Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 21:18, доклад
Еңбекті қорғау – еңбек үрдісінде адамның қауіпсіздігін, жұмысқа қабілеттілігі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық, техникалық, гигиеналық, денсаулық сақтау шаралары мен құралдарының заңдық құжаттарының жүйесі.
ҚР еңбекті қорғау маңызы әлеуметтік мәнге ие, ол өндірісте еңбектің қауіпсіз әрі жағымды жағдайын қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау деңгейі еңбекті қорғау саласында инженерлі-техникалық жұмысшылардың біліктілігіне бағынышты болады.
10. ұжымдық
келісім шартты дайындауға
11. өзінің кәсіби біліктілігін арттыруға құқылы.
ІІ. Жұмысшының міндеттері:
1. жұмыс
берушінің актісінде, ұжымдық
келісім шартта, жеке еңбек келісім
шартында көрсетілген
2. еңбек тәртібін сақтау;
3. жұмыс
үрдісінде жұмыс берушіге
4. еңбекті
қорғау, өрт қауіпсіздігі, өндірістік
санитария ережелерінің
5. жеке
еңбек келісім шартына сай
өзіне сеніп тапсырылған
6. жұмыс
беруші мен жұмысшының мүлігін
сақтау, адамдардың денсаулығы мен
өміріне қауіп төндіретін
ІІІ. Жұмыс берушінің құқы:
1. Заңда
көрсетілген тәртіп бойынша
2. жұмысқа
қабылдау кезінде Заңға сай
жұмысшыдан белгілі бір қызмет
түрін атқару мүмкіндігін
3. өзінің өкілеттілігінің шегінде жұмыс берушінің актісін талап ете алады;
4. Заңға
немесе өзге нормативтік
5. жұмысшы
тарапынан келген зиянды
6. сот шешімі бойынша заңсыз деп саналған ереуілдерді ұйымдастырып, өткізуге қатысқан жұмысшыларды жұмыстан босатып, ұжымның жұмысын тоқтата алады;
7. өз
құқы мен қызығушылығын қорғау
мақсатында жұмыс берушілер
8. жұмыс берушіге сынақ мерзімін беруге құқылы.
ІҮ. Жұмыс берушінің міндеттері:
1. ұжымдық, жеке еңбек келісім шарттарына, еңбек туралы заңдарға сай жұмысшыларды қолайлы жұмыс жағдайымен қамтамасыз ету;
2. жұмысшылардың өкілінің ұсынысын қарастырып, ұжымдық келісім шартқа отыру;
3. жұмысшыларды еңбек міндеттерін атқаруға қажетті құралдармен және материалдармен қамтамасыз ету;
4. жұмыс
берушінің актісінде, ұжымдық,
жеке еңбек келісім
5. еңбек заңдарының, ұжымдық және жеке еңбек келісім шарттарының талаптарын сақтау;
6. еңбек
міндетін атқару кезінде
7. ҚР нормативтік актілерінде қарастырылған жағдайлар мен тәртіпке сай жұмысшыға тиген зиянды өтеу;
8.кәсіби
ауруларды туындатуы мүмкін
«ҚР еңбек туралы Заңына» сай барлық мекемелер мен кәсіпорындарда салалық министрліктер бекіткен қауіпсіздік ережелері мен өндірістік санитария нормалары қолданылады, олардың қатарына ҚР геологиялық барлау саласының барлық кәсіпорындарына міндетті болып табылатын «геологиялық барлау жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік ережелері» де жатады. Өз кезегінде геологиялық барлау ұйымдары көрсетілген ережемен қатар жұмыстың жеке түрлерін атқару кезінде өзге де ережелерді, нормалар мен нұсқауларды жетекшілікке ала алады.
Еңбек заңының, қауіпсіздік ережелері мен нормаларының, санитария нормаларының сақталуын бақылауды мемлекет, қоғамдық және шаруашылық ішіндегі органдар жүзеге асырады. «Еңбекті қорғау туралы заңның» сақталуын жоғары мемлекеттік бақылауды ҚР бас прокуроры мен оған бағынышты прокурорлар жүзеге асырады. ҚТ мен ӨС ережелерінің орындалуын күнделікті мемлекеттік бақылауды техникалық инспекциялары арқылы кәсіподақ органдары жүргізеді. Тау –кен бұрғылау және өзге геологиялық барлау жұмыстарында ҚТ сақтауды мемлекеттік бақылау тау-кен бақылаудың арнайы органдары ҚР МЕМТАУТЕХ бақылауымен жүзеге асады. Санитарлы-гигиеналық ережелер мен нормалардың сақталуын бақылауды мемлекеттік санитарлы инспекция ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жүзеге асырады.
