Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2015 в 10:53, реферат
Саяхат – бұл көне және сыйымдылығы кең ұғым. Дальдің В.И. сөздігі бойынша, саяхат бөтен жерлерге бару дегенді білдіреді. Адамзатқа бүкіл көп ғасырлық тарихында сауданы дамыту, жаңа жерлерді жаулап алу мен игеру, ресурстарды іздеу мен жаңа көлік жолдарын іздестіру мақсаттарында әлемді танып-білу және жаңалықтар ашуға ұмтылыс тән. Бізге тарихтан ұлы жаңа континенттер мен жерлерді ашқан саяхатшылардың есімдері жеткен, географиялық және басқа білімнің керемет жүйелерінің негіздері қалған.
І. Кіріспе.
ІІ.Негізгі бөлім.
1.Зерттеген саяхатшылар
2.Ежелгі Рим мен Грекияның мәдениеттері:
2.1 Сатурн храмы.
2.2 Фортуна Вирилис храмы.
2.3 Аппий жолы.
2.4Емделу орындары.
2.5 Моншалар.
3 Ұлы Жібек жолы.
4. Таяу Шығыс халықтарының маңызды жорықтары мен саяхаттар.
ІІІ.Қорытынды:
Таяу Шығыс халықтарының маңызды жорықтары мен саяхаттары
Вавилондықтар
XXIV ғ. б.э.д. Саргон I-нің Вавилоннан Кипр аралына дейін жүзіп өтуі.
Египеттіктер
б.э.д. 3-ші мыңжылдық ортасы Снефрудың Ніл және Қызыл Теңізбен жүзіп өтуі.
б.э.д. 3-ші мыңжылдық ортасы Хуфхордың Египеттен шығып Эритрей теңізіне жүзіп өтуі.
б.э.д. 3-ші мыңжылдық ортасы Унның Қызыл және Эритрей теңіздерінде жүзіп өтуі.
б.э.д. 2000 ж. Шығыс елдері бойынша Синухиттың саяхаты.
б.э.д. 1500 ж. Пунт еліне Хатшепсуттың экспедициясы.
Гректердің маңызды саяхаттары мен ашылулары
б.э.д. 631 ж. Жерорта теңізі бойымен Колей Самосскийдің жүзіп өтуі.
б.э.д. Vғ. Гекатейдің Ніл жазығы мен Африканың солтүстік жағалауларына саяхаты.
б.э.д. 455 – 447жж. Геродоттың Египетке, Сицилияға, Солтүстік Қаратеңіз елдеріне кезбелері.
б.э.д. 335 — 324 жж. А.Македонскийдің Үндістанға жорығы.
б.э.д. 325 — 324 жж. Теңіз флотының бастығы А.Македонский – Неархтың Үнді мұхитының солтүстік-батыс бөлігі мен Парсы шығанағы бойымен жүзіп өтуі.
б.э.д. 325 — 324 жж. Кратердің Александриядан Ормуз проливіне саяхаты.
б.э.д. 320 ж. Пифейдің Британ аралдарының солтүстігіне қарай жүзуі.
б.э.д. 307 — 306 жж. Селевканың Вавилоннан Үндістанға саяхаты.
б.э.д. 290 ж. Мегасфен Үндістанға барып, оны сипаттап жазды.
б.э.д. 210 —202 жж. карфагендік қолбасшы Ганнибалдың Пиренеи және Альпі арқылы Батыс Еуропаға әскери жорығы.
Жерорта теңізі халықатарының маңызды жорықтары мен саяхаттары
б.э.д. ІІІ ғ. бастап б.э. ІІ ғ. дейін
б.э.д. III ғ. Полибийдің Карфагенннен Африканың шығысына жүзуі.
б.э.д. 120 ж. Евдокстың Александриядан Үндістанға жүзуі.
б.э.д. 66 — 64 жж. Помпейдің Фасиске жорығы.
б.э.д. 58 — 54 жж. Цезарьдың Римнен Галлияға жорығы.
б.э.д. 25 ж. Э. Галлдың Александриядан Марибке (Аравия) жорығы.
б.э.д. І ғ. соңы Жерорта теңізінен шыққанЮба I Канар аралдарына жетті.
б.э.д. 19 ж. Б. Лептистен (Солтүстік Африка) шыққан Л. Вальб Мурзукқа (Сахара шөлі) жаяу жүріп өтті.
б.э. І ғ. басы Гиппал Аравия теңізі арқылы Үндістанға жүзіп өтті.
б.э. I ғ. Александр І-ніңЕгипеттен Оңтүстік-Қытай теңізіне жүзіп өтуі.
б.э. I ғ. Исидордың Ктесифоннан (Парфян патшалығы) Никейге (Кушан патшалығы) жорығы.
б.э. 106 — 117 жж. Траянның Дакия мен Сирияға жорығы.
б.э. Iғ. Диоген Египеттен шығып Виктория көліне (Африка) жетті.
б.э. 70 — 80 жж. С.Флакк, Ю.Матерн Б.Лептистен (Солтүстік Африка) Бенуэ өзеніне дейін(Нигер өзенінің саласы) жүріп өтті.
б.э. 84 ж. Агрикола Британ аралдары бойымен жүзіп өтті.
Қытайлықтардың маңызды саяхаттары мен елшіліктері
б.э.д. ІІ ғ. бастап б.э. ІІІ ғ.
б.э.д. 139 — 126, 115 жж. Чжан Цянның Сианнан Согдианаға, Бактрияға және Парфяйға елшіліктері.
