Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Января 2015 в 12:58, курсовая работа
Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің бәсекеге қабілетті ел қатарына қосылуы экономиканың кешенді дамуына негізделеді. Бүгінгі күннің маңызды бағыттардың бірі-негізгі өндірісті қосалқы кәсіпорындармен үйлестіре дамытуға көзделген кластерлерді жасау. Республика аймақтарында қазіргі заманғы талаптарға сай кластерлерді құру маңыздылығы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еңбектері мен халыққа Жолдауларында бірнеше рет аталып өтілді.
КІРІСПЕ
1КЛАСТЕРЛІК ДАМУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кластер экономиканың даму үлгісі ретінде
1.2 Әлемдік кластерлердің құрылу тарихы мен тәжірибесін талдау
2ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИСТІК КЛАСТЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
2.1 Қазақстан Республикасында туристік саланың жағдайы және туристік кластерді қалыптастырудың алғышарттары
2.2 Туристік кластер дамуының ағымдық жағдайын талдау (Алматы қаласы)
3ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ТУРИСТІК КЛАСТЕРІН ҚҰРУ МЕН МОДЕЛІН ҰСЫНУ
3.1 Қазақстан Республикасының туристік кластерлік моделі
3.2 Туристік кластердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда аймақтар бойынша анықталған проблемаларды шешу жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1КЛАСТЕРЛІК ДАМУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кластер экономиканың даму үлгісі ретінде
1.2 Әлемдік кластерлердің құрылу тарихы мен тәжірибесін талдау
2ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИСТІК КЛАСТЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
2.1 Қазақстан Республикасында
туристік саланың жағдайы және
туристік кластерді
2.2 Туристік кластер дамуының ағымдық жағдайын талдау (Алматы қаласы)
3ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ТУРИСТІК КЛАСТЕРІН ҚҰРУ МЕН МОДЕЛІН ҰСЫНУ
3.1 Қазақстан Республикасының туристік кластерлік моделі
3.2 Туристік кластердің
бәсекеге қабілеттілігін
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің бәсекеге қабілетті ел қатарына қосылуы экономиканың кешенді дамуына негізделеді. Бүгінгі күннің маңызды бағыттардың бірі-негізгі өндірісті қосалқы кәсіпорындармен үйлестіре дамытуға көзделген кластерлерді жасау. Республика аймақтарында қазіргі заманғы талаптарға сай кластерлерді құру маңыздылығы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еңбектері мен халыққа Жолдауларында бірнеше рет аталып өтілді.
«Бәсекеге қабілетті Қазақстанға, бәсекеге қабілетті экономикаға, бәсекеге қабілетті ұлтқа» Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамасымен Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы мен америкалық консалтингтік «J.E. Austin Associates Inc.» компаниясы «Қазақстандық экономиканың қолданыстағы және қарымды перспективалық секторларының бәсекеге қабілеттілігіне баға беру және оларды дамыту жөніндегі ұсынымдарын әзірлеу» жобасын жүзеге асырған болатын. Талдау нәтижелері бойынша Қазақстанда жеті кластер әлуеті анықталды: туризм, құрылыс материалдары өндірісі, тамақ өнеркәсібі, жүк тасымалдау, тоқыма саласы, тау-кен өндірісі үшін құралдар өндірісі, металлургия саласы.
Аталған жеті кластерді таңдауда қазақстандық кәсіпорындардың өндірістік шығындарын шетелдік бәсекелестермен салыстыру арқылы бәсекеге қабілеттілік бағаланды. Аймақтық нарықта өнімдерді экспортқа шығару мүмкіндігі назарға алынды. Әр кластердің құрылымы мен оның қатысушылары арасындағы өзара байланыс белсенділігін сипаттайтын картасы жасалды.
