Қазақстан Республикасындағы туризмнің дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 17:11, реферат

Краткое описание

“Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында еліміздің келешектігі дамуына айқынды бағдар берілгені мәлім. Осы орайда ел экономикасында өсіп-өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатын бір сала туризм екеніне бүгінде көз жеткендей. Жиһангерлік және саяхатшылық-адамның танымдық көкжиегін кеңейтетін, қазіргі замандағы ғаламат мүмкіншілігі бар, пайдасы шаш етектен келетін, біз әлі толық игере алмаған саланың бірі екендігі баршамызға белгілі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

tour_ref_4.doc

— 142.50 Кб (Скачать документ)

 Жоспар                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

“Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында еліміздің келешектігі дамуына айқынды бағдар берілгені мәлім. Осы орайда ел экономикасында өсіп-өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатын бір сала туризм екеніне бүгінде көз жеткендей. Жиһангерлік және саяхатшылық-адамның танымдық көкжиегін кеңейтетін, қазіргі замандағы ғаламат мүмкіншілігі бар, пайдасы шаш етектен келетін, біз әлі толық игере алмаған саланың бірі екендігі баршамызға белгілі. Бүгінгі туризм, яғни жиһангерлік  және саяхатшылық–бұл мемлекет пен қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты қалыптасуының маңызды факторы. Сондықтан туристік қызмет көрсету рыногында мүдделі министірліктер мен ведомстволардың, уәкілетті органдардың, туристік компаниялардың, фирмалардың және жеке кәсіпкерлердің күш мүмкіншіліктерін жұмылдыруға, біріктіруге ықпал жасау - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі жұмысының күн тәртібінен берік орын алған. Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның ДТҰ деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.

 Туризмнің қазіргі  индустриясы табысы жоғары және  серпінді дамып келе жатқан  қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. 1999 жылы халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын дүниежүзілік табыстың 8 пайызын, қызмет көрсету секторы экспортының 37 пайызын құрады. Туризмнен түскен табыс мұнай, өнімдері және автомобиль экспорты табысынан кейін тұрақты 3-ші орында келеді мұндай оң үрдіс жаңа мың жылдықтың бас кезінде де ұсақталады деп күтілуде. Әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебіне басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.

Қазіргі туризм еңбекшілердің  жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болды, мұның өзі адамның демалуға және бос уақытын өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды.

Дүниежүзілік туристік ұйым ДТҰ сарапшыларының берген бағасына қарағанда, белсенді бет-бейнені айқындау саясатын жүргізу – жылына орта есеппен 2,5 процентке келу туризмін көбейтуге мүмкіндік береді. Бұл халықты жұмыспен қамтуға, бюджетті толықтыруға, шағын бизнесті дамытуға және туристік инфрақұрылымды құруға игі ықпал жасайды. Осындай үрдісті басшылыққа алып, көптеген мемелекеттер, оның ішінде жоғары дамыған туристік индустриясы бар, сондай ақ ТМД-ға қатысушы елдердің бір қатары бет бейне қалыптастыру саясатын жүргізуге қарқынмен кірісті. Мәселен, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Туркіменстан жыл сайын әлемнің жетекші туристік көрмелеріне қатысып келеді.

Жоғарыда аты аталған  ТМД мемлекеттері көптен бері өз аумақтарында халықаралық және аумақтық көрмелерді өткізуді қолға алды. Мұндай көрмелерді не жәрмеңкелерді өткізу немесе соған қатысу - мақсат емес, бірақ отандық туристік өнімді халықаралық рыногына өткізу үшін оның үлкен көмегі бар.

ДТҰ, туризм жөніндегі  мамандандырылған халықаралық ұйымдардың зерттеулерінің талдауына, сондай ақ мемелекеттердің  туризмді дамыту саясатына сәйкес, туризм мемлекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет ретінде түсіндіріледі.

Қазіргі туризм – бұл  әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін  саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған бара бар, шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек. Бұл ретте, шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің есебі бойынша, 100 мың турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде кемінде 350 мың доллар немесе адам басына бір сағатта 17,5 доллар жұмсайды. Сөйтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризмді дамыту – ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ.

Туризм жалпы алғанда, мемлекеттің экономикасына үш оң нәтиже береді:

1. Шетел валютасының  құйылуын қамтамасыз етеді және  төлем теңгерімі мен жиынтық  экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал жасайды.

2. Халықтың жұмыспен  қамтылуын көбейтуге көмектеседі.  ДТҰ мен Дүниежүзілік туризм  және саяхат кеңесінің бағалауы  бойынша туризм өндірісінде құрылатын  әрбір жұмыс орнына басқа салаларда  болатын 5-тен  9-ға дейін жұмыс орны келеді екен. Туризм тура немесе жанама түрде экономиканың 32 саласының дамуына ықпал жасайды.

