Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 17:35, реферат
Туризм (франц. tourіsme, tour – серуендеу, жол жүру) – адамның бос уақытындағы саяхатты белсенді демалыстың бір түрі. Туризм – халықтың рекреациялық қажеттілігін (денсаулығын жақсарту, күш-қуатын қалпына келтіру, т.б.) қанағаттандырудың ең тиімді жолы. Туризм адамдардың қарым-қатынасын, танымдық қабілетін арттырып, мәдениет пен өнердің дамуына, ел экономикасының өркендеуіне өзіндік үлесін қосып, ел мәртебесін әлемге танытуға мүмкіндік туғызады. Ел ішінде саяхат жасау ішкі (ұлттық) Туризм, ал шетелге саяхатқа шығу халықаралық (шетелдік) Туризм; саяхат мақсатына қарай: экологиялық, ойын-сауық, танымдық, спорттық, балалар Туризмі; әлеуметтік мақсатына қарай: іскерлік (конгресс, жәрмеңке), этникалық, діни Туризм болып бөлінеді. Ішкі туризм – азаматтың өз елі ішіндегі саяхаты.
1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім .
1. Туризмді ұйымдастыру.
2.Қазақстандағы туризм.
3. Қазіргі туризм классификациясы.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»
«БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ»КАФЕДРАСЫ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Туризмді басқару мен ұйымдастырудың құрылымы.
Дінаманова М
АҚТАУ-2013ж
Жоспар
1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім .
1. Туризмді ұйымдастыру.
2.Қазақстандағы туризм.
3. Қазіргі туризм классификациясы.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.
Туризм (франц. tourіsme, tour
Халықаралық туризм - өз елінен тыс жерлерге саяхаты. Туристтердің бір елден екінші елге сапары немесе бірнеше елдерге сапарлар.
Шетелдік туризм – шетелдік азаматтардың туристтік мақсатпен басқа елге келуі.
2.1Туризм түрі жағынан әр түрлі белгілеріне қарай жіктелінген. Ұйымдастыру жағына қарай туризм:
1) ұйымдастырылған (жоспарлы);
2) өз жоспары бойынша (әуесқойлық);
3) ұйымдастырылмаған (жабайы) болып бөлінеді.
Қатаң уақыт тәртібі бойынша белгіленетін турфирмалар ұсынатын саяхат – ұйымдастырылған туризм деп аталады. Ұйымдастырылмағаннан айырмашылығы — әуесқой және жабайы туристтер өздерінің саяхатын өзінше ұйымдастырады. Әуесқой туристтердің жабайы туристтерден айырмашылықтары болады. Әуесқой туристтер туристтік ұйымдармен байланысты жұмыс істейді. Жабайы туристтер турфирмасыз, туристтік ұйымдарсыз саяхаттайды.
Туризм жеке және топтық болып бөлінеді. Жеке бір адамның немесе жанұяның (5 адамға дейін) өздерінің жеке жоспары бойынша саяхатын жеке туризм дейді, бір топ адамның саяхатын (6-7 адамнан бастап) топтық туризм деп атайды. Топтық туризм, әдетте, қатысушылардың тілек-талаптарына сәйкес ұйымдастырылады. Бұл турлар археологиялық, мәдени-өнер және тарихи болуы мүмкін.
Жылжымалылық белгісіне қарай туризм стационарлық және көшпелі болып бөлінеді. Туризмнің стационарлық түріне емдеу туризмі және спорттық – сауықтыру туризмнің кейбір түрлері жатады. Көшпелі туризм үнемі қозғалысмта болып, өзінің орнын жиі ауыстырып тұрады. Қазіргі шақта техникалық мүмкіндіктердің өсуіне қарай көшпелі туризм күшейетін сияқты.
Су туризмінің серуендеу және спорттық түрлері дами түсті. Туризмнің бұл түріне кіретіндер: су-моторлы спорт, шаңғысы спорты, каноэда еспе, желкенді кеме спорты және т.б. Туризмнің бұл түрі суға түсу, жағажай туризмімен ұштасады және теңіз, көл, өзен жағасына орналасқан туристтік кешендерде кең тараған.
