Белсенді туризм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2013 в 18:37, курсовая работа

Краткое описание

Экскурсия- ол тек қана күн өткізу емес, ол белгілі бір физикалық және рухани шығынды қажет ететін бос уақыттағы немесе оқу уақытындағы интеллектуалды іс-шара.
Зерттеу мақсаты. Экскурсияның түрлері және олардың сипаттамаларымен танысу.
Зерттеу құрылымы. «Экскурсияның түрлеті және белгілері» атты курстық жұмысым 2 бөлімнен және 7 бөлімшеден тұрады.Бірінші бөлімінде экскурсияның мәні,мазмұны және оның түрлері туралы айтылады, екінші бөлімінде белсенді туристік саяхаттар туралы қарастырылады.

Содержание

Кіріспе 3
I-тарау. Экскурсияның мәні және мазмұны 4
1.1. Экскурсия түрлері, белгілері және олардың сипаттамасы 4
1.2. Экскурсияның түрлерінің пішіні мен топтары 7
1.3. Саяхат барысындағы демалатын және түнейтін орындар 11
II-тарау. Белсенді туристік саяхаттар 15
2.1. Қазақстанда ұйымдастырылған алғашқы экскурсиялар 15
2.2. Белсенді саяхаттың классификациясы және қиындық категориялары 16
III-тарау. Жорықты ұйымдастыру……………………………………………...........….20
3.1. Жорықта қауіпсіздікті қамтамасыз ету ......20
3.2. Экскурсия жасаудағы кедергілер 24
Қорытынды 26
Қолданылған әдебиеттер тізімі 28

Прикрепленные файлы: 1 файл

Белсенді туризм.docx

— 47.40 Кб (Скачать документ)

Саяхаттың сызық желісі маршрутты бойынша  сапарға шыққан саяхатшы бір базадан екінші базаға барады, әр жаңа жерде сол ауданның ерекшеліктері туралы мәлімет беретін экскурсияларға қатысады. Жан-жаққа тарамдала тартылған маршрут сияқты сызық бойынша жүргізілетін жорықта саяхатшыны бірінші базаға жеткен сәттен-ақ қажетті жағдайлардың бәрімен: қонатын бөлмемен, экскурсиямен, мәдени қызмет саласымен, кітапханамен, ақыл – кеңеспен, транспортпен қамтамасыз етеді. Бұл жорықтарда демалыс саяхатшылардың Отанды танумен, дүниетанымын кеңейтумен, болған жерлеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеумен  ұштасып отырады.      

Дегенмен, денені шынықтыру, дамыту, жорық дағдыларын бойға дарыту тәрізді саяхаттың басқа міндеттері бұл жерде тек өте әлсіз ғана қызмет атқарады. Саяхаттың жоғарыдағы міндеттері белсенді қозғалыс құралдарына негізделген сынақтық желілер, маршруттар бойынша ұйымдастырылған жорықтарда шешім табады.      

Сынақтық  маршруттар еліміздің неғұрлым табиғаты сұлу, қызықты аудандарын таңдайды, әрі мұндай жорық бір базадан екінші базаға жаяу, шаңғымен жүру, қайықпен жүзу арқылы жүзеге асады. Мұндай саяхаттар оған қатысушылардан әдетте, саяхат маршрутының алғашқы базасында орындалатын белгілі дайындықты талап етеді.      

Дайындықтан өткен саяхатшылар тобы қажетті  құралдармен, азық-түлікпен қамтамасыз етіледі және басшылығымен саяхатқа аттанады. Бір база мен екінші база аралығы бірнеше асулардан тұрады, сол себепті саяхатшылар жолда палаткаларда түнеп, өздері тамақ әзірлейді, жүрер жолдарын схемалар, компас көмегімен анықтау бағдарлайды. Мұндай саяхаттар еліміздің шетте, жолдан шалғай биік таулы, кеме жүре алмайтын аудандардың түкпір – түкпірімен танысуға мүмкіндік береді.      

Мерзім  мен аудандарды белгілеп, күні бұрын  жасалған  маршруттар бойынша өткізілетін  саяхаттар бәрінің көңілінен шыға бермейді. Сол себепті саяхат өзінің ұйымдастыру жағынан басқа түрімен өз қалауы бойынша ұйымдастырылатын әуесқойлық саяхат.      

