XVIII ғасырдың соңына дейінгі кезең

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2015 в 10:53, реферат

Краткое описание

Саяхат – бұл көне және сыйымдылығы кең ұғым. Дальдің В.И. сөздігі бойынша, саяхат бөтен жерлерге бару дегенді білдіреді. Адамзатқа бүкіл көп ғасырлық тарихында сауданы дамыту, жаңа жерлерді жаулап алу мен игеру, ресурстарды іздеу мен жаңа көлік жолдарын іздестіру мақсаттарында әлемді танып-білу және жаңалықтар ашуға ұмтылыс тән. Бізге тарихтан ұлы жаңа континенттер мен жерлерді ашқан саяхатшылардың есімдері жеткен, географиялық және басқа білімнің керемет жүйелерінің негіздері қалған.

Содержание

І. Кіріспе.
ІІ.Негізгі бөлім.
1.Зерттеген саяхатшылар
2.Ежелгі Рим мен Грекияның мәдениеттері:
2.1 Сатурн храмы.
2.2 Фортуна Вирилис храмы.
2.3 Аппий жолы.
2.4Емделу орындары.
2.5 Моншалар.
3 Ұлы Жібек жолы.
4. Таяу Шығыс халықтарының маңызды жорықтары мен саяхаттар.
ІІІ.Қорытынды:

Прикрепленные файлы: 1 файл

султан.docx

— 559.98 Кб (Скачать документ)

                                  XVIII ғасырдың соңына дейінгі кезең.

                                           Көне дәуіріндегі туризм.

Мазмұңы:

І. Кіріспе.

ІІ.Негізгі бөлім.

1.Зерттеген саяхатшылар

 2.Ежелгі Рим мен Грекияның мәдениеттері:

         2.1 Сатурн храмы.

        2.2 Фортуна Вирилис храмы.    

       2.3  Аппий жолы.

       2.4Емделу орындары.

      2.5   Моншалар.

3  Ұлы Жібек  жолы.

4. Таяу Шығыс халықтарының маңызды жорықтары мен саяхаттар.

ІІІ.Қорытынды:

     Пайдаланған әдебиеттер:

1.Ежелгі дүниедегі  және византиялық дереккөздеріндегі  Ұлы Дала тарихы. 3 том. (Ертедегі  грек авторлары ұлы дала туралы). Аударған Г.Мұхаметқалиқызы, К.Ахметов. Астана, «Фолиант» баспасы, 2008, 584-бет

2.Қазақ энциклопедиясы

3. IX--XII ғасырлардағы Италия тарихы

 4.Джон Норвич. Венеция республикасының тарихы.

5.Флоренция туралы қысқаша тарих.

6. ↑ Тронский И.М. История античной литературы. Москва, Высшая школа, 1983

7.Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-

8. Источник: http://www.votpusk.ru/country/dostoprim_info.asp?ID=12084#ixzz3o0LXzSmO

 

 

 

 

 

 

                                               Кіріспе

 

        Адамзат пайда болғалы қанша уақыт болса, туризмнің пайда болу тарихына да сонша болды. Миллиондаған туристер, жас және егде адамдар, жалғыз және топпен, әртүрлі қабілеттегі және әртүрлі кәсіппен айналысатын өкілдер жаңа әсерлер іздеп әртүрлі жыл мезгілдерінде саяхаттайды.

Саяхат – бұл көне және сыйымдылығы кең ұғым. Дальдің В.И. сөздігі бойынша, саяхат бөтен жерлерге бару дегенді білдіреді. Адамзатқа бүкіл көп ғасырлық тарихында сауданы дамыту, жаңа жерлерді жаулап алу мен игеру, ресурстарды іздеу мен жаңа көлік жолдарын іздестіру мақсаттарында әлемді танып-білу және жаңалықтар ашуға ұмтылыс тән. Бізге тарихтан ұлы  жаңа континенттер мен жерлерді ашқан саяхатшылардың есімдері жеткен, географиялық және басқа білімнің керемет  жүйелерінің негіздері қалған.

 

Туризмнің терең тарихи тамыры бар. Алғашқы туристік ұйымдаспаған сапарлар шектеулі болды, олар негізінен сол кездегі қажеттіліктер және мүмкіндіктермен байланысты болған, нақтырақ айтқанда, қажылық жасау, емделу, сауда және білім алу. Сапар жасауға тек қоғамда жоғары орын алатын адамдардың ғана мүмкіндіктері болды. Сол кездегі туризмнің ерекшелігі элитарлылық пен өзінділік болған.

