2007-2010 Туризм индустриясын дамыту бағдарламаламасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2014 в 05:01, реферат

Краткое описание

Қазақстандағы туризмді алып қарайтын болсақ, өте қарапайым болып көрінеді. Қазақстан Республикасының Үкіметінің қабылдаған «Қазақстанда туризмді дамыту» туралы бағдарламасы елімізде туризм саласын дамыту жолдарын көрсететін маңызды құжат болып табылады. Бағдарламада туризмді дамытуда туристік саланың жоғарғы тиімді, әрі бәсекеге қабілетті бағыттары атап көрсетілген. Туризмнің дамуы ол мемлекетіміздің шағын және орта бизнесті, туристік бизнесті қолға алуымен тығыз байланысты. Егер еліміздегі туристік бизнеспен айналысатын кәсіпорындар бүгінгі заман талабына сай қызмет атқара алса, неге дамытпасқа. Мемлекетіміз туризм саласын даму үшін көп мән беріп, бағдарламалар мен кәсіпорындарға көмек береді. Есеп-беру өндірістік тәжірибе болып табылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

2007-2010 туризм индустриясын дамыту.docx

— 63.60 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

дамып жатқан секторы және валюталық түсімдердің тиімді көзі болып табылады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Үндеуінде: «Біз бәсекеге қабілеттілігін үнемі арттырып отыратын басым салалары бар бәсекеге қабілетті экономика үлгісін таңдадық, сөйтіп қазақстандық кластерлер жүйесін дамытудың бастамасын көтердік»,– деп көрсетілген. Дүниежүзілік тәжірибе бойынша, осындай басым бағыттағы қызмет салаларына туризм де жатады. Туризм қазіргі әлемде құқығы жағынан жүз жылдықтың экономикалық феномені болып танылды және кез-келген мемлекет экономикасының дамуына ықпал етеді. Осы заманғы әлемдік экономикада туристік сала – аса жанды және перспективалы салалардың бірі, кейбір елдерде мемлекет кірісінің алғашқы тарауы болып табылады. Бүкіләлемдік туристік ұйымның болжамы бойынша Қазақстан Республикасы тұрақты туризмді дамыту үшін болашағы бар елдер санында. Барлық туристік нарықта Қазақстанның табиғатына, ландшафтарына және ұлттық мәдениетіне үлкен қызығушылық білдіреді. Сондықтан да Қазақстанда туристік сала елдің экономикалық дамуындағы басым сала ретінде белгіленді. Туризм дамуының әлемдік үрдістері мен Қазақстандағы оның жай-күйінің арасындағы алшақтық шынайы резервтер мен потенциалды мүмкіндіктер болған жағдайда ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттағы проблемалар кешенін шешуді талап етеді, ондай проблемалардың қатарына туризм инфрақұрылымының жеткілікті дәрежеде дамымағандығы, көрсетілетін қызметтердің деңгейі төмен болуы, көрсетілетін қызметтер сапасының баға деңгейіне сай келмеуі, қызметкерлердің біліктілігінің төмендігі, т.