Қазақстан Республикасындағы туризмнің дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 17:11, реферат

Краткое описание

“Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында еліміздің келешектігі дамуына айқынды бағдар берілгені мәлім. Осы орайда ел экономикасында өсіп-өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатын бір сала туризм екеніне бүгінде көз жеткендей. Жиһангерлік және саяхатшылық-адамның танымдық көкжиегін кеңейтетін, қазіргі замандағы ғаламат мүмкіншілігі бар, пайдасы шаш етектен келетін, біз әлі толық игере алмаған саланың бірі екендігі баршамызға белгілі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

tour_ref_4.doc

— 142.50 Кб (Скачать документ)

Туристік кадрларды  даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарында туристік қызметтің әртүрлі қажетілігі мен даму деңгейін ескере отырып, мамандануын анықтау;

Мамандарды оқытуда  олардың отандық туристік ресурстарды  игеруіне, оларды пайдалану әдістеріне, жаңа ақпараттық технологияларды, білуіне  тілдік дайындауға негізінен иек арту;

Орта арнаулы оқу  орындарында бірінші деңгейдегі туристік қызметшілерді даярлауды  ұйымдастыру;

Жалпы білім беретін  оқу орындарында туристік сыныптар, секциялар  мен үйірмелер құруға көмектесу;

Бұдан бұрын таратылған балалар мен жас өспірімдер туризмінің республикалық және аймақтық  станцияларын қайта қалпына келтіру;

Ұлы Жібек жолының (1700км) қазақстандық учаскесіндегі туристік-рекреациялық қорларды қайта жаңғыртуға және түгендеуге, зерттеу жұмыстарына ерекше назар  аудару қажет.

Қазіргі заманғы туризм индустриясын құру саланы дамыту проблемаларын, туризм рыногы дамуының құрылымын, тетігі мен заңдылықтарын ғылыми тұрғыда  зерделемейінше, сондай-ақ саланы дамытудың  ғылыми қамтамасыз ету жүйесін құрамайынша  мүмкін болмайды. Дегенмен, Қазақстанда бұл мәселелер туризм экономикасын зерттеушілер үшін әлі күнге игерілмеген «тың» күйінде қалып отыр.

Әлі күнге дейін ұлттық экономика теориясына туризм халық  шаруашылығының толыққанды саласы және ғылыми жағынан талданатын пән ретінде  қарастырылмайды. Сол себепті республикада аталған тақырып бойынша ғылыми әдебиет аз шығарылады. Бұған қоса, Қазақстанда Кеңес кезеңінен бері «туризм» деген ұғым елеулі табыс түсіретін экономика саласынан гөрі спортпен және денсаулықты нығайтумен жиі байланыстырылады.

Ең алдымен, Қазақстан  Республикасының рекреациялық ресурстарын  түгендеу және олардың мониторингі  жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру  қажет. Экономиканың саласы ретінде  туризмді ғылыми қамтамасыз ету үшін оны болжауды және дамытуды тиісті ғылыми құрылымдар қажет. Проблеманы шешудің ықтимал шешімі ретінде туризмнің ғылыми-зерттеу институтын құру ұсынылады.

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазіргі кезде Қазақстанда 270 лицензия алған туристік фирмалар жұмыс істейді. Оның 83 % халықаралық  туризммен шұғылданады. Соған қарамастан Қазақстан кәсіпкерлері туризмді қазірше жоғарғы табысты қызмет сферасы деп қарамайды. Олар  қаржы шығаруға жүрексінеді. Себебі өндіріс саласындағы салық салудың жеңілдіктеріне, жоғарғы табысқа қызығады.

Қазақстан әлемде туристік бағытта әлі де болса белгісіз ел. Сондықтанда Қазақстанның туристік бейнесін көтеру үшін бірқатар кең көлемде шаралар қажет. Негізгі шаралардың бірі туристік негізгі шаралардың бірі туристік фирмалар мен агентсволардың халықаралық туристік жәрмеңке, көрме конференция т.б. әлемдік деңгейдегі шараларға қатысуы және  Қазақстан жерінде де өткізу.

