Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 21:58, реферат
Қазақстандық және шетелдік азаматтардың әртүрлі туристік қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, саланы дамытудың экономикалық және құқықтық тетіктерін әзірлеу әрі Қазақстанның туристік өнімінің сапасын қамтамасыз ету біздің алдымызда тұрған ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Туризм әлемдік экономикада басты рольдердің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдік жалпы ұлттык өнімнің 10 бөлігін, халықаралық инвестициялардың 11 пайызынан астамын, әлемдік өндірістегі әр бір 9 шы жұмысшы орнын қамтамасыз етеді. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Дұниежүзілік туристік ұйымға нақты мүше болып кірді.
Кіріспе
І. Туристік фирмалардың маркетингті қолданудың маңыздылығы
1.1.Туристік фирмалардағы жарнама қызметі
ІІ. Туристік фирмада жоспарлаудың маңызы.
өлкенi дамыту мақсаттарының туризмнің орнатылатын басқаруларын өңдеуге араласу;
бәсекеге қабілеттіліктің орнының ағымдағы талдауы (нарық, тікелей және жанама бәсекелестер, сұраныс, жабдықтаушылар, сала);
өлкенің бәсекеге қабілеттілігін, оның айрықша позициясының стартегиясын құрастыру;
өлкенің бәсекеге қабілеттілік стратегиясын жандануын жүзеге асыру – ең бастысы туристік фирмаларға кеңес беру, инновациялық менеджментті өткізу.
Сөйтіп, туристік фирма қызметін жоспарлау кезінде ақпараттық өңделу кезеңінде сапалық, сандық және болашақтағы мақсаттардың уақыттық анықталуын, амал мен тәсілдерді, қалыптасуды, фирманы басқару мен дамыту жүйелерін түсіну керек,
Туримдегі ұйымдастыру қызметі. Туристік фирмада жасалынған қайсысы болмасын жоспарда әрқшанда ұйымдастырушылық кезең кездеседі, басқаша айтқанда жоспарланған мақсаттарға жету үшін нақты шарттардың жасалу кезеңі болып табылады. Басқарудың бірінші үдеріс кезеңінде анықталған – жоспарлау кезеңінен кейін, фирма құрылымын құру туралы сөз болады және оның мақсаттарға жету үшін барлық керекті заттармен қамтамасыз ету.
Туроператорлар жұмысын ұйымдастыру үлгісі негізінде туризмді басқарудағы ұйымдастырушылық функцияны өзімізге тым көрнекі көруімізге болады. Осылай туроператор өндірістік, саудалық, ақпараттық мәселелерді, жаңа өлкелерді игеру мақсаттарын және т.б. шешеді.
Бұл процесс персоналды және фирманың алға қойған мақсаттарына жету үшін амалдарды біріктіру. Айтылып кеткендей, жоспарлаудың негізгі мақсаты — бұл әр түрлі әдіс арқылы екiұштылықтың мәселесінің шешiмiн табу. Өзгерістерге бейімделу қажеттілігі — жоспарлауға маңызды бір мән беретін факторлардың бірі болып табылады. Сонда да, жоспарлау қандай да маңызды болмасын , бұл тек қана басы ғана. Көптеген әр түрлі жоспары бар және оны жүзе асыру тұтас сызбасы (құрылымы) жоқ туристік фирма жетістіктерге жетпейді. Себебі, жоспарлау функциясы және ұйымдастырушылық функция бір-бірімен тығыз байланысты. Кейбір ой-пікірлерде жоспарлау және ұйымдастыру бірігіп кетеді делінеді.
Жоспарлау ұйымның мақсаттарын жүзеге асыру үшін көріністерді дайындайды, ал ұйым басқару функциясы ретінде жұмыс құрылымын дайындайды, оның ең басты құрамдас бөлігі болып адамдар болып табылады.