б. жатады. Дүниежүзілік туристік ұйым ДТҰ сарапшыларының берген бағасына қарағанда, белсенді бет-бейнені айқындау саясатын жүргізу - жылына орта есеппен 2,5 процентке келу туризмін көбейтуге мүмкіндік береді. Бұл халықты жұмыспен қамтуға, бюджетті толықтыруға, шағын бизнесті дамытуға және туристік инфрақұрылымды құруға игі ықпал жасайды. Осындай үрдісті басшылыққа алып, көптеген мемелекеттер, оның ішінде жоғары дамыған туристік (индустриясы бар, сондай ақ ТМД-ға қатысушы елдердің бір қатары бет бейне қалыптастыру саясатын жүргізуге қарқынменкірісті. Мәселен, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Туркіменстан жыл сайын әлемнің жетекші туристік көрмелеріне қатысып келеді. Жоғарыда аты аталған ТМД мемлекеттері көптен бері өз аумақтарында халықаралық және аумақтық көрмелерді өткізуді қолға алды. Мұндай көрмелерді не жәрмеңкелерді өткізу немесе соған қатысу - мақсат емес, бірақ отандық туристік өнімді халықаралық рыногына өткізу үшін оның үлкен көмегі бар. ДТҰ, туризм жөніндегі мамандандырылған халықаралық ұйымдардың зерттеулерінің талдауына, сондай ақ мемелекеттердің туризмді дамыту саясатына сәйкес, туризм мемелекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет ретінде түсіндіріледі. Туризм Қазақстан экономикасындағы қарқынды салалардың бірі, Халықаралық сарапшылардың пікірінше қазіргі кезде туризм әлемдік экономикадағы қарқыны төмендемейтін саланы біріне жатады. Туризм көп елдерде жалпы ішкі өнімнің қалыптасуына, қосымша жұмыс орнын құруға және сыртқы сауда балансының белсенділігіне ықпал етеді. Соңғы жылдары туризм әлемдегі ең табысты бизнестің бірі. Туризмнің маңызы жылдан-жылға өсуде, оның халықаралық байланыста және валюталық түсім көз ретінде маңызы артуда. Елдердің шикізат көзі азаяды, ал туристік индустрия қалпына келетін ресурстармен жұмыс істеген. Туризмнің басқа да салаларға тигізетін әсері мол, оның 32 салаға жанама ыкпалы бар (турфирмалар, көлік түрлері, мейманхана кешендері, демалыс үйлері, санаториялар, ұлттық парктер, тамақтану сферасы, т.б.). Бұл дегеніміз -әлемдік өндірісте әр 9 адамның жұмыс орны деуге болады. Туризм индустриясының мемлекеттік бюджетке түсіретін валюталық түсімі, орта және шағын

