Белсенді туризм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2013 в 18:37, курсовая работа

Краткое описание

Экскурсия- ол тек қана күн өткізу емес, ол белгілі бір физикалық және рухани шығынды қажет ететін бос уақыттағы немесе оқу уақытындағы интеллектуалды іс-шара.
Зерттеу мақсаты. Экскурсияның түрлері және олардың сипаттамаларымен танысу.
Зерттеу құрылымы. «Экскурсияның түрлеті және белгілері» атты курстық жұмысым 2 бөлімнен және 7 бөлімшеден тұрады.Бірінші бөлімінде экскурсияның мәні,мазмұны және оның түрлері туралы айтылады, екінші бөлімінде белсенді туристік саяхаттар туралы қарастырылады.

Содержание

Кіріспе 3
I-тарау. Экскурсияның мәні және мазмұны 4
1.1. Экскурсия түрлері, белгілері және олардың сипаттамасы 4
1.2. Экскурсияның түрлерінің пішіні мен топтары 7
1.3. Саяхат барысындағы демалатын және түнейтін орындар 11
II-тарау. Белсенді туристік саяхаттар 15
2.1. Қазақстанда ұйымдастырылған алғашқы экскурсиялар 15
2.2. Белсенді саяхаттың классификациясы және қиындық категориялары 16
III-тарау. Жорықты ұйымдастыру……………………………………………...........….20
3.1. Жорықта қауіпсіздікті қамтамасыз ету ......20
3.2. Экскурсия жасаудағы кедергілер 24
Қорытынды 26
Қолданылған әдебиеттер тізімі 28

Прикрепленные файлы: 1 файл

Белсенді туризм.docx

— 47.40 Кб (Скачать документ)

II-категориялы экскурсияларға  — орташа қиындық деңгейіндегі  жорықтар жатады. Бұл саяхатқа  тәжірибесі аз туристер, альпинистер  тік жар, қиын өткелдерден өту  кезінде сақтандыру құралдарын  қолданады, сонымен қатар қолдың  көмегінсіз жорық кезінде тепе-теңдікті сақтау мүмкін емес.       

III-категориялы  экскурсияларға —қиын деңгейдегі жорықтар жатады. Бұл жорыққа  қатысу өз бетінше  кәсіби емес альпинистер мен спортсмендерге қиындық тудырады, қатысушылар тобының бір уақытта жылжуы мүмкін емес, олар өзара кезектесіп,сақтандырулар жасайды. Әрбір туристің жеке сақтандыру құралдары болуы тиіс.      

IV-категориялы  экскурсияларға — өте қиын деңгейдегі  жорықтар жатады. Оларға сонымен қатар тік жарлар арқылы спорттық өрмелеуге арналған  жорықтар да жатады. Топ жетекшісінің жоғары деңгейдегі дайындық  дағдысы болуына үлкен талап қойылады.       

V-категориялы  экскурсияларға — аса қиын деңгейдегі жорықтар жатады. Мұндай категориялы жорыққа қатысу үшін үнемі дайындықтың арқасында тәжірибе жинап, қажетті техниканы, құрал-жабдықтарды жетілдіру қажет. Бұл жорықтарда сақтандыру құралы – арқан 2  қабатталады.       

VI-категориялы  экскурсияларға — ең жоғарғы қиындық деңгейіндегі жорықтар жатады, өрмелеуге қажетті нүктелер өте сирек орналасады. Қиындық категориялардың ішіндегі  ең қиыны болып табылады.        

Қиындық категориялары белсенді саяхат кезіндегі  табиғи кедергілердің қиындық деңгейін сипаттайтын классификациялық көрсеткіш.       

Қиындық категорияларын анықтауда негізгі 3 классификациялық сипаттама:      

ұзақтылығы;      

арақашықтығы;      

маршруттың  техникалық қиындығы       

ерекше  рөл атқарады.      

Мысалы, маршруттың  ұзақтылығы жорыққа қатысушы топқа арналған демалыс күндерін есепке алмағанда, ауа райына байланысты тоқтауды есептемегенде жалпы маршрутқа қажетті  минималды уақыт шығады. Жалпы демалысқа қажетті уақыт жалпы уақыттың 20-%-нан  аспауы керек.      

Арақашықтық —  маршруттың   белгіленген   ұзақтығы. Маршруттың ұзақтығы — топографиялық карта арқылы немесе карта схемасының масштабына  сәйкес айқындалады.      

