Қазақстан Республикасының туристік кластерлік моделі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Января 2015 в 12:58, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің бәсекеге қабілетті ел қатарына қосылуы экономиканың кешенді дамуына негізделеді. Бүгінгі күннің маңызды бағыттардың бірі-негізгі өндірісті қосалқы кәсіпорындармен үйлестіре дамытуға көзделген кластерлерді жасау. Республика аймақтарында қазіргі заманғы талаптарға сай кластерлерді құру маңыздылығы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еңбектері мен халыққа Жолдауларында бірнеше рет аталып өтілді.

Содержание

КІРІСПЕ
1КЛАСТЕРЛІК ДАМУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кластер экономиканың даму үлгісі ретінде
1.2 Әлемдік кластерлердің құрылу тарихы мен тәжірибесін талдау
2ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИСТІК КЛАСТЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
2.1 Қазақстан Республикасында туристік саланың жағдайы және туристік кластерді қалыптастырудың алғышарттары
2.2 Туристік кластер дамуының ағымдық жағдайын талдау (Алматы қаласы)
3ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ТУРИСТІК КЛАСТЕРІН ҚҰРУ МЕН МОДЕЛІН ҰСЫНУ
3.1 Қазақстан Республикасының туристік кластерлік моделі
3.2 Туристік кластердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда аймақтар бойынша анықталған проблемаларды шешу жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

кластер СҒЗЖ-НИРС.docx

— 37.85 Кб (Скачать документ)

Үшінші Италияның тез дамуы, әсіресе шағын және орта кәсіпорындарға негізделген салалардың тез өсуі, нақты секторлар мен жергілікті орындарда фирмалардың шоғырлануымен байланысты. Фирма «бұтақтары» (clusters) дәстүрлі тауарлар бойынша аяқ киім, былғары сөмкелер, тоқылған бұйымдар, жиһаз, қыш тақтайшалары, музыкалық аспаптар, тамақ өнімдері, сонымен бірге, осы тауарлар өндірісі үшін құрал-жабдықтармен жабдықтаушы салаларда әлемдік нарықта мықты позицияларды жаулап алуға қабілетті екенін көрсетті. Бұл кезде Германия және Ұлыбританияның ірі кәсіпорындары құлдырау кезеңінде болса, “үшінші Италияның” шағын және орта кәсіпкерлік кластерлері өндіріс пен экспортты ұлғайта алған.

Италияда кластерлердің дамуы мемлекет рөліне басым негізделеді: яғни көмек ретінде басқаруды жүзеге асыруы, экспортқа жеңілдіктер мен кепілдемелер беруі, инвесторларды тарту мен қолдау, консалтингтік қызметтер көрсету шаралары дәлел.

Ұзақ жылдар бойы Бүкіләлемдік экономикалық форум (World Economic Forum – WEF) сарапшыларының шешімі бойынша бәсекеге қабілетті көшбасшы ел болып, АҚШ, Жапония, Ұлыбритания сияқты мемлекеттерді және басқа әлемнің 102 мемлекетін басып озған Финляндия саналды. Фин экономикасының негізгі динамикалық дамуы кластерлермен тікелей байланысты екені көптеген ғалымдардың еңбектерімен дәлелденген.

Кластерлік талдау шеңберінде Финляндия экономикалық саясатты қайта құрумен кешігіп, ол тек 1995 жылы жасалды, дегенмен, фин экономикасы институты жүзеге асыратын «Финляндия артықшылықтары» жоба шегінде ұлттық өнеркәсіптің және басқару шешімдерін ақпараттық қамсыздандырудың келешек мүмкіндіктері анықталды. Сауда және өнеркәсіп Министрлігі директивалар дайындап, оның негізінде Ұлттық өнеркәсіптік стратегия өңделіп, бекітілді, оның көмегімен кластерлік дамуға бағытталған өнеркәсіптік және технологиялық бәсекелік саясатты макроэкономикалық реттеуге өту мүмкіндігін алды.