Сарапшылардың пікірі бойынша Қазақстанның туризм саласының бәсекелік басымдылығы оның бірегей мәдениетінде (мәдени-танымдық), бай табиғи әлуетінде (экологиялық туризм), арта түскен іскерлік белсенділігінде (іскерлік туризм), сондай-ақ демалудың спорт және таңғажайып туризм сияқты түрімен айналысу мүмкіндігінде.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Туристік кластерлерді құру маңыздылығының басты себебі бәсекеге қабілеттілігі, туристер үшін тартымды нысандардың болуымен қатар, туристер санының ұлғаюы, көлік, мәдениет, сауда, қонақ үй бизнесі мен экономиканың басқа салаларының дамуына ықпал жасау мүмкіндігімен айқындалады. Елімізде туристік бизнесті кластерлеу негізінде дамытуға барлық алғышарттар қалыптасқан, яғни бұл тарихи және архитектуралық ескерткіштердің, емдеу-сауықтыру орындарының, қорықтар мен қаржы, білім беру, мәдени орталықтар ретінде дамыған қалалардың туристерге тартымды болуымен ерекшеленеді. Мұндай келіс ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылатын экономиканың перспективті саласы ретінде есептелінетін, туризм және спорттың дамуына қатысты. Кластерлік даму республикаға инвестиция ретінде капитал көлемін ұлғайтып құрылыс, көлік, көңіл көтеру индустриясын дамуына ықпал жасайды. Сонымен бірге, кластер қазіргі уақытта аса назарға алынбаған әлуетті туристік ресуртарға ие Қазақстан аймақтарының бір қалыпты дамуына мүмкіндік жасайды. Туристік кластердің дамуын қолдау мемлекеттік және жеке сектордың кешенді іс-әрекеттеріне, атап айтсақ, өңірді дамытудың қалыпты және серпінді әлеуметтік-экономикалық деңгейіне жету мақсатында бәсекеге қабілетті туристік индустрия құрудың басымдылығын түсінуге негізделеді.
Ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты - Қазақстан Республикасында туристік кластерді дамытудың теориялық және практикалық негіздерін зерттеу мен кластерлік моделін құру бойынша нақты ұсыныстарды жасау.
Зерттеу мақсатына байланысты туындайтын негізгі міндеттер:
Зерттеудің нысаны - Қазақстанның туризм саласының көрсеткіштері, туризм кластерінің қатысушыларының қызметі мен осы салаға тиесілі инфрақұрылым жағдайы негізінде саланың бәсекеге қабілеттігінің деңгейі.
Ғылыми зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негіздері. Зерттеу барысындағы қарастырылып отырған мәселелер төңірегіндегі шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектері жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері болып табылады. Зерттеу материалдарын өңдеуде логикалық, жүйелік, статистикалық және салыстырмалы талдау әдістері пайдаланылды.
Ғылыми жаңалығы. Ғылыми зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығын көрсететін мынадай нәтижелер алынды:
1 КЛАСТЕРЛІК ДАМУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК
Бәсекеге қабілеттілік тек жеке субъект немесе объект позициясынан ғана зерттелмейді, сонымен бірге бәсекелік қатынастарға түсетін өнім, кәсіпорын, сала, ұлттық экономика және елдің бәсекеге қабілеттілігі позициясынан талданады. Осы тұрғыдан бәсекеге қабілеттілік категориясының күрделілігін, жан-жақтылығын көруге болады.
Қазіргі уақытта өнім, кәсіпорын, сала, ұлттық экономика және елдің бәсекеге қабілеттілігі проблемаларының түрлі қолданбалы аспектілері зерттелген. Барлық әдебиеттерде бәсекеге қабілеттіліктің динамикалық факторлары мен арнайы белгілері басқару иерахиясының деңгейі, яғни тауар -кәсіпорын–сала–аймақ ұлттық экономика бойынша қарастырылатындығын атап өтуге болады. Осы тізбек бойынша «бәсекеге қабілеттілік» түсінігінің кейбір анықтамаларына тоқталып өтейік.
Бәсекеге қабілетті өнімді Ресей экономисті Р. Фатхудинов «нақты аймақта басқа ұқсас объектілермен салыстырғанда тұтынушының нақты қажеттілігін қанағаттандыру деңгейін сипаттайтын объектілер жиынтығы» ретінде анықтайды.
Бәсекеге қабілетті тауарды өндіру кәсіпорын деңгейінде жүзеге асырылатындықтан, бәсекеге қабілеттілік ашық рынок жағдайында өз қызметін жүзеге асыратын кәсіпорын деңгейінде біршама толық зерттелген деп тұжырым жасауға болады. Яғни, бәсекеге қабілетті кәсіпорын - өндірістік қызмет тиімділігі және тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейі бойынша бәсекелес фирмалардан айрықша көрсететін салыстырмалы сипаттама болып табылады. Сонымен қатар, кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін оның рыноктық экономика жағдайларына бейімделу динамикасы мен мүмкіндіктерімен сипатталады. Тауардың бәсекеге қабілеттілігі өзгермелі мерзімде болса, онымен салыстырғанда кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілікке тұрақты болуы ұзақ уақыт бойы қалыптасуы мүмкін. Бұл басқа кәсіпорындардан артықшылық жағдайларға ие болуы үшін кемінде өнімді жаңартудың бір циклін өту талабымен байланысты.