Категориялы жорықтардың параметрлері

 Қиындық      категориялары

 
Ұзақтығы (күндер саны)

I

II

III

IV

V

VI

6

8

10

13

16

20

Жорықтардың қашықтығы 

-жаяу  жүру (км)

120

150

190

220

250

300

-шаңғымен (км)

130

160

200

220

250

300

- таулы жерлермен (км)

100

120

140

150

160

160

-су  жолдарымен

150

160

170

180

190

190

-велосипедпен

250

400

600

750

900

1000

-мотоциклмен

1000

15000

2000

2500

3000

3000

-машинамен

1500

2000

2500

3000

3000

3500

- спелео жорықтар 

( үңгірлер саны)

5

3-4

2-1

2-1

1

1


 

  
  
  
  
  
  
  
  
                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III-тарау. Жорықты ұйымдастыру

2.3 Жорықта  қауіпсіздікті қамтамасыз ету  

 

 

      Туризмдегі  мүмкін болатын кездейсоқ жағдайлардың себептерін келесідей  топтастыруға болады:       

1) топтың себептері — аймақтың  табиғи ерекшеліктеріне байланысты (теңіз деңгейінен биіктік, асулар, өткелдер, күрделі рельеф, қолайсыз ауа райы).       

2) топтың себептері — туристер  тобының қажетті деңгейде материалдық  — техникалық базамен қамтамасыз  етілмеуімен байланысты.      

3) топтың себептері — туристік  саяхаттың  қажетті деңгейде  ұйымдастырмауымен байланысты.       

4) топтың себептері — туристер  тобындағы медициналық  қызмет  көрсетушілердің қажетті деңгейде  тәжірибесінің болмауы, тактикалық — техникалық дағдылардың жетіспеуінен туындайтын жағдай.      

Кез келген туристік қызмет көрсететін кәсіпорын  егер қызметтері белсенді болса, онда өзінің құрамында бақылау-құтқару топ жасақтауы тиіс. Бақылау-құтқару  топтың негізгі атқаратын мақсаттары:      

осы турфирманың белсенді турлары жүзеге асырылатын аудандарын  барынша  зерттеу.       

2) құтқарушы қордың азық-түлікпен, медикаменттермен, құрал-саймандармен жабдықтау, қамтамасыз ету .      

3) базалық лагерьде немесе эксплутацияланатын  турлардың бағыттарында қатерлі  жағдайларды алдын алуға арналған  профилактикалық шараларды жүзеге  асыру, яғни гид, инструкторларға  кеңес беру, туристерге нұсқаулар  жасау, маршруттарды маркировкалау,  туристер тобының маршруттарды  жүріп өтуіне бақылау жасау.         

4) тексеру-бақылау, құтқару-іздестіру жұмыстарын жүзеге асыру қатерге ұшыраған туристерге көмек беру.      

5) қажет болған жағдайда мемлекеттік-апаттық  құтқару қызметтеріне ақпараттар беру және бірлесе отырып, құтқару қызметтерін жүзеге асыру.        

Құтқару жұмыстарын жүзеге асыру үшін, хабарсыз кеткен туристер тобын іздестіру  үшін белгілі бір бақылау мерзімі өту қажет. Егер осы мерзімнен кейін туристерден хабар алынбайтын болса, жедел түрде құтқару-  іздестіру жұмыстарын бастау қажет, бақылау мерзімі деп, күтпеген қиын- дықтардан өтуге арналған уақытты резервін айтамыз. Тәжірибедегі белгіленген оптималды уақыт резервтері бар:      

I-ші  — III-ші қиындық деңгейіндегі  жорықтар үшін — 1 немесе 2 күн, ал IV-ші және V-ші категориялы жорықтар  үшін — 2-3 күн.       

Құтқару жұмыстары үшін негізгі медикаменттер  тобы:      

ауру  басушы және әлсіз ағзаны қалпына келтруші препараттар (анальгин, темпалгин және т.б.);      

2) қан тоқтатуға, дезинфекциялауға   арналған  препараттар          

(йод, cутегі тотығы);      

3) антибиотиктер тобы (пинициллин, тетрациклин,  эритромицин);      

4) сыртқы жарақаттарға қолданатын препараттар;      

5) таңуға қажетті материалдар  (бинт, мақта);      

6) приборлар мен инструменттер  тобы (градусник, қайшы, шприцтер  және т.б).      Туризммен айналасуда қауіпсіздіктің қамтылуы белсенді туризм саласында жұмыс жасайтын қызметкерлердің біліктілік деңгейі ерекше орын алады. Бұл біліктілікті арттыру үшін спорттық жорықтарды қолданады.       

