Мектептегі туризмнің даму тарихы және түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2013 в 13:11, дипломная работа

Краткое описание

Мақсатқа жету жолында мынадай міндеттер қойылды:
- тәрбиелеу құралы ретінде туризмнің педагогикалық мүмкіндіктерінің тарихи - теоретикалық аспектілерін зерттеу;
- мектептегі туризм арқылы оқытушыларды тәрбиелеудің әдістемелік негіздерін ашу;
- әртүрлі туристік қызмет формаларымен, түрлерін талдап және оның оқушыларды тәрбиелеудегі әсерін көрсету.

Прикрепленные файлы: 1 файл

мектептегі туризм.doc

— 369.00 Кб (Скачать документ)

КІРІСПЕ

 

 Көптеген ғасырлар бойы мектеп  балаларды оқыту–тәрбиелеудің мол тәжребиесін жинады. Мұғалімдер оқу формасын зерттеп, оның ұғымы жайлы көптеген түсініктер және оқу процесінің әр түрлі формаларын тиімді қолдануды қалыптастырды. Бұл жерде өскелең ұрпақты тәрбиелеуде туризм маңызды рөл атқарады. Әсіресе мектеп туризмі оқушыларды тәрбиелеуде үлкен үлес қосады.

   Мектептегі туризм түсінігі топ оқушылардың тұрақты тұратын жерден сауықтыру, танымдық, спорттық және басқа да мақсаттарда мұғалімдерімен уақытша шығуы. 

   Қазіргі қоғамды салауатты өмір сүруге бағыттау мектептердің басты мақсаты болы келеді. Әсіресе азаматтар өз бос уақытын танымдық және сауықтыру мақсатында елдер және аумақ бойынша белсенді өткізуді қалайды. Әрине олар бұндай демалуды балалары үшін ұйымдастыруды қалар еді. Оқушылар ересектерден гөрі белсендікке қабілеттері бар, олар білімдерін және ой–өрісін мектептегі сабақтардан тыс дамытуға тырысады және олар әр түрлі саяхаттарға әр дайым қызығушылық танытуда. Кейбір кездері олардың қызығушылығы ата– анасының қызығушылығымен сәйкес келеді, сонда отбасы туризм қалыптасады ең жақсы белсенді демалыс. Туризм сауықтыру және танымдық демалуды біріктіре отырыпоқушылардың бос уақытын  ұйымдастырға  мүмкіндік береді, яғни сол қоғам мектептегі туризмге қызығушылық таныту керек. Оқушылар үйлерінен алыс жерде болған кезде мұғалімдердің қамқорын сезінеді. Яғни бұл, туризмнің тәрбиелеу процесінің сенімді және тиімді формасы екенің көрсетуде.

    Мектептегі  туризмнің оқыту функциясы саяхат  жасау барысында  мектептегі география, тарих, дүниетану, әлеуметтану, саясаттану  пәндері бойынша  жаңа білім алада негізделген.

   Оқушы саяхат барысында әр елдің дәстүр және салтарымен танысады және өз туған өлкесін зерттейді, өлкетану облысында білімін кеңейтеді.

   Көптеген ғалымдардың айтуы бойынша туризмнің ең басты функциясы сауықтыру фукциясы болып келеді. Оқушылардың күнделікті жағдайды ауыстыру барысында, олардың қимыл белсенділігін дамытады және олардың ағзаларының функционалды жоғарлауына мүмкіндік береді.

   Жалпы  оқушы туристік саяхат барысында  физикалық тәрбиелеу міндеттерін  шешеді. Осыған байланысты туризмнің  оқушыларға әсер ету мүмкіндігі  өте зор. Сонымен қатар, қазіргі оқушылар осындай әсерге өте мұқтаж.

  Ресми статистика бойынша жалпы білім беру мектептерде  оқушылардың, әсіресе жоғары сынып оқушылардың хроникалық ауруларға шалдығуы кең таралған. Көптеген мектептерде сау емес балалардың саны 90 % дейін жеткен. Бұл факттың түсінігіне көптеген себептерді айтуға болады: халық кірісінің төмен деңгейі, ата–анасының ішімдікке және нашақорлыққа салынуы, отбасындағы қиыншылықтар, шамадан тыс компютерлермен шұғылдану, мектеп сабақтарымен жүктеу, теледидардағы көптеген теріс нәрселерді көру, бос уақытты мәдени өткізудің төмендігі, денешынықтыру жатығуларымен шұғылданбауы және т.б.. Бұндай жағдайларда әр адамгершілік құрал  баланың дамуы және сауығуы үшін жақсы. Осыған байланысты балалардың бос уақытын белсенді өткізуді ұйымдастыру керек. Өкінішке орай қазіргі кезде біздің елде мектептегі туризмнің масштаб түрде жүзеге асуы үшін көптеген кедергілер бар. Бұл кедергілер халықтың өмір деңгейінің төмендігі және оқушылардың саяхат жасауға қаржы бөлмеуімен көрсетілген. Бірақта бұл кедергілерді жеңуге мүмкін емес. Осы барлық ерекшеліктер мектептегі туризмді ұйымдастыру шыларға қосымша қиындық жүктейді [1].