Азаматтардың
еңбек құқын қорғаудың
Тәртіптік жауапкершілік әкімшілік жүктейтін тәртіптік жаза белгілеумен көрсетіледі. Тәртіптік жауапкершілікке тарту инициативасы әкімшілікке, бақылау органдарына жатады.
Жұмысшылар мен қызметкерлер ішкі еңбек тәртібінің ережелеріне сай тәртіптік жауапкершілікке тартудың мынандай түрлері бар: сөгіс; қатаң сөгіс; үш айлық мерзімге дейін өз мамандығы бойынша еңбекақысы төмен жұмысқа ауыстыру немесе мамандығы бойынша дәрежесі төмен жұмысқа ауыстыру; жұмыстан босату. Тәртіптік жауапкершілікке тарту қателік жасалған уақыттан кейінгі бір айдың ішінде және алты ай уақыт өтпеген жағдайда жүргізіледі. Тәртіптік жауапкершілікке тартылғанға дейін жауапкершілікке тартылатын адамнан жазбаша түсініктеме талап етілуі қажет. Жауапқа тартылған адам екі аптаның ішінде өз ісін қайта қарауға беруге құқылы.
Егерде жауапқа тартылғаннан кейін жұмысшы бір жылдың ішінде жаңа жауапкершілікке тартылмаса, онда ол тәртіптік жауапкершілікке тартылмаған деп есептелінеді.
Әкімшілік жауапкершілік комиссияға немесе мемлекеттік бақылау өкілдеріне, ҚТ бұзғаны үшін кәнілі болғандарға, лауазымды тұлғаларға айыппұл салуымен көрінеді.
Айыппұл салу құқына техникалық инспекторлар, кәсіподақтардың құқық инспекциясы, Мемтаутех бақылау органдары, Мемлекеттік санитариялық бақылау, Мемэнергобақылау, Мемлекеттік өртті бақылау ұйымдары ие болады.
ЕҚ ережелері мен нормаларын қылмыстық бұзу қылмыстық жауапкершілікке әкеледі. ЕҚ ережелері мен нормаларын бұзғандығы үшін лауазымды тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесімен прокуратура органдары айналысады. Қылмыстық жауапкершілікке айыппұл салу, сот шешімі бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру, бас бостандығынан айырмай түзету жұмыстарына жіберу, атқарып отырған қызметінен босату жатады. ҚТ ережелерін сақтамай, бұл адамдарды сәтсіз жағдайларға душар ететін болса лауазымды тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. ЕҚ ережелері мен нормаларын бұзғаны үшін лауазымды тұлға материалды жауапкершілікке тартылып, кәсіпорын зардап шеккен адамға төлеген соммасын жартылай немесе толығымен лауазымды тұлғадан қайтарып алады.
Егерде лауазымды тұлға заңсыз түрде жұмыстан босатса немесе жұмысшының жұмыс орынын ауыстырса, онда ол кәсіпорынға немесе мекемеге келген зиянды төлеуге міндетті, бірақ бұл лауазымды тұлғаның үш айлық еңбекақысынан жоғары болмауы керек.
Сәтсіз жағдайлардың немесе кәсіби аурулардың нәтижесінде денсаулығына нұқсан келген жұмысшылар мен қызметкерлер өзінің уақытша жұмысқа қабілетсіз кезеңінде денсаулығы қалпына келгенге дейін толық еңбекақысының көлемінде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бойынша жәрдемақы алады.
Мүгедектерге жоғалтқан еңбекақысының орнына зейнетақы тағайындалады, ол ережеге сай жұмысшының бұрынғы еңбекақысын толығымен жаппайды, сондықтанда кәсіпорын, мекеме мен ұйым арнайы заңға сай зардап шеккен адамға бұрынғы еңбекақысының көлемінде үстеме ақша төлейді.
I . Еңбек заңдары.
Қазақстан Республикасының еңбек туралы кодексі
Еңбек Қазақстан Республикасының Конституциясымен қорғалады. Еңбек қатынастарын еңбек кодексі бекітеді.
Еңбек кодексінің қағидалары:
Бақылау сурақтары:
1. Еңбек шарттары дегеніміз не?
2. Жұмыс уақыты?
3. Кэмелеттік жасқа толмағандардың еңбегін қорғау туралы мэліметтерді айт?
4. Өндірістік жабдықтарға нелер жатады?
5. Қауіпсіздік нормаларын ата?
6. Жалпы демалыс дегеніміз не?
7. Айлық жалақының ең төмен мөлшері?
8. Үжымдық қорғаныс құралдары қандай?
9. Жүкті эйелдердің жүмыс уақыты қандай?
10. Еңбек қауіпсіздігінің шарттарын атандар?