б.э.д. 36 г. до н.э. Чэнь Танның ғұндарға қарсы жорығы.
б.э. 64 г. н.э. Үндістанға елшіліктер.
б.э. 97 ж. Гань Инның Согдианаға, Бактрияға, Парфияға және Сыпиньге Елшілігі.
б.э. III ғ. Қытай мен Жапония арасында елшіліктермен айрбас жүргізу.
Үндістан және Оңтүстік-Шығыс Азия халықтарының маңызды саяхаттары мен елшіліктері б.э.д. ІІІ ғ. – б.э. VI ғ.
б.э.д. 273 — 232 жж. Ашоки патшасының Цейлонға жорығы.
б.э.д. II ғ. ЧиеуДаның Гуанчжоуға (Қытай) жорығы.
б.э. 67 ж. Кабьял Матанганың Кабулдан Лоянға (Қытай) жорығы.
б.э. 347 — 350 жж. Самудрагупта Чамптан Венгаға (Үндістан территориясы) дейін жүріп өтті.
б.э. 397 — 431 жж. Гунаварман Суматрада, Явада және Гуанчжоуда (Китай) болды.
б.э. 526 ж. Бадхитхармның Қытайға саяхаты.
Қытайлықтардың маңызды саяхаттары мен елшіліктері V — VIII ғғ.
399 — 414 жж. Сяньның Қытайға, Тибетке, Үндістанға, Цейлонға, Суматраға саяхаттары.
402 — 424 жж. Чжи Мынның Қытайға, Тибетке, Үндістанға саяхаттары.
518 — 521 жж. Сун Юнь мен Хуэй Шэнның Қытайға, Такла-Макан шөліне, Памираға, Гиндукушаға саяхаттары.
629 — 645 жж. Сюань Цзанның Қытайға дейін саяхаты.
689 — 695 жж. Цзинның Суматраға, Малаккаға, Үндістанға саяхаттары.
751 — 790 жж. Кунның Монғол Алтайы мен Тянь-Шаньға саяхаты.
Қорытынды: Туристтік саяхаттар, сауда-саттық сапарлар өзінің мәнін жоғалтқанда басталды санайды. Біздің заманға дейінгі 4-ші мың жылдықта ескі Египетте аталынып жүрген, осындай алғашқы көшіп-қонушылыққа жататыны – діни негізіндегі саяхаттар. Біздің заманға дейінгі VІ ғасырда Египет фараоны Нехао Африка төңірегінде атақты 3-жылдық саяхат құрған. Ертеректе туристтік саяхаттар қалаларды көріп, жасанды көлдер, шипалы бұлақтарға барумен байланысты болды. Кейініректе жиелеп салына бастаған пирамидалар саяхаттаушылардың назарын аудара бастады. Алайда, жақсы дамыған жол торлары мен сапалы түнеу үйлері және арзан асханалардың тек қана ежелгі Грекия мен Римде пайда болуы бұл саяхаттарды белгілі мөлшерде тежеді. Туризм ол кездері ешқандай табыс көзін әкелмеді. Жол тараптарының маңызын тек қана парсылар айтарлықтай ұғынып өз мемлекетерінің территориясында қатынасу жолдарының жүйесін құрды. Бұл қатынас жолдары дегеніміз жақсы қалыптағы патшалық жолдар болды ұзындығы 3 мың киллометр. Бұл жолдар Вавилон, Сузы және Экбатан қалаларын мемлекеттің шеткі аймақтарымен байланыстырып тұрды.. Ежелгі Грекияда курортология мен емдік туризм пайда бола бастады. Римдіктер өздерін сауықтыру үшін жылу су көздеріне және курортттарға барып тұруды жақсы көрді.. Олар қаладан қашық, қыраттау, жақсы климаты бар жерде салынды. Швейцариядағы курорт Сен Моритц әйгілі ерекшілігмен пайдаланылды. Біздің заманға дейінгі VІІІ ғасырда ертедегі гректер саяхаттар жасады. Олар арғы көне олимпиядаларға көрушілер немесе қатынасушылар ретінде қатынасты. Туристер көне храмдарды тамашалап, қалағандар қосымша ақы үшін гидтің аузынан әр түрлі аңыздарды естүге мүмкіншілік алды. Егер туризм индустриясы жайында кең мағынада әңгіме қозғар болсақ, ежелгі Рим дәуіріне жүгінеміз. Мұнда саяхаттар керемет жол тараптарының болуы арқасында іске асып отырды. Әрине, римдіктер жолдарын әскери қажеттіліктері үшін дамытып отырды. Әскерлер империяның орталық аудандарынан шекараларына санаулы күндер ішінде жетіп отырды. Бұл жолдар тек Римнің дамуына ғана әсер етіп қоймай, бүкіл Еуропалық өркениеттің дамуына әсер етіп, тарихшы Прокопийдің Римнен Капуяға алып баратын бірінші жолды, яғни Аппий жолын Әлем ғажайыптарының бірі деп есептеуіне себеп болды. Римдік жолдар инженерлік өнердің барлық ережелеріне байланысты салынып отырды.. Ежелгі Римде Жол Көрсеткіштер болып оларды тек қана белгілі бір желі көрсетіліп қоймай, сонымен қатар жолда кездесетін көрікті жерлермен қонақ үйлер белгіленіп бағалар көрсетілген. Рим империясының құлауы саяхатшылар мен сапар шегушілердің санын қысқартып жіберді. Орта ғасырда жасау қиын, қиыннан бұрын өмірге өте қауіпті болды.