Ұйымдастыру функциясы турфирманың барлық мамандарын бір жерге біріктіру болып табылады. Оның негізгі міндеті болып, миссияны, ролді, жауапкершілікті, әрқайсысының есеп берушлігін анықтау болып табылады. Ұйымдастыру үдерісі жұмысты құрады және туристік фирманың көлеміне, оның мақсаттарына, технологияларына және персоналға байланысты бөлімшелерге бөледі. Туристік фирма өзінің жоспарын жүзеге асыру үшін және соның негізінде өзінің мақсаттарына жету үшін бар элементтер қатарын жіктеу қажет. Ұйымдастырушылқ функцияны жүзеге асыру процессінде келесі ұстанымдар қатарын негізге алу керек:
жоспарлау кезінде табылған туристік фирманың мақсаттарын анықтау және талдау;
осы мақсаттарға жету үшін керекті қызмет түрлерін анықтау;
әр түрлі міндеттерді әр кадрларға (еңбекті бөлу) тапсыру және оларды басқарушылық жұмыс топтарына немес бөлімшелерге біріктіру;
жұмыстық қарым-қатынасты орнату арқылы әрбiр топқа тапсырылған әр түрлi қызметтер түрлерiн үйлестiру;
мақсаттар бірлігі – әр ұйымдастыру бөлімінің мүшесі ортақ игілікке жұмыс жасайды, басқаша айтқанда ешкім туристік фирманың мақсаттарына қарсы жұмыс істемеу керек.
ІІІ. ҚР стастистика агенттiгiнiң мәлiметтерi
ҚР стастистика агенттiгiнiң мәлiметтерi бойынша 2007 жылы елде 1007 — туристiк ұйым қалыптасқан. Қазақстандық кәсiпорындармен 80 елдiң туристiк фирмаларымен келiсiмдiк қатынас бекiтiлген. 40 – алматылық және 13 – облыстық турфирмалар, 8 – мемлекетке чартерлiк әуе қатынасын жүзеге асырады.
Алматы, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының, сонымен қатар Алматы және Астана қалаларының туристiк фирмалар жүйесi анағұрлым дамыған. Осы облыстың және қалалардың туристiк ұйымдармен жыл сайын экскурсанттар мен туристердiң 88 % қызмет көрсетiледi.
Статистикалық және әкімшіліктік деректердің зерттеулері бойынша туристік қызмет 2007 жылы республикаға келушілердің есебінен 2006 жылы 16 пайызға өскені. Туристік индустрияның дамуы бойынша туризмнің барлық түрі кіру туризмі 12,8%, шығу туризмі 38,5%, ішкі туризм 12,5% өсті. Туристік қызмет бойынша көрсетілген қызмет 59,3% өсіп, 53863,0 млн. тенгені құрады. 2006 жылмен салыстырғанда сатылған жолдама 1,9 есеге өсіп, бюджетке 13890,7 млн, тенгені түсірді.
2007 жылы 1007 туристтік фирма и
51 жеке кәсіпкерлік туристік іс-
Жалпы алғанда Қазақстандағы туристік фирмалар туристерді қабылдау қызметінен гөрі оларды шет елдерге шығаруды көбірек жүзеге асырады. Негізінен туристерді шет елге шығарғаннан гөрі (“Жаңа – Арқа”, “Гульнар – тур” фирмалары), халықаралық туристерді қабылдау анағұрлым тиімді болар еді.Қазақстанда туристік қызметпен 2003 жылы 691 туристік ұйым айналысқан. Бұл ұйымдар 177091 туристке қызмет көрсеткен.
Жалпы көлемдегі көрсетілген
қызметтің көрсетілу барысында
сыртқы, ішкі, шығу және кіру туризмінің
үлесінің өсуіне қол
2007 жылы ішкі туризмді дамытуда ең көп үлесті Алматы қаласы алады, мұнда келген адам 55819 адамды құрайды. Алматының әсем табиғаты мен қолайлы ауа-райы жылдың қай мезгілі болса да ішкі туризмді дамытуға қолайлы, туристерге ыңғайлы болып келеді. Мұнда туристердің қыдыратын жерлері де демалатын жерлері де көп болғандықтан, көбінесе туристер Алматы қаласына баруды қалайды.Екінші Маңғыстау облысы (42647), мұнда іскерлік туризмге байланысты шетелден қонақтар мен инвесторлар сапарға шығады.