Туризм саласындағы әйгілі ағылшын мамандары туризмнің бастауын емделу мақсатындағы сапарлар қалаған деп есептейді. Және алғашқы туристік ұйымдар білімдік сипат алды. Шындығында да, бұл кезең «аристократтық» туризм деп аталатын туризмнің дамуымен сипатталады. Яғни шетелдік сапарлар халықтың ауқатты бөлігіне ғана қол жетімді болды.

Қазіргі кезде әлемдік туризм дамуының төрт негізгі тарихи кезеңдерін бөліп қарастырады. Бұлай бөлудің негізінде мынадай критерийлер жатады: әлеуметтік және экономикалық алғышрттар, туризмнің функциялары.

            ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ТАРИХЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ

 1.ХVІІІ ғасырдың соңына дейінгі туризм.

    --Ежелгі  туризм 

   --Орта ғасырлар мен қайта өрлеу дәуірі кезеңіндегі туризм

   --XVII және XVIII ғасырлардағы туризм

2.ХІХ – ХХ ғасырлардағы – Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі туризм5 3.Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі туризм. Қазіргі замандағы туризм.

 

ІІ. Негізгі бөлім.

Ксенофонт

Ксенофонт (б.з.б. 430 ж.ш., Афина – б.з.б. 335/354, Коринф) – ежелгі грек жазушысы, тарихшы. Ақсүйектер әулетінен. Сократтың шәкірттерінің бірі. Б. з. б. 401 ж. парсы тағына таласушы Кіші Кирдің Артаксеркс ІІ-ге қарсы жорығына қатысты. Кир қаза болғаннан кейін 10 мың грек әскерінің Вавилон түбінен Трапезундқа қарай шегінуіне басшылық етті (кейіннен мұны “Анабасис” деген тарихи шығармасында жазды). Одан кейін спарта патшасы Агесилаймен достасып, өз отанына қарсы соғысқаны үшін сатқын деп жарияланды. Тек 370 екі ел одақтасқаннан кейін ғана рақымшылық алып, ұлдары Афина әскерінің құрамында соғысқан. Фукидида ғылыми еңбегінің жалғастырушысы болған негізгі тарихи еңбегі – 7 томдық “Грек тарихы” (б.з.б. 401 және 362 ж. аралығы). Оның екі кітабы Пелопоннес соғыстарының соңғы кезеңдерін; Афинаның сөзсіз тізе бүгуін; “отыз тиран” және оларды жоюмен байланысты тарихи оқиғаларды сипаттайды.

  

                               Геродот

         Геродот – ежелгі дәуірдегі грек тарихшысы, «тарих атасы» деп танылған, әйгілі "Тарих" кітабының авторы, жиһанкез. Ол шамамен б.з.б. 484 – 425 жылдары өмір сүрген. Геродот Кіші Азиядағы Каликарнас қаласында дүниеге келіп, жас кезінде әміршілерге қарсы топта болғаны үшін елінен қуылған. Барлық кішіазиялық гректер парсы билігінен босап шыққанда, Галикарнас тұрғындары да жат жерлік билеушілерден құтылғысы келеді. Бірақ, олардың көтерілісі жеңіліс табады да, қайтадан басып-жаншу кезінде Геродоттың ағасы, әйгілі эпик ақын Паниассий өлтіріледі. Өз отанының саяси өміріне жас кезінен-ақ белсенді түрде араласқан Геродот Галикарнастағы Лигдамида тиранды тақтан құлату жөніндегі сәтсіз әрекеттерінен кейін елден кетуге мәжбүр болды. Бірнеше жылдардан кейін Геродот еліне оралып, тағы да азаттық көтеріліске қатысады. Ол б.з.б. 454 жылы галикарнастықтардың жеңісімен аяқталады. Осыдан бастап, Галикарнас Афины қаласының сенімді серіктесіне айналып, сонымен бірге аттикалық одақты басқарушылардың бір мүшесі болады. Этникалық жағынан дорийлықтарға жататын бұл колония тілі мен мәдениеті жағынан йонийлық еді.

Кейінірек ол солтүстік Қара теңіз жағалауында, Египетте, Финикияда, Вавилонда және еуропалық Грекияның көптеген қауымдастықтарында болды. Ал оның екінші рухани отаны – Афины болды. Афиныда сол дәуірдің танымал қайраткерлері Периклмен және Софоклмен танысты. Дүниетанымы, өмірлік көзқарастары сәйкес келгендіктен, әсіресе Софоклмен жақсы қарым-қатынаста болды.