    Дипломдық жұмыстың өзектілігі – туризм арқылы балаларды тәрбиелеуге, білім беруге және сауықтыруға әсер ететін  мектептегі туризмнің принциптерін, ерекшеліктерін, түрлерін анықтау және дамыту.


   Дипломдық жұмыстың мақсаты- тәрбие құралы ретінде мектептегі туризмнің педагогикалық мүмкіндіктерін зерттеу.

    Мақсатқа жету жолында  мынадай міндеттер қойылды:

  • тәрбиелеу құралы ретінде туризмнің педагогикалық мүмкіндіктерінің тарихи - теоретикалық аспектілерін зерттеу;
  • мектептегі туризм арқылы оқытушыларды тәрбиелеудің әдістемелік негіздерін ашу;
  • әртүрлі туристік қызмет формаларымен, түрлерін талдап және оның оқушыларды тәрбиелеудегі әсерін көрсету.

     Дипломдық  жұмыстың объектісі - туристік қызметте тәрбиелеу ұйымдарды қалыптастыру процесі.

    Дипломдық жұмыстың пәні - оқушыларды тәрбиелеу әдісі ретінде туристік қызметке қарым–қатынастың құңдылығын қалыптастыру процесін зерттеу.

     Практикалық маңызы – курстық жұмыстың мәліметтерін бұл тақырыпқа арналған дәрістерде, семинарларда пайдалануға болады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. МЕКТЕПТЕГІ ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗДЕРІ

1.1. Мектептегі туризмнің даму  тарихы және түсінігі

 

     Қазақстандағы мектептегі  туризмінің тарихы сонау кеңестік  өкіметтің алғашқы декреттерінен бастау алып, олардың орындалуы үшін тұңғыш мектептен тыс мекемелер ашылған болатын. 1918 жылдың желтоқсанында елдегі күйзелістерге, ашаршылыққа, жалғасып жатқан азамат соғысына қарамастан, Н.К.Крупскаяның ұсынысы бойынша оқушылардың дұрыс демалуы үшін және көмек есебінде Ресей Федерациясы Халық ағарту комиссариаты мектеп экскурсияларының орталық бюросын ұйымдастырды. Осы кезеңде жас туристердің, натуралистер мен техниктердің станциялары жұмыс істей бастады.

     Қазақстанның мектептері  мен мектептен тыс мекемелеріндегі өлкетану және экскурсиялық-туристік жұмыстары түрлі сипат алып, өрісін кеңейтті. Мектеп жұмыстарына сабақта пайдаланылатын материалдарды экскурсияларды жинау ісі енгізіле бастады. Ауылдардың немесе қалалардың маңайына жорықтар мен экскурсиялар өткізілле бастады.

     Қазақстан Республикасында  алғаш рет 1924 жылдың 24-31 тамызы  аралығында Семей қаласында өлкетанушы  мұғалімдердің өлкелік конференциясы  болып, оған Семей губерниясының  барлық уездерінен өкілдер жиналды.  Орынборда, Қызылордада, Талдықорғанда, Алматыда мектеп өлкетануының мұғалімдер үйірмесі құралы бастады. Алматы қаласындағы 2 сатылы №10 Некрасов атындағы мектепте «Жетісуды зерттеу үйірмесі» 1925 жылы жасақталып, оның құрамында 60 оқушы болды. Алматылық қала және ауыл мектептеріндегі өлкетану үйірмелеріне жасөспірімдердің өлкетану ұйымдары бірлестіктерінің губерниялық бюросы жетекшілік етті. Қазақстанның халық ағарту комиссариаты өлкетану жұмыстары туралы әдістемелік хаттарды үнемі басып шығарып, мектептерге тиесілі нұсқаулар беріліп тұрды.

