Туристік фирмалардың маркетингті қолданудың маңыздылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 21:58, реферат

Краткое описание

Қазақстандық және шетелдік азаматтардың әртүрлі туристік қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, саланы дамытудың экономикалық және құқықтық тетіктерін әзірлеу әрі Қазақстанның туристік өнімінің сапасын қамтамасыз ету біздің алдымызда тұрған ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Туризм әлемдік экономикада басты рольдердің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдік жалпы ұлттык өнімнің 10 бөлігін, халықаралық инвестициялардың 11 пайызынан астамын, әлемдік өндірістегі әр бір 9 шы жұмысшы орнын қамтамасыз етеді. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Дұниежүзілік туристік ұйымға нақты мүше болып кірді.

Содержание

Кіріспе

І. Туристік фирмалардың маркетингті қолданудың маңыздылығы

1.1.Туристік фирмалардағы жарнама қызметі

ІІ. Туристік фирмада жоспарлаудың маңызы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

туристская фирма.docx

— 31.68 Кб (Скачать документ)

Жоспар

 

Кіріспе

 

І. Туристік фирмалардың маркетингті  қолданудың маңыздылығы

 

1.1.Туристік фирмалардағы жарнама  қызметі

 

ІІ. Туристік  фирмада жоспарлаудың маңызы.

 

Кіріспе

 

Қазақстандық және шетелдік азаматтардың әртүрлі туристік қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, саланы дамытудың экономикалық және құқықтық тетіктерін әзірлеу әрі Қазақстанның туристік өнімінің сапасын қамтамасыз ету біздің алдымызда тұрған ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

 Туризм әлемдік экономикада  басты рольдердің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдік жалпы ұлттык өнімнің 10 бөлігін, халықаралық инвестициялардың 11 пайызынан астамын, әлемдік өндірістегі әр бір 9 шы жұмысшы орнын қамтамасыз етеді. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Дұниежүзілік туристік ұйымға нақты мүше болып кірді.

 

Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына  белсенді ықпал етеді. Туризм саласында  шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы мен жұмыс істеуі жол  көлігінің, халыққа сауда, мәдени, дәрігерлік қызмет көрсетудің дамуымен тығыз байланысты.Қазақстанның тәуелсіздік алуы туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын жаңғырту үшін негіз боп қаланды. Туризмнін тез және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлык саласына және қоғамның әл ауқатына күшті ықпалын назарға ала отырып, Үкімет туризмді Қазақстан экономикасының маңызды секторы деп анықтады.

 

Туризм саласының дамуы, елде салыстырмалы түрде жақын арада басталды. Бiрақ жылдан жылға бұған көбiрек мән берiлуде. Саланың дамуын жақсы функционирлеу, қолдау көрсететiн iс-шараларсыз мүмкiн емес, соның iшiнде үкiмет жағынан, яғни дамыған сала мемлекетке үлкен пайда әкелуi мүмкiн.Шетелдік туристік ұйымдардың өркендеп өсуінің бірден бір көзі олардың көрсететін қызметтерінің сан алуандығы мен сапасы болып табылады, ал Қазақстанда бүгінгі таңда барлық қажетті атрибуттары бар толыққанды біртұтас туризм жүйесі әлі жоқ. Туристік ұйымдардың көбісінде әлі қызмет көрсетудің жарнама, сату қызметі, көлік, орналастыру, тамақтандыру, сынды компоненттер жолға қойылмаған. Осы айтылғанның барлығы әлі де болса даму сатысында ғана.

 

І. Туристік фирмаларда маркетингті  қолданудың маңыздылығы

 

Туристік фирмалардың маркетингті  қолданудың маңыздылығы оның пайда  болуын қамтамасыз ететін жағдайларды  жасаумен жоғарылайды, рынокты қалыптастыру, экономикалық еркінділік, бәсекелестің дамуы.

 

Туристік қызметтегі маркетинг  концепциясы:

 

• Рынокты зерттеу және болжау;

 

• Рынокта туристік өнімді тарату әдістерін өңдеу;

 

• Тиімді баға саясатын анықтау;

 

• Ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін  құру;

 

• Маркетинг жоспарын өңдеу.