Топ мүшелерінің өздері таңдаған әуесқойлық саяхат маршруты қарталардың, схемалардың, әдебиеттердің және жер  жағдайын білетін адамдардың көмегімен  жасалады.      

Сонымен бірге әуесқой саяхатшылар тобы белгілі базаларға белгіленген мерзім ішінде жетуге міндетті емес, олар өз еріктерінше, өздеріне қолайлы уақытта келе береді. Саяхат кезінде жұмыс жағдайын ойластыру, саяхат  маршрут бойынша жүру жергілікті жер ерекшелігіне байланысты жүзеге асырылады. Әуесқой саяхат ешқандай белгілі бір аудандармен, желілермен, бағаттарымен шектелмейді, олардың бәрін саяхатқа қатысқысы келетін топтың қызығушылығымен ынта-ықыласы шешеді. Әуесқой саяхаттың ең басты артықшылықтарының бірі осы.      

Саяхат  шаралары демалыс күндері жорық  жасаумен, саяхаттық слет, жарыстар өткізу түрлерімен де жүзеге асырылады.      

Спорттық  саяхат жорықтарының топтастырылуы  саяхат түрлері мен олардан туындайтын қиындық категорияларынан тұрады.      

Топтастыруға бүкілодақтық біртұтас спорттық жүйелеуде көрсетілген  разрядтық талаптарға сай саяхат түрлері бойынша жүргізілген  жорық маршуруттары жатады. Спорттық жаяу, шаңғымен, тау, су арқылы, велосипедпен, автомобильмен, мотоциклмен және спелео-үңгір  саяхаты тәрізді саяхат түрлері  бойынша жүзеге асырылады. Жоспарланған және әртүрлі өлкеде өткізілген қорықтарға берілер баға оларды салыстыру жолы арқылы  маршруттар өлшемімен беріледі.       

Маршруттар  жіптерінен тыс ресми құжат боп саналатын және  маршруттар топтасының негізгі принциптеріне, олардың қызықтырушылығы мен ұзақтығына, түзілу логикасына, кедергілердің сандық және сапалық мінездемелеріне әдістік нұсқаулар бар. Бұл, не ол маршрутты күрделіліктің белгілі категориясына жатқызу үшін үш көрсеткіш: ұзақтық, қызықтырушылық және тәсілдік күрделілік негізгі өлшем етіп алынады.      

Жорық ұзақтығы топтың дайындық желісінен маршрутынан міндетті түрде мейлінше аз күн ішінде қарастырылады.       

Жорық ұзақтығы күрделілік категориясына тән сынақтық  маршруттың мүмкін болған ең аз ұзақтығы.      

Маршруттың  тәсілдік күрделілігі кедергілердің сипатымен және әртүрлілігімен анықталады.      

Кедергілер  сипаты кедергіден өткен қауіпсіздікті  қай деңгейде талап етуімен анықталады. Күрделік  тобының  маршрутына өздеріне тән кедергілердің деңгейі сай келеді. Жорық - тардағы қауіпсіздіктің негізгі бұрынғы жорықтарда іс жүзінде  жинақталған саяхат тәжірибесі болып табылатынын есте ұстаған жөн. Бұл тәжірибенің ең аз міндеті деңгейі саяхаттық, спорттық жорықтарды өткізу ережелермен анықталады.      

Жорықтар  күрделілігі тобы белгіленген өлшемдер және классификациялық асулар мен үңгірлер тізбегімен анықталады.

1.3 Саяхат барысындағы демалатын  және түнейтін орындар 

 

 

      Жорық кезінде, оның ұзақтығына байланысты кішігірім демалу мен  тамақтанатын, қонатын және түстенетін жерлер болады. Дем алатын орынды ұйымдастыруда  ең басты міндет – орынды дұрыс  таңдай білуге, алаңды әзірлеуге, палаткалар тігуге, от жағып, лагерь қауіпсіздігін  қамтамасыз етуге байланысты болмақ.       