Су астындағы аңдарды сүретке түсіру, олардың өмірімен танысу мақсатын көздейтін су асты спорттық туризмі әйгілі болып келеді. Балық және аң аулау туризмі де барлығымызға таныс. Туризмнің сүрет, кино, аң аулау түрлері оның танымалдық түріне жатады. Шетел туризмнің ішіндегі ең қымбат түрі – аң аулау туризмі.
Сапардың ұзақтығына қарай туризм қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Адамдардың үш тәулікке дейін саяхатқа келуін қысқа мерзімді туризм дейді. Қысқа мерзімді сапар – туризмнің бұқаралық түрі болып табылады. Ұзақ мерзімді туризм (үш тәуліктен артық) каникул немесе ұзақ мерзімді демалыспен байланысты.
Туристтік ағындардың ритмі бойынша туризм жылдық және мезгілдік болып бөлінеді. Жылдық дегеніміз жыл бойы туристтік аудандарға саяхатқа, демалуға адамдардың барып тұруын айтады. Мезгілдік – ондай туристтік жерге жылдың бір кезеңінде ғана баруы.
Туристтік саяхатқа қатысушылардың жасына қарай туризм былай бөлінеді: а) балалар мен жасөспірімдер туризм; б) жастар туризмі; в) ересектер туризмі.
Туристердің сапар желісінде орналасуы бойынша туризмді төмендегідей бөлуге болады: а) қонақ үй типті; б) қонақ үй типті емес.
Туристтік саяхаттың көрсетілген мақсатына қарай туризм келесідей бөлінеді: а) рекреациялық; б) экскурсиялық; в) арнайы туризм. Рекреациялық туризмге – емделу және сауықтыру үшін саяхат кіреді. Экскурсиялық туризм – табиғаты мен әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қызықты орындармен танысу мақсаты мен саяхат, бұл бөтен аудандарға немесе елдерге саяхат жасау. Арнайы туризм – арнайы бағдарлама және маршрут бойынша саяхат.
Көлік қызметінің түріне қарай туризм автомобильмен, автобуспен, темір жолмен, теплоходпен саяхаттау болып бөлінеді. Дүниежүзіндегі жолаушыларды тасудың басым бөлігі автомобиль көлігінің үлесіне тиеді. Батыс Еуропада туристердің 70%-ы өз көліктерімен саяхаттайды, АҚШ-та бұл көрсеткіш 90 % құрайды.
Соңғы 20 жылда круизді туризм шапшаң дамуда. Круиз – бұл теңіз саяхаты, жабық бір шеңбермен, белгілі-бір маршрутпен көрікті, көңіл толарлық жерлерге тоқтап саяхат жасау. Круиздік саяхатта бірінші орында – Нью-Йорк порты. Круиздік туризмммен айналысатын елдер – Англия, Норвегия, Греция, Италия, Франция, АҚШ.
Алғашында барлық туристтік іс-әрекет коммерциялық түрде болса, онан түсетін кіріс туристтік мекемелердің жұмысының басты нәтижесі болды. Бірте-бірте коммерциялық туризмге қарсы әлеуметтік туризм деген түсінік пайда болды. Әлеуметтік туризм жүйесі тұтынуғшыларға ғана емес, туристтік мекемелрге де өте тиімді. Сонымен, әлеуметтік туризм – бұл ақшалары аз адамдардың пайдаланылатын туризмі, оларды мемлекет және мемлекетке жатпайтын құрылымдар қолдайды.
