Туризмді басқару мен ұйымдастырудың құрылымы.

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 17:35, реферат

Краткое описание

Туризм (франц. tourіsme, tour – серуендеу, жол жүру) – адамның бос уақытындағы саяхатты белсенді демалыстың бір түрі. Туризм – халықтың рекреациялық қажеттілігін (денсаулығын жақсарту, күш-қуатын қалпына келтіру, т.б.) қанағаттандырудың ең тиімді жолы. Туризм адамдардың қарым-қатынасын, танымдық қабілетін арттырып, мәдениет пен өнердің дамуына, ел экономикасының өркендеуіне өзіндік үлесін қосып, ел мәртебесін әлемге танытуға мүмкіндік туғызады. Ел ішінде саяхат жасау ішкі (ұлттық) Туризм, ал шетелге саяхатқа шығу халықаралық (шетелдік) Туризм; саяхат мақсатына қарай: экологиялық, ойын-сауық, танымдық, спорттық, балалар Туризмі; әлеуметтік мақсатына қарай: іскерлік (конгресс, жәрмеңке), этникалық, діни Туризм болып бөлінеді. Ішкі туризм – азаматтың өз елі ішіндегі саяхаты.

Содержание

1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім .
1. Туризмді ұйымдастыру.
2.Қазақстандағы туризм.
3. Қазіргі туризм классификациясы.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

vv.docx

— 96.57 Кб (Скачать документ)

Бүкіл әлемге танымал болып келе жатқан экологиялық туризмді жалпы  туризмнің тұрақты дамуының және де мәдени, табиғи ресурстарды қолданудың экологиялық қауіпсіз әдісі ретінде  қарастыруға болады. 
Бүкіләлемдік банктің ұйымдастыруымен өткізілген әр түрлі шаруашылық істерге баға беруде экологиялық туризмді дамытуға бағытталған жобалардың басқалардан айырмашылығы қарастырылды: бұл жобалар табиғатты және мәдени ескерткіштерді қорғауды бірге ұйымдастырады, экономикалық пайда табады және толыққанды демалуды қамтамасыз етеді. 
Орнитолог, археолог және көркем өнерпаздар сияқты ғылыми қызығышулығы бар туристерді қанағаттандыруға арналған экологиялық туризмге қарағанда рекреациялық туризм өзі қажет ететін қонақжай комплекстерімен, спорттық қарулануымен нәзік экожүйелерге көбірек зардабын тигізеді. 
Экологиялық туризмнің объектілері табиғи аймақтар, тарихи ескерткіштер, ғылыми және білім беруде қолданылатын мәдени және архитектуралық ескерткіштер болып табылады. Бұл экологиялық туризмнің жан-жақты болуын қамтамасыз етеді. 
Экологиялық туризмнің ең өзекті бағыттары:

- танымдық  
- ғылыми; 
- спорттық; 
Қазақстанның табиғи климаттық зоналары (жеке шөлді аймақтар, таулы аймақтар) спорттық және ғылыми бағытта экологиялық туризмнің ерекше формасы «экстремалды туризмді» дамытуға мүмкіндік береді. Бұл адам аяғы баспаған және адам өмір сүруге бейімделмеген аймақтарға экстремалды жағдайларда тіршілік ету және өзін-өзі ұстау стратегиясын қалыптастыру мақсатында саяхат жүргізу. Айта кетерлік жағдай, экологиялық туризмді дамыту үшін әр түрлі табиғи ресурстар қажет. Дәл осы жағдай туризмдік жұмыстардың территориялық аймағын және олардың қай бағытта жүруін анықтайды. 
Экологиялық туризмнің ресурстары болып табылады:

 

 

- табиғи –климаттық факторлар:  рельеф, су объектілері, флора  және фауна, ерекше және қызықты  қарапайым табиғи аймақтар. 
- тарихи-мәдени ескерткіштер: белгілі бір аймақтағы адамзаттың материалдық және рухани мәдениеті, айналадағы ортамен тығыз байланысты тарихи, археологиялық, мәдени ескерткіштер. 
Бүкіл Қазақстандағыдай Бурабайда да осы жағдайлар бақыланып отыр. Бурабайдың геоэкологиялық жағдайы бұрынғы ТМД елдерінің ориентациясын сипаттайды. Бұл елдер туристік жүйе бойынша өздеріне тиесілі бөлік шамасын үлкейтуде. Сонымен қатар қазіргі уақытта осы заманға сәйкес және бәсекелесуші туристік жобаларды құрастырушы болып табылады. Соның ішінде соңғы жобалардың бірі – TREDA болып саналады. Бурабайда, әсіресе, Қазақстан Республикасында бұл жоба аса маңызды роль атқаруда. Оның мақсаты Бурабай, Монголия, КНДР, КНР қатысушылар көмегімен туманная өзенінің маңайында аймақаралық туристік орталық ашылды.

Ресей мемлекеті бұрынғы ТМД  елдерінің және жақын орналасқан мемлекет туристеріне Қазақстан  мәдениетін танытуға ерік білдірді. Туризм қазіргі қоғамдағы бүкіл инфрақұрылымның дамуын ынталандырады: экономика, мәдениет, әлеуметтік сала және коммуникациялар. Туризм индустриясының қалыптасуына әсер ететін бірден-бір фактор — туристік өнімді насихаттауға жұмсалған шығындар. Халықаралық туристік ұйымның (ХТҰ) мәліметтері бойынша ұлттық туристік өнімді насихаттауға жұмсалатын шығындар ұлттық туристік бюджеттің орташа алғанда 56%-ін құрайды, мәселен Израиль мемлекеті 203 млн. долларды, Испания — 135 млн. долларды, Таиланд — 92 млн. долларды жұмсайды. Ұлттық туристік өнімді насихаттау барысы кең етек жайып, әр салынған долларға шаққанда табыс көлемі — Францияда 375 долларға, Испанияда 319 долларға, Австралияда 78 долларға тең болады. Ал Қазақстанда мұндай шараларды жүзеге асыруға аз сома бөлінеді.