Әлемдік нарықта бірде-бір ел өз экономикасының барлық салаларында бір уақытта бәсекеге қабілетті болу мүмкін еместігі дәлелденгеннен кейінгі уақыттарда экономикасы озық елдерде кластерлерді қалыптастыруға үлкен көңіл бөліне бастады. Осыған орай, нысаналы салалар төңірегінде кластерлерді жүйелі қалыптастыру қажеттігі туындаған. Оларды қалыптастырудың мотивтері: әлемдік шаруашылықтың ғаламдануы мен трансұлттануы, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекенің шиеленісуінен туындап отыр.
Кластер теориясының алғашқы іргесін қалаушы А. Маршалл. 19 ғасырда А. Маршал «Экономика принциптері» (1980) еңбегінде «жеке аймақтарда арнайы салалардың шоғырлануы» тарауын жазған, оның идеясына басқа да ғалымдар көңіл аударған.
Осы бағытта зерттеулерді жалғастырған М.Энрайт локалды, аймақтық шоғырланған артықшылықтарды өзара байланысты және өзара қызмет жасаушы кәсіпорындар желісімен, тығыз өзара қатынаста болатын және кооперациялану мен бір-бірімен бәсекеге түсу процесінен өздерінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатады деп қалыптасқан түсінікті ары қарай тереңдету жұмыстарымен шұғылданды. Ол аймақтардың экономикасының дамуының тарихи алғы шарттарына тоқтала келе, бизнесті жүргізудің түрлі мәдениетін талдап «аймақтық кластер» түсінігін енгізді. Басқаша айтқанда, «өнеркәсіптік кластер», шаруашылықтың бір-біріне жақын салалардағы фирмалардың географиялық агломерациясын білдіреді.
Қазіргі заманғы кластердің анықтамасы американдық экономист М.Портермен ұсынылған. Оның пікірінше кластер - нақты бір салада қызмет ететін және өзара бір-бірін толықтыратын географиялық көршілес орналасқан өзара байланысты компаниялар (жабдықтаушылар, өндірушілер және басқалары) және олармен байланысты ұйымдар (білім беру орындары, мемлекеттік басқару органдары, инфрақұрылымдық компаниялар) тобы. Ол елдің бәсекеге қабілеттілігін жеке фирмалардың бәсекеге қабілеттілігімен емес, ішкі ресурстарды тиімді қолдануға бейімделетін әр түрлі салалардағы фирмаларды біріктіретін кластер арқылы қарастыру керек деген ойды тұжырымдайды. Әр түрлі фирмалардың бәсекеге қабілетін зерттей отырып, ол, жоғары бәсекелі фирмалар территорияда шашыраңқы орналаспай, нақты бір территорияда шоғырлану қасиетіне ие болатынына назар аударды. Яғни бір немесе бірнеше фирма әлемдік рынокта бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізгенде, жабдықтаушыларға, тұтынушыларға және бәсекелестерге өз ықпалын тигізеді және кластер негізін ғылыми-өндірістік кешен және аймақтық-өндірістік саясат қалыптастырады.
Зерттеулер бойынша шетел авторларының еңбектерінде кластердің жиырмаға жуық анықтамасы берілген.
Кластер - әлемдік бәсекенің қатаң талаптарына төтеп беріп, өмір сүруін сақтап қалуға бейімделген қоғамды өзіндік ұйымдастыру әдістерінің бір түрі анықтамасын әлеуметтік тұрғыдан қарастыруға болады. Бұл сөз ғылымның медицина, психология, информатика, математика, физика және т.б. салаларында кездескенмен, оның мағынасы барлығына ортақ, ағылшын тілінен аударғанда «кластер» - жинақталу, топталу деген түсінікті береді [4]. Экономика саласында «кластер» - халықаралық еңбек бөлінісінде лидерлік позицияны алушы және экономикалық мамандануды көрсетуші, аймақ бойынша жақын орналасуынан қолайлы жағдайларға ие болатын өзара байланысты әр түрлі саладағы бәсекеге қабілетті компаниялар мен кәсіпорын топтары салалық, ұлттық, әлемдік рынокта бәсекелік позицияны қамтамасыз етеді. Осы анықтамадан кластердің мағынасы бір немесе өзара жақын аймақта орналасқан компаниялардың жиынтығын көрсетеді. Біздің ойымызша, технологиялық тізбекпен байланған және салыстырмалы секторалды келісте көрінетін негізгі өндірушілер мен тұтынушылар, арнайы жабдықтаушылар жүйелерінің территориялық шоғырлану базасында қалыптасқан өндірістік кешен кластерді құрайды. Оның негізінде өндіріс шығындары азаяды, өндірісті «көшіріп, айнытпай жасау» жол берілмейді, кластерлік бірігудің мотивтері: жаңа технологияларды тарту мүмкіндігінің артуы, аймақтарды, аудандарды, облыстарды белсендету, импорт пен экспортты қолдау, мамандарды дайындау және олардың біліктілігін арттыру, ал мақсаты бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтер өндіру саналады.
