Еңбекті қорғау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 21:18, доклад

Краткое описание

Еңбекті қорғау – еңбек үрдісінде адамның қауіпсіздігін, жұмысқа қабілеттілігі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық, техникалық, гигиеналық, денсаулық сақтау шаралары мен құралдарының заңдық құжаттарының жүйесі.
ҚР еңбекті қорғау маңызы әлеуметтік мәнге ие, ол өндірісте еңбектің қауіпсіз әрі жағымды жағдайын қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау деңгейі еңбекті қорғау саласында инженерлі-техникалық жұмысшылардың біліктілігіне бағынышты болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Лекция №1.docx

— 35.01 Кб (Скачать документ)

1.1 Кіріспе

Еңбекті қорғау – еңбек үрдісінде адамның  қауіпсіздігін, жұмысқа қабілеттілігі  мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық, техникалық, гигиеналық, денсаулық  сақтау шаралары мен құралдарының заңдық құжаттарының жүйесі.

ҚР еңбекті  қорғау маңызы әлеуметтік мәнге ие, ол өндірісте еңбектің қауіпсіз әрі жағымды жағдайын қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау деңгейі еңбекті қорғау саласында инженерлі-техникалық жұмысшылардың біліктілігіне бағынышты болады.

«Еңбекті  қорғау» түсінігіне үш негізгі аспект енеді:

Еңбек заңдылықтары – бұл өндірістегі еңбек қарым-қатынастарын, жұмыс күні мен демалыстың тәртібін анықтайтын құқықтық және ұйымдастырушылық іс- шаралары.

Өндірістік санитария – бұл жұмысшылардың денсаулығына зиянды өндірістік факторлардың алдын алатын ұйымдастырушылық, гигиеналық және санитарлы- техникалық іс-шаралар мен құралдардың жүйесі.

Қауіпсіздік техникасы  – бұл жұмысшаларға қауіпті өндірістік факторлардың әсерінің алдын алуға бағытталған ұйымдастыру-техникалық іс-шараларының жүйесі.

Қауіпсіздік техникасының іс-шаралары – бұл еңбектің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өндірістік жарақаттың алдын алатын жұмыс тәсілдері мен техникалық құралдардың кешені. Олар жұмыстың әртүрлі түрлерін орындаудың қауіпсіз тәсілдерін дайындауға, технологиялық үрдістерді жақсартуға, қауіпсіз техника мен технологияны енгізуге, қорғаныш қондырғыларын, белгі берудің автоматтық жүйелерін, жеке қорғану құралдарын пайдалануға бекітілген.

Соңғы уақыттарда кез-келген өндірісте, оның ішінде геологиялық барлау өндірісінде еңбектің эстетикалық жағдайына – жұмыс орындарын түстік рәсімдеуге, жұмыс орындарында функционалдық музыканың болуына, қолданылатын жабдықтың тиімді конструктивті элементтерінің болуына ерекше назар аударылады.

Еңбек жағдайы  барлық өндірістік көрсеткіштер – еңбектің өнімділігі, жұмыстың сапасы, жұмысшылардың қауіпсіздігі үшін үлкен мәнге ие, олар адамның жұмыс жүргізу қабілетіне де шешуші әсер етеді.

Адамдардың  өндірістегі еңбек қызметі «Адам – еңбек құралы – еңбек заттары - өндірістік орта» деген өндірістік жүйе шегінде жүзеге асады. Сондықтанда жұмыс жағдайы, оның қауіпсіздігі мен тиімділігі мұндай жүйенің барлық элементтері бір-бірімен қаншалықты байланыстылығына, қолайлылығына, қауіпсіздігіне бағынышты болады.    

Еңбектің  қауіпсіз әрі тиімді жағдайы мен авариясыз жұмыстарды қамтамасыз етудің маңызды мәселелеріне геологиялық барлау жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін, өндірістік санитарияны, өрттің алдын алу мен тау кен қорғау ісін тереңінен біліп, қатал түрде орындау; жұмысшыларды арнайы дайындалған қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитария мен өрт қауіпсіздігінің нұсқауларына сай жұмыстың дұрыс және қауіпсіз тәсілдеріне үйрету.

Әлеуметтік  даму жоспары – әлеуметтік –  экономикалық үрдістерді басқару құралдарының бірі. Әлеуметтік даму жоспарының міндеті  кәсіпорынның өндірістік бағдарламаларына сай және соның негізінде еңбек ұжымының әлеуметтік дамуын жоспарлы түрде бағыттап, еңбекшілердің материалды және рухани қажеттіліктерін қанағаттандырып, тұлғаның жан - жақты даму жағдайын қалыптастырудан тұрады. Әлеуметтік даму жоспары перспективті жоспар болып табылады.