Сонымен қатар, Ақтау қаласындағы Каспиий теңізіне демалушылар да көп. Болашақта ішкі туризмді дамыту мақсатында Ақтау-Сити қалашығы орын алып, туризмнің лорталығына айналмақшы. Ол кезде туристер саны 5 есеге көбейеді деп болжануда. Үшінші кезекте Шығыс-Қазақстан облысы (33321), мұнда табиғат көріністерін тамашалауға және Қатон-Қарағай қорығына арнауы сапар шегушілер саны күннен-күнге көбеюде.
2002 жылы республикада 430 туристік ұйымдар, фирмалар мен әр түрлі бюролар жұмыс істеді. Оларда 6 мың адам, оның ішінде 1500 кәсіптік экскурсия жүргізушілер (гидтер) қызмет көрсетеді. Қазақстанның туристік фирмалары дүние жүзінің 80-ге жуық елімен қарым-қатынас жасайды. Алматы қ-ның 25 фирмасы және 5 облыс орталығы Үндістанға, Түркияға, Біріккен Араб Әмірлігіне, Пәкстанға, Корея Республикасына, Грекияға, Польшаға, т.б. елдерге чартерлік әуе рейстерін жолға қойған.
Cтатистикалық мәліметтерге
Қорытынды
Туризм– экономиканы тез арада жандандыратын құрал. Қазіргі кезде Қазақстанның мемлекет басшылары туристік нарықта көптеген миллиардтық айналымы бар алып механизмді көріп отыр. Туризм – әлемдік экономикада басты рольдің бірін атқарып отыр. ДТҰ-ның деректері бойынша ол әлемдегі ЖҰӨ-нің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11%-ы астамы, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.
Туристік фирма өзінің жоспарын жүзеге асыру үшін және соның негізінде өзінің мақсаттарына жету үшін бар элементтер қатарын жіктеу қажет. Ұйымдастырушылқ функцияны жүзеге асыру процессінде келесі ұстанымдар қатарын негізге алу керек:
жоспарлау кезінде табылған туристік фирманың мақсаттарын анықтау және талдау;
осы мақсаттарға жету үшін керекті қызмет түрлерін анықтау;
әр түрлі міндеттерді әр кадрларға (еңбекті бөлу) тапсыру және оларды басқарушылық жұмыс топтарына немес бөлімшелерге біріктіру;
жұмыстық қарым-қатынасты орнату арқылы әрбiр топқа тапсырылған әр түрлi қызметтер түрлерiн үйлестiру;
мақсаттар бірлігі – әр ұйымдастыру бөлімінің мүшесі ортақ игілікке жұмыс жасайды, басқаша айтқанда ешкім туристік фирманың мақсаттарына қарсы жұмыс істемеу керек.
Туризм – экономиканың басқа секторларына қарағанда мультипликаторлық әсерімен жақсы дамыған. Ол экономиканың 32 саласына тура және жанама әсер етеді. Қазақстанда болашағы бар және табысты кластердің бірі – туризм болып табылады. Туризм дамуы елдің экономикалық жағдайын жақсартуға және бір-бірімен өзара байланысты салалардың қалыптасуына да өз әсерін тигізеді. Нарықтық экономикасы бар елдерде туризм туристік қызметтердің экспортына бағытталған, дамыған индустрия ретінде орын алады.Бұл міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік реттеу жүйесін дамыту, Қазақстандық турөнімді жылжытуды маркетингті қолдану, экологиялық және жастар туризмін қалыптастыру, туризмді ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету, халықаралық қарым-қатынастар мәселелерін шешу қажет.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Бейжанова А.Т. Қазақстан Республикасындағы туризм саласындағы
маркетингтің дамуы. // Вестник КазНУ: серия экономическая. – 2004. – № 4
-с. 52-53.
Борисова Ю.Н Маркетинг в
1996.-56 с.
Котлер Ф. Маркетинг:
анг. под ред. Р.Б.Ноздревой. – М.: ЮНИТИ, 1998. – 787 с.
Экономика современного туримза / под ред. Карповой. М.: Финансы и
статистика, 1998. – 225 с.
Пузикова Е.П., Честпиков В.А. Международный туристический бизнес. М.:
1997.-35 с.
Информация о работе Туристік фирмалардың маркетингті қолданудың маңыздылығы