Жорықтың  қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қауіпсіздікті сақтандырудың жорық  алдындағы жүйесі өте маңызды  болып табылады, оның негізгі  2себебі бар:      

жорыққа қатысушылардың қоршаған орта экологиясының нашарлануына сәйкес денсаулықтарының төмен болуы.      

халықтың  көп бөлігінің табыстарының төмендігіне сәйкес медициналық көмектерді ала алмауы.        

Туристік  саяхаттарды медициналық қызметтермен қамтамасыз ету      

Жорықтың  медициналық қызметтермен қамтамасыздандырудың негізгі міндеттері:       

аурулардың  алдын алу, яғни профилактикалық  шаралар;      

денсаулығы  нашар, жарақат алған туристерге қажетті деңгейде алғашқы медициналық қызмет көрсету;      

денсаулықтағы өзгерістерді үнемі анықтау, қажет  болған жағдайда денсаулықты қалпына  келтіру, барлық профилактикалық жұмыстардың  жүйесі дәрігерлік тексеруден басталады.                              

3.2. Саяхат жасаудағы  кедергілер 

 

 

      Адамның саяхат жасамауына немесе сирек саяхат жасауына белгілі бір себептер болады. Ол себептерді саяхат жасаудағы кедергілер деп атауға болады. Халықтың көп бөлігі үшін саяхаттағы кедергілерге келесілер жатады:      

Турөнімнің  құны. Тұтынушы ақша массасының шектеулігі жағдайында әрекет етеді де, бюджетін құрған кезде  ең алдымен ол шығындардың басқа баптарын ескеруге мәжбүр болады. Егер де саяхатқа шығу рахаты қымбат деп танылса, онда оны туризмнің пайдасыздығы деген пікірмен ұштастыруға болады. Бірақ бұл кезде туристік сапардың құны турист үшін үйде қалудың объективті және принципиалды себебі  болып табылады.        

 Уақыт тапшылығы. Көптеген адамдар  саяхат үшін жұмысын қалдыра  алмайды.      

Денсаулығы  жағынан шектеулік. Денсаулықтың нашарлығы  немесе дене бітіміндегі кемшіліктер  адамның үйінен кетуіне мүмкіндік  бермейді, оларды саяхаттан бас тартуға  мәжбүрлейді.       

Жанұяның  өмірлік циклы. Кішкентай жас балалары бар ата-аналар көп жағдайда отбасылық міндеттерге байланысты саяхаттан бас тартуға мәжбүр болады.      

Қызығушылықтың  тапшылығы. Белгілі бір сапардан қажетті рахат сезімін беретін туристік бағыттардың және қызметтердің  түрін білмеу, тіпті оған қызықпау да көбінде саяхаттағы айтарлықтай бір кедергі болып табылады.      

Қорқыныш  және қауіпсіздік. Туристік сапар жаңа жағдайлармен кездесуді білдіреді, сол себептен ол туристерді көбінде шошытады. Жергілікті бір жерлердегі болып жатқан соғыс, тәртіпсіздік, құқық бұзушылық туралы бұқаралық ақпарат құралдарындағы берілетін жағымсыз  жариялындар потенциалды туристің ой-санасына белгілі бір туристік бағыт туралы қорқыныш пен сақтық сезімін ұялатады, сонымен қатар тежегіш қана емес, сондай-ақ туризмнің беделін түсіретін қауіпті кедергі терроризм болып табылады.  

 

 

 

Қорытынды 

 

 

      Сонымен, ежелгі Қазақстан тарихындағы ұйымдастырылған   алғашқы  экскурсиялар—аса ауқымды туристік нысан болып табылатын  Ұлы Жібек жолымен байланысты. Оның бастапқы қалыптасу кезеңі б.з.б. III мыңжылдықққа ұласады. Ортағасырлық  Қазақстанда да ұйымдастырылған саяхаттар мақсатты түрде жасалған туристік нысандардың болғаны туралы деректер тіркелген.

«Экскурсия» (лат.excursio- сапар,жорық)- топпен немесе жеке көрікті жерлерді аралау: мұражайларды, оқу орындарын  және мәдени жерлерді экскурсоводтың көмегімен аралау.   

 Жалпы  экскурсия барысы «әңгімелеу»  және «көрсету» болып табылады.    