Қуатты кластер 120 өндірісті біріктіретін, Nokia компаниясының маңында топтастырылатын, телекоммуникациялық құрал-жабдық өндірушісі. Қазір бұл компания Финляндияның алдағы ғылыми – техникалық жетістіктердің алпауыттар қатарына шыққан. Елде ғылыми-зерттеу жұмысына мемлекеттік қаржыландыру көлемі онсызда ең жоғарғысы – 3,6 пайыз ЖІӨ-нен, ал Nokia үлесіне барлық бизнес-инвестицияның бұл сферада 35 пайызы келеді және кәсіпорындар үшін тартымды шеңбер пайда болды: білімнің жоғарғы деңгейі сұранысты және ақпараттық технология өніміне ұсыныс, сонымен бірге сауаттылық деңгейін одан да жоғарылатуға жәрдемдеседі.

Өте мықты фин кластерінің тууы табиғи ресурстардың бар болуымен байланысты, мысалы: ағаш, балық және т.б. Финляндияда қоршаған ортаны қорғау туралы кластер, жергілікті өндіріс саласын өңдеушілердің ластауының нәтижесінде құрылды.

Финляндияда қолданылатын кластерлер, фин экономикасын зерттеу институтының мамандарының пікірі бойынша (ЭТЛА) тоғыз (орман, ақпараттық және телекоммуникациялық, металлургиялық, энергетикалық, бизнес-қызмет, денсаулық сақтау, машина жасау, тамақ, құрылыс) фин экономикасының тоғыз саласы үшін маңызды болып табылады, экспорт көлемінің негізін құрайды және елдің ЖІӨ-нің маңызды бөлігін құрайды.

Ал, Еуро Одақ шеңберінде кластерлік саясат 1968 жылдан бастап жетілдірілді. Бұл моделдің негізі болып, шикізатты алудан бастап, оны өңдеу және жүзеге асыруда көп жағдайда сәтті өндірістік аймақтарды дамыту болып табылады. Дания үкіметінің ұсынысы бойынша 1988 жылдан 1993 жыл аралығы кезеңінде Даттық желілік бағдарлама іске асырылды. Бұл бағдарламаның өңделуіне себеп ғаламдық масштабта шағын және орта бизнес секторларының бәсекеге қабілетсіздігінен туындады. Желіні құру мақсаты, бәсекеге қабілеттілікті жоғарылатуға бағытталған, бизнестің жаңа бағыттарын анықтау, агенттер мен дистрибьюторларды жаңа нарықтарға енгізу, жеке фирмалардың қуатты тұстарын пайдалана отырып, жаңа өнімдерді нарыққа шығару мен өңдеуде көрінеді. Данияда кластеризациялау жолындағы негізгі проблемалардың бірі фирма аралық кооперацияның даттық іскерлік мәдениетке сай болмауы. Дегенмен, бағдарлама тиімді жүзеге асырылды: бес жыл ішінде бағдарлама кең көлемді масштабты иеленіп, 10-12 мың кәсіпорындық мақсатты топтан бес мыңы желіні қалыптастыру құрамына енді, бағдарламаның жоғары деңгейі даттық іскерлік мәдениетінің бөлігі ретінде кәсіпорындар желісін құруға ықпал етті. Желінің құрылуы бизнес проблемасын шешудің бірден-бір жолы екендігі дәлелденді, маркетингтік зерттеулер нәтижесінде сауалнама жүргізілген кәсіпорындардың 75 % -ы желіге қатысуы, олардың бәсекеге түсу қабілетін жоғарылатқанын, респонденттердің 90 %-ы бағдарламаны субсидиялау мерзімі аяқталғаннан кейінде желіде өз қызметін жалғастыруды көздеп отырғандығын білдірді, бағдарлама басқа еуропалық елдерде өзіне ұқсас бағадарламаларды жасауда үлгі болып, желіні дамыту Испания, Португалия, Франция, Ұлыбритания, Норвегия, АҚШ, Канада, Австралия, және жаңа Зеландия аймақтарына экспортталды.