3. Елдің инфрақұрылымын  дамытуға  жәрдемдеседі.

Туризм елдің тұтас  аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді. Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы және жұмыс істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналдық тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетуі дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп, туризм индустриясы басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салы стырғанда, неғұрлым пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие.

Туризм жеке және ұжымдық  жетілдіру құралы ретінде жоспарлануы  және тәжірибеде іске асырылуы тиіс демалыспен, босуақытты өткізумен,   спортпен, мәдениетпен және табиғатпен тікелей  араласуға байланысты қызмет. Мұндай жағдайда, ол өз бетімен білім алудың, толеранттықтың және халықтармен олардың әртүрлі мәдениеттерінің аркасындағы олардың өзгешеліктерін танып-білудің бірден бір факторы болып табылады.

Туризмнің жылдам және тұрақты  өсуі, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық секторларымен қоғамның әл-ауқатына күшті әсерін назарға ала отырып, үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімдік даму бағдарламасында туристік саланы басымдық ретінде бе лгіледі.

Осы Тұжырымдама туризм саласында тұтас мемлекеттік  саясатты қалыптастыруда, Қазақстанда қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті туризм индустриясының құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздері қалыптастыруды көздейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І­ТАРАУ.  Қазақстан  Республикасындағы туризм саласын  дамыту міндеттері

1.1 Қазақстан Республикасындағы туризм саласын талдау

 

2001 жыл ішінде саяхат  қызметін жүзеге асыратын 690 кәсіпорын  (оның ішінде туристік фирмалар  саны 531)  есеп берді. Олар жыл  бойы 146,9 мың туристер мен экскурсанттарға  қызмет көрсеткен (1999 жылы сәйкесінше  425 кәсіпорын есеп берді және олар 228,3 мың адамға қызмет көрсетті)

Саяхатшылар жалпы саны 1999 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1.6 есеге қысқарды, соның ішінде жекелеген  турист категориялары   бойынша  қысқару   мөлшері әр түрлі  болды: бізге келген туристердің саны 2,1 есеге шетке шыққан туристер саны 1,6 есеге, ел ішінде демалғандар саны 1,3 есеге қысқарды. Төменде туризм түрлері бойынша қызмет көрсетілген туристердің саны туралы диаграмма келтірілген.

                                                                                                                                                                                           

    1 - 123047  Ұлттық туризм 2000жыл.

    2 - 178166 Ұлтық туризм 1999 жыл.

    3 -  91228  Халықаралық туризм 2000 жыл.

    4 - 156232 Халықаралық туризм 1999 жыл.

    5 -  55687   Ішкі туризм 2000 жыл.

    6 - 72088    Ішкі туризм  1999 жыл.

Жұмыс істеп тұрған туристік фирмалардың ең көбі Алматы қаласында (356), Қарағанды облысында (56), Астана қаласында (48) және Шығыс Қазақстан облысында (42) орналасқан. Бұл облыстардың кәсіпорындары барлық туристер мен экскурсанттардың 86 пайызына қызмет көрсетті.

2000-шы жылы туристердің  көп бөлігіне жұмыс істейтіндер  саны 50 адамнан төмен фирмалар  қызмет көрсетті. Олардың жалпы кәсіпорындар санындағы үлесі 92,6 пайызды құрады, бұл 1999 жылдың сәйкес кезеңі мен салыстырғанда 4,1 пайызға аз.

Ірі кәсіпорындар санының  үлесі артқанымен де,олардың қызмет көрсеткен туристер саны азайып келеді.

Ірі фирмалардың есептік  жылдағы негізгі атқарған қызметі- алыс және таяу шетелдерге шығу визасын дайындау болды.

 Қазақстан Республикасының  туристік фирмалар мен агенттіктер    қызметінен түскен табысы 2000 жылы 1340,3 млн. теңгені және 277000 АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі мен салыстырғанда сәйкесінше 1,4 және 2,9 есеге аз.

Халықаралық туризм адамдардың елдер арасындағы қозғалысын білдіреді. Оның дамуын талдау кезінде оның транспорт  индустриясымен өзара байланысын анықтаудың  маңызы зор.

Бей резидент туристердің  көпшілігі сапарға шығу кезінде әуе транспортын пайдаланады, оның үлесі 85,4 пайыз. Темір жол транспорты мен туристердің 7,2 пайызы, халықаралық автобустарымен- 3,3 пайыз және тағы басқалары құрлық транспорт құралдарымен - 4,1-і сапар шеккен.

Резидент-туристер де көбінесе әуе транспортын таңдайды. Халықаралық автобустарды олардың 21,9 пайызы, темір жол транспортын –6,8 пайызы, басқа да құрлық транспорт құралдарын - 1,1 пайызы қолданған.