Грек әлемінде қабылданған қағида бойынша әрбір адам туған жерінде ғана, яғни сол елдің азаматы болғанда ғана саясатпен айналысуға құқылы болатын. Геродот болса Самоста да, Афиныда да жатжерлік болып есептелді. Осы жағдайлар оның өмірлік ұстанымы саясат емес, тарих болуына әсер еткен болуы мүмкін.   

  Б.з.б. 444 жылы оңтүстік Италияда барлық гректерге ортақ Фурия колониясы құрылғанда Геродот сол жақтан жер алып, азамат болу құқығына ие болды. Протогор Абдерский жаңа колония үшін бірқатар заңдар жазса, архитектор Гипподам Мипетский қаланың жоспарын сызды. Геродоттың осыдан кейінгі өмірі туралы мәлімет жоқтың қасы. Фурияда ол өзінің тарихи еңбегін аяқтаған болуы керек.

   Геродот көптеген елдерге саяхат жасады. Ол Египетте, Вавилонда, Скифияда, Колхида мен Фракияда болған. Сондықтан оның еңбегі аталған елдердің тұрмысы, географиясы және этнографиясы туралы мәліметтерге бай. Табиғатында сенгіш Геродот тарихи шындықпен қатар естіген мәліметтерді де жинап жазған. Олардың бірі кейін дәлелденсе, екінші бірі күлкі тудырып отырған. Мысалы Египет туралы жазғанда гиппопотамды оның аталуына байланысты (грекшеден аударғанда – өзен жылқысы) суреттеп, жылқы секілді құйрық-жалы, тұяғы бар десе, өзі Индияда болмаса да ол жақта биіктігі иттей, алтын құмдарды күзететін, алтынды ұрлағысы келген адамдарды жеп қоятын алып құмырсқалардың болатынын жазған. Геродоттың шығармасы әлем тарихы болып табылады, себебі оның әр жаңа мемлекетті атауы – сол мемлекеттің тұрғындары, салт-дәстүрлері, діні, ескерткіштері туралы әңгімеге айналып кетеді. Мысалы Геродот шығармасы лидиялықтардың ионийлықтарды бағындыруымен басталады. Бұл оқиға Лидия тарихы туралы толық мәлімет беруге ұласады. Парсылық патша Камбизге, Египеттің тарихына, географиясына және этнографиясына тұтас бір кітап арнайды. Материалдардың әр алуандығына, фактілердің көптігіне қарамастан Геродот ешқашан өз баяндамасының реттілігін жоғалтқан емес, сонымен қатар бір ғана мақсатқа жету үшін барлық амалдарды қолданды. Ол мақсат – Элладаның даңқын шығару болатын. Геродоттың көркем мәнері өзіне ғана тән. Ол иондық диалектіде жазды. Геродоттың ғылыми стилі халықтық ауызша баяндаудың новеллалық стилімен ұштасып жатыр. Тарихшының өз еңбегіне сыналап қосқан новеллалары да көп. «Поликраттың жүзігі», «Крез бен Солон», Арионның ғажайып құтқарылуы» деген новеллалары кейін жеке көркем шығармалар болып есептелді. Геродоттың еңбегін сол замандағы ойшылдар әртүрлі қабылдады. Мысалы, Ксенофонт Ктесий өзінің «Персия тарихы» деген еңбегінде Геродотты өтірікші деп көрсетсе, Аристотель оны ертегі авторларының қатарына жатқызды. Геродоттың жазған мәліметтеріне Феомп, Авгилий, Страбон және Лукиандар сенімсіздікпен қарады. Тарихшы Плутарх «Геродоттың жалғандығы» атты трактатында «Геродот шындықты ойлап тапты» деп жазды. Бірақ сол кезде атақты рим ораторы Цицерон Геродоттың универсализмін бағалай отырып, оны «Тарих атасы» деп атаған. Егер формальды түрде қарайтын болсақ, әлемдегі ең алғашқы тарихшы емес, тіпті антикалық кезеңнің тарихшысы болмаған, яғни ежелгі Грекияда пайда болған алғашқы тарихи трактаттар оның қолынан шықпағандықтан Геродотты «тарих атасы» деп атау дұрыс емес болуы мүмкін. Алайда, Цицеронның бұлай істеуінде, яғни оның ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан Геродот туралы барлық еңбектерінде үлкен бір шындық бар. Геродоттың логографтармен көптеген ұқсастығы бола тұрып, оның өзіндік, ешкімге ұқсамайтын ерекшеліктері де жетерлік. Геродоттың жазған оқиғалары – логографтардыкі тәрізді антикалық дәуір оқиғалары емес, өзінің дәуірінде болған, өзі соларға куә болған оқиғалар. Сонымен қатар тарихшы логографтарда болмаған Азия мен Еуропаның тарихи ойларын, дінге, құдайларға бағытталған бір-біріне мүлдем ұқсамайтын идеяларды біріктіріп, өз еңбегін көркем шығарма ретінде жазды. Қолжазбаларының ішінде бізге жеткен Флоренция нұсқасы ағылшын, орыс, т.б. тілдерге аударылған.