Қазақстанда Еуразияның қоғамдық және мәдениет орталығын жасау  үшін конгрестік туризмді дамыту маңызды.  Туризм саласында халықаралық ынтымақтастық  жұмыстарын жүргізудің ЮНЕСКО және БЭСҰ -бағдарламаларына қатысу, екі сондай-ақ көп жақты шет елдік мемлекеттермен келісім жасау.

Туристік бет-бейнені  қалыптастыру үшін туристік хабарлама  орталықтарын ұйымдастыру, сондай-ақ шет  елдердегі Қазақстан елшілігіндегі  өкілетті тұлғаларды араластыру жұмыстарына  көңіл бөлуі керек. Еліміздің туристік қуатын жарнамалауда ұлттық әуе қатынасын және басқа да транспорттық кәсіпорындарда пайдалана білу.

Шет елдерде Қазақстан  туралы жоғары сапалы полиграфиялық  үнтаспаларды уағыздау жұмысына көңіл бөлуі.

Сонымен  бірге Қазақстанда әлемдік деңгейде әр түрлі мәдениет, спорт, туристік шараларды өткізу қажет.

Қазақстаннның туристік бет-бейнесін көтеруде Республика территориясына келіп  кету тәртібін жеңілдетуі, кедендік шараларды біртұтас компьютерлендіру жүйесін енгізу. 2002-2003 жылдар аралығындағы Қазақстанның туристік бет-бейнесін көтеруде қабылданған үкімет қаулысы 2000 жыл 26 қазанында (16-04) Қазақстанға туристерді тартудың қызметін және елдердің халықаралық туристік нарыққа қатысуын қарастырған. Қорыта айтқанда Қазақстан Республикасында туризмді дамыту мақсаты:

  • туризмді экономиканың табысты салаларының біріне айналдыру.
  • Республиканың туристік потенциалын дамыту.
  • Мәдениет тарихын және табиғи байлықтарымызды сақтау және ұтымды пайдалану.
  • Туристік ресурстарды барлық халықтық қол жеткізу мүмкіншілігіне көңіл бөлу, тұтынушыларды максималды қанағаттандыру.
  • Халықты ынталандыру
  • Мемлекеттік және жеке меншіктік туризм сферасының тиімділігін арттыру.
  • Орта және шағын кәсіпкерлерді дамыту.

Әдебиеттер  тізімі:

  1. Авдокушин Е.Ф. Международные экономические отношения: Учеб. Пособие.-М.: ИВЦ Маркетинг, 1996.
  2. Байгісиев М. Халықаралық экономикалық қатынастар: Оқу құралы - Алматы: Санат, 1998.-192б.
  3. Бабин Э.П. Основы внешнеэкономической политики.-Учеб. Пособие.-М.: ОАО Экономика, АОЗТ МИКО, 1997.
  4. Буглай В.Б., Ливенцев Н.Н. Международные экономические отношения - Учеб. Пособие.-М.: Финансы и статистика, 1996.
  5. Доғалова Г.Н. Халықаралық экономика : Оқу құралы - Алматы: Экономика, 2000. - 88б.
  6. Друкер, Питер Ф. Нарық: топжарып, алға шығу: Практика мен принциптер. / Орыс тілінен аударғандар  Р.Шаймерденов, Н. Бөлекбаев.-Алматы: Білім, 1994-320б.
  7. Кекенова А.Т. Сыртқы қарыз мәселелері және дамушы елдерде сыртқы қарызды басқару: 08.00.14. Э.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу   үшін дайындаған дис. авторефераты
  8. Кешенова Б.А.  Ақша, несие, банктер, валюта  қатынастары: Оқу құралы.-Алматы: Экономика, 2000-328б.


                                                                                                                                                                              


Информация о работе Қазақстан Республикасындағы туризмнің дамуы