Ұжымның әлеуметтік даму жоспарына мына бөлімдер енеді: техникалық прогресс, өндірісті дамыту мен жетілдіру, ұжымның әлеуметтік құрылымын жоспарлы түрде жетілдіру, оған әлеуметтік-демографиялық құрам мен біліктілікті-кәсіби құрылым, жұмыс жағдайын жақсарту, жұмысшылардың еңбегі мен денсаулығын қорғау, тұрғын үй және мәдени- тұрмыс жағдайларын жақсарту, еңбек тәртібін нығайту жатады. 

Еңбекті қорғау саласындағы маңызды қозғалыстар  ғылыми-техникалық прогреспен тығыз  байланысты. Өндірісті кешенді механикаландыру мен автоматтандыру еңбекті жеңілдетіп, ауыр және шаршататын дене еңбегін жойып, жарақат алу ен кәсіби аурулардың алдын алып, өндіріс ортасының қолайлы жағдайын құрып, еңбек өнімділігін арттыру үшін қолданылады.

Геологиялық мекемелерде геологиялық барлау жұмысының барлық түрлерін жоғары дәрежеде механикаландыру мен  еңбек жағдайын жеңілдетіп, жақсарту мақсатында өндірістің тұрақты технологиясының болуына ерекше назар аударады.

Қауіпсіздік техникасы мәселесімен жүйелі және кешенді түрде айналысу үшін кәсіпорын  жетекшілері мен инженер-техник жұмысшылар нұсқауға сай ережелердің  талаптарын тереңінен біліп, өздерінің қол астындағы жұмысшыларының осы талаптарды сақтауын қамтамасыз етуді орындай алулары керек.

Еңбек туралы заңдарда еңбекшілердің дұрыс және қауіпсіз еңбек жағдайына құқылы екендіктері көрсетілген, кәсіпорын  әкімшілігі, ұйымдар мен мекемелер  қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етулері керек. Әкімшілік жарақаттанудың алдын алатын техниканың қазіргі  кезгі құралдарын енгізіп, жұмысшылар мен қызметкерлердің кәсіби ауруларының алдын алатын санитарлы-гигиеналық жағдайды қамтамасыз етуі тиіс. Өндірістік белгідегі нысандарды (жаңа немесе жөндеуден өткен) пайдалануға қосу дұрыс әрі қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз еткенде ғана рұқсат етіледі.

Егерде  жауапты тұлғалар мен әкімшілік қауіпсіздік талаптарын бұзып, мұның салдарынан жұмысшы немесе қызметкер жарақат алса, кәсіпорын мен мекемелер материалды жауапкершілікке тартылады.

Еңбекті қорғау еңбектің дұрыс және қауіпсіз жағдайын қамтамасыз етудің шараларын  жүзеге асыратын күрделі кешенді қамтиды. Ол еңбектің қауіпсіздік мәселелеріне, өндірістік санитария мен өрт қауіпсіздігіне және тау-кен қорғау ісіне күнделікті ерекше назар салуды талап етеді және ол кез-келген техникалық шешімнің ажырамас бөлігі болып табылады, сонымен қатар әрбір өкімде көрсетіледі.

 

Негізгі түсініктер.

1. Еңбекті қорғау дегеніміз не?

Еңбекті қорғау – бұл еңбек үрдісінде  адамның жұмысқа қабілеттілігі  мен денсаулығын сақтаудың қауіпсіздігін  қамтамасыз ететін заңдық құжаттардың, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық, техникалық, гигиеналық, емдік-профилактикалық іс-шаралар мен құралдардың жүйесі. еңбекті қорғаудың өзгеде түсініктері бар.

Еңбекті қорғау – бұл еңбектің тиімділігі пен сапасын арттырып, жеңілдету  мақсатында еңбектің қолайлы және қауіпсіз жағдайын қамтамасыз ететін әдістер  мен құралдарды жетілдіріп, зерттейтін ғылым болып табылады.

2. Еңбекті қорғаудың ерекшеліктері.     