Жыл ішінде бейрезидент-туристердің  негізгі бөлігі республикаға Германиядан -11194 адам (46,9 пайыз), Ресейден –1628 адам (6,8 пайыз), АҚШ-тан –1730 адам (7,2 пайыз), Ұлыбританиядан-1659 адам (70 пайыз) және Қытайдан – 309 адам  (1,3 пайыз) келді.

Келген туристердің  республикада саяхатта болуының орташа ұзақтығы 16 күнді құрады (ТМД-дан келгендер үшін-3-4 күн, ал ТМД-дан тыс елдерден келгендер үшін – 17 күнге дейін). Бұл негізінен іскерлік мақсатпен-89,9 пайыз, демалу үшін – 4,8 пайыз, таныстарымен туыстарын көру үшін-1,4 пайыз және тағы басқа мақсаттармен-3,9 келген адамдар.

Республикаға  келген туристердің  (23868 адам) ТМД-дан тыс елдерден келгендер саны 86,3 пайызды, бұл 1999 жылдың (88,4 пайыз) сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1 пайызға төмен. Есептік жыл ішінде 67360 адам туристік жолдама алды. Олардың 8027-сі ТМД елдеріне сапар шекті, бұл өткен жылғымен салыстырғанда 2 есе артық шама.

  Қазақстандық туристердің  ТМД елдерінде сапарда болу  ұзақтығы орта есеппен 4-5 күнді  құрайды. Біздің жерлестеріміз  көбінесе Қырғызстанға-4950 адам (61,7пайыз), Ресейге-3039 адам (37,9 пайыз) жол жүрген. 2000-шы жылы ТМД-дан басқа елдерге шыққан Қазақстандық туристердің жалпы саны 59333 адамды құрады, олардың саны өткен жылға қарағанда (102174 адам) 1,7 есе азайды.

2000 жылы ТМД-дан тыс  елдерде болу ұзақтығы 5-6 күнге  созылды. Туристердің неғұрлым көп бөлігі Түркияға - 20462 адам (30,4 пайыз), Қытайға-12913 адам (19,2 пайыз), Германияға - 13110 адам (19,5 пайыз) және Біріккен Араб Эмираттарына – 4595 адам (6,8 пайыз) жол жүрген. Қалған елдердің алатын үлесі елеусіз. Есеп берген 159 мейманхананың 1/3 бөлігінен астамы облыс орталықтарында орналасқан. Олардың ең көп бөлігі Алматы және Астана қалаларында, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында шоғырланған.

Есеп берген мейманханалардың көпшілігі - 138(87 пайыз) жекеменшік формасында. Мемлекеттік меншікте мейманханалардың 14-і (9 пайыз).    

Қонақүйлердің 2\3 бөлігі кәсіпорындар болып табылады,    жұмысшылардың саны 0-50 ге дейін, олардың  үштен бір бөлігінде 50-ден 250 ге дейін  жұмысшылар қызмет етеді, тек 5пайызында  ғана 250 ден жоғары жұмысшылар бар.

2000-шы жылы қонақүйлерге  бір уақытта орналасу орны 16389, ал барлық номерлер саны 9124 болды.  Бір номерге орташа сыйымдылығы  екі адам.

2000-шы жылы туристерге  қызмет көрсету бойынша қонақ  үйлер мен басқа кәсіпорындардағы  қосымша қызмет пен эксплуатациядан түскен табыстар төменгі кестеде келтірілген.

 

 

 

 

 

 

     Кесте 3

 

 

Эксплуатациядан түскен табыс  млн.теңге

Қосымша қызметтерден  түскен табыс млн.теңге

Барлығы млн.теңге

Бейрезиденттерден түскен табыс

Барлығы млн.теңге

Бейрезиденттерден түскен табыс

 

Барлығы:

 Мейманханалары бар  қонақүй 

 

Мейманханасы жоқ қонақүйлер

 

Студенттік жатақхана  және таулардағы турбазалар

 

Кемпингтер

 

Басқа да тұратын орындар

 

6976,5

 

 

6532

 

 

378,1

 

 

 

 

19,8

 

6,9

 

 

39,7

      

 

3991,1

 

 

3950,3

 

 

33,9

 

 

 

 

0

 

6,9

 

 

0

 

1474,4

 

 

1377,6

 

 

96

 

 

 

 

0

 

0,6

 

 

0,2

 

885,1

 

 

884,3

 

 

0,8

 

 

 

 

0

 

0

 

 

0


 

Республика бойынша  қонақүйлік кешендегі эксплуатациядан  түскен табыс 6976,5 млн. теңге. негізінен  мына облыстардағы кешендерден табыс  алынған: Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан. Ең көп кері сальдо мына облыстарда қалыптасты: Алматы, Астана, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда. 

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы туризмнің дамуы