Сондай-ақ жаңа инновациялық жобаларды ойластыратын бизнес-инкубаторлар, венчурлық қорлар дамыған. Кластерлердің пайда болуына қосымша мысалдарды келесі кестемен бейнелейміз (кесте 2):

Аймақ

Кластер

Құ-

рыл-

ған жыл

Инициатор

Тартым-

дылығы

Дамуы

Ольборг, Дания

Моблильді телекоммуни кациялар

1948

SP радио

Теңіз саласы

Өңдеулер, технологиялар, университетпен байланыс

Далтон, Джорджи (АҚШ)

Кілемдер

1918

Craft tufters

Өңдеулер

Автоматтандыру, өңдеудегі бәсекелестер

Кастел

Гофредо,

Италия

Тоқыма

1923

Ноэмидегі фабрика

Рыноктар

Жабық фабрикалар,

Иби,

Испания

Ойыншықтар

1915

Paya SCVI Hermanos

Үй

Түрлі өнімдерді өңдеу

Калифорния (АҚШ)

Технология,фармацевтика

1950

Hybritech

Теңіз базасы, климат

өнімдер, венчурлық капитал

Сосоло,

Италия

Жұқа қыш

1960

Rubbiani

Балшықты

жер

Инновация, бәсекелестер,


Кесте 2. – Әлемде кластерлердің құрылуы

Сондай-ақ, шығыс Еуропа елдері өнеркәсіпті кластерлеуді қолдап отырғанын айта аламыз, оның үстіне Венгрия, Словакия, Чехия және Словенияда оны арнайы мемлекеттік бағдарламалармен қорғалуы, оның жан-жақты тартымдылығын, қарқынды даму, интеграцияны, ашық және айқындылығын қамтамасыз етеді. Бұл жағынан ерекше жетістікке жеткен Венгрия мемлекетінде 75 кластер бар, олардың негізгі құраушысы болып саябақ өнеркәсібі табылды. Кластерлік бағдарлама РАNАС автокөлік кластерін дамытуға бағытталған, бұнымен қоса ағаш өңдеу, туризм саласы дамуда.

Кластерлік даму аймақтарында, мысалы: Голландиядағы гүл бизнесі, Франциядағы косметика, Швейцариядағы – сағат, Сингапурдағы – мұнай-химияны атап өтуге болады. Осыдан бір жақты және жоғары стандартты кластердің жоқ екендігі туралы қорытындыға келеміз, өйткені кластер әр түрлі мемлекет дамудың әр түрлі деңгейінде және әр текті ресурстар және мүмкіндіктердің болуынан туындайды. Кластерлік үлгілер бір-бірінен ерекшеленеді, алайда бүкіл жерде олар орта және шағын бизнеске, аймақтың дамуына қуатты серпіліс береді.

Сонымен қатар туризм кластерін дамытудың жақсы мысалы Хорватиядағы туризм болып табылады. Ондағы кластер қатысушылары: Хорватияның Туризм министрлігі, қонақ-үй кешендері, туроператорлар, мейрамханалар, концессия қатысушылары (концессия – қатысушы кәсіпорындардың алдын-ала анықтаған, келісілген шарттары негізінде ұлттық экономиканы дамыту не қалпына келтіру және табиғи байлықтарды игеру мақсатында шетел елге, заңды не жеке тұлғаға жер учаскілерін, жер асты байлығын немесе басқа да объектілер мен құндылықтарды уақытша пайдалануға беру туралы келісім-шарт), көлікпен қызмет көрсету ұйымдары, дүкендер иелері, мұражайлар, білім беру мекемелері, қатысты салалар. Жұмыс топтары маркетинг пен брендинг, туристік өнімді әзірлеу, кадрлар мәселелері, инфрақұрылым, заңдық және реттеуші орта сұрақтары бойынша құрылды. Хорватиядағы туризм кластерін дамытудың стратегиясы − әртараптандыру стратегиясы. Әртараптандыру жолы көмегімен бұл индустрия өнімнің жоғары сапасы, сонымен бірге индустрия өнімдерінің бәсекелестік артықшылықтары арқылы Хорватия халқы мен қонақтарына бірегей әрі жоғары сапалы құндылық ретінде көрінеді.

Сонымен, кластерді дамытудың әлемдік тәжірбиесін зерттей келе, дамыған және дамушы елдерде оларды құру мақсаты мемлекет тарапынан қолдаумен немесе кәсіпорындардың географиялық жақын орналасуынан пайда болғанын, осы себептен Финляндия, АҚШ, Италия, Германия, Дания тағы басқа мемлекеттерде «өсу нүктесі» немесе экономика «локомотивтеріне» айналғанын көруге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА  ТУРИСТІК КЛАСТЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ  МЕН ДАМУЫ 

2.1 Қазақстан Республикасында  туристік саланың жағдайы және  туристік кластерді қалыптастырудың алғышарттары

 


Информация о работе Қазақстан Республикасының туристік кластерлік моделі