Орынды  таңдау. Ашық дамылдайтын орын бірнеше  басты талапқа жауап беруі  керек. Соның біріншісі-қауіпсіздік. Әсіресе таулы жерлерде, орманды жерлер бойынша өтетін жорық маршруты кезінде қауісіздік шараларын сақтаған жөн. Сондықтан, қар көшкіні қаупі бар тік құлама қыр, жарқабақ етегіне қонуға болмайды. Нөсерден соң тауда лайлы су тасқыны жүретіні белгілі, сол себепті лагерь палаткасын құрғап қалған өзен арнасына, жылға табанына тігу қауіпті. Оны лайлы тасқын өзімен бірге алып кетуі мүмкін.      

Палаткаларды  тіккен кезде желдің бағытын ескеруді есте ұстаған жөн. Палаткаға кірер есік желдің ық жағында болғаны абзал.      

Лагерді өзен ағысы бойынша төменгі жағындағы  қыстақтарға, өнеркәсіп мекемелеріне, егіс даласына, мал сарайларына жақын орналастыруға рұқсат етілмейтін. Мұндай жағдайда олардан екі шақырым алысқа барып, ағып жатқан су маңына тоқтаған дұрыс. Әдетте, егер жорық желісі маршруты ормансыз жермен өтер болса, онда саяхатшылар өзендерімен бірге примус ала жүреді. Бірақ көп жорық маршруты көрікті, сұлу аймақта өтеді, онда ағаштар да, бұталар да жеткілікті. Жорық жемісті және қызықты өту үшін тамақ әзірлеуге, киімдерін кептіріп, дем алуға байланысты от жағылмай тұрмайды. Сондықтан ашық далада дамылдайтын орыннан отын табу – негізгі талаптардың бірі болып саналады. Бұдан өзге талаптардың бәрі тілекке сәйкес қажеттіліктер. Оларға тоқтаған жердің  қолайлығы, желден  қорғануға болатыны, немесе керісінше, масалар мазаны алмайтындай желдің соғып тұрғаны жатады. Ауыз су алу үшін тік құлама жардан төмен түсіп, әуреленбеу, отын үшін алысқа бармау жағы да ескерілу тиіс. Әдетте орын барынша тегіс және құрғақ алаңдардан, өзен жағасындағы жазықтан таңдалады. Қыстың күні кішігірім дем алатын орын күн көзі қыздыратын жерге, ал жазғы ыстықта көлеңкелі жерден таңдап алынғаны дұрыс. Сонымен бірге ашық далада дамылдайтын орын көрікті, сұлу, жақсы көріністерге бай аймақтан таңдалғаны да жөн.      

Кейбір жетекшілер лагерьді эстетикалық талғам бойынша орналастыруға  баса көңіл бөледі. Палаткаларды қатаң  тәртіппен ошақ басынан бір қатарға  және бірдей арақашықтыққа орналастырғанды  қолдайды. Әрине, тиісті жағдай болса, мұның бәрі жақсы дем алуға  мүмкіндік береді, бірақ келесі бір  кезекте жорыққа қатысушылар  үшін үлкен қолайсыздық туғызатын  аясы тар мақсатқа айналмауы керек. Мұндай бір палаткалар жел мен  жаңбырдың өтінде, екіншілері-жол  табанында, басқалары-массасы көп  бұталардың арасында қалауы мүмкін. Осыған орай, лагерьге орын таңдағанда бәрінен  бұрын қайсысы басты, қайсысы  жанама мәселе екенін ұмытпаған жөн.        