 

 

 

 

бизнеске көмегі, тауар мен қызмет көрсету нарығы арқылы аймақтардың экономикасының дамуына ықпалы өте зор. Сонымен қатар, туризмнің қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық дамуы келесі көрсеткіштермен сипатталады. Ішкі және халықаралық туризмнің жалпы шығыны әлемдік ұлттық ішкі өнімнің 12%-ін құрайды, жыл сайын 1,5млрд. Ішкі және халықаралық саяхаттау тіркелді. Халықаралық туризмнің үлесіне жыл сайын әлемдік экспорттың 7% және қызмет көрсетудің 25-30% келеді. Халықаралық туризмнің жылдық өсуі 4,0%, ал болашақта бұл көрсеткіш көтерілмек. Туризм саласының дамуына ықпал ететін факторлар: - кез-келген елде, Қазақстанда да туристік рекреациялық ресурстың болуы; -туризмге тура немесе жанама салалардың және кәсіпорындардың дамуы; - сыртқа шығу туризмнің елге шетелдік валютаны тартуы; - аз мөлшерде шығын шығарып табыс табу; - алғашқы өндіріс факторын қамтамасыз етудегі шығынның болмауы; -халықты жұмыс орнымен қамтамасыз ететін орта және шағын бизнестің дамуы; - қызмет көрсету секторының өсуі; - елдің әлемдік қауымдастыққа белгілі болуы және бет-бейнесінің қалыптасуы. Қазақстанда 400-ден астам туристік фирмалар қызмет етеді, 80 елдің туристік фирмаларымен келісім жасаған. Туризмнің дамыған аймақтары - Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары, сондай-ақ Алматы және Астана қалалары. Осы облыстардың және қалалардың туристік  фирмалары қызмет көрсетудің 88%-ін құрайды. Қазақстаннан туристердің мейлінше көп баратын елдері: Ресей, Қытай, Германия, Корея, Польша, Турция, БАЭ. Ал біздің елге келетін туристердің елдері: Ресей, Қытай, Германия, Пакистан, Полыпа және Турция. Туристерді тасымалдауда авиакомпаниялардың ролі зор. Көптеген туристер шетелдік авиакомпанияларға қызығушылығы артық болып тұр, ал ұлттық компаниялардың ролі төмен. «Эйр-Казахстан»-ның акциясы мемлекеттік меншікке өтуі болашақта ұлттық авиатасымалдаудың маңызы артады деген үміт бар. Ал автомобиль транспортының ролі шекаралық тасымалдау мен саяхат жасау маршруттарында қолданады. Оның дамуы көлік құралдарына және жолдарының қызмет ету сапасына байланысты. Қазіргі кезде «Сайран» автовокзалы үлкен қызмет көрсетуде. Жалпы автобус парктері өте төмен деңгейде, қазіргі сұранысқа сай автокөліктер өте аз. Теміржол көлігі «Қазақстан Теміржолы» 14 бағытта жұмыс істейді. Олардың қызмет көрсету сапасы халықаралық стандартқа сәйкес келмейді. Алматы-Астана маршруты ғана стандартқа сай, ал оңтүстік маршруттары ешқандай сын көтермейді. Ал орналастыру құралдарына келсек, көпшілігінің кабылдау мүмкіншілігі төмен, номерлердің бағасы жоғары, сондықтанда жабылып жатыр. Қазақстан туризмнің дамуына түрткі болған Президенттің бұл салаға басымды сала ретінде көңіл бөлуі. Үкімет тарапынан Қазақстан туризмінің және елдің бет-бейнесін жасауға ( 2000-2003) байланысты шаралар болды. 2001 жылы туристік бизнестегі ерекше жыл болды, туризмге 26млн. теңге бөлінді. Қазақстан экономикасы 2-3 жүлдызды орта, шағын мейманхана салуға мүмкіндігі бар. Туризмді дамыту үшін әлеуметтік-экономикалық фактордың ықпалы жоғары. Олардың ішінде маңыздысы: мемлекеттің әлеуметтік саясаты, жұмыстан бос уақыт, урбанизацияның өсуі, білім және мәдениеттің, орташа өмір сүрудің деңгейі, жылдық демалыс күндері мөлшері, халықтың өмір сүруінің деңгейі, табысы, туристік белсенділік жатады. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі қазіргі кезде туризмнің жаппай дамуын тежеп отыр. Қазақстандағы туризмнің даму бағыты шоп-туризмді ұйымдастырумен байланысты, яғни материалдық қажеттіліктен туындап отыр. Қазіргі кезде ТМД елдерінде туристерді тарту үлкен бәсекеге ие болып отыр. Көрші елдер Ресей, Өзбекстан, Қырғызыстан, Монголия туризмді дамытуға барлық күшін салуда, және қазір Қазақстанды басып алуда. Қазақстан Республикасында туризмді дамытуға кедергі ететін негізгі экономикалық факторлар.