 

Туристік маркетинг дегеніміз  – ірі туристік ұйымның туристік экскурсиялық қызметтің жаңа, тиімдірек түрін жасауда және оны жасап, өткізу арқылы, ол туристік өнімнің сапасын жақсарту негізінде пайда табуға бағытталған қызметін үйымдастыру және басқару жүйесі.

 

Туристік маркетингтің негізгі  қызметтері – рекреациялық мұқтаждықты, сұранысты, монопольды және коммерциялық бағаны, рынокты сегменттеуді қалыптастыруға бағытталған әрекет.

 

Туристік маркетингтің қызметтеріне келесілер жатады:

 

• Рыноктық сұранысты анықтау;

 

• Өнімнің оңтайлы ассортиментін  анықтау;

 

• Өндірістің құрылымын анықтау;

 

• Тиімді шешімдерді қабылдау;

 

• Өткізу саясатын жасау.

 

Туристік фирма баға құрудың  белгілі бір саясатын ұстана отырып, сату көлеміне де, және түсетін пайдаға да әсер етеді. Баға көлеміне ішікі факторлар (кәсіпорын мен маркетинг мақсаттары, маркетинг кешенінің стратегиялары, шығындар, баға құруды ұйымдастыру) және сыртқы факторлар (рынок түрі; турөнімнің бағасы мен құндылығы арсындағы байланыс; бәсекелестік; экономикалық жағдай; делдалдардың мүмкін болатын реакциясы).

 

Баға құру саясатына әсер ететін туркәсіпорынның мақсаттары; рынокта  көп уақыт әрекет ету, пайданы көбейту, рыноктық үлесін ұлғайту, турөнімнің сапасы жағынан жетекшілікке ие болу. Баға құруға әсер ететін негізгі факторлар – шығындар, тұгынушылар көзқарасы, бәсекелестер бағалары. Бағаны анықтаудың ең оңай тәсілі, ол шығындарға негіздеп баға құру. Баға құрудың дұрыс тәсілі-қажеттіліктерді анықтау және турөнімнің бағасы мен тұтынушының құндылығының ара-қатынасын анықтау. Баға құрудағы саясатқа сондай-ақ бәсекелестер бағасы мен олардың бағаның өзгеруіне қатысты мүмкін болатын реакциясы. Сондықтан, бәсекелестердің бағасын зерттеу-баға құру кезіндегі негізгі элемент болып табылады.

 

Тұтынушылардың қажеттіліктерін  білу ең маңызды мәселе екені бәріне түсінікті. Осының мақсатында туристік фирмалар маркетингтік зерттеулер жүргізеді. Маркетингтік зерттеулердің негізгі бағыттары болып рыноктың сыйымдылығы мен конъюктурасы, тұтынушылары, бәсекелестер, жабдықтаушылар, делдалдар, өнім табылады. Туристік кәсіпорын маркетингі көптеген факторлар әсеріне байланысты (экономикалық, табиғи, әлеуметтік – мәдени және т.б.). Кәсіпорын маркетингі практикасындағы факторлар мен оларды қолданудағы күрделі өзгерістерді қарастыру керек. Мысалға, қазіргі кезде көптеген елдер бос уақытын спорт пен демалысқа кетіруге тырысады, туристік фирма іс-әрекетіне бейімделуге және туризм сферасындағы т.б. даму беталысын көрсету міндеті болып табылатын туристік маркетингті дамыту үшін жаңа перспективаларға жол ашады. Мысалы, Қазақстан Республикасында негізінен спорт, жүзу, аң аулау саласына бағытталған. Ғылым мен техниканың дамуы туристік қызметтің массалық өндірісінің құралдарын жетілдіруге мүмкіндік береді. Туризм индустриясындағы туристік маркетингке компьютерлік техниканы енгізу керек.Туристік аймақтың тартымдылығын анықтайтын факторларға келесілерді жатқызуға болады: 1) аймақтың қолайлығы; 2) табиғаты және климаты; 3) келушілерге тұрғылықты халықтың қатынасы; 4) аймақтың инфрақұрылымы; 5) бөлшек сауда жағдайы; 6) баға деңгейі; 7) спорттық және білім беру мүмкіншіліктері; 8) мәдени және әлеуметтік сипаттар.