Мамандардың есептеуі бойынша бір  туристің келуінен түсетін табыс  мөлшері біздің елден әлемдік  нарыққа 9 тонна көмір, не болмаса 15 тонна мұнай немесе жоғары сапалы бидайдың 2 тоннасын шығарғанмен парапар. Бірақ көмір мен мұнайды өндіру таусылатын байлықтарымыздың азаюына, экологиялық ахуалдың нашарлауына  әкелсе, туризм индустриясы қалпына  келетін ресурстар негізінде  жұмыс жасайды.

Мысалы, ТМД елдеріндегі туризмнің  даму қарқынына тоқталатын болсақ:

 Қырғызстанда туризм үлкен  қарқынмен дамып келе жатыр.  Бұл елде шетел туризмнің құндық  көрсеткіштерінің тұрақты өсімі  байқалады. Оған бүкіл табыс  көлемінің 62,8%-ті тиесілі (туристердің  барлық санының 43%-ті келеді). Бауырлас  республикада туристік қызмет  құрылымында ішкі туризм —  38,1%, ал одан түскен табыс —  32,2% құраған. Шығу туризмнен түскен  табыс 4% болса, туристердің саны 18,3% тең.

 Өзбекстанда қызметтің сапасы  мен номенклатурасына, туристік-экскурсиялық  қызмет көрсетудің формалары  мен әдістерінің түрлілігіне  жаңа талаптар қойылып жатыр.

Түрікменстанда туризмнің материалдық-техникалық базасын құру және дамытуға көңіл бөлінуде. Бұл процестің өрбуі инвестициялық әлеуетті екі бағыт бойынша қолдану арқылы жүзеге асуы мүмкін:

1.Қазір іс-әрекет жасап тұрған  материалдық-техникалық база негізінде  туристік-экскурсиялық қызметтің  сапасы мен көлемін жоғарылату.

2. Материалдық-техникалық базаны  одан әрі қарай дамыту, туристік  мекемелер торабын кеңейту және  қосымша туристік ресурстарды  игеру.

 Қазақстанда аталған мемлекеттермен  салыстыра отырып, туризмнің дамуы  бәсеңдеу қарқынмен жүріп жатқанын  айтуға болады. Алматы қаласының АҚШ-тың Аризона штатындағы бауырлас Тусон қаласы, тек туризм арқасында өз бюджетін жыл сайын 3 млрд. 800 млн. АҚШ долларына байытып отырады.. Бұл сома Қазақстанға түсетін шетел инвестицияларының көлеміне тең.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

Туризм (франц. tourіsme, tour – серуендеу, жол жүру) – адамның бос уақытындағы саяхатты белсенді демалыстың бір түрі. Туризм – халықтың рекреациялық қажеттілігін (денсаулығын жақсарту, күш-қуатын қалпына келтіру, т.б.) қанағаттандырудың ең тиімді жолы. Туризм адамдардың қарым-қатынасын, танымдық қабілетін арттырып, мәдениет  пен өнердің дамуына, ел экономикасының өркендеуіне өзіндік үлесін қосып, ел мәртебесін әлемге танытуға мүмкіндік туғызады. Ел ішінде саяхат жасау ішкі (ұлттық) Туризм, ал шетелге саяхатқа шығу халықаралық (шетелдік) Туризм; саяхат мақсатына қарай: экологиялық, ойын-сауық, танымдық, спорттық, балалар Туризмі; әлеуметтік мақсатына қарай: іскерлік (конгресс, жәрмеңке), этникалық, діни Туризм болып бөлінеді. Ішкі туризм – азаматтың өз елі ішіндегі саяхаты. Ішкі туризм дегеніміз демалу, спортпен айналысу және басқа да мақсаттар үшін адамдардың өз елінің ішіндегі қозғалысы. Бұндай саяхаттарда елдің шекарасынан өтпейді, туристтік құжаттарды толтырмайды.

Халықаралық туризм - өз елінен тыс жерлерге саяхаты. Туристтердің бір елден екінші елге сапары немесе бірнеше елдерге сапарлар.

Шетелдік туризм – шетелдік азаматтардың туристтік мақсатпен басқа елге келуі. Туризм түрі жағынан әр түрлібелгілеріне қарай жіктелінген. Ұйымдастыру жағына қарай туризм:

1) ұйымдастырылған (жоспарлы);

2) өз жоспары бойынша (әуесқойлық);

3) ұйымдастырылмаған (жабайы) болып бөлінеді.

Қатаң уақыт тәртібі бойынша  белгіленетін турфирмалар ұсынатын саяхат – ұйымдастырылған туризм деп аталады. Ұйымдастырылмағаннан айырмашылығы — әуесқой және жабайы туристтер өздерінің саяхатын өзінше ұйымдастырады. Әуесқой туристтердің жабайы туристтерден айырмашылықтары  болады. Әуесқой туристтер туристтік  ұйымдармен байланысты жұмыс істейді. Жабайы туристтер турфирмасыз, туристтік ұйымдарсыз саяхаттайды.

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

    1. Интернет сайттары:
    2. www.google
    3. http://www.topreferat.com
    4. http://referaty.ucoz.kz

 


Информация о работе Туризмді басқару мен ұйымдастырудың құрылымы.