Экологиялық туризм (экотуризм) – жақында ғана «жасыл» қозғалыс толқынында пайда болған. Экотуризмді көпшілік туризмнің баламасы ретінде қарайды. Сондықтан да оның қалыптасқан туризмен айырмашылықтары бар. Олар төмендегідей негізгі белгілер:
- экотуризмнің басты объектісі болатын ерекше табиғи көрікті, көзтартарлықтай жерлері болуы;
- туризм индусриясының жоспарлы дамуының арқасында қолданғанмен, тозбайтындай табиғи және мәдени потенциалды территорияның болуы;
- басқаларға қарағанда төмен капиталды, материалды және энергосыйымдылығының болуы;
- экотуризмнің ең күрделі мақсаттарының бірі – экологиялық білім беру және экологиялық ойды қалыптастыру;
- бүтіндей мемлекетті немесе жеке аудандардың әлеуметтік экономикасын көтеретіндей дәрежежде болуы.
Қысқа уақыттық табиғатта уик-эндте демалудан бастап табиғи жаратылыс тақырыбына ғылыми зерттеулер жүргізуге дейін экологиялық туризм туристтік ағымдарды әртүрлі мақсаттармен қамти береді.
Діни туризм бүгінгі күні айтарлықтай ауқымды көлемге жетіп отыр. Мұмылмандардың ең басты қасиетті «хаджа» орталығы – Сауб аравиясындағы Мекке қаласы, Құдайға табынушы католиктер Папа Римскийге Ватиканға барады. Туристтік діни маршруттарды анықтайтын әр елде өзінің ұлттық діни орталықтары бар.
Туризм көптеген дамыған
және дамушы елдер үшін валюталық түсімдерінің
қайнар көзі болып табылады. Қазіргі кезде
Қазақстан үшін де
бұл экономика секторы маңызды мәселе
болып отыр. Қазақстан Республикасында
көптеген туризм түрлерін және туристік
қызметтің формаларын дамыту үшін ресурстары
мен мүмкіншіліктері жетерлік.
Қазақстан Республикасында туристік индустрияның
дамуы халықтың әл-ахуалының деңгейінің
артуының нәтижесі болып табылады және
қоғам өміріне өз ықпалын тигізеді. Қазақстан
және дамыған еуропа нарығында да туризмде
көрсетілген қызметтің сапасына көп көңіл
бөлінбейді. Туризм саласында кәсіпкерлер
өз тәжірибелеріне және жұмыс өтіліне
сүйене отырып, іс әрекет жасайды.
Көптеген туристік кәсіпорындар осы саладағы
түбегейлі ғылыми зерттеулерсіз және
сапалы іс-шараларсыз пайдаларын жоғарылатуға
мүмкіндіктері болмай, клиенттері мен
қызмет өндірісінің көлемін кеңейте алмады.
Туризм саласындағы жоғары деңгейдегі
сұраныстың пайда болуы осы саладағы ғылыми
зерттеулер мен басқа да іс-шараларды
жоспарлауға көп көңіл бөлу керектігін
негіздеді.
Туризм индустриясы көптеген шағын және
орта кәсіпорындармен сипатталады. Олардың
қазіргі кезде кажетті зерттеу құралдары,
«ноу-хау», немесе тәжірибелі жұмыстарды
атқаруға жұмысшыларды жалдайтын қаражаты
жоқ. Олар тек қана жарнама жүргізуді,
өткізуді және нарықты зерттеу мен өнімді
жетілдіру әрекеттерін жасайды. Бұл қызмет
көрсетудің көптеген салаларында колданылады.
Бәсекенің күшеюі және клиенттердің талаптарының
көбеюі туристік ұйымдардың көпшілігі
үшін маркетингті қолдануына алып келеді,
яғни бәсекелік күресте жетістікті қамтамасыз
ету және сыртқы орта өзгерістеріне бейімделуі
үшін стратегиялык маркетингтік жоспар
құрады.Туризм саласының дамуы мен туристік
қызметтерді зерттеуші экономист-ғалымдардың
пікірлерін жалпылай келе, біздің көзқарасымыз
бойынша:
«Туризмді дұрыс ұйымдастыру
- нарықтағы кәсіпорынның мінез-құлқының
тұжырымдамасы, стратегиясы және тактикасы.