 Ашық далада дамылдау жұмыстарын  ұйымдастыру. Ашық далада дамылдайтын  орынға жеткен сәттен бастап, жетекші өзінің бұрыннан не  істеу керегі жөніндегі шешімдеріне  сүйеніп, топ мүшелеріне нұсқауларын береді. Бірінші тапсырма жол дорбаларын қай жерге жинап қою жөнінде болмақ. Онсыз жол дорбалар үлкен алаңның о шеті мен бұ шетіне шашылып, жорыққа қатысушылардың бірінші қажетті заттарын, азық-түлікті табуы қиынға түсуі мүмкін. Екінші тапсырма-жол дорбаларынан кім нені алуға. Әдетте басталарды, ас әзірлеуге ыдыс аяқтарды, азық-түліктерді, палаткаларды және басқа қажетті заттарды бірден алатыны мәлім. Үшінші тапсырма-міндеттерді бөлісу. Жетекші от жағатын, палаткаларды тігетін орындарды таңдайтын, су әкелетін және т.б. кісілерді мұқият анықтауы тиіс. Жұмысты кең ауқымда ынтымақты ұйымдастырылған жөн. Бір адамға бірнеше тапсырма беруге де болады, бірақ олардың кезекпен орындалуын тексеру керек.           

 Кең ауқымды жұмысты үзбей  жүргізу  үшін жетекші сол  кезеңде аса маңызды болып  табылатын участокке адамдарды  дер шағында көбірек ауыстырып отыруы қажет. Жорыққа қатысушылардың бәрі дерлік мына кеңесті тындауға міндетті: Бірінші - жолдасынан алған затты әр-дайым өз қолына беруі керек. Онсыз тұрақты түрде не ана зат, не мына зан жоғалуымен болады. Екінші - бөгде беруге ақтартпауы қажет. Кейде кезекшілер тарапынан: Тұз сенің жол дорбанда ма, әлде менікінде ме? Менің жол дорбамнан ала сал дегенді естіп қаламыз. Кезекші оның жол дорбасын іздеп, талай уақытын кетіреді, онымен қоймай басқа жол дорбаларды да аударып, төңкереді. Ал жорыққа қатысушылардың біріне арнайы тапсырма, ол өзінін жол дорбасының қайда қоярын жақсы біледі және іздеген затын тез-ақ тауып алады. Әлі бөлінген жұмысын бітіре алмай жатқандарға көмектесіп, тапсырманы тезірек орындауға қолқабыс жасағаны абзал. Немесе шұлықтарды, аяқ киімдерді кептіруді, немесе отты жағалай отыратын орындықтар әзірлеуді, таңертеңге отын дайындауды қолға алғаны да артық емес. Есте ұстайтын жай, жұмыс барлық жорыққа қатысушылар үшін бір мезгілде аяқталған абзал.       

Палаткаларды  орналастыру. Ең алдымен палаткаларды тігетін орынды таңдау қажет. Ол орында мысықтар, суырлар, өсіп тұрған ағаштар және тастар болмауы тиіс. Таңдап алынған орын қия беткейлі келіп, түнде ұйықтап жатқанда адамдар ылдиға домалап жүрмеуі қажет. Егер аздаған еңісті жер болса, онда палатканы оның бауырына тіккен жөн.      

Бұдан кейін палатка шаңырағын  ұстап тұратын тірек қазық  орналастырады. Палатканы жыртып алмау  үшін тірек қазық палатканың сыртынан, артқы қабырғаға тақай және шыға беріс тұсқа қойылады. Тірек қазықты  орналастыру ережесі мынандай. Топтың бірі тірек қазықты шыға беріс  тұсқа бекітіп, оған бауды байлайды. Топтың екінші бір мүшесі дәл сондай әрекет жасап, тірек қазықты палатканың артық қабырғасына орналастырады. Бұдан кейін топтың тағы бір мүшесі палатканың шаңырағы мен тірек қазықты  тік ұстап тұратындай жағдай жасайды, екінші біреуі екінші тірек қазықтың бауын қатты тартып, онын ұшын жерге  кіргізе қағады, содан кейін екінші бауды шаңырақ боғаты арқылы өтетін өзек бағытын сақтайтындай етіп ұстап  тұру керек.            
  
  
  
  
  
  
  
  
  
              

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II-тарау.  Белсенді туристік  саяхаттар

2.1  Қазақстанда ұйымдастырылған алғашқы экскурсиялар 

 

 

      Ежелгі  Қазақстан тарихындағы ұйымдастырылған  алғашқы  экскурсиялар—аса ауқымды туристік нысан болып табылатын  Ұлы Жібек жолымен байланысты. Оның бастапқы қалыптасу кезеңі б.з.б. III мыңжылдықққа ұласады. Ортағасырлық  Қазақстанда да ұйымдастырылған саяхаттар мақсатты түрде жасалған туристік нысандардың болғаны туралы деректер тіркелген.      

