Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2014 в 18:11, курсовая работа
Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейін тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010–2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны, туризмді маңызды әлеуметтік-экономикалық бағыттардың бірі ретінде дамыту бөлігінде бәсекеге қабілеттілігі мен тартымдылығын көтеру үшін Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында әзірленді.
1. ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИСТІК САЛАНЫ ДАМЫТУДЫҢ ПАЙЫМЫ.
1.1. Қазақстандағы туризм индустриясының ағымдағы жай-күйін талдау
1.2. Туризм саласын дамыту аясындағы мемлекеттік қолдаудың озық әлемдік тәжірибесін талдау
1.3. Нарықтың ұзақ мерзімді негізгі үрдістерін талдау және олардың Қазақстандағы сырттан келушілер туризмі мен ішкі туризмді дамытуға әсері
1.4. Қазақстанда туризм индустриясын дамытудың күшті және осал тұстарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін талдау
1.5. 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасында туризм индустриясын дамытудың стратегиялық негіздемесі және пайымы
1.6. 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасында туризм индустриясын дамытудың мақсаттары, міндеттері, кезеңдері және күтілетін нәтижелері
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАРЫ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ТӘСІЛДЕРІ
2.1. Туристік кластерлер
2.2. Туристік өнімдер
2.3. Туристік жобалар
2.4. Инфрақұрылым
2.5. Туристік саланы одан әрі дамыту жөніндегі шаралар
2.6. Институционалдық құрылым
2.7. Имидждік стратегия
2.8. Жылдам әсер шаралары
ҚОСЫМША
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ
Елдер мен аймақтар:
EО – Еуропалық Одақ
БАӘ – Біріккен Араб Әмірліктері
Басқа да пайдаланылатын
терминдер мен қысқартулар:
MICE – кездесулер, көтермелеу саяхаттары,
конференциялар/форумдар және көрмелер/оқиғалар
SEM (ағылш.searchengineemarketing) – іздеу маркетингі
ЖІӨ – жалпы ішкі өнім
МҰТП – мемлекеттік ұлттық табиғи парк
МТҚ – мемлекеттік табиғи қорық
ШОБ – шағын және орта бизнес
ЕҚТА – ерекше қорғалатын табиғи аумақ
ТЭН – техникалық-экономикалық негіздеме
Дестинация (ағылш. destination) – орналасқан
жері – тағайындалған орын, ел, қала немесе
басқа әкімшілік-аумақтық орналасу орны.
Туристік «тәжірибе» – демалу процесінде
туристердің ұмытылмас әсерлері мен эмоциялар.
Турне – саяхат, шеңберлі бағыт бойынша
жол жүру.
1*, 2*, 3*, 4*, 5* санаттар – Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамаларға сәйкес қонақ
үйлерді жұлдыздар бойынша жіктеу жүйесі
санаттары.
Киіз үй – қазақтардың дәстүрлі көшпелі
баспанасы.
Конференц-Бюро (ағылш. Convention Bureau) – MICE-туризмді
сәтті дамыту үшін құрылған кәсіби қалалық
(өңірлік) құрылымдар.
«Жасыл экономика» – экологиялық жүктемелер
мен тәуекелдерді едәуір азайтатын, табиғи
ресурстарға негізделген экономика.
«Тайм-шэр» (ағылш. timeshare) – жекелеген
меншік иелерінің тұрғын үй–жайдың немесе
тұрғын үйдің тұрғын бірліктерін квази-жеке
меншік құқығында үлестік, фракциялық
иеленуі, бұл ретте квази меншіктің осындай
құқығы шектеулі болатындығын білдіреді;
тұрғын үй жайға немесе тұрғын үйге (отель,
қонақ баспанасы) меншік құқығын тікелей
жүзеге асыратын бастапқы меншік иесі
қонақ үй нөмірлерін/тұрғын үй бірліктерін/фракцияларды
сатуды немесе ұзақ мерзімге жалдауды
(жалдау мерзімі ұзақ болуы тиіс, мысалы
99 жыл) жүзеге асыруды білдіреді, бұл ретте,
сатып алушылар квази-меншік иелері ретінде
шыға отырып, осындай фракцияларды жалға
беру құқығы болады.