Біріншіден, еңбекті қорғау еңбек қызметінің объективті категориясы болып табылады, оның негіздері адамның биологиялық табиғатында қаланған. Екіншіден, еңбекті қорғау өзінің дамуында тура және тікелей табиғат заңдарымен байланысты және олар дамудың бастапқы сатысындағыдай санасыз, немесе қазіргі өндіріс жағдайындағыдай саналы түрде тәуелсіз пайдаланылуына қарамастан өзіне сай келетін заңдардың деңгейінде ғана шынайы дамиды. Үшіншіден, еңбекті қорғау өндіріс тәсілінен тыс дами алмайды.

Оның  дамуы қоғамдық-экономикалық формациялардың заңдарына тікелей бағыныштылықта болады және ол бір қоғамдық құрылысты екіншісі алмастырған кезде де жойылмайды.

3. Еңбекті қорғау өндіріске қалай әсер етеді?     

Біріншіден, еңбекті қорғау қағидаларын елемеушілік өндірістің тоқтап қалуының себебі болуы мүмкін, екіншіден, еңбекті қорғау өндірістің дамуының маңызды рычагы болуы мүмкін.

4. Ғылыми-техникалық прогресс пен  еңбекті қорғаудың арасында өзара  байланыс бар ма?

Өндіріс үрдістерін механикаландыру мен автоматтандыру адамды ауыр дене еңбегінен босатып, жұмысты интеллектуалдық мазмұнмен қанықтырады. Бірақта еңбек жағдайының өзгеруінің тез қарқыны кей жағдайларда жұмыс істеуші адамға физикалық, химиялық, биологиялық, психофизиологиялық сипаттағы жаңа, бұрын белгілі болмаған немесе аз зерттелген қауіпті әрі зиянды өндірістік факторлардың әсерінің уақытша күшеюіне әкеледі. Ғылыми-техникалық прогресстің мұндай қарама-қайшылықтары уақытша сипатта болып, мұнымен бір сәтте еңбекті қорғау мәселесінде күрделендіреді.

5. Еңбекті қорғау экономикалық  түсінік бола ма?   

Еңбекті қорғау еңбек үрдісінде еңбекшілердің  энергиясының қауіпсіздігін және өндірістік шығындарын белгілеп, мақұлдайтындығына байланысты экономикалық түсінікте болып табылады.

6. Еңбек қауіпсіздігі дегеніміз не?

Жұмысшыларға  тиетін қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсері жойылған еңбек жағдайы.

7. Қауіпсіздік техникасы дегеніміз не?

Қауіпсіздік техникасы – бұл жұмыс істеушілерге қауіпті өндірістік факторлардың әсерінің алдын алуға бағытталған техникалық құралдар мен ұйымдастыру шараларының жүйесі. Қауіпсіздік техникасы еңбекті қорғаудың құрама бөлігі болып табылады.

8. Еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы ұғымдарының өзара байланысы бар ма?

Еңбекті қорғау түсінігін қауіпсіздік техникасы  түсінігіне жақындату белгілі бір жағдайда еңбекті қорғаудың өндіріс үрдісінде адам туралы ғылым ретінде дамуын тежейді. Сондықтанда еңбекті қорғау түсінігін қауіпсіздік техникасы түсінігіне ұштастыру қате болып саналады.

9. Еңбек жағдайы дегеніміз не?

Еңбек үрдісінде  адамның денсаулығы мен жұмысқа  қабілеттілігіне әсер ететін өндірістік орта факторларының жиынтығы.

Еңбек жағдайы  мен еңбекті қорғау – бұл әртүрлі, бірақ бір-біріне қарама-қайшы келмейтін түсініктер. Еңбек жағдайы - бұл еңбек үрдісінде қалыптасатын объективті құбылыс.

10. Еңбекті қорғаудың басты міндеті  не?

Еңбекті қорғаудың басты міндеті өндіріс үрдісінде қауіпті жою, ал жанама міндеттері – денсаулықты сақтау, еңбектің өнімділігін арттыру және т.б.

11. Еңбекті қорғаудың мақсатына  қалай жетуге болады?

Барлық  салада өндіріс пен еңбек үрдісінің өту жағдайларын басқару мәселесін шешу арқылы еңбекті қорғаудың мақсатына жетуге болады.

 

Еңбекті қорғау облысындағы стандартизация

Стандартизация – (ағылшынның мөлшер, үлгі, өлшем) көптеген ұғымдарды (бұйымдарды) типтік үлгілердің шамалы санына ұштастыру.

Бүкіл дүние  жүзінде өнеркәсіптік өндіріс пен тауар алмасудағы техникалық реттеудің маңызды құрамдас бөлігі стандарттар болып табылады.