Аталған кезеңде Ұлы Жібек жолының солтүстік түркі тармағы бойынша VI-XIV ғасырлардағы саяхаттар тек қана сауда үшін ғана емес, сонымен қатар қажылық, емдік және білім алу мақсаттарымен де болғаны туралы жеткілікті  негіздемелер бар.      

Қазақстан аумағындағы ең бірінші туристік нысандар түркі тайпаларын жаулап алумен және олардың атамекенінен ауа көшуімен байланысты болды.      

Қазақстанда қажылық саяхатты ең бірінші ұйымдастырған Әмір Темір болды және оның есімімен байланысты орында әр жылдары  әр түрлі әлеуметтік туризм түрлері жүзеге асырылды. Осындай ескерткіштердің негізгісі 1399ж. Әмір  Темірдің бұйрығы бойынша Қожа Ахмет Иасауи қабірінің үстіне салынған кесене болды.  Б.з.б. көне заманнан осы уақытқа дейін Александр Македонскийдің жорықтарына жолбасшы болған Геродоттың саяхаттарының жазбалары сақталған. Орта ғасыр саяхаттарының классикалық үлгісі ретінде М. Поло және А.Никитиннің саяхаттарын келтіруге болады. Географиялық ұлы ашулар кезеңі адамзаттың планета жөніндегі көзқарастарын түбегейлі өзгерткен саяхаттарға толы болды. Жердің шар тәрізділігі туралы идеяның біржола қалыптасуы осы кезеңге сай келеді. Кейінiрек Жер туралы  ұғымды кеңейтуге Д.Ливингстон және ағылшын саяхатшысы Г.Стэнлидің, Н.М.Пржевальскийдің, Ш.Уәлихановтың т.б. саяхаттары зор ықпал етті.      

Бірақ Қазақстан туризмі тарихындағы  ең елеулі табыстардың көбі жаңа заманда жүзеге асты.      

1929ж.  Таулы туризмнің энтузиастары  Б.И. Белоглазов, Ф.Л. Савин, В.И.  Зимин ĺле Алатауына бірнеше  туристік саяхаттар, жорықтар  жасады. Бұл жылдың жазында олар  бірінші туристік саяхатты Ыстық көлге ұйымдастырды.  Бұл жорыққа  Алматы қаласы мектептерінің 17 мұғалімі қатысты.      

1930ж.  Савиннің қолбасшылығымен пошта  және телеграф жұмысшыларына қиын емес маршрут жасалынған болатын: Алматы- Медеу- Көкжайлау- Үлкен Алматы көлі.      

1931ж.  қаңтарында В.Н. Зимин алғаш  рет туристерге қысқы шаңғышылық  саяхат  мына маршрут бойынша  жасады: Алматы- Ұзынағаш- Қордай перевалы.      

Қазіргі таңда мұндай саяхаттарға оқушылар да қатысып жүр. 

2.2. Белсенді саяхаттың классификациясы  және қиындық категориялары 

 

 

      Белсенді  туризмдегі  классификацияланған  туристік   экскурсия- дегеніміз,  белгілі бір қиындық категориясына сәйкес келетін бағытты айтамыз.       

Туристік  маршрут дегеніміз — белгіленген қызмет көрсету бағдарламасы бар белгілі  бір  уақытқа арналған  алдын-ала   жоспарланған Туристердің жылжу трассасы.       

Халықаралық альпинистер одағының (ХАО) ұсынуымен 1947ж. туристік экскурсиялардың қиындық шкаласы ресми түрде қабылданған:       

I-категориялы  экскурсиялар— аз қиындық, қиын емес жеңіл категориялы жорықтар болып табылады. Бұл жорық барысында қозғалыс кезіндегі тепе- теңдікті сақтау үшін қолдың көмегі кейбір кезде ғана керек. Бұл маршруттардан өту үшін туристерге өзіне деген сенімділік пен тереңдіктен қорықпау қажеттілігі керек.       

Информация о работе Белсенді туризм