     1950 жылға қарай Қазақстанның  төменде санамалатын мектептері  ең жақсы өлкетану үйірмелері  болды: Орал қаласындағы №13 мектеп, Шымкенттегі №7, Өскемендегі В.И.Ленин  атындағы мектеп, Семей облысы  Үржар ауданындағы Ириновская, Алматыдағы  №4,15,22 мектептері.

     Қазақстан Республикасының  балалар және жастар туризмі  және өлкетанушылық қызметтері  ХХ-шы  ғасырдың 30-шы жылдарынан  басталады. Алғаш рет жүйелі  түрде 1951 жылы Қостанай қаласында  ашылған балалардың туристік-экскурсиялық  станциасы республикада жұмыс істей бастаған болатын. Оның алғашқы директоры 1951-1954 жылдары қызмет атқарды, бірақ кім болғаны белгісіз. Ол Қостанайлық жергілікті өлкетанушылардың зерттеу нысаны  болып табылады. 1954-1963 жылдары Часовских А.В., Иконикова Н.Д., Утинов А.К.т.б.директор болып қызмет атқарған.

1960 жылы Қазақстанда жас туристердің  13 облыстық станциалары ашылып  жұмыс істеді.  Алматы облысындағы  балалар-жасөспірімдер туризмі тарихының  басы деп ресми түрде 1968 жыл  18 наурыз саналады. Балалар облыстың  экскурсиялық станцияның бірінші директоры Тургень ауылының Еңбекші қазақ ауданының дене шынықтыру мұғалімі Алиев Малик Бинолиевич болды.

1973 жылдарға дейін республика  аумағында барлық облыстарда  балалар мен жасөспірімдер экскурсиялық-туристік  станциалары кең  көлемде ашылды. Осы аталған мектептен тыс оқыту мен тәрбиелеу мектептерінде жүздеген, мыңдаған өлкетанушылар мен жас туристер тәрбиеленген болатын. Бұл мекемелердің тәрбиелік, оқытушылық маңызы зор болған еді. 1961 жылға дейінгі облыстық туристер мен өлкетанушылар, ондағы ұстаздардың, тәрбиешілердің және осы саладағы басқа республикалардың да озық тәжірибесі негізінде алғаш рет Республикалық балалар мен жасөспірімдер станциасы   Алматы қаласында ашылды. Оның басты функциясы: мектептер мен мектептерден тыс мекемелердің туристік-өлкетанушылық іс-әрекеттеріне инструкциялы-әдістемелік және ұйымдастырушылық басшылық жасап, ғылыми тұрғыда көмек көрсету болатын.

1985 жылдың басында «Менің  Отаным – КСРО» атты экспедицияның  Республикалық штабы Алматыдағы  штабтың жұмысына талдау жүргізді. Екі жыл ішінде жинақталып қалған оңтайлы жағдайларға қарамастан реформаларды талап ету деңгейінде көптеген проблемалар өз шешімін таппады. Ең көп қойылатын сұрақтың бірі – мектеп туризмі болды. Көптеген жалпы қоғамдық мектептер мен кәсіби-техникалық училищелерде мұғалімдер оқушыларды туристік жорыққа апару құқығы болмаса да жұмыс істейді. Оларда туризм инструкторының атағы да, тіпті қарапайым дайындығы да жоқ. Себебі туризм курсын оқу тек дене шынықтыру институттары мен педагогикалық институттардың дене тәрбиелеу факультеттерінде ғана оқу жоспары болып қана қарастырылған. Дегенмен де, осындай институттар бар болса да, Қазақстанда туризмді оқытуды үйрететін мамандандырылған кадрлар жеткіліксіз. Мектеп туризмінің инструкторын дайындау МЖИ (Мұғалімдерді жетілдіру институты) және жас туристер станциасына ғана жүктелген.

Көптеген мектептерде  туристік жабдықтар жоқ. Бұданда  басқа проблемалар да жеткілікті, мәселен, көптеген мектеп директорлары балалардың жорықтарға қатысуына теріс  көзқараста болады.

Туристік кадрларды дайындау проблемасын Республикалық жас  туристер станциасының ұжымы шешуге тырысқан еді. 1981- 1986 жылдар аралығында Щучинскте жазғы уақытта мектеп туризмінің инструкторларын дайындау ұйымдастырылды. Жыл сайын мұндай курсты 150 адамнан аяқтап отырады.