 

Турөнімді жылжытудың негізгі қүралының  бірі болып, халықаралъқ көрмелер мен кездесілерге қатысу болып табылады. Олар турөнімге ғана емес және турфирмаға назар аударуға мүмкіндік береді. Маркетингтік бөлімнің мұндағы қызметі болып жатқан, болашақта болатын кәсіби көрмелер туралы ақпарат жинау болып табылады. Осыған байланысты екі стратегиялық бағыт орнатылады – біреуі әлуетті агенттерді бірге жүмыс істеуге тарту («риsһ») және екіншісі тұтынушыларға бағытталған («рull»). Кәсіби көрермендер көрменің үшін бірінші күн арналады. Көрмеге турфирманың өнімін көрсететін жарнамалық материал дайындалады. Көрмеге дайындалу кезінде шетел тілдерінде визиттық карточкаларды қажетті көлемде дайындайы қажет. Ең негізгісі жарнамалық стендті жасауы қажет.

 

Туристік көрмелерге қатысудың екі мақсаты бар: 1) партнерлік байланыстарды және агенттік тораты кеңейту; 2) өзінің өнімдеріне түпкілікті тұтынушыларды тарту.

 

Стендте жұмыс істеу үшіе турфирма ең көзге түсімді, эрі пысық қызметкерлерін қояды. Олар шетел тілдерін білуі  қажет. Стенд – турфирманың қызметі  жайлы толық мәлімет беретін витрина.

 

Тур операторлармен жұмыс істеуге  агенттерді тартудың тағы бір

 құралы презентацияларды ұйымдастыру.  Презентация кәсіби көрме жүмыс

 істеп жатқан күндері, аумақтардағы  жаңа филиалдардың ашылуына

 байланысты немесе туристік мерзімнің ашылуымен байланысты

 ұйымдастырылады. Презентацияны  ұйымдастырумен маркетинг бөлімі айналысады. Презентация салтанатты түрде мейрамханаларда, клубтарда жүргізіледі.Ұйымдарга демеушілк көмек, Турфирмалар әр түрлі қоғамдық шараларда демеуші ролін атқаруы болады. Маркетинг бөлім елде, қалада қандай шаралар өтіп жатқандығын іздестіріп, ол жерлерге қатысу туралы шешім қабылдайды. Негізі қоғамдық өмірде мағызы бар және БАҚ – да үлкен резонанс алатын оқиғаларға демушілік жасайды.

 

Оперативті маркетинг. Турфирманың  маркетингтік бөлімі агенттік торап арқылы және Интернет жүйесі арқылы жүргізілетін барлық сатулардың мониторингін жүргізеді. Сатулардың жүргізілуінің бағытын бақылау мақсатында есеп беру бланктары жасалады.

 

Жарнамалық қызмет. Турфирманың  жарнамалық қызметін жүргізудің негізгі  бағыттары болып жарнамалық стратегияны  және медиажоспар жасау, медиажоспардың орындалуын бақылау, БАҚ – да жарнаманы  ұйымдастыру, каталогтар жасау, пресс  – конференцияларды жүргізу және т.б. жарнамалық әрекеттер.

 

Шетелде турөнімнің жарнамасымен тек  турфирмалар ғана емес, сонымен қатар, федералды және жергілІкті құрылымдар, қонақ үйлер, театрлар, музейлер, тематикалық  парктер, мейрамханалар және басқалар. Мысалы, Голландидағы қызғалдақтардың  өскендері жайлы БАҚ – ғы күшті жарнама рақылы білуге болады. Аты әйгілі Кекенхоф өзінің ғажайып гүлдері бар брошюраларын элемнің түпкір – түпкіріне жібереді. Бұл брошюраларда парктың тарихы туралы, қандй көлікпен ол жерге жетуге болатындығы жэне бағаларының қандай екендігі туралы толық ақпарат бар. Қазіргі кездегі турфирманың қызметі рыноктық ортада жүргізіледі. Сұраныс пен ұсыныс қаңдары, еркін бәсекелестік турфирманы рыноктық ойынға бас ұруға әкеледі. Маркетинг фирмаішілік және сыртқы орта шындығымен байланыстыратын механизм болып табылады. Ол рыноктың конънктурасы, рыноктағы бәсекелестер, туристік лектерің бағыттары, туристік өнімнің өзгеруі, тұтынушылардың талғамы мен көзқарасының өзгерісі жайлы ақпапарт береді

 

1.1.Туристік фирмалардағы жарнама  қызметі

 

Туристік тауарлар мен қызметтерді  сату мен өткізудің маңызды элементі. Көп турфирмалар жарнаманы сатуды жылжыту үшін қолданады. Сатудан түскен пайданың 5% жарнамаға жұмсалады.

