,ол кез-келген персонаждың рөлін атқара білу керек.Ол түрлі стильдегі сауық кештерінде халықтың көңілін көтеруге жұмыс жасайды.Срнымен қатар аниматордың немесе анимациялық топтың міндеттеріне тек қонақтардың көңілін көтеру ғана емес,олармен жақын қарым-қатынас орнатуда кіреді.
Қазіргі кезде аниматорлар заманауи
технологияның көмегімен жұмыс жасайды.Көбінесе
бұл мамандық иелері, жарнама және ойын-сауық сферасында
жұмыс жасайды.Олар көптеген шараларға
қатысады (туған күн,корпаративтік кештер,
түрлі стильдегі дискотекалар және т.с.с).Аниматорлар
көбінесе промоакция жұмыстарында (лотереялар,
жарнама акциялары, презентациялар) және
туризм бизнесінде (шетелдік және отандық
курорттарда, турбазаларда, демалыс үйлерінде)
жұмыс жасайды.Туризм сферасында аниматорлар
түрлі қызметтерді атқарады.Олар көптеген
кештерді,шоуларды,
Маусым басталмас бұрын, алғашқы қадамдары, аниматорлар болашақтағы көрсетілімдерге сәйкес келетін әуендер мен би қимылдарын дайындайды, конкурстар мен шоулар іздейді немесе өздері ойлап табады.Келесі кезекте, жұмыс алаңы таңдалады, костюмдер сатып алынады, грим түрлері, әшекей бұйымдар және басқа да қажетті заттар түгелденеді.Сонымен қатар сценарийді қайта қарап шығады және сахнаға шығу процесстерін талқыға салады.
Аниматор түрлері
• Балалар аниматоры- үш жас пен он төрт жас аралығындағы балаларға арналған шаралардың өткізілуін жүзеге асыратын әртіс адам.Негізінде мұндай мамандарда өзінің конкурстық бағдарламалары,сахналық киімдері,арнайы дайындық жұмыстары болады.Балалар аниматоры балаларға арналған мейрамдарды өзі анимациялық топтың көмегімен ұйымдастырады.
• Корпаративтік бағдарламалар аниматоры
(білімді,тәжірбиелі топпен жұмыс жасайтын
аниматор)-арнайы киімдегі (формадағы) жүргізушіге
немесе нұсқаушығы топтық жарыстардың,конкурстардың,
• Туризм бизнесіндегі аниматор (әсіресе қонақ үйлердегі)-демалушыларға түрлі бағдарламаларды өткізетін әмбебеп өнер иесі (сауық кештері, спорт түрлері, ойындар және шоулар).
Аниматор мынадай жеке тұлғалық ерекшеліктерге ие:
• өнерпаз
• позитивті,басқа адамдармен тіл табыса білетін
• белсенді әрі көңілді
• шынайы
• тартымды сыртқы көрініске
• мықты денсаулық
• әмбебап
• кем дегенде бір шет ел тілін меңгерген болуы керек.
Мамандықтың артықшылықтары:
• шығармашылыққа және қызыққа толы мамандық
• саяхат жасау әрі табыс табудың қайнар көзі
• өзге ұлт өкілдерімен араласу,тіл үйрену мүмкіндігі
• әлемнің түкпір-түкпірінен жаңа достар табу мүмкіндігі
Кемшіліктері:
• жалақының төмендігі
• ұзақ уақыт бойы аяқта тұрып жұмыс істеу қажеттігі.
Аниматорлар берілген міндеттерін орындауы үшін бірнеше қасиеттерге ие болуы керек.Бұл өзгешеліктер үздіксіз оқып үйренудің арқасында пайда болса енді бірі туа біткен қасиеттер болып саналады.
1.Физикалық тұрғыдан келісті келбеті мен дене бітімі болуы тиіс
2.Қонақтармен тез тіл табыса білу қабілеті
3.Интелектуальді
4.Ұымдастырушылық қабілеті
5.Дикция
6.Ұйым ішінде жұмыс жасай білу қабілеті
7.Белсенді
8.Жылыжүзді
9.Өнерлі
10.Әртістілік
11.Өзгерістерге әрдайым ашық
12.Ең аз дегенде бір шет ел тілін толыңымен меңгерген
13.Әзілқой болуы тиіс.
Анимациялық бағдарламаларға қатысу себебі
Анимация қызметтерінде қажеттілік артқан сайын соңғы жылдары бұл бағдарламаларға өзгерістер енуде.Кәсіби анимациялық бағдарламаларға қонақ үйлерде қонақтардың түнеу мерзімін ұзартуы және осы қызмет түріне сұраныстың күннен-күнге арта түсуі бәрімізге аян.
Информация о работе Жалпы әлемдік қонақ үй шаруашылығының қалыптасу тарихы