Жалпы ТМД кеңістігінде 60-90 жылдары балалар мен жастар туризміне аса көңіл бөлінген еді. Осы жылдары туризм мен өлкетанушылық  болашақ ұрпақты тәрбиелеу мен  оқытуда кең көлемде қолданысқа ие болып, осы іс-әрекеттермен айналысушылар саны жылдан жылға артты. Үкімет пен партия, кәсіподақ және жастар мен балалар ұйымы тарапынан өшпейтіндей із қалдырған қаулы қадрлар мен экспедиция жұмыстары өз алдына бір төбе болып еді.

Республикалық балалардың туристік-экскурсиялық станциасы (РБТЭС) бірден құрылысымен белсенді түрде балалар туризмін дамытумен айналыса бастады. Республикалық балалардың туристік экскурсиялық станциясында 3 бөлім жұмыс істеді: 1 – туризм және туристік маршруттардың қауіпсіздік бөлімі, 2 –  өлкетану бөлімі, 3 – туристік базалар және экскурсиялар бөлімі. Республикалық станциясы көптеген жылдар ішінде туристік-өлкетанушылық бағытта алуан түрлі бай материалдарды жинақтады. 1986 жылға Республикалық балалардың туристік экскурсиялық станциясында   мәліметтері мынадай көрсеткіштерге ие болды: балалардың туристік-экскурсиялық станциясының саны – 23, олардың 1 – республикалық, 19 – облыстық, 3 – қалалық болды. 1020 орынға 12 балалардың турбазалары болды.

    Республикалық  балалар мен жасөспірімдер туристік, өлкетанушылық орталығы 1997 жылға дейін өз жұмысын тұрақты атқара отырып, республикадағы туристік-өлкетанушылық қозғалысқа ұйтқы бола алды. Орталықтың сол кездегі директорлары Самойленко Иван Илларионович (1961-1969 жж.), Муфталов Халел Муфталович (1969-1973 жж.), Абдамбаев Сейтжапар Сейтқасымұлы (1973-1994 жж.). Жоғарыда  аталған осы мекеме басшыларын  Қазақстан  туризмінің дамуына өзіндік үлес қосқан ардагерлер қатарында деп санаймыз. Себебі балалар туризмінен шыққан жастар болашақта өз өмірін туризм ісімен байланыстыра алды. Туризм тәрбие мен оқытудың әмбебап  құралы екендігін практикада  кең көлемде қолдана біліп, 40 жылға жуық балалар мен жастар туризмінің жанашыры, ұйтқысы болған өз ісінің шебері – Жездібаев Төкеш Қабалұлы болып табылады. Туған станциясына 40 жыл жұмыс істеген Төкеш Қабалұлы мен Сейтжапар Сейтқасымұлының іс-әрекеттері барысында Қазақстанда 1962 жылы Ақмола, 1965 жылы Павлодар, 1968 жылы Алматы, 1969 жылы Семей, 1971 жылы Торғай, 1973 жылы Маңғыстау және Жезқазған облыстық балалар экскурсиялық туристік стнсалары ашылған болатын. Осы ашылған мектептен тыс мекемелер, ондағы тәрбиеші ұстаздар Қазақстандағы 1990 жылдардағы қалыптасқан туристік-өлкетанушылық жүйенің бастауы болып, оның одан әрі дамуына 1997 жылыға дейін өз үлестерін қосты. Сол жылдары 1993 жылғы Білім Министрлігі бекіткен оқушылардың республикалық туристік-өлектанушылық «Атамекен» экспедициясының рөлі зор болды. «Атамекен» экспедициясына 30243-тен астам топтар қатысты. Республика мектептерінде 75 000 балалар айналысатын 4456 туристік және өлкетанушылық үйірмелер жұмыс істеді. Мектеп базасында 4870 мұражайлар, туризм және өлкетану тақырыбына қатысты бұрыштар, бөлмелер ұйымдастырылды. Қазақстан оқушыларына арнап 174 туристік маршруттар құрылды, олардын 45 мың туристік топ өтіп үлгерді. 100-ден аса әдістемелік ұсыныстар дайындалды. Жыл сайын Жас турист норамтивін – 165 мыңға жуық адам, КСРО туристі – 62 мың адам, жасөспірімдік разрядтарды 60 мыңнан астам балалар орындады. Қазір де өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ. Республиканың көптеген мектептері мен туристік орталықтары басшылыққа ала отырып жалғастыруда. «Атамекен» туристік-өлетанушылық іс-әрекеттер Батыс Қазақстан облыстық туризм экология орталығында күні бүгінге дейін жалғасын табуда. Ол туралы деректерді «Соқпақ» («Тропинка») журналы бетінен кездестіруге болады.