 Емельянов экскурсияны керекті  6 негізде белгіледі:

    1. Уақыттың ұзақтығы бойынша;
    2. Экскурсияға (15-30) адамның қатысуы;
    3. Экскурсоводтың квалификациясының жоғары болуы бойынша;
    4. Экскурсиялық объектілермен таныстыру;
    5. Объектілерді автобуста жүріп немесе тоқтап тұрғанда бақылау;
    6. Тақырыптың дұрыстығына байланысты;

 

      Сонымен қатар, бұл курстық жұмыста белсенді саяхаттың қиындық категориялары  да атап  көрсетілген.      

Туризмдегі  қауіпсіздікті қамтамасыз ету дегеніміз  — туристік шараларды  өткізу кезінде  ұйымдастырудағы кешенді қызметтерін  жүзеге асыруды айтамыз. Мысалы, саяхатқа, жорыққа қатысушылардың физикалық,  техникалық, тактикалық арнайы дайындықтан  өтуі, туристік маршруттарды  құралдармен  жабдықтау, медициналық қызметтермен қамтамасыз ету, туристерге кеңес беруді ұйымдастыру, бақылау жүргізу, оперативтік  көмек көрсетуді ұйымдастыру, қажет  болған жағдайда іздестіру-құтқару  жұмыстарын ұйымдастыру және т.б. іс-шаралар  жатады. Жорық кезіндегі туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге  қажетті шаралар туризмнің түріне байланысты айқындалады. Туризммен айналасуда қауіпсіздіктің қамтылуы белсенді туризм саласында жұмыс жасайтын қызметкерлердің біліктілік деңгейі ерекше орын алады. Бұл біліктілікті арттыру үшін спорттық жорықтарды қолданады.       

Жорықтың  қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қауіпсіздікті сақтандырудың жорық  алдындағы жүйесі өте маңызды  болып табылады, оның негізгі 2 себебі бар:      

1) жорыққа қатысушылардың қоршаған  орта экологиясының нашарлануына  сәйкес денсаулықтарының төмен  болуы.      

2) халықтың көп бөлігінің табыстарының  төмендігіне сәйкес медициналық  көмектерді ала алмауы.  Осыған  орай туристік саяхаттарды медициналық  қызметтермен қамтамасыз ету   қарастырылған. Жорықтың медициналық  қызметтермен қамтамасыздандырудың  негізгі міндеттері:       

1) аурулардың алдын алу, яғни  профилактикалық шаралар;      

2) денсаулығы нашар, жарақат алған туристерге қажетті деңгейде алғашқы медициналық қызмет көрсету;      

3) денсаулықтағы өзгерістерді үнемі  анықтау, қажет болған жағдайда  денсаулықты қалпына келтіру,  барлық профилактикалық жұмыстардың  жүйесі дәрігерлік тексеруден басталады.                                                   

        

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі 

 

  1. Қазақстан Республикасының “Туризм туралы”  заңы. Алматы, Қазақстан, 1993.
  2. Қазақстан Республикасы аймағында туристық спорттық жорықтар өткізу ережесі, 1997.
  3. Турист энциклопедиясы. Тамм, М., 1997.
  4. Туристік жорықтар кезінде оқушылар өмірін қауіпсіздендіруді қамтамасыз ету жөнінде нұсқаулық-әдістемелік көрсеткіш жинағы.
  5. Авторлар ұжымы. Турист серігі. М., ФжС,, 1963
  6. Шимановский В.Ф. Таудағы қауіптер. М. ЦРИБ, “Турист”, 1974
  7. Концепция развития туризма в РК..
  8. Турист журналы  № 4-5 (66-67) 2007ж. Ақпан 4-5 беттер.
  9. Турист журналы  № 6 (68) 2007ж. Ақпан 4-5 беттер.
  10. Низамиев А.Г. Формирование и развитие рекреационного комплекса Кыргызстана в рыночных условиях. Автореферат дисканд.-Душанбе, 1999.
  11. Саидов А.Ф. Организационно-экономические основы развития и управления туризмом Республики Узбекистан. Автореферат дис. докт. Ташкент, 1995,- 38 6.
  12. Астана қаласының статистика басқармасы 2004 ж., 67-69 бет
  13. Қазақстан Республикасындағы 2002 жылғы туризм. Статистикалық жинак. ҚР Статистика жөнінде Редакциясын баскарған Б. Тортаев. Алматы, 2003,- 164 б.

Информация о работе Белсенді туризм