 Папирусқа жазылған Геродоттың тарих кітабының VIII тарауындағы қалдықтар

Бір қызығы оның «Тарих» еңбегі кейде «...Геродот Галикарнастан жинап, жазды...», ал кейде «Геродот Фуриядан жинап, жазды...» сөздерімен басталатын. Тарихшы өзін Фурия азаматы деп атау-атамауын көп ойланды. Тіпті оның өмірінің соңын Фурияда өткізді деп айту қиын. Белгілі бір мәліметтерге сүйенетін болсақ, ол кейін Афиныға оралды деген болжам бар, бірақ ол да анық емес.

Бүкіл грек елінің қатысуымен болған, көп жылдарды қамтыған Афины мен Спартаның арасындағы Пелопоннес соғысы кезінде б.з.б. 425 жылы Геродот дүниеден өтті.

Бақытына орай, Геродот Элладаның әлсіреп, Афинының құлап, Кіші Азияның Персияның қол астына қайта өткенін көрген жоқ. Тарихшы өмір сүрген кезде Грекия дәуірлеген мемлекет болды. Геродоттың еңбегі эллиндер рухының көтерілуіне күш берерлік әнұран болды. Бірақ тарихшы еңбегі шығарма аяқталмай қалды, дүниеден өткеннен кейін сол аяқталмаған күйінде жарық көрді.

 

  Геродоттың түсінігіндегі жер беті

 

                                  Страбон

               Страбон (б.з.б. 64/63, Амасия, Кіші Азия, – б.з. 23/24) – ежелгі грек географы, тарихшы. Грекия, Кіші Азия, Италия және Египетке саяхат жасаған. Ол қазіргі күнге жетпеген 47 кітаптан тұратын “Тарихи жазбалардың” (онда б.з.б. 146 жылдан – б.з.б 31 жылы шамасына дейінгі оқиғалар баяндалған) және 17 кітаптан тұратын “География” атты еңбектің авторы. “Географияның” 7-кітабының Македония мен Фракияға арналған бөлігінен басқа барлық кітаптары сақталған. Бұл еңбектің тек алғашқы 2 кітабы теориялық сипатта, қалған бөлігі сол дәуірдегі елдер мен аймақтарды суреттеуге арналған (3 – 6-кітаптар Испания, Галлия, Британия, Италия, Сицилия; 7 – 10-кітаптар Солтүстік және Шығыс Еуропа, Солтүстік Балқан, Грекия; 11 – 14-кітаптар Солтұстік және Шығыс Қара тау маңы, Кіші Азия; 15 – 17 кітаптар Үндістан, Месопотамия, Арабия, Египет туралы). Онда сол кездегі көптеген елдер мен халықтардың тұрмысы мен мекені туралы мол мағлұмат берілген. Әсіресе, Азия скифтері және Каспий жағалауы халықтарының тарихы, этнографиясы туралы жазған еңбектерінің құны ерекше. Сондай-ақ Кавказ өңірі және Боспор патшалығы толық баяндалған. Страбонның еңбегі тарихи-географиялық шығарманың тұңғыш тәжірибесі және құнды тарихи деректемесі болып табылады.