 

 

 

 

Бірқатар кедергілерден соң Қазақстан үлкен туристік биржаларға қатысты. Берлин, Лондон, Мәскеу қалаларында. Қазақстан Республикасы бәсекеге түсе алатын және рентабельді туризм индустриясын дамытуға толық мүмкіншілігі бар . Оған ықпал ететіндер: - еліміздің қолайлы геосаяси жағдайы. Батыс пен Шығыс аралығындағы халықаралық туристік және коммерциялық ағымдардың өсуі; - саяси тұрақтылық, демократиялық қайта құру, экономикалық реформаның өтуі және инвестициялық ахуалдың тұрақтылығы мен ашықтығы; - еліміздің тарихи- мәдениет мұрасының ерекшелігі; - мұсылман, христиан, будда ескерткіштерінің болуы; -Қазақстанның көп мәдениеттілігі, музей, мәдениет ошақтарының, фольклорлы - этнографиялық және ұлттық кәсіпқой өнерпаздардың көп болуы; - Туристік - рекреациялық аймақтардың болуы, табиғи ландшафтар, өсімдік, жануарлар дүниесінің ерекшелігі, экзотикалық тур, балық аулау, аң аулау, өсімдіктер жинау т.б.; - бос еңбек ресурстарының болуы (мамандар). Туризмнің даму барысына Қазақстанның 1993 жылы БТҰ- на кіруінің маңызы зор болды. Елімізде туризмнің дамуына көңіл бөлінуде және туризмнің ролін түсінуде. Айта кететін бір жағдай, Республикада туризм дамуының улкен концепциясы құрылуы « Ұлы Жібек Жолының» жаңғыруы. Қазақстанда туризмнің дамуын дұрыс жолға қою тек табыс алып келу ғана емес, еліміздің басқа елдермен байланысы нығайып, бет бейнесі қалыптасады. Қазақстандағы туризмнің тарихи алғы шарттары біздің д.д.үшінші мың жылдықта қалыптаса бастаған Ұлы Жібек жолының қалыптасуымен дамуы болып табылады. Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін туризм басқада экономика салалары сияқты орталықтан қатаң регламенттелді. Туристік қызметтегі КСРО — ның негізгі аймақтары Кавказ, Қырым, Балтық өңірі, Ресейдің, Орта Азияның тарихи орталықтары болды. Сонымен, бірге, Қазақстанның бірқатар сэулет, археологиялық, мәдени ескерткіштері мен табиғи көрнекті жерлерінің тарихи мәніне іс жүзінде жарнама жасалмады және сұраныс болмады. Кеңестік кезеңде Қазақстандағы туризм идеологиялық қызметті атқарған мәдени-ағарту жұмысы жүйесі әлементтерінің бірі болып саналды және оның басым рөліне қарамастан, қалдық қағидаты бойынша қаржыландырылды және елеулі экономикалық маңызға ие болмады. Қазақстанда туризм өндірісінің дамымай қалуының бір себебі экономика саласы ретінде онымен мемелекттік деңгейде тікелей айналыспады. Туризмді аумақтық ұйымдастыру және мемлекеттік емес туристік құрылымдарды кешенді болжауға, ұзақ мерзімді жоспарлауға назар аударылмады. Туризм табысының үлкен бөлігі жергілікті бюджетке түсетіндігіне қарамастан, жергілікті басқару органдарының тарапынан туристік қызметті басымдық деп танымауы саланы дамытуды тежеуші фактор болып табылады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мүрасын қайта өркендету үшін негіз каланды. Бүгінгі күні біздің мемлекетімізде туризмді дамыту «Туризм туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 3 шілдедегі №1508-ХІІ Заңымен, Қазақстан Республикасы Президентінің «Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясын іске асыру» туралы, «Ұлы Жібек жолының Қазақстан Республикасындағы туристік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі ЮНЕСКО және Дүниежүзілік Туристік Ұйымның жобасы» туралы 1997 жылғы 10 сәуірдегі N3476 және Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау мен сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы туралы» 1998 жылғы 27 ақпандағы №3859 Жарлықтарымен қамтамасыз етіледі.Осы құжаттарды қабылдау туризмнің Қазақстандық рыногын дамытуға оң әсер етті. Туризм саласындағы халықаралық қатынастарды дамытуға жасалған қадамдардың бірі — Қазақстанның 1993 жылы толығымен ДТҰ — ға толық мүше

 

 

 

 