 

Жарнаманың көптеген анықтамалары бар, бірақ барлығында ортақ сипат бар:

1. жарнама-тура емес байланыс  құралы;

 

2. жарнама-жаппай байланыс құралы; адамдардың үлкен санына арналған.

 

3. жарнама персоналды сатумен  тығыз байланысты.

 

4. Мақсаты-тұтынушының назарын  аударып, тауарды тікелей емес  жылжытатын агентіне айналдыру.

 

Жарнаманың мақсаты-тұтынушының  назарын аудару, қызығушылығын туғызу, ақпарат беру. Жарнама құралдарын 6 суретте көруге болады. Туристік фирма мұндай әдістерде өткізуді ынталандыру үшін қолданады. Мысалы: бірыңғай топтар (студенттер, зейнеткерлер) үшін өлі сезондарда авиабилеттер, қонақ үй нөмірлері арзанырақ. Сонымен қатар, кәдесый беру, акциялар жасау.Қоғаммен байланыстар- ол фирманың коммуникациялық қызметінің бір бөлігі. Мақсаты-фирмаға деген көзқарасты жақсарту. Турөнімді жылжытудағы қоғаммен байланыстардың басты тәсілдері: басылымдардағы ақпарат, пресс-конференциялар, жәрмеңкелерге және т.б. қатысу көрсету орнын тұгынушыларға жақындату табылады. Жоғарыда аталып кеткен маркетинг кешенінің персонал, орта және процесс сияқты қосымша құрамдастары туристік фирманың қызмет көрсету стандартының негізі болып табылады. Әрбір қызмет түрлері өндіріс, тұтыну, қолдану және белгіленуіне қарай өзгеше ерекшеліктерімен сипатталады. Сол себепті жекелей қызмет түрі маркетингін, оның өзгешелігін есепке ала отырып қарастыру маңызды мәселе.

 

Әрбір туристік фирмаға қандай елге саяхаттарды ұйымдастыру, қандай түрімен және қызметтердің қандай түрімен туристік пакетті толықтыру керектігін өзі шешуге тұра келеді. Стратегиялық шешімдер қабылдағанда туристік фирмаларға рыноктың қажеттіліктері мен түріне сүйенеді. Тұтынушылардың қажеттіліктерін білу ең маңызды мәселе екенін бәріне түсінікті. Осының мақсатында туристік фирмалар маркетингтік зерттеулер жүргізеді. Маркетингтік зерттеулердің негізгі бағыттары болып рыноктың сыйымдылығы мен конъюнктурасы, тұтынушылары, бәсекелестер, жабдықтаушылар, делдалдар, өнім табылады. Туристік кәсіпорын маркетингі көптеген факторлар әсеріне байланысты (экономикалық, табиғи, элеуметтік – мәдени және т.б.). Кәсіпорын маркетингі практикасындағы факторлар мен оларды қоладанудағы күрделі өзгерістерді қарастыру керек. Мысалға, қазіргі кезде көптеген елдер бос уақытын спорт пен демалысқа кетіруге тырысады, туристік фирма іс – әрекетіне бейімделуге және туризм сферасындағы т.б. даму беталысын көрстеу міндеті болып табылатын туристік маркетингті дамыту үшін жаңа перспективаларға жол ашады. Мысалы, Қазақстан Республикасында негізінен спорт, жүзу, аң аулау саласына бағытталған.

 

Ғылым мен техниканың дамуы туристік қызметтің массалық өндірісінң құралдарын жетілдіруге мүмкіндік берерді. Туризм индустриясындағы туристік маркетингке компьютерлік техниканы енгізу керек.

 Туристік фирмалардың қызметін  жетілдіру үшін туристік фирмаларға тек қана маркетингпен айналысатын бөлімдер ашу қажет. Бұл маркетингтік бөлімдердің қызметтері келесідей болуы тиіс:

1. Бәсекелестерді зерттеу;

 

2. Агенттік тораппен жүмыс істеу;

 

3. Арнайы көрмелер мен кездесулерге  қатысу;

 

4. Презентацияларды ұйымдастыру;

 

5.Ұйымдарға демеушілік көмек көрсету;

 

6. Оперативті маркетинг;

 

7. Жарнамалық әрекет.