Стандарт  бұл өз еркімен көп реет пайдалану мақсатында өнімнің сипаттамасы, жобалау(іздестіруді қосқандағы) өндіру, құрлыс жүргізу, монтаждау, жолға қою, пайдлану, сақтау, тасмалдау, өткізу мен кәдеге жарату, жұмыстардын немесе қызмет көрсетулердің орындау үрдісінің сипаттамалары мен жүзеге асыру ережелері белгіленген құжат.

Стандарт - зерттеулер мен өлшеу ережелері және әдістерін, терминалогияға, нышандылыққа, буып- түюге, белгілер салуға немесе оларды салудың ережелері мен заттаңбаларына қойылатын талаптарды қамтуы мүмкін.

Стандарттар өте маңызды роль атқарады. өндіріс қызметінің көп саласында стандарттар басқарудың негізгі нормативтік базасы болып табылады. ССБТ негізіне стандартизацияның мемлекеттік жүйесін құрудың басты қағидалары қойылған, олардың негізгілеріне директивтілік, кешенділік, стандарты енгізу мен сақтаудың жүйелілігі мен динамизімі жатады. ССБТ стандарттары деңгейі бойынша мемлекеттік, салалық және кәсіпорын стандарттары болып бөлінеді.

Стандарты белгілеудің құрылымы мынандай: стандарттың  атауы, классы, топтардың коді, стандарттың  топтаудағы реттік номері мен тіркелген жылы.

Қазахстанда – техникалық реттеу және метралогия жөніндегі комитет.

Журнал  Қазақстанда еңбекті қорғау. №12. 13 бет.

 

Бақылау едрақтары:

1. Еңбекті қорғағау дегенімізге жалпы түсінік беріңцер?

2. Еңбекті қорғау адам өміріне қандай эер тигізеді?

3. Стандарт дегеніміз не жэне ол керек пе?

4. Еңбекті қорғаудың ерешеліктері?

5. Еңбекті қорғаудың басты міндеті не?

6. Өндірістік санитарияға анықтама бер?

7. Еңбекті қорғаудың мақсатына қалай жетуге болады?

8. Қауіпсіздік техникасы дегеніміз не? J

9. Еңбекті қорғау өндіріске қалай эсер етеді?

10. Еңбекті қорғау экономикалық түсінік бола ма?

11. Жүмысшының міндеттері қандай ?

12. Жүмыс берушінің міндеттерін атаңдар?

 

1.2 Қазақстан Республикасында еңбекті  қорғау бойынша негізгі заң  актілері

Еңбекті қорғау облысындағы ҚР негізгі заңдық құқықтық актілері 2000 жылдың 1 қаңтарында қабылданған «ҚР еңбек туралы Заңы» мен 1993 жылы 22 қаңтарда ҚР Жоғарғы  кеңесінің жарғысымен қабылданған  «Еңбекті қорғау туралы ҚР заңының» негізінде  жүзеге асырылады.

ҚР еңбек  туралы заңының негізінде жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбегі, азаматтардың ҚР еңбек бостандығына деген конституциялық құқын жүзеге асыру үрдісінде  пайда болатын еңбек қатынастарын реттейді.

Заңның 4 бабында еңбек саласында дискриминацияға  тыйым салынған; 6 бабында күштеп жұмыс істетуге тыйым салынған, мұндай әрекет әскери немесе төтенше жағдайда тек сот үкімімен ғана жүзеге асады. 7 бапта жұмысшылардың негізгі  құқықтары мен міндеттері көрсетілген.

І. Жұмысшы мынандай жағдайларға  құқылы:

1. Заңмен  бекітілген тәртіпте жұмыс берушімен  жеке еңбек келісім шартына  отырып, оған өзгеріс енгізіп,  оны тоқтата алады;

2. ешбір  дискриминациясыз атқарған еңбегіне  тең енбекақы алуға құқылы;

3. қауіпсіздік  пен гигиена талаптарына сай  еңбек етуге құқылы;

4. кәсіподақтар  мен өзге қоғамдық бірлестіктерге  өз еркімен мүше бола алады;

5. демалуға  құқылы;

6. еңбек  міндетін атқару кезінде оның  денсаулығына немесе мүлігіне  келтірілген зиянды өтеп алуға  құқылы;

7. кепілдік  пен өтемақы алуға құқылы;

8. екі  жақтың келісімі немесе сот  тәртібі бойынша еңбек дауларын  шешуге құқылы;

9. жұмыс  берушіден жеке еңбек келісім  шарты мүмкіндік беретін қызметке  ие болуды талап етуге құқылы;

Информация о работе Еңбекті қорғау