болып қабылдануы, туризм саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық келісімдер жасауы болды. Бірқатар келісімдердің шет мемлекеттердің Қазақстанды туристік әлеуеті мол перспективалы серіктес ретінде тану бастамасымен болғандығын атап өту керек. Туристік қызметке жасалған талдау көптеген турфирмалардың сыртқа шығу туризмімен айналысатындығын көрсетті, ал бұл, бірінші кезекте, Қазақстаннан капиталдың жылыстауына экеп соғады. Республика азаматарының шетелге тауарлар сатып алу, оны кейіннен сату мақсатында баратын жол сапарлары бүрынғысынша бүқаралық сипат алып отыр, ал шоп-туризм Қазақстандағы туристік қызмет көрсету рыногының жай-күйін анықкөрсетеді. Ол экономикалық дағдарыс кезеңінде туристік қызметке сұранысты жандандырып, көбінесе туристік фирмалардың тиісті тәжірибесінің және білікті мамандарының жетіспеушілігіне бйланысты туристер мен «чартер ұстаушылар» арасындағы делдалдық қызмет атқаруына елеулі көмек көрсетті. Қазақстанның түтыну рыногының төрттен бірін «қапшықтау» бизнесі тауарлармен толтырады және, тұтастай алғанда, бір мезгілде тауар өткізу мен сату жүйесіндегі 150 мынға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Қазақстанның ішкі сауда айналымындағы жыл сайынғы «қапшықтау» саудасының көлемі шамамен 2 млрд. АҚШ долларын құрайды. Сонымен бір мезгілде, шоп-туризм, ең алдымен, еліміздің бюджетіне кері әсер етеді. Туристік бизнестің секторларының бірі ретінде шоп-туризмнің өсуі туристік қызмет көрсетудің деңгейін котеруге елеулі әсер ете қойған жоқ. Бүкіл өркениетті дүние негізгі туристер ағынын өздеріне тартуға ұмтылуда, себебі туризм мемлекет бюджетінің кіріс бөлігін толықтырудың маңызды көздерінің бірі болып табылады. Сондықтан, Қазақстанға шетелдік туристер ағынын көбейту қажет. Осы мақсатта туристік ұйымдардың қызметін, мұның өзі бірінші кезекте, көлік құралдарының, орналастыру құралы, кадрлық камтамасыз етудің жай — күйіне байланысты, келуші туризмді дамытуға қайта бағдарлау қажет. Көлік. Бүгінгі таңда Қазақстанның халық аралық авиажелілерінің Германияға, Үндістанға, Біріккен Араб Әмірліктеріне, Корея Республикасына, Түркияға, Италияға, Венгрияға, Израильге, Қытайға, Тайландқа ұшуды жүзеге асыруға мүмкіндігі бар. Ішкі және халықаралық рыноктарда жұмыс істейтін «Эйр Қазақстан» ұлттық тасымалдаушысы және басқа авиакомпаниялар авиа тасымалдарын жүзеге асырады. Туристердің көпшілігі сервис және қызмет көрсету сенімділігі жаынан отандық тасымалдаушыларға қарағанда авиа рейстерін жүргізетін шетелдік тасымалдаушылардың қызметін пайдаланғанды жөн көреді, мүның өзі отандық тасымалдаушылар жасайтын авиа рейстер жолаушылар ағынын азайтатыны сөзсіз. Оның үстіне, авиабилеттер қүнының қымбаттығы Қазақстанның туристік өнімнің қүнын өсіреді және тиісінше оны халықаралық рыноктағы бәсекелесу қабілетін төмендетеді. Автомобиль көлігі шекаралас мемлекеттерге шоп — туризмді ұйымдастыру және экскурсиялық бағыттарды ұйымдастыру үшін пайдаланылады. Алайда, оны дамыту,тұтасымен алғанда жолдардың жай-күйіне және туристік көлік құралдарына тиісті техникалық қызмет көрсетілуіне де байланысты болады. Республиканың автобус паркі қараусыз қалған, сонымен бірге қазіргі заманғы жайлы автобустар жоқтың қасы, бұл туристерге қызмет көрсетуді жоғары денгейде ұстауға мүмкіндік бермейді. Негізгі темір жол тасымалдаушысы «Қазақстан теміржолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны 14 бағыт бойынша жолаушылар тасымалдайды. Қазақстанның темір жолдарымен транзитпен Ресейдің, Өзбекстанның, Қырғызстанның, Туркіменстанның және Тәжікстанның жолаушылар поездары өтеді. Келешекте экологиялық жағынан таза қоғамдық туристік көлікті дамытуға назар аудару қажет. Орналастыру құралы. Туристік бизнесті шектеуші елеулі факторлардың бірі туризм индустриясы материалдық

 

 

 