              Емдік туризм

       Ежелгі Грекияда курорт шаруашылығы мен емдік туризм қалыптасқан. Емдеу құдайы Асклепий ғибадатханалары атам заманында пайда болып, классикалық дәуірде (б.з.д. V-IV ғғ.) олардың саны 60 шамасына жеткен. Олар қалалардан алшақ, биік және климаты жайлы да шипалы жерлерде орналасқан. Бұл ғибадатханалардың абыздары медицинамен шұғылданатын адамдар болған. Жазылуды іңкәр еткен мінажат етушілер құдайға баруға рұқсат алу үшін белгілі бір рәсімдерден өтуі керек болған: ораза ұстау, дәрет алу, монша және таза діни рәсімдер. Осындай дайындықтан кейін мінажат етушілерді ғибадатханаға түнеуге кіргізген – бұл рәсім инкубация деп аталған.

            Рим форумындағы Сатурн храмының колонналары Б.э. бұрынғы I ғ.

        Римдіктер храмдар салуда гректер мен этрус сәулет өнерінің бай тәжірибесін пайдаланды. Тибр өзенінің жағасында тағдыр тәңіриясы Фортуна Вирилиске арналған храм сақталған. Ол б. э. бұрынғы I ғасырда Бұқа форумыдеп аталған, ертеде мал сатылатын алаңға салынған. Қарапайым да тап-тұйнақтай пропорциясымен көзге түсетін ғимарат биік тұғыр табанда — подиумда тұр, кең басқышы мен алты колонналы портигі оның қасбетіне өзгеше бір айбынды көрік береді.

          «Бұқа базарындағы» дөңгелек храм. Мәрмәр. Б. э. бұрынғы I ғ. Рим

Грекияның жаулап алынуы римдіктерге грек өркениетінің асыл қазынасымен жақсы танысуына көмектесті. Рим ақыны Гораций былай деген: «Тұтқындалған Грекия сұсты Лацийг өнер әкеліп, жабайы жеңімпаздарды баурап алды...» Бұл сөздерде ақындық асыра сілтеудің басымдығы күмән келтірмесе де, гректердің көркемдік кемеңгерлігі алдында римдіктердің бас игендігін Гораций бейнелі түрде баса көрсетіп отыр. Ежелгі Элладаның әдебиеті мен мифологиясы, театры, поэзиясы мен философиясы Рим мәдениетіне пәрменді ықпал жасап, тіпті б. э. бұрынғы II ғасырда грек тілі жоғары қауымның тіліне айналды. Римге Грекияның көрнекті философтары, тарихшылары мен шешендері келіп тұрды.

 

Б.з.б. III—I ғасырларда құл иеленушілік қатынастардың гүлденуі мен тәуелді елдерден тасқындай түскен байлық римдіктердің өмірін өзгертті. Рим тарихының бастапқы ғасырлардағы қатал да қытымыр салтының мезгілі өтті. Бай виллалар пайда болып, сән-салтанат жиһаздары — көрікті күміс ыдыстар, алтын зерден тоқылған кілемдер, асыл бұйымдар тұрмысқа енді. Б. э. бұрынғы III ғасырдың аяғынан бастап Римнің әскер басылары жаулап алынға грек қалаларынан өнер шығармаларын кемемен тасып әкетіп жатты. Бұл римдіктердің көркемдік талғамын дамытуға жол ашты. Римнің қоғамдық ғимараттары, храмдары мен алаңдары тамаша мүсіндерге толды. Олардың арасында Фидий, Мирон, Поликлет, Скопас, Пракситель, Лисипп сынды ұлы шеберлердің туындылары да болды. Рим ақсүйектері Ежелгі Эллада кескіндемелері мен мүсіндерінің үздік үлгілеріне қыруар қаржы жұмсады. Өнерді білу әрі ол туралы сыншылдықпен ой толғай алу — білімділік пен - өте мәдениеттілік белгісі есептелді. Жеке коллекциялардың өсуі грек мүсіндеріне зор сұраныс туғызып, б. э. бұрынғы I ғасырдан бастап Римге қоныстанған грек мүсіншілері эллин мүсіндерінің ең әйгілі ескерткіштерінің мәрмәр көшірмелерін көптеп дайындай бастады. Олардың көпщілігі біздің заманымызға дейін сақталған. Біз жоғалып кеткен грек түп нұсқасы туралы көбіне-көп осы көшірмелерге қарап түсінік аламыз. Шеберлер Рим бекзадаларының тапсырмаларын орындай отырып, өнерді тек сырттай түйсініп, жайбарақат ләззат алатын нәрсе деп ұғатын жеке адамдардың эстетикалық талаптарын қанағаттандыруға тырысты.

Информация о работе XVIII ғасырдың соңына дейінгі кезең