Кластердің жалпы құрылымы күрделі болып келеді (сурет 1). Кластер кеңесі аймақтық басқаруды қамтиды және бизнес бойынша үкімет кеңесімен байланысқан. Кластер құрылымындағы бастысы – құн құруда инновацияның бүкіл тармаққа таралуы және сыртқы ортамен әрекеттесуде ортақ логистикалық терезе. Бұндай құрылым трансакциялық шығындарды минимизациялауға мүмкіндік береді.
Кластердің жалпы құрылымы
Сурет 1. Кластердің жалпы құрылымы
Сонымен, біздің ойымызша, экономиканы дамытудың қазіргі заманғы шарттары кластерді жүзеге асырудың қажеттігі мен мүмкіндіктеріне жол ашады. Кедергі болатын факторларды жою үшін кластерлік саясатты қалыптастыруда елдің өнеркәсіптік және бәсекелік саясаттарын ескеру міндетті болып саналады.
1.2 Әлемдік кластерлердің құрылу тарихы мен тәжірибесін талдау
Әлемдік кластерді қалыптастыру тәжірибесін талдау, негізгі тәсілі мен әдісін ерекшелеу, оның бәсекеге қабілеттілікті арттыруға ықпалын ерекшелеу үшін жүргізілді. Бұл жерде кластерлік саясат негізі экономикалық өсімнің және оның бәсекеге қабілеттілігінің тұрақтылығын қалыптастыруға бағытталған механизмдер мен әдістер жиынтығы ретінде анықталған.
Елдердің экономикасының ғаламдық өзгерістерге ұшырауы кезеңінде кластерлер кеңінен тарай бастады. Олар нарықтық қатынастары дамыған елдердің өнеркәсібінің түрлі салаларында Италия, Германия, АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, сонымен қатар, дамушы елдерде Латын Америка, Азия, Африка мемлекеттерінде пайда болғанын атап кетуге болады.
Шағын кәсіпкерлік желісі мен кластерді дамыту бойынша бағдарламаларды өңдеу және енгізуде жеке сектор мен аймақтық үкіметтің өзара қызметін күшейту үшін ұсыныстар жиынтығы жасалды. Осы уақыт ағымында ұйыммен түрлі дамушы елдердегі: Үндістан, Индонезия, Малайзия, Мексика, Никарагуа, Гондурас, Ямайка, Боливия, Мадагасакар, Мароккода кәсіпорын кластерлерінің қызметінің тиімділігі, техникалық ынтымақтастығы, оларды қалыптастыру әдістері зерттелінді.
Экономикалық теорияда кластерлерді зерттеу 70-80 жылдардағы экономикалық әдебиетте «Үшінші Италия» деген атаумен мәлім, Италияның солтүстік–шығысында тиімді аймақтық экономикалық дамуының феноменіне негізделеді. 70 жылдардың соңында Италияның бай солтүстік-батысы (бірінші Италия) мен оңтүстігі (екінші Италия) экономикалық дағдарысты бастан кешірсе, елдің солтүстік–шығыс және орталық бөліктерінде жоғары экономикалық өсу байқалып, бұл жағдай экономистердің назарын аударды.
Нақты территорияда шоғырланған шағын кәсіпорындар жергілікті және экспортты нарықты дамытуға, үдемелі өсуге, сонымен қатар, халықты жұмыспен қамтуға қабілетті екенін көрсетті. Секторларда еңбекпен қамту ауыл шарушылығымен байланысты болмаса да, үшінші Италия ерекше өсуге ие болып және елдің басқа бөліктерімен салыстырғанда, қосымша құн тез жоғарылады. 1960 жылы басқа аймақтарға қарағанда миграциялық айырбаста халық санын маңызды көлемде кемітіп алған бұл аймақ, 1970 жылы халық үшін тартымды ауданға айналды.
Информация о работе Қазақстан Республикасының туристік кластерлік моделі