базасының мүмкіндіктерінің төмендегі болып табылады. Қазіргі уақытта, республиканың қонақ үйлерінде, турбазаларында, кемпингтерінде және басқа орналастыру обьектілеріндегі сыйымдылық жүктеменің 35%-ін құрайды. Сондай-ақ, елдегі қонақ үйлердің саны 1997 жылмен салыстырғанда, 40%, ал біржолғы кереует-орынға сыйымдылық тиісінше 30%-ке төмендеді. Соңғы бес жылда 605 қонақ үй жабылды,1999 жылы республикада 205 қонақ үй жұмыс істеді, номер қоры 15%-ке ғана толтырылды. Облыс орталықтарында шетелдік келушілерге сапасыз туристік өнім берудің басты себебі тиісті сыныптағы қонақ үйлердің болмауы, ал қолдағы бар қонақ үй базасы 80 пайызға ескірген, қонақ үйлердің бір бөлігінің жай-күйі мүлде нашар және банкроттық жағдайда тұр, себебі олар 60-шы жылдары салынған. Талдау көрсеткендей, туристік сыныптағы қонақ үйлердің (2-3 жүлдызды немесе шағын және орташа мейманханалар) рентабельділігі неғұрлым жоғары. Кадрлармен қамтамасыз ету. Туризм дамуындағы түйінді мәселенің бірі туристік кадрлар даярлау болып табылады. Қазіргі уақытта, Қазақстандағы мемлекеттік, жеке және ресейлік филиалдарды қосқанда, туризм менеджрлерін даярлайтын  жоғары оқу орындар бар. Көптеген жоғары оқу орындарында мұның басты себебі Қазақстанда туристік әлеует туралы оқытушылар құрамының білім және туристік саладағы жұмыс тәжірибесі, деңгейінің жеткіліксіздігі болып отыр. Соның нәтижесінде, мамандарды даярлау отандық туристік-рекреациялық ресурстарды ұстау, туристерді қабылдау үшін оларды пайдалану технологияларымен ықтимал клиенттер арасында туристік қызмет көрсетулерді атаулы жарнамалаудың әдістемесі жеткілікті түрде ескерусіз жүргізілуде. Сондықтан, жоғары оқу орындары түлектерінің едәуір бөлігінің туроператорлық қызметті толық атқаруға шамасы жетпейді. Туризмды дамытудың негізгі багыттары Мақсаттарымен міндеттерге сәйкес туристік саланы дамытудың мынадай негізгі бағыттары белгіленеді:  Туристік қызметті мемлекеттік реттеу.  Туризмдегі мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру туристік қызметті жүзеге асырудың өзгерген әлеуметтік—экономикалық жағдайларға толықжауап беретін мақсаттарына, қағидаттарына және міндеттеріне сай жаңа көзқарастарды талап етеді. Бүгінгі таңда атқарушы билік органдарымен туризм саласында әрекет ететін ұйымдардың арасындағы өзара іс-қимылды реттеудегі мемлекеттің ролін арттыру қажет.  Туризмді кешенді дамытудың табысты іске асырылуын қамтамасыз ету саланы мемлекеттік басқару әдістерін дұрыс таңдауға тікелей байланысты. Қазіргі уақытта, саланы мемлекеттік реттеу мынадай шараларды жүзеге асыруға бағытталуға тиіс:  Республикалық және аймақтық деңгейлерде туризмді дамыту саясаты мен жоспарлауды үйлестіру;  Туристік индустрия саласындағы қарым-қатынасты ретке келтірумен жетілдіруге бағытталған заңнамалық және нормативтік құқықтық базаны қамтамасыз ету;  Сапалы туристік өнімнің ажырамас бөлігі ретінде туристерді қорғауды және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;  Статистиканы және зерттеу қызметін жетілдіру;  Білім және оқу стандарттарын қоса алғанда, туризмге арналған кадрларды кәсіптік даярлау;  Туризм саласында мүдделі министрліктер мен ведомстволар, сондай-ақ мемлекеттік және жеке секторлар арасында жоғары деңгейдегі үйлестіруді қамтамасыз ету;  Туризмді дамытудың нақты аудандарында жерді пайдалануды және құрылыс салу нормаларын қолдануды бақылау;  Тарифтерді, туристік ұйымдардың, тасымалдау-шылардың қызметін лицензиялауды, туристік обьектлердің сапасын және қызмет көрсетудің стандарттарын бақылау;  Ел беделін қалыптастыру, қазақстандық туристік өнімнің маркетинг және жылжытылуы жөніндегі басым шараларды белгілеу, оның ішінде туристік көрмелерді және басқа іс-шараларды ұйымдастыру;  Халық арасында туризм құндылықтарын және қоршаған ортаны қорғауды насихаттау;  Халықтың түрлі әлеуметтік-демографиялық санаттарымен топтары арасында әлеуметтік туризмді дамыту үшін қолайлы жағдай жасау;  Визалық және

Информация о работе 2007-2010 Туризм индустриясын дамыту бағдарламаламасы