 

Бәсекелестерді зерттеу мақсатында маркетингтік бөлімнің қызметкерлері тұрақты негізде БАҚ – на мониторинг, өзінің агенттерінен және кәсіби көрмелерде ақпарат, бәсекелестердің қызметімен байланысты мәліметтер жинауы қажет. Бәсекелестердің каталогтары, және ондағы тарифтер зерттелуі тиіс. Бұл каталогтардан олардың тарифтері қандай, олар қандай отельдер ұсынады, туристік пакет қандай қызметтерден тұратынын білуге.

 

Туристiк қызметке жасалған талдау көптеген турфирмалардың сыртқа шығу туризмiмен айналысатындығын көрсеттi, ал бұл, бiрiншi кезекте, Қазақстаннан капиталдың жылыстауына әкеп соғады. Тек қана 1999 жылы 57,1 миллион АҚШ доллары республикадан тыс шетке шығарылған. Республика азаматтарының шет елге тауарлар сатып алу, кейiннен оны сату мақсатында баратын жолсапарлары, бұрынғысынша бұқаралық сипат алып отыр, ал шоп-туризм Қазақстандағы туристiк қызмет көрсету рыногының жай-күйiн анық көрсетедi. Ол экономикалық дағдарыс кезеңiнде туристік қызметке сұранысты жандандырып, көбiнесе туристiк фирмалардың тиiстi тәжiрибесiнiң және бiлiктi мамандарының жетiспеушiлiгiне байланысты туристер мен «чартер ұстаушылар» арасындағы делдалдық қызмет атқаруына елеулi көмек көрсеттi. Қазақстанның тұтыну рыногының төрттен бiрiн «қапшықтау» бизнесi тауарлармен толтырады және тұтастай алғанда, бiр мезгiлде тауар өткiзу мен сату жүйесiндегi 150 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етедi. Қазақстанның iшкi сауда айналымындағы жыл сайынғы «қапшықтау» саудасының көлемi шамамен 2 млрд. АҚШ долларын құрайды.

 

ІІ. Туристік  фирмада жоспарлаудың маңызы.

 

Туримз  жүйесін басқару стратегиялық (болашақта  жобаланған) көріну мен болжаушылыққа  негізделуі керек. Көріну негізінде (туристік фирманы болашағын көрсететін өзіне бөлек «суреттер») менеджменттің жетекші ойы болып тұра туристік фирманың саясатын жасайды.  Ол қарым-қатынастың ортақ мақсаттары мен қағидаларын көрсетеді, өмір сүру қабілеттлігі мен осы құрылымның дамуын қамтамасыз етеді. Жоспарлау – бұл басқару үрдісінің бір кезеңі болады, осы жерде әр түрлі туристік құрылымның мақсаттары, сонымен қатар оларға жету әдістері анықталады. Кейбір жағдайларда туристік фирмалар өздерінің алдына қойған мақсаттарына жеткеннен кейін жұмыстарын тоқтатады, ал басқа туристік фирмаларда жаңа мақсаттар қойылады, бұрынғыдан маңызды. Бұл туристік фирмадағы жоспарлаудың өзінің бір рет пайдаланатын іс әрекет екенін көрсетпейді. Бұл үздіксіз үдеріс анықталған мүмкіндіктер, шарттар және факторлар есебі арқылы жаңа жолдарды зерттеу және туристік фирма қызметінің әдіс-тәсілдерін жетілдіру.Туристік  кәсіпорын саясатын құру көбінесе басшылықтың  жоғарғы деңгейінде іске асырылады. Туристік фирманың саясатының барлық жағдайы, дұрыстығында, жетекші туристік бейне түрінде көрсетіледі.  Жетекші бейне өзінде ұзақ мерзімді мақсаттарды, философияны, саясатты, кәсіпорын мәдениетін және оның заң шығаратын құқықтарын қосады.  Нақтылы туристік аймаққа сәйкес ең бірінші  оның бәсекелестікке қабілеттілігі  туралы айтулуы дұрыс. Нақты жоспарлаудың функциясы келесі жұмыс түрлерін қосады:

Информация о работе Туристік фирмалардың маркетингті қолданудың маңыздылығы