1997 жылы Білім беру  Министрлігінің шешімімен РБТЭС жабылды. Жас туристердің облыстық станциялары да жабыла бастады. Осыдан кейін Қазақстанда балалардың туристік ұйымдарының туристік-өлкетану жұмыстары кенеттен төмендеп кетті. Тек кейбір облыстарда ғана санаулы болып қалды. Алматылық Балалардың Экскурсиялық-туристік станциясын атап кетуге болады. Бұл станцияның көп жылдар бойы жұмысқа қабілеттілігі зор педагогтар ұжымын құрған ҚазПИ-дің түлегі Абулхаиров Абжамил Закирьянович басқарып келеді. 

Есік қаласының төңірегінде орналасқан станция балаларға арналған өзінің турбазасы бар. Станция қызметкерлері мен мектеп оқушыларының күшімен құрылған кішігірім археологиялық мұражайы бар. Жыл сайын станция түрлі шаңғы жорықтарын, сайыстарды, облыс оқушыларын арнап туристік іс-шараларды өткізіп отырады. Станция қарамағында Нарынкөл төңірегінде «Хан Тәңірі» турбазасы, Подгорныйда «Таугүл», Ассы шатқалында «Ой жайлау», Кіші Жалаңаш аймағында «Көлсай» және Талдықорғанда «Саяхат» турбазалары жұмыс істеді.

Алматыдағы қалалық БЭТС та сақталып қалды. Туризммен айналысудың тамаша мүмкіндігі болғандығымен, қала мектептерінде туристік-өлкетану үйірмелері жоқ. Жүздеген, мыңдаған оқушыларды денсаулығына пайдалы және қоршаған ортаны танумен айналысуға қызықтырып шақыруға болатын еді.

Алматы қаласының білім беру басқармасының Бостандық Ауданында 15 жыл бойы «РОМАНТИК» балалар-жасөспірімдер  туристерінің Клубы жұмыс істеп  келеді. Оны Виктор Васильевич Титов  басқарып келеді. Соңғы жылдары Клубты қаржыландыру қысқарып кеткенімен, бұл жерде жүйелі түрде аудандық 16 мектеппен, 2 интернет және 2 балалар үйімен жұмыс істеп келеді. Басқа аудандарында туристердің клубтары болмаған.

1997 жылғы өкімет қаулысымен Республикалық  туристік, натуралистік және техниктер  орталықтарының жабылуы сол кез жағдайында, ел экономикасымен тікелей байланыста болғандығын түсінуге болады. Бірақта уақыт өте келе сол жіберілген кемшіліктерді қайталамау үшін атқарылып жатқан істер нәтижесіз. Қазіргі таңда Республика аумағында бірнеше облыстарда, тіпті басқа аумақтарда да балалар мен жастар туризмі, өлкетанушылық және экологиялық орталықтары ашылуда. Оларды ашуда Қазақстан балалар туризмінің тарихына сүйенбей, еш заңды түрде бекітілмей, жергілікті әкімшіліктердің еркіне берілуі орынсыз болып отыр. Қазақстан балалар мен жастар туризмін жолға қою үшін ең алдымен ұйымдастырушы ғылыми басшылық жасайтын Республикалық дәрежеге ие Білім және тәрбие Орталығы ашылуға тиісті. Ол ғылыми зерттеу институты ма, әлде лаборатория деңгейінде ме бәрібір, бірақ Білім және ғылым, туризм және спорт Министрліктері тарапынан шешілетін мәселе. Қазақстан өкіметі тарапынан балалар мен жастар туризмі, өлкетанушылығын және экологиялық қызметтерін жандандыру мәселесіне байланысты арнайы қаулы қабылдануға тиісті. Бұл жағдай кезек күттірмейтін мәселе. Оның басты себептері: балалар мен жастар туризмінің ардагерлері мен шын жаңашырлары осы жұмыстардан қол үзіп, олардың орнын басатындардың аз болуы. Жоғарғы оқу орны бакалаврлық жүйеге көшуіне орай қосымша туризм, өлкетану істерін ұйымдастырушыларды дайындау мүмкіндіктерінің шектелуі. Жергілікті жерлерде және туризмге байланысты іс-шаралар жүргізетін мекемелердегі мамандар тапшылығы, балалар туризміне деген көзқарастың жоқтығы.

Информация о работе Мектептегі туризмнің даму тарихы және түсінігі