Туризмді дұрыс ұйымдастырудың мақсаты
- сатып алушылардың
Туризмді ұйымдастырудағы шет елдік тәжірибеге
талдау жасай отырып, ұйымдастырудың екі
үлгісін бөліп қарастырады. Яғни, туризмді
ұйымдастырудың еуропалық және азиялық
үлгілері.
Туризмді ұйымдастырудың
еуропалық үлгісі әлемге әйгілі курорттарымен
танымал Италия, Испания және Франция
елдерінде қолданылады. Бұл елдердегі
туризмді дамыту мәселелері көп салалы
министрлік деңгейінде шешіледі. Туристік
саламен айналысатын
Дамыған еуропалық елдердегі мемлекеттік
туристік әкімшілік жергілікті басқару
орындарымен және жеке бизнеспен бірлесе
отырып тірлік жасайды. Ал, бұл өз кезегінде
туризмді дамытудағы мемлекеттік бағдарламалардың
міндеттерін шешуде жеке қаржылық ресурстарды
тартуға мүмкіндік береді. Бұл саясаттың
нәтижесі ретінде туристік қызметтерді
реттеудегі аралас (мемлекеттік-жеке)
меншікті институттарды алуға болады.
Туризмді басқарудың мұндай жүйесінің
арқасында, аталған елдер жоғары индустриялы
туризмі бар әлемдік туристік орталықтарға
айналып отыр. Бұл елдердегі туризмнен
келетін кірістер бюджеттің маңызды баптарына
кіреді.
Туризм дамуының бастапқы кезеңінде мемлекеттік
басқару органдарының маңызы үлкен. Оның
себебі, алғашқы кезеңде туристік саланың
инфрақұрылымын жасау үшін қуатты қаржылық
салымдар қажет болады. Мұндай қаржылық
көмекті тек мемлекет бере алады. Мемлекетке
кірістер әкеле бастайтын жоғары дамыған
және бәсекелестік мүмкіншілігі үлкен
туризм саласы қалыптасқаннан кейін, мемлекеттік
органдар негізінен туризм дамуын реттеуші
қызметіне ауысады. Туристік индустрияны ұйымдастырудың
азиялық үлгісі Түркия, Египет, Тунис,
Марокко және Қытай елдерінде таралған
. Бұл үлгідегі елдерде туристік саланы
ұйымдастыру мен басқару беделді әрі күшті
министрлікке жүктелген. Бұл елдерде туризм
экономиканың басым бағыттарының бірі
болып саналады. Мемлекеттің көмегінің
нәтижесінде аталған елдерде туризм мен
курорттар жоғары ырғақпен дамуда.
Туризм саласын ұйымдастыру үлгілері
Туризмді ұйымдастырудың үлгілері |
Ұйымдастыру үлгілері таралған елдер |
Реттелу ерекшеліктері |
Қаржылану жағдайы |
Еуропалық |
Италия, Испания, Франция және т.б |
Мемлекеттік рет-теу институттары, жеке реттеу инс-титуттары |
Мемлекеттік қар-жылар, жеке қар-жылар |
Азиялық |
Түркия, Египет, Тунис, Марокко, Қытай және т.б |
Басым түрде мем-лекеттік реттеу институттары |
Мемлекеттік қар-жылар, жеке қар-жылар |
Қазақстандық |
Қазақстан Республикасы |
Басым түрде мем-лекеттік реттеу институттары |
Мемлекеттік қар-жылар, жеке қар-жылар |
2.2 Қазақстандағы туристік ресурстарға – туристік қызмет көрсету нысандарын қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру нысандары, сондай-ақ туристердің рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын, олардың күш-жігерін қалпына келтіріп сергітуге жәрдемдесетін өзге де нысандар жатады. Олар мәдени-танымдық, экологиялық, спорттық, әлеуметтік, діни, т.б. туризм түрлеріне бөлінеді.
Информация о работе Туризмді басқару мен ұйымдастырудың құрылымы.